Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудағы психологиялық жұмыстар жиынтығы





Көшбасшылардың коммуникативтілік құзіреттілігінің дамыту жолында қандай ұстанымдарды ұстану керек екенін және де бойымызда қандай қасиетерді дамыту керек екені жайлы мәселе біршама адамды толғандыратыны анық. Осы ретте мен американдық ғалым Джон Максвеллдың пікіріне тоқталуды жөн көрдім. Оның айтуынша: «Оқытушылар оңай нәрсені алып, оны қиындатады, ал қарым-қатынас жөнін-дегі мамандар қиын нәрсені алып, оны оңайлатады» -дейді. [9.63б] Осыған байланысты тиімді коммуникатор болу үшін мынадай төрт негізгі ұстанымды ұсынамыз.

Ойыңызды нақтылап,ықшамдаңыз. Қарым-қатынас – сіздің айтатын сөзіңіз ғана емес, оны қалай айту да өте маңызды. Ең тиімді қарым-қатынас–ол қарапайымдылық болып табылады. Адамды еліктіріп, өзіңізге назарын аударуып алу үшін қатты сөздер мен қиыннан қиыстырылған сөйлемдердің қажеті шамалы. Егер адамдармен дұрыс коммуникативтілік үрдіс орнатқыңыз келсе, неғұрлым қарапайымдылыққа ұмтылыңыз. Наполеон Бонопарт өзінің хатшыларына: «Ширақ болыңдар, ширақ болыңдыр, ширақ болыңдар!» деп қайталай береді екен.

1. Нақты адамды көре біліңіз. Бір ғана адам болса да, топ болса да, адамдармен коммуникативтілік үрдіс барысында өздеріңізге мына сұрақты қойғаныңыз абзал: менің тыңдаушыларым кімдер? Олар үшін қандай мәселе өзекті? Олардың қай мәселесін қарастыру керек? Менің қаншалықты уақытым бар? Коммуникатор болам десеңіз, тыңдаушыларыңызға қарай істі бағыттаңыз.

2. Адамдарға шындықты көрсетіңіз. Әрбір шынайы қарым-қатынас шынайы сенімділікті ұялатады. Тыңдаушыларыңыздың сеніміне кірудің екі жолы бар: бірінші – айтып тұрғаныңызға өзіңіз сену, екінші – айтқаныңызды толықтай жүзеге асыру.

3. Қарсы реакцияны күтіңіз. Тыңдаушыларыңызға өте көп мәлімет беру арқылы мен олармен тығыз қарым-қатынастамын деген қате түсінік. Әрдайым олармен сөйлескенде, бірдеңе сезінуіне, есте сақтауына, істеуіне мүмкіндік беріңіз.

4. Нақты мақсаттың болуы. Белгілі бір адаммен сөйлескенде одан нақты не керек екенін түсініп, біліп алған жөн. Бұл үлкен уақыт пен энергияның кетуінен қорғайды. Мақсат материалдық ғана емес, сонымен қатар моральдік болуы да мүмкін. Мысалы сізге немесе біреуге назардың, зейіннің қажеттілігі болмаса өзіндік қолдаудың жетіспеушілігі. Соған қоса адамға мәлімет алмасу қажеттілігі туындауы мүмкін. Егерде нақты мақсат қойылса оның іске асуы және соған байланысты қарым қатынас қорының дұрысталуына мүмкіндік мол. Есте ұстайтын жайт мақсат нақтыланған болуы керек

Егерде сіздің тереңде жатқан асқақ армандарыңызды адамдарға түсіндіріп, толықтай жеткізе алмасаңыз, онда сіз олармен дұрыс қарым-қатынас орнатпағандығыңызда. Қарапайымдылық!Әрдайым осыны ұмытпағайсыз! [9.19]

Қалай манипулятор болуға болады. Эверетт Шостром өзінің манипуляция себебінің типологиясын ұсынды. Әрине бұл себептер типологиясы хрестиан дініне негізделгенмен,бірақ психология ғылымының ғалымы ретінде адамның жан ауруының типтерімен сәйкестендірілген. Шостром ойынша адамдар бір бірімен манипуляциялық әрекет жасауының нақты себептері бар. Соның аясында адамдарды манипуляция арқылы басқарып үйренген адам, өзінің қалайша роботқа айналғанын байқамайда қалады. Сонымен Шостром себептері:

Шостром бойынша бірінші себеп ол өзіне және басқаларға деген сенімсіздік. Осы сенімсіздік жағдайды бақылап және басқарып отыруға итермелейді. Бұл қасиетті қоюға болама. Ол үшін Шостром ойынша адам жан тазалығымен айналысып Құдайға бет бұруы керек. Басқаша жағдайда адамды іштей белгісіз бір күш манипуляциялық жолмен басқаруға итермелеп отырады дейді.

Екінші Шостром ұсынған манипулляция себебі ол ауыстырмалы махаббат. Шостром айтуынша «нағыз махаббаттың иесі болуға бізге жалған әрекеттер кедергі болады. Өзіміз де мұндай әрекеттерге жақын боламыз».

Көрсетілген ұсыныстарды нақты орындау үшін көшбасшының бойында белгілі бір қасиеттер болуы керек. Соған сәйкес көшбасшыға әрекет ету шегінде қажетті негізгі қасиеттерді атап өтейік:

- істі аяқтауға деген өте күшті ұмтылыс және жауапкершілікке көзқарас;

- мақсатқа жетуге деген энергия мен табандылық;

- мәселелерді шешудегі қауіпке назар аудармау және алуан түрлілік;

- алғыр ойлау;

- өз – өзіне деген сенімділік;

- айналадағыларға әсер ету қабілеті, әлеуметтік қатынастарда құрылымдық қасиеттің болуы;

- «өзіне» әрекеттер мен шешімдердің барлық нәтежиелерін алу тілегі;

- фрустрация мен топ ыдырауына қарсы тұру қабілеті.

Барлық көшбасшының кәсіби даму жолында халық алдында, немесе өзінің адамдары алдында сөйлеуі керек болатын жайттар көп кездеседі. Сөз мәтінін құрастыру кезінде өзгермейтін, қатып қалған ереже жоқ. Әрбір сөз мәтінінің өзіндік ерекшелігі және көкейтесті мәселесі болады Соған байланысты мынадай сөз сөйлеу схемаларын ұсынамын:

- Дәлелдерді ұсыну

- Осы дәлелдерден шығатын ой түйіндерін түсіндіріп көрсету

- Іс әрекетке шақыру

Келесі сөз сөйлеу схемасына назар салайық

- Өте нашар жағдайдағы мәселені баяндау

- Осы мәселеге байланысты шешу жолдарын баяндау

- Көрсетілген мәселеге байланысты бірлесіп жұмыс жасауды ұсыну

Міне тағы бір керемет сөз сөйлеу схемасы

- Тыңдаушылардың назары мен қызығушылығына ие болу

- Тыңдаушының сеніміне кіру және ие болу

- Дәлелдерді назарларына ұсыну

- Барлық тыңдаушыларды іс әрекетке итермелейтін мотивациялық жағдайды тудыру және іске асыру.

Напалеон айтқандай «соғыс ол ғылым сияқты есептеп, ойластырғаннан артық ештеме істеуге келмейді». Яғни барлығы ойлап, есептегеннен артық нәтежиеге жету қиын. Бұл соғыстық іс әрекеттен қарағанда жалпы елдің сөз сөйлегеніне жақсы келеді. Сөз сөйлеу ол картаға басылып қойған жол сызбасы сияқты болуы керек. Қайда бара жатқанын және не айтып жатқанын түсінбейтін оратор, ол соңында қайда келгенін және қандай ой түйгенін де білмейтін болады.

Егерде сіздің қолыңыз босамайтын және мүлдем уақытыңыз аз болса, онда Арнольд Беннеттің «Как жить 24 часа в сутки» кітабын бір қарап, оқып шығуды ұсынамыз. Бұл кітап сізге әр күніңіздің әр уақытын тиімді пайдалануға көмектеседі.

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 216. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...


Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия