Циклдік толқындардың туындау себебін инвестиция теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісі арқылы түсіндіріңіз.
Инвестициялар қорларды инвестициялау динамикасымен ғана емес өзгеше де жолмен циклдар тудыруы мүмкін. Танымал экономистер циклдық толқуларды түсіндіру үшін инвестициялар теориясындағы мультипликатор-акселератор үлгісін қолданады. Кейнс инвестициялық шығындарды экономикалық толқулар тудыратын импулсьтардың негізгі қайнар көзі деп санаған. Кейнс инвестициялық шығындарды тұрақсыз және бизнес-циклді түсіндіретін негізгі фактор ретінде қарастырады. Мультипликатор эффектісі мен акселерация эффектісінің әсері өзара тығыз байланысты. Бұл сұраныстың өсімшесі (табыс пен сату) мен сұранысы арта түскен инвестиция өсімшесінің арасында тығыз байланыс бар деген сөз. Басқаша айтқанда, инвестицияға деген сұраныс көлемінің өзгерісі табыстың өзгеріс функциясы ретінде қарастырылады, оған қоса инвестициялар табыс өсімшесіне қарағанда артығымен (көп) артып отырады: . Мұндағы: - акселерация коэффициенті, - табыстың өзгерісі, – туынды (стимулденген) инвестициялар. Акселератордың қарапайым түрдегі формуласы берілген жылдағы инвестицияның өткен жылдағы табыстың өсімшесіне қатысы арқылы анықталады: . Акселератор эффектісі жалпы түрде дайын өнімді сату көлеміндегі өзгерістер осы өнімді шығаратын өндіріс қаражаттарындағы сұраныстың өзгеруіне алып келетінін білдіреді. Инвестициялық акселератор – инвестицияның өзгеруі табысқа тәуелділігін көрсететін коэффициент. Мультипликаторға ұқсас акселерацияның әсер ету механизмі де екіжақты, яғни оның әсері тек қана инвестицияның өсімшесінде ғана емес, оның қысқауында да көрінуі мүмкін. Сонымен, сату көлемінің өзгерісі табыстың қысқаруына алып және инвестицияның n рет азаюына алып келеді, яғни акселератор шамасына тең. Мультипликатор мен акселератордың өзара байланысы: . Автономды инвестициялар мультипликатор эффектісінің әсерін туындатады, ал ол табыстың өсуіне алып келеді. Осыдан кейін сұраныстың өсуі, сату көлемінің өсуі стимулданған инвестициялврдың пайда болуына және акселеатор эффектісінің әсерін тудырады.
|