Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Крипторхизм





Еннің өз орнынан ауытқып басқа жерге орналасуы және ұмаға түсу құбылысының бұзылуына байланысты крипторхизм дамиды. Ұрық анасының құрсағында жатқан кезде ендер іш перде артында, іштің артқы қабырғасына жақын орналасады. Құрсақ қуысындағы дамудың 6 айлығынан бастап Гунтер тартқышының ізімен ендер біртіндеп ұмаға түсе бастайды. Бала өмірге келгенде ендер шап каналы арқылы өтіп, ұманың түбіне барып бекуі керек. Бірақ-та кейбір себептерден (ен қан тамырларының қысқа болуы, шап каналының дамымай қалуы және шап каналының сыртқа шыға берісінде немесе ұма қуысына кірген жерінде дәнекер тіндердің кедергі жасауы) ендердің төмен түсуі тоқтап қалады немесе жылжу бағыты өзгеріп кетеді. Соңғы жылдары крипторхизмнің негізгі себебі мезенхиалды тіндердің жіктелуінің бұзылуынан деген ақпарлар кездесуде.

Аталық бездердің тамырлары қысқа болғанда немесе шап каналында белгілі бір кедергілер болса, онда ендер шап каналының қуысында, немесе қуысқа кіре берісінде тұрып қалады. Мұндай жағдайларды шын крипторхизм деп атайды. Крипторхизм дегеніміз ен ұмаға түсіп келе жатқан жолында тоқтап қалуы (ретенциясы). Егер ендер құрсақ қуысында болса немесе шап каналының кіре берісіне дейін орналасса, онда мұны абдоминалды ретенция, ал еннің шап каналының қуысында тоқтап қалуын – ингивиналды ретенция деп атайды.

Егер еннің төмен түсу барысында, ұманың ішіне кіретін жерінде дәнекер тіндердің жарғақтары кедергі жасайтын болса, онда өткізгіш (Гунтер тартқышы) басқа бағытқа кетіп, тері асты май қабатына, қасағаға, санға, шат аралығына жол салады. Еннің аталған аймақтарға барып орналасуын ен эктопиясы (дистопиясы) деп атайды. Эктопия (коныс аудару) деп ендердің ұмаға түсетін бағытынан ауытқуын айтады. Ендердің орналасқан жерлеріне байланысты (қасаға, шап, шат аралық, сан түрлері бар). Өте сирек ендердің қарама-қарсы жаққа ауысып орналасу жағдайлары кездеседі. Мұндай кезде екі ен ұманың екі жағына ауысып жатады.

Ендердің ауытқып орналасуы көптеген асқынулардың алғы шарты болып есептеледі. Еннің ұрық жасау қызметі бұзылады, өз өзегінен айналып кету салдарынан қан айналысы бұзылып, еннің шіруі мүмкін, жарақаттануына байланысты қабынуы және қатерлі ісікке айналып кету қаупі туындайды.

Еннің тоқтаған жеріндегі қоршаған тіндердің қызуы ұма ішіндегі қызуға қарағанда 1,5 – 6 градусқа дейін жоғары болуына байланысты аталық бездің жұмыртқаның ұрық жасау (сперматогенді) қызметі бұзылады. 10-11 жастан асқан балаларда біртіндеп склерозға ұшыраған ен паренхимасы қайтып орнына келмейді. Өз өзегінен айналып кетіп, қысылып қалуы, еннің шап каналында орналасқан жағдайларында жиі кездеседі. Операция кешігіп жасалатын болса, некрозға ұшыраған енді алып тастауға тура келеді.

Диагноз қою. Крипторхизм және эктопия диагноздары жалпы қарау және пальпация жасау негізінде қойылады. Ендер эктопиясын тері асты май қабатында орналасқан аздап ауыратын, ісік тәрізді, қозғалуы шектелген түзілісті пальпация жасау арқылы анықтауға болады. Ұманың ақау жақ бөлігі жиырылып дамымай қалады.

Крипторхизм кезінде ен сипап көргенде білінбейді (абдоминалды ретенция), кейде шап каналында екіндігі сезіледі. Баланы зерттеу горизонталды қалыпта жүргізіледі. Дәрігер бір алақанымен ұманың астынан ұстап, екінші алақанымен шап каналының үстінен басады. Ен сезілетін болса, оны төмен қарай ұманың түбіне жылжыту керек. Шын крипторхизм кезінде шап каналында тоқтап қалған ен қозғалмалы болғанымен ұманың түбіне дейін түсіру мүмкін болмайды.

Шын шап крипторхизмін жалған шап крипторхизмінен ажырату қажет. Жалған шап крипторхизмінде кремастерлік ет талшықтарының белсенділігі күшті болғандықтан ен жоғары-төмен қозғалып тұрады. Ол жас балаларда ерекше белсенді болады, ал үлкен адамдарда бәсеңсиді.

Екі жақты шын крипторхизм кезінде жыныс әлсіздігі (инфантилизм) және гормон бөлудің бұзылуы (дисфункция) байқалады.

Емдеуі: Енді ұмаға түсіру операциялары 2-4 жастан бастап жасалынады. Ен эктопиясы кезінде ұрық бауы қоршаған тіндерден босатылады, енді ұманың түбіне түсіріп, ішкі жағынан кетгут жібімен тігеді (Шюллер операциясы).

Егер ен ұманың түбіне еркін жетпейтін болса онда крипторхизмді емдеу үшін екі кезеңнен тұратын Китли-Тороко-Герцен әдісі қолданылады.

Айқын эндокринді бұзылыстар болса, жас балаларда гормондармен емдеу оң нәтиже береді. Операция жасамай-ақ жұмыртқалар өздігінен түсуіне әсер етеді.

Ен эктопиясы кезінде көп жағдайларда Болжамы жақсы, ал крипторхизм кезінде ол ендердің дамымау дәрежесіне байланысты.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2389. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия