Студопедия — ТЕРІНІ КҮТУ ЖӘНЕ ОЙЫЛҒАН ЖЕРІНЕ ЕМ ЖАСАУ. Асқорыту жүйесінің бұзылуы көбінесе жаман әдеттердің нәтижесінде пайда болады
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ТЕРІНІ КҮТУ ЖӘНЕ ОЙЫЛҒАН ЖЕРІНЕ ЕМ ЖАСАУ. Асқорыту жүйесінің бұзылуы көбінесе жаман әдеттердің нәтижесінде пайда болады

Асқорыту жүйесінің бұзылуы көбінесе жаман әдеттердің нәтижесінде пайда болады. Белгілері: асқазанда ауырлық сезімі, тітіркену, түршігу, қыжыл, жүрек айнуы, ұйқышылдық, бас ауруы, құсу және т.б. Нашар қорытылған азық асқазаннан өткеннен кейін, ішекте мына белгілер басталады: Желдену, іштің үрленуі, іш қатуы немесе іштің өтуі.

Жақсылап және ақырын шайналмаған азықтар асқорыту ағзаларында ашиды.

Тамақтанғанда ішілетін сұйықтықтар асқазанды үрлетеді және шаршатады. Бір стакан су ішуге болады.

Көп тамақ жеу – асқорыту жүйесінің нашарлауының басты себебі. Сондықтан дастарханнан тоймастан тұрып кету керек.

Астың қортылуы үшін қалыпты жағдайда 4-5 сағаттай уақыт қажет. Аптасына бір күн болса да, асқорыту мүшелерін тынықтырып тұру керек.

Тамақтану уақыттары арасында жеу асқазанды шаршатады және жүйкелердің қорын азайтады. Түскі аспен кешкі ас арасында қосымша «жүрек жалғау» ересектер үшін керек емес.

Шаршаулы, ұйқысыз және жүйке жұқарған кезде жеу, асқорытуға жәрдемші бола алмайды.

Ұрыс-керіс, талас-тартыс, қатты қобалжу, ашу-ыза, жек көрушілік, өшпенділік сияқты негативті эмоциялар асқорыту мүшелеріне кері ықпалын тигізеді.

Ыстығы бар кезде жеу, температураның артуына себеп болады.

Тамақтанғаннан кейін бірден жатуға болмайды.

Шамадан тыс ас қоспалары, қыша, сірке суы, қарабұрыш... асқазанның химиялық құрамын бұзады.

Піспеген жемістер, өте қышқыл болғаны үшін аулақ болған жөн.

Қуырылған тағамдардың қорытылуы қиын болады.

Көп мөлшерде шекер тұтыну, асқорыту жүйесінің бұзылуына жол ашады.

Шай, кофе, какао... асқорыту жүйесінің бірқалыпты жұмыс істеуін бұзады.

Бір отырғанда әр түрлі тағамдар жеу, асқорытуда қиындық тудыруы мүмкін. Сағыз және осыған ұқсағандар, асқазандағы қышқылдың көбеюіне себеп болады.

 

 

ТЕРІНІ КҮТУ ЖӘНЕ ОЙЫЛҒАН ЖЕРІНЕ ЕМ ЖАСАУ

Тері мен денені күту. Біздің денеміздегі тері жамылғылары ағза мен қоршаған орта арасындағы байланыста үлкен роль атқарады, ішкі ағзалар мен тканьдерді сыртқы әсерлерден қорғап, жылу реттеу үрдісін жүзеге асырып отырады. Бұл қызметтің дұрыс орындалуын белгілі бір деңгейде тері жамынғыларының тазалығына байланысты.

 

Теріде микроорганизмдер үшін ыңғайлы орта болатын май мен тер бөлінуінен кір мен шай пайда болады. Кір тері белгілі бір деңгейде өзінің бак

терия өлтіргіштік қасиетінен айырылады, ал тері жамылғыларының жарақаттануы (тырналу, жырып кету, жаралар) микробтардың терінің терең тканьдеріне енуіне жағдай жасайды. Теріге дұрыс күтім жасалмағанда киім мен аяқ киімді дұрыс тандамағанда, қажалу, қысылу нәтижесінде теріде іріңді-саңырауқұлақты аурулар пайда болады. Басқада тері аурулары мен жарақаттары тері құрғақтығынан, тершендіктен, катты қатудан, дұрыс тамақтанбаудан болуы мүмкін.

 

Ыстық сумен жуынуға моншаға бару үшін спортшыға аптасына бір реттен жиі емес тәртіп ұсынылады, ал жаттықтырудан соң жылы душ қабылдайды (t+400C шамасында). Өте ыстық немесе өте суық су орталық жүйке жүйесінің қозуын жоғарылатады (ОЖЖ), ол өз кезегінде ұйқыны бұзады. Буланған және құрғақ ауаны монша қалпына келтіру үрдісін тездетеді, ағзаның бейімделу мүмкіндігін (қабілеттілігін) арттырады, жүрек-буын жүйесінің және жылу реттеу үрдісінің тиімді жұмыс ырғағын жақсартады. Монша тері жамылғыларын тазалауда үлкен гигиеналық маңызға ие. Алайда оны ыстық әлсіздікке, бас ауруына, әсіресе жас спортшыларда жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуіне әкеліп соғады.

 

Кейбір спорт ойындары мен бірсайыстарда (баскетбол, гандбол, регби, күрес және басқалар) спортшылардағы жарақат себебі күтімі жоқ тырнақтан болуы мүмкін. Гимнастикамен, шаңғымен, ескекпен (гребля) және де басқа спорт түрлерімен айналысу терінің мүйізденіп күлдіреп қалуына (мазоль) әкеліп соғуы мүмкін. Оларға глицеринмен кремді қолдану ұсынылады, ал аптасына 1-2 рет жылы сумен жуып, аяқ қырғышпен тазалау керек.

 

Сонымен бірге шаш та үнемі күтімді қажет етеді, ол дене тәрбиесі және спортпен қарқынды айналысуда әдеттегіден де тез кірлейді. Шашты апта сайын (күн сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы, тек себепсіз шашты қолмен ұстай беруге болмайды, сонымен бірге күнара басқа арнайы массаж щеткасымен массаж жасап тұру керек.

 

Tic пен ауыз қуысы күтімі-бұл тек ағарту жұмысы емес. Ауру тіс пен кейбір асқазан-ішек ауруларының арасында тікелей байланыс бар.

 

Ауыз куысындағы ас қалдығы микробтар үшін қолайлы жағдай туғызады. Олар ауыздан жағымсыз иіс шығарады, тістің тез сарғаюына жағдай жасайды, ол тіс пен ауыз қуысын түрлі ауруына, тістің қызыл етінің ісінуіне, (пародонтоз), ал асқынып кеткен жағдайда тістің босап, тіпті түсіп қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тісті күнделікті екі рет тіс пастасы немесе тіс ұнтағымен жуып тұру міндетті болып саналады.

 

Қызыл ет тканьдерінің ең дұрыс жаттықтыруы ауыз душы (гидромассаж) болып саналады. Бұл үшін "гидростат" сияқты немесе жіңішке шланга түріндегі арнайы құралды пайдаланады ("гидростом"-майда тесіктері бар темір душ. Процедура ұзақтығы-5-10 мин. Қызыл иекті жылы және салқын сумен кезектесіріп шаю да тиімді. Алайда тіс эмалінің жылылыққа және салқындыққа өте әсершілдігіне қарай +35...+370С температурадағы суды пайдалану ұсынылады.

 

Ауыз қуысының күтіміне арнайы дәрігердің тексеруі де (санация) кіреді. Әдетте санацияға емдеуге жатпайтын тіс тасын алу, поломба салу, сынған тістер мен түбірін жұлу жатады. Қай жағдайында массаж жасауда пайдалы, онда саусақпен және басбармақпен жоғарғы қызыл етті жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай уқалайды. Уқалау қимылдары жеңіл болуы керек. Уқалау ұзақтығы-3-5 мин.

 

Дене және ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Адамның жүйке жүйесі үздіксіз қызмет істейді. Ол барлық ағзаның үйлесіп қызмет істеуін, оның қоршаған ортамен байланысын камтамасыз етеді. Адам қызметіне қарай шаршау дене еңбегінде болсын, ақыл-ой еңбегінде болсын алдымен ОЖЖ-де дамиды. ОЖЖ-іне ауырлық түсірмеудің алдын алу мақсатында тиімді еңбек туралы гигиеналық негізделген элементтер қолданылады.

 

Дене еңбегінің тиімділігі жұмысшының артық қимылын алып тастауға қызу ырғақты дұрыс жүйелеуге және түрлі бұлшық ет топтарын демалдыруға бағытталған. Бұнымен еңбек процесіне қатысатын бұлшық ет қызметін реттейтін бас миы бөлігін қоздыру мен тежеуді кезектестіруді қамтамасыз етеді. ОЖЖ салмағының алдын алуға қызметтің басқа түріне ауыстыру жәрдемдеседі, мысалы, өндірістік гимнастика, дене шынықтыру мезеті жаттығуларын орындау. Бұндағы ең маңыздысы жұмысқа қатысы жоқ бұлшық ет топтарын да жаттықтырады.

 

Үздіксіз және қарқынды ақыл-ойы еңбегі ОЖЖ-нің шаршауын туындатады. Бас миының шаршаған бөліктерін демалдырудың жақсы құралы "басқа жұмыс түріне өту болып есептеледі, бірақ ауыр дене еңбегі болмауы тиіс, мысалы, бақшаға қарау, серуен, жүгіру, гимнастика және т.б. Бұл ұсыныстар мүмкіндігінше оқу орнының сабақ кестесінде ескеріледі. Оларды оқушылар да біліп, қолдануы тиіс: үй тапсырмасын орындау үзілісінде жеңіл дене жатты-ғуларын орындауға пайдалану, емтиханға дайындалу барысында дене тәрбиесімен және спортпен айналысуды тоқтатпаңдар. Ақыл-ой және дене еңбегіне кезектестіру сендердің жүйке жүйелерінді шаршамаудан сақтап, оның жұмыс қабілетін арттыратынын есте ұстаған абзал.

 




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Дұрыс тамақтану стратегиясы.Ұтымды тамақтану қағидаттары. | 

Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 189. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия