нұсқа
Ющенко Віктор Андрійович Я Янукович Віктор Федорович Ярослав Мудрий Література
1. Баран В. Грицак Я. Історія України. – К.,1997. 2. Бойко О.Д. Історія України: Посібник. К.: – Видавничий центр “Академія”, 2001. – 656 с. (Альма-матер.) 3. Бушин М.І., Загоріна Р.К., Лисенко А.І. Велика Вітчизняна війна 1941-1945 років та Черкащина. Книга перша: Герої Радянського союзу і повні кавалери ордена Слави(Під ред. Бушина М.І. – Черкаси: Вертикаль,П П Кандич С.І.,2005. – 335 с. 4. Великий українець. Матеріали з життя та діяльності М.С. Грушевського. – К.: Веселка, 1992. – 551 с. 5. Довідник з історії України (А-Я): Посібник для середніх загальноосвітніх навчальних закладів / за редакцією І.Підкови, Р. Шуста. – К.: Генеза, 2001, 2001. – 1136 с. 6. Довідник з історії України. В 3 т. – Т.ІІ. – К.: Генеза, 1995. – 453 с. 7. Історія України / Під ред. М.І. Бушина. – Черкаси: „Брама”, 2000. 8. Історія України в особах XІX – XX ст./ І. Войцехівська (кер. авт. кол.), В. Абліцов, О. Божко та ін. – К.: Україна 1995. – 479 с. 9. Історія України в особах ІX – XVІІІ ст./ В. Замлинський (кер. авт. кол.), І. Войцехівська, В. Галаган та ін. – К.: Україна 1993. – 396 с. 10. Історія України в особах. Литовсько-польська доба / Авт. кол. О.Дзюба, М.Довбищенко. – К.:країна, 1997. – 272 с. 11. Історія України. Навчальний посібник для студентів неісторичних спеціальностей вищих закладів. освіти – (за заг. ред. д.і.н., проф.Бушина М.І. та д.і.н., проф Гуржія О. І. Черкаси: Черкаський ЦНТЕІ, 2007. 12. Книга для читання з історії Української РСР (з найдавніших часів до кінця XІX ст.)/ за редакцією проф. І.О. Гуржія, Радянська школа, К., 1970. – 278 с. 13. Кондуфор Ю.Ю. История Украинской ССР: в 10-и томах, Т. 1-10: – К.: 1982. 14. Котляр М. Історія України в особах. Давньоруська держава. К., 1996. 15. Котляр М., Кульчицький С. Довідник з історії України. – К.: Україна, 1996. – 463 с. 16. Крушинський В.Ю., Левець Ю.А. Історія України: Події. Факти. Дати. Худож. оформл. В.І. Бариби. – К.: АТ “ТАРНЕКС”, МП “ВЕТА”, 1992. – 200 с. іл. 17. Литвин В. Політична арена України: дійові особи та виконавці. – К.,1994. 18. Лось Ф.Є. Нариси з історії СРСР (епоха капіталізму), Радянська школа, К., 1972 р., 280 стор.; 19. Субтельний Орест Україна: історія/ Пер. з англійської Ю.І. Шевчука; Вст. Ст. С.В. Кульчицького. – 3-тє вид., перероб. і доп. – К.: Либідь, 1993. 720 с.: іл. 20. Яковенко Н. Українська шляхта з кінця XІV до середини XVІІ ст. (Волинь і Центральна Україна). – К., 1994.
Ішкі аурулар» тақырыбы бойынша ЖТД интерндерге арналған тест сұрақтары нұсқа 1. Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:
2. Созылмалы обстуктивті бронхитпен ауыратын 60 жастағы науқаста ентігу мен жөтелдің күшеюі; сәл ғана сарғыш – жасыл түсті қақырықтың бөлінуіне, шағымданады. Объективті: ТАЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ - 92 рет мин. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар.ТШЖ- 70% төмен. Сальмутамолды күніне бірнеше рет қабылдаған.Қай препаратты тағайындаған дұрыс? A. Гентамицин бұлшықетке B. Кларитромицин per os C. Сальбутамол көктамырға D. Тиотропия бромиді ингаляциялық E. Сальбутамол ингаляциялық 3. 68 жастағы ер адам анамнезінде созылмалы маскүнемдігі бар қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз бар. Пневмонияны тудырған қай қоздырғыш болуы мүмкін? A. Хламидиялар B. Клебсиелла C. Микоплазма D. Тұмау вирусы E. Ішек таяқшасы 4. Өкпенің рентген суретінде өкпенің мөлдірлігі өте жоғары болып, қабырғааралықтарының кеңеюі, диафрагма күмбезінің тегістелуі қай ауруға тән:
5. Сiзге қабылдауға М., атты 30-жастағы науқас келдi. Анамнезiнде: кілегейлі қақырықпен болатын жөтел, дауысы қарлыққан, дене қызуы 38°С-ге дейiн жоғарылаған. Дәрiгерге (4-күн бұрын) қаралған. Тексеру кезiнде (ЖҚА, рентгенологиялық тексеру) жедел пневмония диагнозы қойылды. Пенициллинмен ем тағайындалды. Емнен әсер болмаған. Сiздiң әрекетiңiз қандай?
6. 15 жастағы науқас, емхана дәрігеріне көп мөлшердегі кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, жөтел,қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуіне, ентікпе мен әлсіздік,жалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінен бастап ауырады. Соңғы 5 жыл бойы ауыруы өршуде. Науқас арық. Кеуде сарайы бөшке тәрізді қалыпта. Өкпесін тыңдағанда барлық бөліктерінде әр түрлі калибрлі ылғалды ысқырықты сырылдар. Қан анализінде лейкоцитоз-10000. Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?
7. Кеуде сарайының күбі тәрізді болуы, саусақтарындағы тырнақ өзгерісі (сағат әйнегі), жиі ентігу қай ауруда кездеседі:
8. 20 ж. науқас, студент анда-санда болатын ұстамалы экспираторлы демікпе мен құрғақ жөтел, кеудесіндегі сырыл мен ысқырыққа шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болды. Демікпе ұстамасы жиі түнде пайда болады және өздігінен 1 сағаттан кейін басылады.. Дәрі қабылдамаған. Бала кезінен бастап көктемде вазомоторлық ринит мазалайды. Күніне темекінің 1,5 қалбырын шегеді. Шешесінде тыныс демікпесі бар. Объективті қарағанда және Р-генмен тексергенде дерт анықталмаған. Қан анализінде – эозинофилдер саны - 6%. Тыныс шығару жиілігі- 70% төмен.Тез әсерлі в-агонистермен ингаляция жүргізгенде ТШЖ 80% артып кетті. Қандай дерт туралы болжауға болады?
9. 70 жастағы науқаста үйінде жүктемеден кейін ентікпе,көпіршікті қызғылт қақырықпен жөтелі пайда болды. Науқас ЖИА көп жылдар бойы ауырады. Артериялық гипертензиясы бар.Сыртқы қарағанда: өкпенің екі аймағында ылғалды, әртүрлі көпіршікті сырылдар естіледі; Жүрек тондары тұйықталған. Қан қысымы 180/100 мм.сын.бағ.ЭКГ-де жыбыр аритмиясы бар. Бауыры үлкейген, аяқтарында ісік. Науқасқа қандай ем жүргізіледі?
10. 22 жастағы науқас әйел, жалпы тәжрибе дәрігерін үйіне шақырды.Дене қызуы 38 градусқа көтерілген, қалтырау, әлсіздік, дел салдық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы қинайды.Өзін бір апта бойы ауру санайды, қызу түсіретін дәрі ішкен.Жиі зәр шығарады,оң белі ауырады.Ауруын салқынның өтуімен байланыстырады.Сыртқы қарағанда: оң бел аймағында ауырсыну байқалады. Көзінің асты іскен. Қан қысымы 160/90мм.сын.бағ.Зәр анализінде 0,99г/л протеинурия. Қандай ауруды ойлауға болады?
11. 32 жастағы науқас әйел, осыдан 2 ай бұрын пайда болған дене қызуының 39*С көтерілуіне, жүктемеден кейін ентікпеге, қалтырауына, басының ауруына шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілерді, сульфаниламидтерді, 5 күн бойы ампициллинді қабылдаған.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында бірнеше петехиальді бөрітпелері бар, пульсі 100рет мин.,қан қысымы 140/90мм.сын бағ.,жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Дәрігердің тактикасы?:
12. 30 жастағы ер адамда 1 ай бойы дене қызуы 38 С көтерілген.Әлсіздік пен дел салдыққа шағымданады.Емхана дәрігеріне жолыққан. Пенициллин, цефозалин қабылдаған. Әсері болмаған. Науқаста гипергидроз.Мойын лимфа түйіндері домбыққан. Тыныс алуы везикулярлы.Қан анализінде нейтрофилез, ЭТЖ 50мм/сағ. Өкпенің рентген тексерісінде өзгеріс жоқ. Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру қолданылады?
13. Нефрогенді АГ емдеуде қандай гипотензивті дәрілер ұсынылады:
14. 32 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлап басы айналып, құлағы шулап,желке жағы қатты ауырды. Қан қысымы 180/100 мм.сын.бағ.көтеріліп, ЖСС-90рет минутына болған. Бөлімшелік дәрігердің қабылдауында болды. Гипотензивті дәрілер нәтиже бермеген.Осындай жағдай 2 жыл бойы қинайды.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі қызарған, терлеген. Жүрек тондары ритмді, жиілеген. Зәр анализінде: протеинурия-0;66 г/л; лейкоцитурия. УД бүйректі тексергенде ассиметрия; екі бүйректің формасы өзгерген; көлемдері әртүрлі;оң бүйректің көлемі солі бүйрекке қарағанда 1,5см ұлғайған Кiндiк үстiнде систолалық шу табылған. Диагнозын нақты анықтау үшiн қандай тексерудi тағайындау қажет?
15. А. атты, 58 ж., науқас 10-15 жыл бойы II дәрежелі АГауырады. Басының ауруы мен басының айналуына; төс артындағы ауырсынуға шағым айтады.Емхана дәрігеріне қаралған. Гипотензивті дәрілерден- капотен; норваскті қабылдаған.Соңғы уақытта ентігу,төс артындағы ауырсыну; жүректің шалыс соғуы жиі қинайды. Бір жыл бұрын жүректің алдыңғы пердесінің ірі ошақты миокард инфарктісімен ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттандырырлық. Өкпеде везикулярлы тыныс.Жүрек тондары ритмді. А/Қ-180/100 мм.сын.бағ. Экг-де коронарлық жетіспеушіліктің белгілері. Дәрігердің тактикасы?
16. Жүрек тұсындағы ауырсынудың кенеттен өте күшейіп кетуі қандай ауруда болады?
17. 55 жастағы әйел жүктемеге байланысты емес жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағым айтып емхана дәрігеріне келді.Ауырсыну жарты сағатқа созылады; нитроглицеринмен басылады.Көп жылдар бойы аяқтарындағы веналардың варикозды кеңеюімен және АГ ауырады.Жүрек тондары ритмді, сәл тұйықталған.Қан қысымы 160/90мм.сынбағ.ЭКГ-де 12стандартты тіркемелерінде арнайы өзгерістер жоқ. Диагнозын анықтау үшін ұсынатын диагностикалық тексерулер қандай?
18. 50 ж., ер кісі кеуде сарайының сол жақ жартысында күшті жүктемеден пайда болатын ауырсынуға шағым айтып емхана дәрігеріне келді.Сол қолын қимылдағанда және терең дем алғанда ауырсыну күшейеді.Ауырғанына 1 апта болды.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпесін тыңдағанда сол жағында тынысы айқын әлсіреген. Перкуссияда - тимпанит. Қандай дерт туралы ойлау кажет?
19. Алғашқы пайда болған стенокардияда дәрігердің әрекеті:
20. 50 жастағы науқас, соңғы жылдары төстің жоғары бөлігінде түнге қарай пайда болатын 15 минутқа дейін созылатын ауырсынуға шағым айтады. Ауырсыну өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағанда басылады. ҚҚ 120/80 мм/ с бб, пульсі минутына 62, ЭКГ тыныш күйде патологиясыз. Физикалық күш түсіргенде сынама теріс. Ұстама кезінде ЭКГ- де кеуде тіркемесінде - ST сегменті жоғары көтерілген. Болжам диагнозы:
21. 25 ж., әйел. Кеуде сарайының сол жағында қатты қысып, шаншып ауырғандық қинайды. Ауырсыну сезімі жұмыстағы қолайсыз жағдайдан кейін 2 сағаттан соң пайда болды. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ритмді.Қ/Қ 150/90мм.сын.бағ.Валокардиннен кейін ауырсыну басылды. Сіздің іс-әрекетіңіз?
22. 32 жастағы науқаста еңкейгенде, жатқанда төс тұсында пайда болатын күйдіріп ауырсыну, кеуде сарайының сол жақ бөлігіне, қолға беріліп, тұрғанда бәсеңсіп немесе басылатын болса қандай дертті ойлауға болады?
23. М., атты 40 ж.астағы науқас, төс артындағы кенеттен пайда болған, мойынына берілетін, тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағымданып бөлімше дәрігерін үйге шақырды. Ауру сезімі кеше кешкісін пайда болып, бір-бірте күшейіп таңға қарай қатты мазалады. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіреген, перикард үйкелісі шуы естіледі. Қ/Қ -140/85 мм.сын.бағ.ЖСС-80рет минутына. ЭКГ-де өзгеріс жоқ..Дәрігердің әрекеті:
24. 48 жастағы науқас ер адам күш түскенде ентігуге, төс артындағы ауырсынуға, қан қысымының көтерілуіне шағым айтады.Ауырсыну нитроглицеринмен әрең басылады.Жүрек ақауымен, АГ көп жылдар бойы ауырады.Ретсіз емделген.Осы шағымдар 2 ай бойы қинайды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қ/қ-200/100 мм.сын.бағ.ЖСС-100рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген.II қабырға аралығында диастолоалық шу естіледі. Бауыры 2см өскен. Экг-де ST тізшесі изолиниядан жоғары орналасқан.Вассерман реакциясы оң мәнді.Аяқтарында ісік бар. Қандай ем нәтижелі? A. аспирин B. верапамил C. нитроглицерин D. нейролептоанальгезия E. конкор 25. Морганьи – Адамс – Стокс синдромықандай жағдайда дамиды:
E. қарыншалық экстрасистолияда 26. 52 жастағы науқас амбулаторияға жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.ЭКГ-де синустық ритммен бірге кезектен тыс жиі қайталанатын қалыпты QRS комплексінің алдында деформацияланған Р тізшесінің болуы,РQаралығының қысқарып, толық емес компенсаторлық пауза байқалады. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы бар? A. cинустық аритмия B. П дәр. атриовентрикулярлы блокада. C. Жүрекшелік экстрасистолия.
27. Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖСЖ – минутына 100. Қандай препаратты ұсыну қажет?
28. 28 жастағы науқас аз ғана күш түскенде ентігу;жүректің жиі соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағым айтады. Көп жылдар бойы жүрек ақауымен диспансерлі есепте тұр. Мезгіл сайын стационарда ем алады. Жағдайының нашарлауына 2ай болған. Үйде нитроглицерин ішеді. Аускультацияда: сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы естіледі. ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар?
29. Аускультациядағы мына белгілер қандай ақауға тән: жүректің ұшындағы 1 тонның әлсіреуі,содан кейін бүкіл систолада естілетін, қолтық асты аймақтарында дыбысы бәсеңдейтін үріп естілетін систола шуы анықталады.
30. 30 жастағы науқас әйел осыдан екі ай бұрын ревматикалық генезді митральды клапанның стенозына операция жасатқан.Қазіргі кезде шағымдары жоқ.Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзаларын тексергенде өзгеріс жоқ.Стенозды болдырмаудың алдын-алу шаралары қандай?
31. Біріншілік остеоартрозы бар науқас кенеттен оң тізе буынының қозғалмай қалуына шағым айтады.Остеоартрозбен 15 жыл бойы ауырады. Анамнезінде жарақаттанулар болған жоқ. Буынның қозғалмай қалуы себебін анықта:
32. 14 - жастағы науқас, тізе, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүректің соғуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. ЖСЖ минутына - 52 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1сат; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу бағдарламасын таңдаңыз:
33. 45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады.Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған.Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз
34. Науқастың зәр анализінде лейкоцитурия мен зәрдің қышқыл реакциясы тұрақты түрде болып және бүйректі УДТ-де бүйрек тостағаншаларының деформациясы анықталса, қандай ауруды күмандану қажет?
35. 30 жастағы әйел адам зәрінің түсінің (қызыл түсті) өзгеруіне және басының ауруы бойынша емхана дәрігеріне жолықты..Бел аймағындағы ауру сезімі,дизуриялық симптомдар жоқ.Өзін дені сау деп есептеген.Ісінулер жоқ.Дене температурасы 36,6С.Өкпесінде: тынысы везикулярлы.Жүрек: тондары ритмді,ЖЖЖ мин 80.АҚ 220/120 мм с б.Іші жұмсақ,пальпация кезінде екі жақ бүйірінен басып қарағанда ауыратын ісік тәрізді,ұзындығы. 13-14 см түзіліс сезіледі.Көз түбінде Саллюс-Гунн симптомы ІІ.Жалпы қан анализі: Нв151г/л,лейкоциттер 6,2;ЭТЖ 15мм/сағ.Жалпы зәр анализі:салыст. тығыздығы. 1,010,белок 1,66г/л,эритроциттер 30-20 к/а.Қандағы креатинин концентрациясы 340мкмоль/л. Бүйректі УДТ бойынша қандай ауру анықталады?
36. 22 жастағы әйел,жүктілігі 12 апта,диспансерлік бақылаудан өтуде.Шағымдары анықталмаған.АҚ 120/80 мм с б.Зәр мен қанның жалпы анализдері жоқ.Ісінулер жоқ.Өкпе,жүрек,іш қуысы ағзалары жағынан өзгерістер өзгеріссіз.Зәрді бактериологиялық зерттеген кезде –E.coli 1 мл 10 концентрациясында.Пенициллинге,бисептолға,ципрофлоксацинге сезімтал.Сіздің тактикаңыз?
37. Науқаста ас қабылдағаннан 30 минуттан кейін төстің семсер тәрізді өсіндісінің тұсында алмагелден толық басылмайтын,физикалық жүктемеден кейін және еңкейгенде күшейетін күйдіріп ауырсыну қинайды. Сонымен бірге ауамен кекіру, демікпе ұстамасы мен жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексергенде – контрастты заттың асқазаннан өңешке рефлюксі анықталды. Осы жа5дай 0андай ауруда бай0алады,.
38. 56 жастағы науқас тамақтан кейінгі қыжылдауға, еңкейгенде төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну сезіміне байланысты кардиологқа қаралған. Нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайы жақсармаған. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ-130/85 мм.сын.бағ. ЖСС-68рет мин. Жүрек тондары ритмді. ЭКГ-де өзгеріс жоқ. Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?
39. 46 жастағы науқаста ас қабылдағаннан 30 минуттан кейін төстің семсер тәрізді өсіндісінің тұсында алмагелден толық басылмайтын,физикалық жүктемеден кейін және еңкейгенде күшейетін күйдіріп ауырсыну қинайды. Сонымен бірге ауамен кекіру, демікпе ұстамасы мен жөтел байқалады. Осы дертте қандай тексеру диагнозы жөнінде толық мәлімет береді?
40. 52 Жастағы ер адам 2 жыл бойы қыжылдауға, жүрегінің айнуына, эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін ауру сезіміне, түнгі аш қарынға ауру сезіміне шағымданады. ФГДС-да 12 елі ішектің пиязшығының жарасы анықталған.Соңғы уақытта ауру сезімі тұрақтана түскен және арқаға берілген. Ауру сезімінің осылай өзгеруі ненің көрінісі болып табылады:
41. Ұзақ жылдар бойы асқазан жарасымен ауыратын науқас әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің жойылуы мен эпигастрий аймағындағы үнемі ауырсыну, жүдеуге шағымданып жолықты. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық. Теріс бозғылттау. Ішін сипап қарағанда –эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Қан анализінде- гемоглобин- 80г/л Эритроциттер-3,0*10, ЭТЖ-50мм сағ. Осы жағдайда жара ауруының қандай асқынуы туралы ойлауға болады.
42. 25 жастағы. науқас тамақ ішкеннен 20-30 мин кейін эпигастрий аймағында интенсивті емес ауру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданады. Анамнезінде 4 жыл бойы ауырады. 2 жылда 1 рет диета сақтамағаннан өршу кезеңі байқалады. Қайта диета сақтаса өршуі басылады. Шылым тартады, аздап алкоголь қабылдайды, тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Асқазан сөлінің нәтижесі: базалды және стимуляцияланған секрециясы жоғарылаған. Эндоскопиялық зерттеу: аш қарында үлкен көлемде сұйықтық, өңештің шырышты қабаты гиперемияланған, антралды бөліктің шырышты қабаты ісінген, перистальтикасы күшейген. 12-елі ішектің шырышты қабаты ошақты түрде гиперемияланған. Науқастың диагнозы қандай?
43. 50 жастағы cеміздігі бар әйел,оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады.Ауры сезімі оң жақ бұғана үсті аймағына беріледі. Науқас мазасыз, қозғыш, қарағанда тері түсі қалыпты, пальпацияда өт қабы нүктесінде ауру сезімі анықталады. Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі паталогиясыз. Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз:
44. 44 жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданып дәрігерді үйге шақырды. Науқас үш күн бойы алкоголь ішкен. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт, құрғақ, дене қызуы 38,6 С. Пульс 110 рет минутына.ҚҚ 80/40 сын.бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жағында да әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, біраз кепкен, эпигастрий аймағында ауырсынады. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Қандай тексеру диагнозын анықтауда нақты мәлімет береді?
45. 33 жастағы науқас тамақтану тәртібін бұзғандықтан оң жақ қабырға астындағы керілу сезіміне, ұзақ және тұйық ауырсынуға шағымданады. Физикалық күш түсу ауырсынуды азайтады. Холецистографияда өт жолдарының гипотониялық дискинезиясы анықталады. Қандай емдеу жоспары тағайындалады?
46. 52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:
47. 42 жастағы науқас терісінің сарғаюына, күрт әлсіздікке, жүрек айну,кейде құсуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі және склерасы сарғайған, денесінде тамырлық жұлдызшалар, петехиялар бар, гепатомегалия анықталады. ЭТЖ-8 мм/сағ., билирубин 68 мкмоль/л, АСТ 4,8 ммоль/л, АЛТ 5,8 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, тимол сынамасы 9 бірлік, лактатдегидрогеназа 6,52; 5-нуклеотидаза 0,56, вирусты инфекцияның белсенділігінің маркерлері, Hbe Ag, HBVDNA, ДНК полимераза. Емдеу үшін қандай препаратты таңдайсыз?
48. 19 жасар науқаста терісі мен склерасының сарғыштануына шағым айтады. Курлов бойынша 10*9*8 см бауыр өлшемдері 8*6 см,Нb-135г/л, қандағы жалпы билирубин – 87 ммоль/л, тура емес билирубин -56 ммоль/л,АЛТ және АСТ өзгеріссіз. Науқастың диагнозы қандай?
49. 30 жастағы ер адам қан жұғындысы аралас диарея, ішінде ұстама тәрізді ауырсыну мен қызбаға шағым айтады. Проктосигмоскопияда шырышты қабықшаның қанталауы және борпылдақ болуы анықталды.Диагноз: бейспецификалық жаралы колит.Науқасқа мына препараттардың қайсысын тағайындау қажет?
50. 26 жастағы науқас іштің оң жағындағы сыздайтын ауырсыну, күніне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, нәжісінде кілегей, ірің және қан болуына шағымданады. 3 айда 8 кг-ға арықтағанына, қызбаға, артралгияға шағымданады. Қараған кезде оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну анықталады. Хирург қарап жедел аппендицит диагнозын жоққа шығарған. Диагноз дәлеледеу үшін қандай зерттеулер қажет:
51. 46 жастағы науқас, ішінің оң жақ бөлігінің тұрақты, сыздап ауыруына, тәулігіне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, соңғы жылы 8 кг арыған. Екі рет дәрігерлер жедел аппендицитке күмәнданып ауруханаға салған. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, іші оң мықын аймағында ауыру сезімді. ЭТЖ-56 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз:
52. 36 жастағы науқас, ішінің ұстама тәрізді ауыруына, жиілеген сұйық қанды үлкен дәретке шағымданады. Антибиотиктермен емдегенде профузды ішектік қан кетулер болған. Об-ті: тамақтануы төмен, іші жұмсақ, тоқ ішек бойында ауыру сезімі бар, нәжісі тәулігіне 20 рет, қанды бөліністер. Ирригоскопия: тоқ ішек қабаттары жоқ, псевдополиптер бар. Қанында: ЭТЖ-20 мм/сағ., белок-54г/л. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізіледі? A. аспирациялы биопсиямен колоноскопия B. копрологиялық зерттеу C. дисбактериозға нәжіс тапсыру D. колоноскопия E. гемокультураға қан тапсыру 53. 86 жастағы науқас беліне берілетін ішінің ауыру сезіміне, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында кілегей мен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен жүдеуге шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішек бөлігінде полиптер. Об-ті: тамақтануы төмен, бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі бар. Қанында: лейк-10 мың, ЭТЖ-52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см бос жердің циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Клиникалық диагнозды қандай? A. Спастикалық колит B. дисбактериоз C. ішек түйілуі D. тітіркенген ішек синдромы E. ішек ісігі 54. 64 жастағы әйел адамда 2 айда 10 кг арықтау, үдемелі әлсіздік анықталған.Соңғы екі аптада қара нәжіс пайда болған.Терісі бозғылт,эпигастрииде ауру сезімі, бауыр 2см,көкбауыр 8-6 см.Қан кету мүмкін ағзаны көрсетіңіз:
55. 36 жастағы науқас басының ауыруына, әлсіздікке, бел аймағының ауыруына, ентігуге, зәрінің аз бөлінуіне, бетінің ісіп кетуіне шағымданады. Анамнезінде 1 ай бұрын лакунарлы баспамен ауырған. Қарап тексергенде: беті ісінген, бозғылт. Жүрек тондары аздап әлсіреген, ритмі дұрыс. Пульсі 55 рет мин. АҚҚ 155/100 мм.сын.бағ. Тәуліктік диурезі 550 мл. ЭТЖ 26 мм/сағ. Лейкоциттер 9,6х109/л. Қан креатинині 154 мкмоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1018, белок 2 г/л, эритроциттер 35 көру аймағында. Шумақтық фильтрациясы 68 мл/мин. Нечипоренко сынамасы бойынша: эритроциттер 6700, лейкоциттер 240, эритроцитарлы цилиндрлер – 65. Клиникалық диагнозын қойыңыз:
|