Студопедия — Тема: Жамбас – сан буынының туа шығуы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тема: Жамбас – сан буынының туа шығуы






Соңғы жылдары Қазақстанда, соның ішінде Оңтүстік өңірінде жамбас-сан буынының шығуы өсіп келеді. Әрбір ата-ана, дәрігер, кеселдің белгілерін біліп, оны неғұрлым ертерек анықтап, емді ерте бастаса нәтижесі соғұрлым жақсы болады. Сондықтан осы аурудың себептерін, белгілерін және емдеу шараларын дәрігерлердің білгені жөн.

Жамбас – сан буынының іштен туа шығуы – тірек - қимыл аппараттарының туа болатын ақауларының ішінде ең жиі ұшырасады және жамбас ойығының, сан сүйегінің басының (ұршығының), бұлшық еттер мен байламалардың жетілмеу салдарынан туындайтын ақау. Оның кездесу жиілігі жаңа туған әрбір 1000 нәрестеге 3 тен 8-ге дейін болады. Ал жамбас-сан буының дисплазиясы (кемтарлығы) одан да жиі кездеседі. 1000 нәрестеге 16 бала. Қыз балаларда ұлдарға қарағанда жамбас-сан буынының туа шығуы 5 есе жиі кездеседі және көбінесе бір жағынан болады. Бөксемен туылған нәрестелердің 50 пайызында, әсіресе бірінші жүктілікте көп болады.

Аурудың себептері әлі күнге дейін толық анықталған жоқ. Көптеген зерттеушілер жамбас сан буынының туа болатын шығуының себептеріне: жүкті жатырдың жарақаттануын, ұрық маңы суының аз болуын, ұрықтың ана құрсағында дұрыс жатпауы мен аз қозғалуын, тұқым қуалаушылықты, жүкті әйелдің эндокриндік бездерінің қызметтерінің бұзылуын, жүкті әйелге витаминдердің, гормондардың жетіспеушілігін, жүрек-қан ауруын, бүйрек ауруын, жүктіліктің токсикозбен өтуін, белок тұз алмасуының жүкті әйелдерде бұзылатындығынан және қоршаған ортаның зиянды әсерлерін жатқызады.

Жамбас - сан буынының дисплазиясы мен шығуын анықтау үшін 5 белгіге назар аудару қажет.

1-ші белгі:Баланың аяғын жамбас – сан буынынан екі жаққа талтайтқан кезде, бұтының жөнді ашылмастан, шектелуі. Осы белгіні анықтау үшін нәрестенің аяғын тізе мен жамбас буынынан бүгіп, бұтын екі жаққа талтайтып ашады. Дені сау сәбидің екі тізесі бірдей тегіс жазықтыққа дейін жетуі керек. Бұтының ашылмауы айқын болса онда жамбас-сан буынының шығуы, ал аяқтарын талтайтқан кезде шектелу - дисплазияның белгісі.

2-ші белгі: Сан сүйегінің ұршығы жамбас буынынан шығып, орнына қайта түсіп тұратын, тайып кету белгісі. Бұл белгі ең ерте білінеді және сәби өмірінің алғашқы 3 айына дейін ғана сақталады. Бұл үшін шалқасынан жатқан нәрестені тізесі мен жамбас буынын 90 градусқа бүгіп, бұттарын екі жаққа талтайтады, осы кезде ұршықтың сырт етіп жамбас ойығына түскені, ал аяқтарын жазған кезде, жамбас ойығынан ұршықтың шығып кеткені сезіледі.

3-ші белгі:Нәрестенің сан және бөкседегі тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспауы. Бұл белгіні анықтау үшін нәрестені шалқасынан немесе етбетінен жатқызып, аяқтарын түзу созады. Осы кезде буыны шыққан жағындағы терілерде пайда болатын қыртыстар сау жағымен салыстырғанда тереңірек, жоғарылау орналасады және көптеу болады. Бірақ тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспауы тек осы ауруға ғана тән белгі емес, ол дені сау сәбилерде де кездеседі. 1,5 – 3 айлық сәбилерде айқын білінеді, сондықтан күдікті жағдайларда бала жан-жақты тексерілуі қажет.

4-ші белгі: Нәресте аяқтарының қысқарып тұру белгісі. Сәбилердің аяқтарын сантиметр лентасымен өлшеп, оның қысқарғандығын білу қиын. Аяқтардың ұзындықтарын анықтау үшін нәрестені қатты үстел үстіне шалқасынын жатқызып, жамбас, тізе буындарынан бүгіп, тізе деңгейлері салыстырылады. Жамбас - сан буынының шығып кеткен жағында тізесі төмендеу орналасады.

5-ші белгі: Жамбас-сан буыны шыққан жағында санның, балтырдың сыртқа қарай қисайып тұру белгісі. Бұл белгіге ата-анасы назар аударады және сәби ұйықтап жатқан кезде жақсы көрінеді.

Жоғарыда айтылған белгілердің барлығы бір сәбиде кездеспеуі мүмкін. Ата-анасы нәрестеде осы белгілердің бір-екеуін байқаса бала хирургіне, оның ішінде бала ортопедіне көрсетуі керек.

Нәрестелерде жамбас - сан буынының дисплазиясына немесе іштен шығып туғандығына күдік болса, онда рентгенологиялық тексеруді алғашқы 1 - 3 айда өткізген дұрыс, себебі ауру неғұрлым ертерек анықталып, емдеу шаралары ерте жүргізілген жағдайда жақсы нәтижеге қол жеткізіледі. Рентгенографияны сәбиді шалқасынан жатқазып, екі аяғын созып, тіке ұстап тұрып, жамбас буындарын тепе-тең жағдайда түсіреді. Жыныс мүшелері міндетті түрде қорғасын пластинкасымен қорғалады. Ренгенограмманы оқыған кезде, жамбас ойығының жоғарғы қырына, оның өзара және ұршыққа қатынасына, ұршықтың орналасуына, сонымен қатар ұршық басындағы сүйектену ядросына ерекше мән берілуі қажет. Р. Путти ұсынған, рентгенограммада жамбас-сан буынының шығуын анықтайтын “үштік” белгі күнделікті тәжірибеде кең қолдануда. Ол бойынша:

1) Жамбас ойығының жоғарғы қырының көп қиғаштануы.

2) Сан сүйегінің ұршығы жамбас ойығынан сыртқа және жоғары орналасуы.

3) Ұршық басындағы сүйектену ядросының кеш көрінуі және жетілмеуі.

Нәрестелерде сүйектену ядросы қалыпты жағдайда 4-6 айлығында, ал жамбас – сан буының шығуы мен дисплазиясы кезінде ол 9-10 айда көрінеді.

Жамбас – сан буынының шығуын емдеудің консервативті және оперативті тәсілдері бар. Емдеудің басты мақсаты ұршықты жамбас буынының ойығына кіргізіп, анатомиялық құрылымы дұрыс қалыптасқанға дейін тұрақты ұстап тұру болып табылады. Емдеуді диагноз қойылған сәттен бастау қажет. Айлар жылдар өткен сайын, осы ауруды емдеу әдістері күрделене түседі, сондықтан нәрестелерді емдеу босанатын үйден немесе алғашқы апталардан бастаған жөн.

Жамбас буынының диспалазиясын емдеу босанатын үйде сәбиді талтайтыңқырап жатқызып, екі бұтының арасына бірнеше қабаттап бүктелген жаялық салып ораудан бастайды. Кейінірек анасына үйде өткізіп тұратын емдік денешынықтыру жаттығуларын үйретеді. Емдік гимнастика мен буынды сылап-сипау жақсы нәтиже береді, сондықтан үзбей өткізіп тұру қажет.

Жамбас буынының туа болатын дисплазиясын немесе шығуы диагнозы қойылғаннан кейін өткізілетін емдік жаттығулар:

1-ші жаттығу шалқасынан жатқан сәбидің аяқтарын тізесі мен жамбас буындарынан бүгіп, екі жаққа аса қатты күш түсірместен тізелерін жаялық төселген столға тигенше талтайтып, содан соң қайтадан аяқтарын жазады.

2-ші жаттығу тізесі мен жамбас буынынан бүгілген сәбидің аяқтарын сәл талтайтыңқырап, сан сүйегінің ұршығын жамбас буынына итеріңкіреп тұрып оң аяғын одан соң сол аяғын айналдырады. Әрбір аяққа 40 - 50 рет айналмалы қозғалыстар жасаған дұрыс. Күніне 3-4 сеанс өткізілу қажет.

3-ші жаттығу нәрестені етбетімен жатқызып, аяқтарын тізе, жамбас буынынан бүгіп, “бақа” тәрізді күйге келтіріп жатқызады да, бөксесінен сәл басыңқырап, жоғарыдан төмен қарай екі алақанмен сылап-сипайды.

Емдік жаттығыларды өткізу барысының барлық кезеңінде сәбидің аяқтары талтайған жағдайда болуы керек. Ол үшін 2 айлығынан бастап Фрейк жастығын, Павлик үзеңгісін қолданады. Оларды 3 – 6 айға дейін пайдалану керек. Емдеудің нәтижесін білу үшін бақылау рентгенографиялары түсіріледі. Егер ұршық жамбас ойығына толық кіріп тұрса, буынның жоғары қыры жақсы дамыса, онда сәбидің толық жазылып кеткендігінің белгісі. Ал ата-анасы, дәрігерлер ауруды кеш анықтаса, емдеу баланың 4-6 айлығынан басталған жағдайда аяқтарына Виленскийдің жақтауларын кигізеді. Оның санға қойылатын түрі тиімді. Сонымен қатар қазіргі таңда ЦИТО, Волков жақтаулары, “Ксюша” атты талтайтатын жақтау мен үзеңгі қолдануда. Ренгендік сурет 3 айда 1 рет өткізіліп тұрады.

Егер өткізілген емдік шаралар нәтиже бермесе, бөксе, жамбас бұлшық еттерінің тартылуы күшті болғанда, 6 - 8 айдан асқан сәбилерде жақтаушалар көмегімен аяқтарын қажетті қалыпта ұстап тұра алмаған жағдайда, ұршығы жамбас ойығынан жоғары жатса және жамбас – сан буынының шығуы бар бір жастан асқан балаларды емдеу гипстік таңу арқылы орындалады (Тер-Егиазаров-Шептун әдісі).

Консервативті емдеу шаралары арқылы жамбас-сан буынын орнына келтіре алмаған жағдайда және бала 1,5 - 2 жастан асқанда оперативті тәсілдер қолданылады.

Сәбилер емдеу аяқталғаннан кейін дәрігердің бақылауында болуы керек және жылына бір рет клиникалық және рентгенологиялық тексерулерден өтіп тұруы қажет.

Іштен туа болатын жамбас-сан буынының дисплазиясы мен шығуына күмәнданатын болсаңыз, уақытты созбай ауруды ерте анықтап, емдеуді ерте бастау көп жағдайда оң нәтиже беретінін ұмытпау керек.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 6323. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия