Теңдігін тексеру.
1. Маятник стержендерінің ұштарына жүктерді бекітіңіз. Маятникті теңестіріңіз. Ол үшін алдымен бір диаметр бойында орналасатын екі жүкті бекітіп, маятникті қозғалысқа келтіріңіз. Оның қалай айналып тоқтайтынын қадағалаңыз. Маятникті дұрыс теңгерген кезде оның айналысының тежелуі бірқалыпты болуы керек, ал соңғы орналасу күйінің орны бізге бәрібір. Осыдан кейін қалған екі жүкті стержень ұштарына бекітіп, маятникті теңгеруді тағы қайталау керек. Қажет болса, жүктерді жылжытуға болады. 2. Жіптегі жүк шамасын арттыра отырып, стержендердегі жүктердің белгіленген күйі үшін бұрыштық үдеуді 7- 8 рет өлшейміз. e= f (Мr) тәуелділігінің графигін салыңыз. Графиктен инерция моменті мен үйкеліс күші моментін анықтаңыз. Инерция моменті графиктегі қисықтың көлбеулік бұрышының ctg -не тең, ал үйкеліс күшінің моменті – салған қисығымыздың Mr осімен қиылысу нүктесіне тең. Жүктерді стерженнен алып, крестовинаның инерция моментін I0 жүксіз анықтаңыз. Алынған нәтижені төмендегі өрнекпен салыстырыңыз: мұндағы R – крестовинадағы жүктердің массалар ортасынан айналыс осіне дейінгі қашықтық, l - крестовинадағы жүктер биіктігі, p – оның радиусы. 3. Нәтижелерді 1 – кестеге толтырыңыз. 1- кесте
Жаттығу №2
|