Студопедия — Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттары әлеуметтік фактор ретінде
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Көшбасшылардың коммуникативтік құзіреттілігінің дамытудың психологиялық алғышарттары әлеуметтік фактор ретінде






Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және вербалды емес (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз.

А.П.Панфилова коммуникацияның былайша бөліп қарастырды:

- Танымдық.

- Сендірушілік.

- Экпрессивті

Сонымен коммуникация жайында белгілі бағыт өкілдері берген анықтамаларға тоқталайық:

Психоаналитикалық бағытты теориялық ғылымда негізін салған З.Фрейд және К. Юнг коммуникацияны жеке адам өз әуестігін санадан тыс әрекетін ығыстыру деп түсіндіреді.

Экзистенциализм бағытының өкілдері М. Бубер және К. Ясперс, коммуникацияны әлемде қараусыз артта қалған деп қарастырады. Нәтижесінде жеке адам қысқа мерзімде мағынасыздықты және жалғыздықты сезіну, әлемде адамның тіршілік етуі ешкімге қажетсіз болып қалуы туындайды. Мұндай жағдайды психологтар «коммуникация дағдарысы» деп атайды.

Көзқарастық бағытының негізгі өкілдері коммуникацияны адамның басқа адаммен түсінісуі, яғни өзара түсіністік деп қарайды.

Футурологиялық бағыттың өкілдері А. Тоффлер, Д. Белл, Г.М. Маклюэн коммуникацияда ақпараттық қоғамның теориясын ұсынды. Ақпарат мәдениетінің негізі, бұл мәдени құндылық болып табылады

Әр бағыттың берген анықтамалық ұсыныстары әртүрлі, дегенмен коммуникатвтілік бұл көшбасшының, мәселенің маңыздылығын немесе негізгі идеяны өзі түсінгендей етіп басқаларға жеткізе білу қасиеті емес пе.? Осы ретте психологияның бағыттарының көшбасшылық мәселесіне тоқталып кеткенді жөн көрдім:

Бихевиори́зм бағытындағы көшбасшылық мәселесі:

Бихевиори́зм бағыты, «көшбасшы болып туылмайды, қалыптасады» деген сенімге негізделген. Бұл бағыт өзінің түп негізіне үңіле отырып, көшбасшының қасиеті мен ішкі дүниесіне емес іс әрекетіне көп көңіл бөледі. Бұл теорияның негізінде адамдар бақылау мен үйренудің арқасында керемет көшбасшы бола алады.

Ең алғашқылардың бірі болып К. Левиннің мінез құлықтық теория стилі болды. Ол өз теориясында авторитарлы, демократиялық және либералды стилдерді бөлді. Қосымша

1964 ж Блейк пен Мутон «басқару торын» жасап шығарды. Бұның шеңберінде екі тәуелсіз өлшемдердің көрсеткіштерінің (өндіріс орны және адамдар) негізінде бес негізгі көшбасшылық стилін бейнелеуге болады. (Қосымша Б)

Мінез-құлықтық теорияның ең негізгі ерекшелігі жетекші қалаған көшбасшы стилін таңдап алып соны үйреніп қолдануына болады.

Мотивацияға негізделген Бихевиори́зм теориясы мен психологиялық концепцияның да алатын орны зор.

Көшбасшылық үшін мотив және оны іске асыру мүмкіндігі маңызды. Неліктен біз іске асыру мүмкіндігін қостық себебі іске асыру мүмкіндігінсіз мотив ол бағыты жоқ қозғалыс сияқты. Олай болса көшбасшының мотивациялық теориясына тоқталайық.

Д.Берннің ойынша саяси амбицияның негізгі элементі ол сыиластыққа қажеттілік. Барлық ұлы адамдар осы бір қажеттіліктің керек екенін көрсетіп кеткен. Берннің пікірінше сыиластыққа талпыну ол паталогия емес бұл тек өз өзіңді өзектендіруге деген үлкен қажеттілік.

Психоаналитикалық бағытындағы көшбасшылық мәселесі.

Көшбасшы тұлғасының психоаналитикалық теориясы З.Фреид пен

У Биллиттің класикалық жұмысы негізінде бастау алған болатын. Олар өз зерттеулерінде өмірбаян әдісін пайдалану арқылы Томас Вудро Вильсонды зерттеген [2,.155-187б]. Фрейдтің теориясын дамыта келе А.Адлер және Г.Лассуэл көшбасшылықты тұлғаның әлеуметтік ортада іске аспаған қызығуларының эффектісі деп түсіндірді. Олардың ойынша қатты қызығу тұлғаны көшбасшылыққа алып келетін үлкен әлеуметтік белсенділіктің қайнар көзі. [2. б.35-43]. Психоанализдік бағыттың басқада өкілдері (Т.Адарно, Э. Фромм, Е.Эриксон) көшбасшы тұлғасын ата – ана фигурасы реінде суреттейді. Бұлардың ойынша кейбір жеке тәжірбиелер нәтежиесінде көшбасшы ата –ананың рөлін атқарады. [3. б. 58-64; 3. б. 449-480].

Гуманистік теориядағы көшбасшылық мәселесі

«Гуманистік» деген атқа ие болған теориялар тобы, іс басына нәтижелі ұйымдастыруды дамытуды қойды. Осы теория өкілдерінің пікірінше адам өз табиғаты бойынша әрқашан құрылады және бақыланады. Көшбасшылықтың негізгі функциясы болып ұйымдастыруды жеке тұлғалардың өздерінің мотивациялық күш қуатын іске асыру және өздерінің қажеттіліктерін жүзеге келтіру үшін олардың бостандығын қамтамасыз ету мақсатында жетілдіру болып табылады, сонымен қатар бір сәттегі ұйымдастырудың мақсатына жетумен қатар.

Белгілі психолог Маслоу өзінің қажеттіліктер теориясында көшбасшылықтың түп тамыры қажеттілікке байланысты адами қалаулардың трансформациялық процесінің негізінде пайда болады деген.

Ал көшбасшының өзіне келер болсақ Маслоу басқару қажеттіліктерінің екі типін бөлді:

Күшке,жетістікке қажеттілік.

Репутация,жетістік, атаққа қажеттілік және т.б[7.115б]

Д.Мак Грегор ұйымдасқан көшбасшылықтың екі теориясын құрастырды.

Біріншіден, бұл Х теориясы деп аталатын теория, ол жеке тұлғалар әдетте белсенді емес ұйымның қажеттілігіне қарсы тұрады, және осыдан оларға бағыттап, мақсат қою керек.

Екіншіден, ол Ү теориясын ұсынды, бұл адамдар мотивацияға ие және жауапкершілікке тырысады, сондықтан олардың бір сәтте өз мақсаттарын іске асырсын деп ұйымдастыру және бағыттау қажет деп саналды.

Медицина ғылымы және денсаулық сақтау саласындағы көшбасшылық мәселесі

Медицина саласында территориялық аумағы өзгергенде соған сәйкес көшбасшылық орындағы тұлғада өзгеретіні анық. Сол кезде біз ғылыми зертханалық институттардың басқарушыларының сол салағы ғылыми зерттеуді, ғылыми әдістемелерді меңгермеген, нақты ғылыми міндеттемелер қоя алмайтынтұлғалардың келіп жататынын жиі байқаймыз. Басқаша айтқанда ғылыми ұжымның көшбасшысы бола алмайтын тұлғалар. Бұндай процесс медицина саласының дамуына кері әсерін тигізетіні анық. Соган байланысты бұл салада Пойнтеро және Санчез (1994ж) көшбасшылыққа мінездеме бере отырып соның негізінде мінез-құлық белгілерін бейнелеп берген.

1971 ж Э.Роджерс және Ф. Шумейкер кез келген топта немесе ұйымда белгілі бір идеяны сіңіру үшін адамдарға әртүрлі күш және уақыт қажет екендігін көрсеткен.[8.38б]

Жоғарыда айтылган ойларды жинақтай келе көшбасшының коммуникативтілік құзіреттілігініңің критерийлерін ұсынамыз. Біз критерийй-лерді екі топқа бөлдік.

Бірінші: сыртқы (обьективті көшбасшының коммуникациялық үрдіс кезінде алдына қойылған міндеттерінің орындалу нәтежиесі критерийлері).

Екінші: ішкі (көшбасшыны тұлғалық бағалаудың психологиялық критерийлері)

Критерийдің бірінші топ мінездемесіне көшбасшының коммуника-тивтілік құзіреттілігінің дамуына сандық және сапалық көрсеткіштері жатады. Сол көрсеткіштер мынадай критерийлерді береді:

- Объективті критерийлер: Көшбасшының өз ісіне қаншалықты сәйкес келетіндігі, психологиялық және әлеуметтік тәжірбиеге қосар үлесі кандай екендігі, жоғары кәсіби коммуникативтілік көрсеткіші, қойылған мәселелерді уақытылы, нақты шеше алу біліктілігі;

- Субъективті критерийлер: Тұлғаның коммуникативтілік құзіреттілігі оны табиғатына байланысты. Коммуникатиивтілік үрдіс кезінде берілген критерийге кәсіби бағыттылық көрсетуі. Кез- келген коммуникация үрдісінің маңыздылығын түсіну;

- Нәтижелі критерийлер: Коммуникация үрдісі кезінде алған тәжірбиесін болашақ кәсіби жолында психологиялық жүйеге келтіріп, жетілдіріп, мәселелерді шешу барысында пайдалана білуі;

- Шығармашылық критерийлер: Көшбасшы өзінің кәсіби коммуникациялық дәрежесінің шекарасынан асып кете алуы, соның нәтежиесінде өзінің коммункациялық дәрежесін көтеріп, жаңарта алуы жатады.

Ал критерийлердің екінші тобына кіретін көрсеткіштер мыналар:

-Көшбасшының негізгі коммуникативтілік қасиеті – ол қарым қатынас үрдісін тұлғаның эффективті ұғынуына әсер ететін көшбасшының өзіне ғана тән жеке даралық қасиеті. Бұған қабілетті де жатқызамыз.

-Көшбасшының кәсіби білімі мен біліктілігі-мұндай көшбасшшы жан – жақтылығымен ерекшеленеді. Өзінің терең кәсіби білімі мен біліктілігі нәтежиесінде коммуникациялық үрдіс дамуын болжау арқылы керекті жерде маңызды мәліметтерді есіне түсіре алуы.

-Көшбасшының коммуникация кезіндегі түрткісі (мотивация) мұнда тұланың коммуникативтілік тәжірбиесін арттыруға нақтыланған түрткісі бар. Осы ретте тұлғаны коммуникациялық үрдіске итермелейтін үш түрткі бөлуге болады.

· Әлеуметтік,қоғамдық тәртіп түрткісі;

· Өзіне және отбасына керекті материалдық игіліктер, сонымен қоса рухани қажеттілік түрткісі;

· Өз ойын білдірі қажеттілік түрткісі;

-Көшбасшының өзіндік бағалауы – кәсіби тапсырмаларға байланысты көшбасшының өзіндік психологиялық, әлеуметтік және физикалық көрсеткіштер арқылы бағалауы.

-Көшбасшының коммуникация үрдісі кезінде кәсіби тұрғыда әсер ете алуы; тұлғаның топка немесе жеке ақпарат алмасушыға әсер ете алуы.

Коммуникациялық құзірет ол көшбасшының тұлғалық дамытудың негізгі компоненті болып табылады. Басқаша айтқанда ол білім, біліктілік, қабілет, қарым қатынас және тұлғаның өзіндік дамуы. Коммуникативтілік құзіреттілікті кең мағынада қарасақ, ол әлеуметтік ортаға қолайлы әсер ету көрсеткіші. Осылардан келе біз келесідей көрсеткіштерді анықтадық. Олар мынадай: коммуникациялық білім,коммуникациялық біліктілік және коммуникациялық қабілет.

Ғалымдардың психологиялықлық көшбасшылардың комммуникативтік құзіреттілігініңің алғышарттарын әлеуметтік фактор ретінде сипаттауы тоқтал-дық. Келесі бөлімде біз көшбасшылардың қарым қатынасын қалай ыңгайлы, қалай өздеріне қолайлы етіп құрастыруының негізі болатындай жұмыстар жиынтығына тоқталатын боламыз.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 524. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия