Студопедия — Дәріс
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәріс






Тақырыбы: Қосылыстар. Олардың құрылымы, түрлері, пайдалану аумағы. Тойтармалы қосылыс. Пісіру арқылы қосу

 

Дәріс

Тақырыбы: Бұрандалы қосылыс. Олардың құрылымы, түрлері, пайдалану аумағы. Бұранданың өлшемдері, әсер етуші күш моменттерді анықтау, олардың өзара қатынасы, пайдалы әсер коэффициенті және өздігінен тежелу қабілеттілігі. Бұрандасы бар бөлшектерді есептеу.

 

Бұрандалы қосылыстар деп, болттың, винттің, шпильканың, гайканың және т. б. бекіту бөлшектерінің көмегімен қосылатын ажырамалы қосылыстарды айтамыз. Мұндағы винт дегеніміз бұрандалы сырық; болт қалпақшалы винт; гайка — бұрандалы тecігі бар кілтпен қамтылатын пішінді бөлшек; ал шпилька — eкі жағы да бұрандалы сырық.

Машиналарда бұрандалы бөлшектер көп кездеседі. Кейбір машиналарда олардың саны барлық бөлшектердің 60% -iн құрайды. Өйткені бұрандалы қосылыстардың ажырамайтын қосылыстарға қарағанда мынадай артықшылықтары болады:

1. Тез жиналып, оңай сұрыпталынады (ажыратылады).

2. Бұранданың сына тәрізді әсер етуінің нәтижесінде және кілт ұзындығының бұранда радиусына қатынасы үлкен болғандықтан қосылыстарды қысатын үлкен осьтік күш пайда болады, сондықтан бұрандалы қосылыстар бepік келеді.

3. Бұрандаларды өте дәл әзірлеуге болады және олардың конструкциясы қарапайым келеді.

4. Белгілі жағдайда өздерінен тежелу қасиеті пайда болады.

 

13.1-сурет.

Бұрандалы винттер пайдалану қажеттілігіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

1. Бекіту бұрандалары. Бұранданың бұл түрі бөлшектерді қосу қажетіне арналған, ал олардың профилі ұшбұрышты етіп дайындалады.

2. Қозғалыс немесе күш беретін бұрандалар (жүрісті бұрандалар). Домкраттарда, престерде т. б. жүрісті винттерде қолданылады. Бұл бұрандалардың профилін үйкеліс күшін азайту мақсатымен трапециялы, кейде тікбұрышты етіп жасайды.

Бұранда тілінген бөлшектің пішіні бойынша конусты бұранда және цилиндрлі бұранда болып екі түрге бөлінеді.

Біз жоғарыда бұранда сызығы иілгіш үшбұрышпен цилиндрлі орағанда пайда болады дедік. Егер сол ұшбұрышты оңнан солға қарай орасақ сол бұранда болып аталады.

Бұранда сызығының кіpyінe байланысты винттер біp, екі, үш және көп кіpìелі болып келеді. Екі кірмелі бұрандаларда винт сызығы eкі жерден басталады. Бұранда қадамының өлшеміне байланысты: а) ұсақ қадамды (аралықты) бұранда; б) іpі қадамды (аралықты) бұранда болып табылады.

Ұсақ қадамды бұранда төзімді және бepік келеді, сондықтан олар: а) егер бұрандаға динамикалық күш түссе; б) егер бұрандалы біліктep иілу мен бұралуға жұмыс іcтece; в) бұранда реттегіш қызметін атқаратын жағдайларда қолданылады.

Ұсақ қадамды бұрандалар төмендегідей болып белгіленеді: М 12´1,5 (1,5—қадам шамасын миллиметрмен көрсетеді), ал іpі қадамды бұрандалар М 24.

Бұрандалар профилі бойынша ұшбұрышты, төртбұрышты, трапециялы, жұмыр және т. б. болып бөлінеді.

Үшбұрышты бұранда. Үшбұрышты басқа бұрандалармен салыстырғанда бepік келеді, біpaқ мұнда үйкеліс күші көп болады және олардың өздігінен тежеу қасиеті жоғары, сондықтан көбінесе бекіту бөлшектерінде, мысалы, болттарда, винттерде, шпилькаларда, гайкаларда және т. б. қолданылады.

Үшбұрышты бұранданы көбінесе бекіту бұрандасы деп атайды және ол метрлік, дюймдік болып eкігe бөлінеді.

Метрлік бұранда. Мемлекеттік стандарт СТ СЭВ 182-75 бойынша метрлік бұрандалар іpі және ұсақ қадамды болып бөлінеді. Олардың нeгізгі параметрлері бірдей болады, мысалы, профиль бұрышы a = 600; үшбұрышты бұранданың профилінің биіктігі ; винт бұрандасының ойыс радиусы .

13.2-сурет

 

Ал сырық бepіктігін ең кіші диаметрі бойынша есептейміз

d1 - 1,227P..

Метрлік бұрандалар 4; 6; 7; 8— дәлдік кластары бойынша әзірленеді. Өте жоғары, біpiнші класты бұрандалар жауапты қосылыстарда және дәл қозғалатын винттерде қолданылады.

Метрлік бұрандалардың бөлшектерге кіріп тұратын ұзындығы СТ СЭВ 640-77 шектелген.

Дюймдік бұрандалардың айырмашылығы, біpiншіден, профиль бұрышы a = 550 болса, екіншіден, бұранда қадамы метрлік өлшеммен (мм) емес, біp дюймге келетін орам санымен көрсетіледі және олар тек шет мемлекет машиналарына қор бөлшектер дайындауда пайдаланылады (13.3, б-сурет).

13.3-сурет

 

Трапециялы бұранда. Мұндай бұрандалар негізгі винт-гайка берілістерінде қолданылады.

Трапециялы бұранда станоктардың жүріс винттерінде, супорттарында, яғни олар күш пен жүріс беретін механизмдерде жиі кездеседі.

Трапециялы бұрандаларда үйкеліс аз болады, оңай дайындалады және олар анағұрлым төзімді келеді. Диаметрі 8-ден 640 мм-ãе дейінгі трапециялы бұрандалар стандартталған. СТ СЭВ 838-78 бойынша мұндай бұрандалар бұлай белгіленеді. Тr 80´10—мұндағы соңғы саны қадамын көрсетеді. Олардың профиль бұрышы 300. Солға бұрылатын бұрандалар белгісі Tr 40´6ZH, ал көп кірмелі бұранда Тr 40´8 (Ð4) болып белгіленеді, екі кірмелі, қадамы Р=4.

Конусты бұранда. Конусты бұрандалар көбінесе трубаларды жалғастырғанда қолданылады. Өйткені олар тығыздықты жақсы қамтамасыз етеді. Сондай-àқ, жоғары қысым әсер ететін трубалар конусты бұранда арқылы қосылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша конусты бұранданың eêі түрі бар: конустылығы 1: 16 және дюймдік бұрандалар.

Мемлекеттік стандарт СТ СЭВ 304-76 бойынша конусты бұранданың профилі трубалы цилиндрлі бұрандаға сәйкес, профильдің бұрышы 550 болып келеді.

Жоғарыда айтылған конусты бұрандадан басқа мұнай өнеркәсібінде қолданылатын конусты бұрандалар да стандартталған. Бұранда қадамын мына формуладан табамыз: P=P`cos j, мұндағы j — конус бұрышының жартысы. Конусты бұрандалар МК—сыртқы, M—ішкі, ал қиылысқан жерінде М/МК 20´1,5 болып белгіленеді.

Tipeк бұрандасы. Бұл бұранда күш біp жаққа бағытталған жүк винттерінде қолданылады. Мысалы, винтті престерде, домкраттарда, ілгіштерде пайдаланылады.

Пайдалы әсер коэффициентін жоғарылату үшін профильдің еңкіш бұрышын 300 eòіп аламыз.

Соңғы кезде күш кернеуінің концентрациясын азайту үшін тірек бұрандасының жаңа түрлері ұсынылып жүр. Tipeк бұрандалары МЕСТ 10177-62 бойынша сызбада былай бeлгілeнeді: S 70 ´ 10.

Жұмыр бұранда. Бұл бұранда негізінен үлкен динамикалық күш әсер ететін винттерде, сондай-ақ көбінесе жиі бұралып алынатын өрт және гидравликалық арматураларда кеңінен қолданылады. Сонымен біpгe электр лампасының патронында, противогаздарда және т. б. пайдаланылады. Профиль бұрышы 300-қа тең.

Трубалы бұрандалардың қадамы дюймді бұрандадан майда келеді. СТ СЭВ 1157-78 стандартта трубалы бұранда үшін дюймдік өлшемдер қолданылады. Трубалы бұрандалардың диаметрі үшін трубаның ішкі диаметрі қабылданған. Трубалы бұрандалардың профилі қосылыстың тығыздығын қамтамасыз ету үшін жұмыр, майда қадамды етіп дайындалады(ГОСТ-6357-80).







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 3993. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Постинъекционные осложнения, оказать необходимую помощь пациенту I.ОСЛОЖНЕНИЕ: Инфильтрат (уплотнение). II.ПРИЗНАКИ ОСЛОЖНЕНИЯ: Уплотнение...

Приготовление дезинфицирующего рабочего раствора хлорамина Задача: рассчитать необходимое количество порошка хлорамина для приготовления 5-ти литров 3% раствора...

Дезинфекция предметов ухода, инструментов однократного и многократного использования   Дезинфекция изделий медицинского назначения проводится с целью уничтожения патогенных и условно-патогенных микроорганизмов - вирусов (в т...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия