Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Плевральды пункция жасауға науқасты және қажетті заттар дайындау.





Мақсаты:диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу.

Қолдану көрсетілімдері:жарақаттану гемотораксында (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.).

Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі.

Дайындаңыз:залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см және диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5% новокаин ерітіндісін, 5% спиртті йод ерітіндісін, тері антисептигін, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған залалды ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, лабораторияға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1 Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

1. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз.

2. Науқастан денесін сәл бір қырына қарай бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына.

3. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады.

4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, оларды тері антисептигімен өңдеңіз, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

5. Алдын ала тесетін жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен, сосын тері антисептигімен және қайтадан йодпен өңдеңіз.

6. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сездірмеу үшін) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5% новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

7. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырынан тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады.

8. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізіп, ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады.

9. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз.

10. Лабораториялық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтің ішіндегі сұйықтықты құйыңыз.

11. Плевра қуысына енгізу үшін шприцті сорып алынған антибиотигімен дәрігерге беріңіз.

12. Инені алған соң тесілген жерді 5% спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз.

13. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен бекітіңіз.

14. Плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баяулату және талықсудың дамуын ескерту үшін кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз.

15. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

16. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцтерді, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, ал пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалаңыз, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз.

18. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз.

19. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз.

20. Алынған биологиялық материалды зерттеуге лабораторияға жолдамасымен жіберіңіз.

Ескерту:

- плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар;

- плевра сұйықтығын лабораторияға апару кешіктірілуді күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін;

- ине плевра қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі.


 

5.Стандарт «ЭКГ жүргізу техникасы»

1. Науқас беліне дейін шешініп, тобығын киімінен босатады.

2.Науқасты арқасымен кушеткаға жатқызамыз.

3.Кеуде қуысының жүрек аймағын және тобықтың төменгі үшінші бөлігін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.

4.Ылғалданған теріге электродтың метал пластинкаларын қысқыштар көмегімен орналастырамыз.

5.Электродтарды метал пластинкаларын мына ретпен орналастырамыз:

· Оң қолға-қызыл электрод

· Сол қолға-сары электрод

· Сол аяққа-жасыл электрод

· Оң аяққа-қара электрод

6.Кеуде қуысының электрод орналастырылатын жерлерін ылғалдатқыш гельмен сүртеміз.

7.Электродтарды нөмірленген резеңке алмұрт тәріздес сорғышпен науқастың кеуде қуысының 6 аймағына қоямыз:

· Төстің оң шетіне ІV қабырға аралығына

· Төстің сол шетіне ІV қабырға аралығына

· Сол төс жаны сызығы бойымен ІV және V қабырға аралығына

· V қабырға аралығына сол ортаңғы бұғана сызығы бойымен

· V қабырға аралығына сол алдыңғы қолтық асты сызығы бойымен

· V қабырға аралығына сол ортаңғы қолтық асты сызығы бойымен

8.ЭКГ аппаратын қосып, «бастау» пернесін басып, ЭКГ жазбасын жүргізу.(әр тіркеуде кем дегенде 3 жүрек комплексі болуы тиіс)

9.12 тіркеу жүргізілгеннен соң,ЭКГ аппаратын өшіру. Электродтарды науқастан шешу.

10.ЭКГ лентасына науқастың аты-жөнін, жасын, тіркеу күнін жазу.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 23062. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия