-сынап, аммиак Аммиак -нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ.Суда жақсы ериді.А-тың ауамен араласқан түрі /1/3мөлшерде /қопарылыс жасауға қабілетті.Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғары концентриациясы адамның нерв жүйесінеқатты әсеретеді.Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.-78°Сқысым кезінде қатаяды-34°С қысымда жанады Сынап – күміс түсті сұйық металл. Басқа сұйықтықтардан ауыр ρ=13,52. 39°C та балқиды. +17°C та буланады. Өлшеу құралдарында (термометр,монометр) Сынаптан улану белгілері-әлсіздік, бос ауру, қызудың көтерілуі.
Сынап тіршіліктің барлық түріне қауіпті.
8 и 32.Жүйке жүйесін зақымдайтын улы заттар Улағыш заттар — ұрыс жағдайында қолданган кезде адамдар мен жануарларға зақым келтіретін улы (уытты) қоспалар. Ви-икс-газдары. Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді – 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді. Ашық жатқан су көздерін (көл, өзен) өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады. Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды. Зарин – бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады. Осы тәріздес улағыш заттың бірі – Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық жүйке жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі. Қорғаныс жолы: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну. Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды. Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі – Иприт. Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әртүрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады. Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі. Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар. Синиль қышқылы. Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140 C, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады. Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану. Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады. Тұншықтырғыш улы зат (газ) – фосген. Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа дейін сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы -противогаз бен баспананы пайдалану.
9. Қазақстандағы көлік апаттарының болу себептері (талдау жасау) Адамның өзі жасаған өмір сүру ортасның бірден бір бөлігі – көлік жүйесі. Кез келген адам өзінің жасына немесе мамандығына қарамастан әр күні осы көліктің түрлерімен күнделікті пайдаланып жатады. Көлік адамның, тіпті қоғам өмірінің бөліп тастауға келмейтін белсенді бөлігі. Көлікті күнделікті пайдалану қалыптасып кеткендіктен,жолаушылар оның қауіпсіздігі туралы ойланып та жатпайды. Ал негізінде олай емес. Көлік жүйесінің қатысымен болатын адам өлімі немесе жарақаттануы, қаладағы басқа да болатын қатердің түрімен салыстырғанда, әлденеше рет көп. Теміржол көлігі. Қазіргі замандағы теміржол жүйесі аса қауіпті аймақ ретінде белгілі. Жүк таситын пойыздар 90 км/сағ.,ал жолаушы пойызы 140 км/сағ. Жылдамдығымен жүре алады. Жолаушылар таситын пойызың жалпы салмағы 1000 т асса, жүк пойызыдарының салмағы одан бірнеше есе ауыр болып келеді, сондықтан пойыз құрамасы бірден тоқтай алмайды. Пойыздың тежеу жолы бірнеше жүз метрге созылады. Аса қауіпті аймақтардың бірі – Темір жол және автокөлік жолдарының, қала көшелерінің қиылыстары. Кесіп өтетін жолдарды тік қиып өтетін, кез келген жағынан жақсы көрінетін (темір жолға 50 м қалғанда, жақындап келе жатқан пойыз 400 метрдей жерден көрінетін болуы керек) етіп орналастырады. Әуе көлігі Жолаушылардың өздерін және қол жүктерін тексеріп отыру: Әуе кемелерін арнацйы тексеру: әуе кәсіпорындарындағы өткізу тәртібі мен объектінің ішкі тәртібін ұйымдастыру және қатал қадағалау; Авициялық техникалардың күзетін қамтамасыз ету; әуе кемелерін басып алуды қамтамасыз ету үшін қажетті күш пен заттарды дайындау.Жол көлік оқиғасы көлік құралдарының соғысып қалуынан туындайтын жағдай. Бұл жағдай материалдық зиян, жаралану немесе адам өліміне әкеліп соғуы мүмкін. Жол көлік оқиғасының көп тараған түрлері мыналар жүргіншіні басып кету, көліктердің соғысуы, аударылып қалу.