Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Банктік шот туралы түсінік, оны ашу, жүргізу және тәртібі





Кәсіпорын және ұйымдардың ақшалай қаражаты банкте олардың қызмет сипатына сәйкес ағымды және есеп айырысу шоттарында сақталады.Шаруашылық қызмет үрдесінде субъектілер арасында анықталған талаптар мен міндеттемелер пайда болдады, оларды реттеу үшін төлем жүйесін ұйымдастыру қажет.Бұл кезде төлем борышқордың өз міндеттемелерін орындау үрдісі болып табылады, ал оның соңғы кезеңі – есеп айырысу.

Есеп айырысу міндеті – қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда төлем айналысына қызмет ету болып табылады.Кәсіпорын және ұйымдар арасындағы төлем айналысы негізінен екінші деңгейлі банктерде ашылған банктік шоттар жүйесі арқылы қолма-қол ақшасыз түрде жүзеге асырылады.

Банктік шот – бұл банк тәжірибесінде қалыптасқан іскерлік қатынас салтында қолданылатын заңдылықтар мен келісімшарттарда қарастырылған, клиентке банктік қызмет көрсетуді жүзеге асырумен байланысты депозитті қабылдау және банктік операцияларды жүзеге асыру бойынша банк пен клиент арасындағы келісімшарттық қатынасты бейнелеу әдісі.

Клиенттің есеп айырысу шоты банктік шот келісіміне немесе есеп айырысу-кассалық қызмет келісімшартына сәйкес жүргізіледі.Келісім клиенттің шот ашуға жазған өтініші негізінде жасалады.Осы келісімшартқа сәйкес банк клиентке есеп айырысу және басқа да шоттарды ашады, оған түскен қаржыны есепке алады, клиент тапсырмасы бойынша шоттан қаржы алады, клиенттен қолма-қол ақша қабылдайды, босатады, қалдықты сақтағаны үшін пайыз төлейді және шот бойынша басқа да операцияларды жүргізеді.

Банктік келісімшарттың негізгі деректемелері келесілер:келісім мәні; салық төлеушінің тіркеу нөмірі көрсетілген салық қызметі органдарында есепке тұрғандығын куәландыратын құжат;банктегі ақшалай қаражатты қолдану тәртібі,сондай-ақ банк көрсететін қызмет пен оны төлеу тәртібі.

Банктік келісімшарт екі тарап келісетін басқа да шарттарды қарастыруы мүмкін.

Банктік шот ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары келесі құжаттарды ұсынуы тиіс:

- клиенттің салық есебіне тұрғандығын растайтын салық қызметі берген құжаттың түпнұсқасы;

- мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын құжат көшірмесі;

- жарғының нотариалды бекітілген көшірмесі, ал оқшауланған бөлімшелер үшін – бекітілген ереженің көшірмесі;

- қол қойылып, мөр басылған карточка үлгісі.

Бұл кезде бір данасы банктің операциялық қызметтерінде, ал екінші

данасы банк клиентінің іс құжатында сақталуы тиіс.

Банктер теңге және шетел валютасында шот ашуға, жүргізуге құқылы, олар:ағымды, жинақтық және байланыстырма (корреспонденттік) шоттарға бөлінеді. Ағымды және жинақтық; шоттар – заңды және жеке тұлғалардың, заңды тұлғалардың оқшауланған бөлімшелерінің банктік шоттары, ал байланыстырма (корреспонденттік) шоттар – банк операцияларының жекелеген түрлерін өткізетін банктік емес мекемелермен банктердің банктік шоттары.

Егер клиент банкте бірнеше шот ашқысы келсе және егер банктік шот алғашқы шот ашылған банкте немесе филиалында ашылса, сондай-ақ құжаттарының толық бар екендігі бекітімі болса, онда банк құжаттарды қайта талап етпеуі мүмкін.

Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды немесе жеке тұлғаға шот ашқан жағдайда, банк салық қызметін 3 жұмыс күні ішінде хабардар етуі тиіс.Қазіргі кезде екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік операцияларды өткізетін ұйымдар қолма-қол ақшасыз төлемдер мен ақша аударымдарын клиентке банктік шот ашпастан жүргізе алады.2000 жылы 13 қазанда қабылданған №395 Қазақстан Республикасы аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдермен аударымдар жасау ережесінде көрсетілген, банктік шот ашпай жүргізілетін төлемдер мен ақша аударымдарына, ақша жіберуші мен бенефициардың банктік шоттарды қолданбай, ақша аударымы үшін қолма-қол ақша енгізіп және жіберуші көрсеткен бенефициар есебіне қолма-қол ақшасыз тәртіппен немесе банктік шотқа қатыссыз бенефициардың қолма-қол ақшаны алуы саналады.

Заңды тұлғалар мен оның бөлімшелерінің қолма-қол ақшасыз төлемі және ақша аударымы, олардың банктік шот ашып, салық және бюджетке міндетті төлемдерді, сондай-ақ зейнетақы жарнасын төлегеннен соң жүргізіледі.

Есеп айырысу шоты арқылы жүргізілген операциялар бойынша банк клиентке шот көшірмесін ұсынады.Есеп айырысу шотынан көшірме келесі деректемелерден тұрады:клиент аты, есеп айырысу шотының нөмірі, соңғы операция датасы, корреспонденттік шот нөмірі, құжат нөмірі, сомасы. Көшірмеде берілген жазба бойынша тиісті құжаттар ұсынылады.Көшірме клиентке сенімхат негізінде беріледі.

Банктік шот ашпастан жүргізілетін қолма-қол ақшасыз төлем және ақша аударымдарына, қолма-қол ақша қабылдауға негіз болатын түбіртек, қолма-қол жарнаға хабарландыру, хабарлама шоттар және басқа да құжаттар қолданылады.Аталған құжаттар төлем құжаттары немесе төлем хабарламалары болып табылады.Олар банкке банк бекіткен операциялық күн ағымында қабылданады және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген төлем хабарламасының нысаны болмаса, алушы – банк бекіткен немесе іскерлік қатынаста қалыптасқан нысанда қабылданады.

Төлем хабарламаларында міндетті түрде келесі деректемелер болуы қажет:

- төлем хабарламасының аты;

- төлем хабарламасының нөмірі,күні,айы, жылы;

- ақша жөнелтуші және бенефициар жеке тұлғаның фамилиасы, аты, әкесінің аты немесе ақша жөнелтуші немесе бенефициар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын қоса алғандағы толық атауы;

- ақша жөнелтушінің немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды.Жеке тұлғаның сәйкестендірілген коды болмаған жағдайда, оның жеке басын куәландыратын құжат деректері, сондай-ақ пошталық мекен-жайы (елі, қаласы, индексі, көшесі, үй және пәтер нөмірі) көрсетіледі;

- банк, жөнелтуші және бенефициар банктің ұйымдастыру құқылық нысандарын қоса толық атауы, олардың сәйкестендірілген коды;

- ақша жөнелтуші коды – «КОД», бенефициар коды – «КБЕ», төлем тағайындауы және оның Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген кодтық белгілеуі;

- санмен және сөзбен көрсетілген төлем сомасы;

- салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТН), егер ақша жөнелтуші немесе бенефициардың дербес сәйкестендірілген коды көрсетілместен аудару жасалатын болса;

- егер жөнелтуші заңды тұлға болса,оның өкілетті тұлғаларының аты-жөні, қолы, мекеме мөрі.Егер жөнелтуші жеке тұлға болса оның қоры;

- Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған басқа да деректемелер.Алушы-банк ақша жөнелтушіден төлем хабарламасын алады және оны акцептейді.Төлем хабарламасын алу кезінде алушы-банк жөнелтушіге қолма-қол ақшаны қабылдағаны туралы тиісті бекітімді береді.Төлем хабарламасын акцептей отырып, алушы-банк бенефициар есебіне ақша аударымдарынжүзеге асыруға міндеттеме қабылдайды, алушы-банк оны Қазақстан Республикасының заң актілері белгілеген мерзімде орындайды.Банктік шот ашпастан орындалған клиенттік төлемдер мен ақша аударымдары бойынша банк комиссиялық сыйақы ұстайды.Егер бұл алушы-банк пен ақша жөнелтуші арасындағы келісімде қарастырылмаса, сыйақы еш уақытта төлем сомасынан ұсталмайды.

Банк ақша жөнелтушіден келесі жағдайларда төлем хабарламаларын

қабылдаудан бас тартуы мүмкін:

- төлем хабарламасы Нағыз ереженің және ақша аударымы келісімінің бекітілген шарттары мен талаптарынан бұрмаланып толтырылса және ұсынылса;

- аударымды жүзеге асыруға қажетті ақша сомасы жөнелтуші қолында болмаса;

- төлем хабарламасында санмен және сөзбен көрсетілген соманың банкпен сәйкессіздігі анықталса;

- Қазақстан Республикасының бекітілген ережелері және ақша аударымы туралы келісімшарттарының талаптары орындалмаған болса.

Банктік шотты ашпастан ақша аударымын жасау үшіналушы-банк және

жөнелтуші ақша аударымы туралы келісім жасайды.Сондықтан бір тарап (алушы банк) екінші тараптың тапсырысы бойынша (ақша жөнелтушінің) оған дербес сәйкестендірілген код белгіместен үшінші тарапқа ақша аударымын жүргізеді.Келісімде қатысушы тараптар аударымды жүзеге асыру тәртібін, соның ішінде комиссиялық сыйақы алу ретін және өз құқықтарын, міндеттерін және жауапкершіліктерін келісуі тиіс.Сондай-ақ банк ақша жөнелтушіні төлемдерді жүзеге асыру тәртібімен және осы қызметті көрсеткені үшін алынатын өзіндік тарифтерімен таныстыруы тиіс.

Ақша аударымын жүзеге асыру үшін жөнелтуші-банк төлем хабарламасы негізінде сәйкес төлем құжаттарын рәсімдейді.Егер банк банктік шоты жоқ бенефициар есебіне ақша қабылдаса, онда ақша қабылдағандығы туралы, банк бекіткен нысанда толтырылған хабарлама жолдау арқылы оны хабардар етуі тиіс.

Егер бенефициардың банктік шоты болмаса, онда ақша аударымы ақша жолдаушының төлем хабарламасына сәйкес, бенефициар банктің бенефициарға қолма-қол ақша босатуымен немесе оның есебіне ақша түсімі кезінде бенефициардың банктік шоты бойынша бухгалтерлік жазу жасалғаннан бастап аяқталған болып саналады.Бенефициар банк бенефициар жеке тұлғаға және оның жеке басын куәландыратын құжатымен танысқаннан кейін ғана қолма-қол ақшаны бере алады.Бұл кезде банк оған төлем жүргізілгендігін растайтын және ақша жөнелтушінің төлем хабарламасының шарттарын белгілейтін құжатты ұсынуы тиіс.Бенефициар қолма-қол ақша алу кезінде банктің сәйкес құжаттарына жеке басын куәландыратын құжаттағы аты-жөнін, сондай-ақ алған ақша сомасы мен төлем валютасын көрсетіп, қолын қоюы тиіс.

Бенефициар келмеген жағдайда, банк екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік шоттар жоспарында қарастырылған тиісті банктік шоттарға төлем хабарламасына сәйкес аталған соманы банктің бекітілген ішкі ережелеріне сәйкес есепке алуы тиіс.Егер аударымды жүргізу мүмкін болмаса, ақша жөнелтуші банк және бенефициар банк ақшаны жөнелтушіге қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауы керек.

Аударым қате жүргізілсе, оның сомасы ақша жөнелтушінің банкіне келесі операциялық күннен кешіктірілмей, себептері көрсетіле отырып қайтарылуы тиіс.Қате аударылған сома ақша жөнелтушінің банктік шоты бар

болып, жөнелтуші банкіне қайтарылғанда, сома жөнелтушінің банктік шотына құйылады, ақша жөнелтушінің банктік шоты болмаған жағдайда сома, екінші деңгейлі банктердің бухгалтерлік есепшот жоспарына сәйкес банктік шотқа есепке алынады.

Ақшаны қайтарған жағдайда банк жөнелтушіні үш банктік күн ішінде хабардар етуі тиіс.

Егер ақша, ақша аударымы қате белгіленуі себебімен қайтарылған болса, онда жөнелтуші банк ақша жөнелтушіні ақшаның қайтарылғандығы туралы хабардар етпеуге құқылы және құжат қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бенефициар банкке төлем құжаттарын тиісті деректемелерімен жолдайды.Егер жөнелтушінің банктік шоты болмаса, онда аударымның қабылданғандығы туралы банк белгісін қойып, тиісті құжаттарымен жөнелтушіге ақша касса арқылы қайтарылады.

Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес банк шоттары бойынша шығын операциялары осындай құқыққа ие өкілетті ұйымдардың шешімі негізінде тоқтатылады.

Бұл операциялардың банктік шот бойынша қалпына келтірілуі, өкілетті ұйымдардың банктік шоттағы ақшаны тұтқындау немесе банктік шоттағы шығын операцияларын тоқтату туралы шешімдерін өзгерту туралы жазбаша хабарлауы негізінде жүргізіледі.

Клиенттердің банктік шоты бойынша барлық операция тек олардың келісімдері бойынша жүргізіледі.

Банктік шоттың жабылуы клиенттің шотты жабу себебін көрсеткен өтініші негізінде жүзеге асырылады.Егер банк клиенті – заңды тұлға таратылып немесе қайта құрылса, шотта бір жылдан аса мерзімде қаржысы болмаса, ал жеке тұлғаларда – үш жылдан аса, онда орындалмаған талаптар бойынша шотты жабуға тоқтау жасалады.Банк кәсіпкерлік қызметті жүргізуші заңды немесе жеке тұлғаның банктік шотының жабылғандығы туралы 10 күн мерзімде салық қызметінің тиісті органдарын жазбаша хабардар етуі тиіс.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 9094. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия