Студопедия — Топырақ температурасына байланысты мәдени өсімдіктердің өсуі.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Топырақ температурасына байланысты мәдени өсімдіктердің өсуі.






Температуралық аймақ негізгі өсімдіктер Температура 0С Орташа темп. жиынтығы
   
  Ең ерте пісетін көкөністер <5    
  Картоп      
  Арпа      
  Жаздық бидай   10-12  
  Күнбағыс 8-10    
  Тары   10-12  
  Мақта 13-14 12-13  

Анықтаулар бойынша көкөніс дақылдарының көшеттерін (қырық қабат, помидор) температурасы тегіс жағдайда өсірсе, оның төменгі температураға, аурулар мен құрғақшылыққа дейін төзімінің артқанын байқаған.

Топырақ микроорганизмдеріне топырақ температурасының маңызы зор.Температураға байланысты микроорганизмдерді топтастыру:

1. Мезофильді микроорганизмдер, бұлар үшін оптимальды t0 -20-400С маңайында (саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномициттер).

2. Психофильді организмдер, оптимум t0 -10-200С (темір-бактериялар ж.т.б.).

3. Термофильді, оптимум t0 -50-600С

Өсімдіктердің қоректенуіне әсер ететін көкөністер микроорганизмдер үшін оптимальді температурасы 20-300С аралығында ауытқиды.

Май бұршақтың тамырындағы түйнекті бактериялар үшін максимальды температура 24-270С болуы керек.

Міне сондықтан топырақ температурасы өсімдіктер мен топырақ микроорганизмдері үшін ең басты факторлардың бірі болып саналады, сонымен қатар жер бетіндегі негізгі үрдіс және органикалық заттардың бұзылуында пайда болуында, элементтердің айналымында, олардың планетарлық жылжуында басты роль атқарады.

Топырақ температурасы атмосфера температурасымен тығыз байланысты. Осы екеуінің арасында үздіксіз энеогия алмасу орын алады.

Топырақ түзілуде топырақ температурасының алатын орны зор. Температуралық градиент арқылы топырақта ылғалдылық тамшылы-сұйық және бу түрінде жылжуы байқалады. Егер топырақ түзілу құрғақ топырақта тоқтаса, онда өте төменгі және жоғарғы температурада тежеледі. Керісінше оптимальды теипература мен ылғалдық болған жағдайда көптеген үрдістер қарқынды жүріп, топырақ құнарлығы артады.Температураның артуы, әсіресе оң температура мен сол температура, тоңу мен еру, көп жағдайда топырақ түзілудің басты факторы болып саналады.

Топырақтағы температуралық заңдылықты қарау үшін топырақ бетіндегі жылулық балансы арқылы қарастыру керек, яғни баланс статьяларының кірісі мен шығысы арқылы, немесе кешенді байланыстардың жиынтығымен.

Атап өту керек өсімдік жамылғысы жоқ топырақтарда топырақ байланысын тек топырақтың беткі қабаттарында ғана қарастыру керек. Ал өсімдіктер мен көмкерілген жерлерді жылулық баланс туралы айтқан кезде ондағы өңделген қабаттарды айту керек. Өңделген қабат дегеніміз, топырақ қабатындағы жылу энергиясы басқа энергияға трансформацияланатын қабат. Неғұрлым өсімдік көп болып оның массасы артқан сайын, топырақ бетінен өңделген қабат тереңдей береді.

1. Жер бетіндегі барлық энергетикалық үрдістердің көзі болып жер бетіне тура немесе шашырап түсетін күн радиациясы (Qд) салынады, оның бір бөлігі қацта шағылысады (Qш). Кіретін статияларға атмосферадағы ұзын толқынды шағылыстар (Qд) олардың кейбір бөлігі атмосфераға шағылысады (Qш). Осыдан жер бетіндегі радиациялық баланс (Qб) тең.

Qб= Qр + Qд – Qш – Qш

2. Жылулық баланс статиясының маңыздысы, трансформация мен булануға кететін жылу (яғни булану жиынтығы). Бұл жылулық мб/к Qм белгілейік.

3. Топырақ бетімен оның терең қабаттарының арасында үздіксіз жылулық алмасып тұрады.- Qп.

4. Топырақ пен оны қоршаған ауа арасындағы жылулық ал м/Qк

Qб= Qк + Qм – 7Qп= Q

Жылулы баланс өзгеруі мүмкін

а) Мысалы жауын-шашынмен (t0 жауын t0 топырақ әртүрлі)

б) Суғарғанда, топырақ тоңғанда, ерігенде.

Сонымен қатар жылулық балансы өзгеруі мүмкін, шағылысу радиациясы мен топырақ бетінің шағылысу жағдайына байланысты ло негізінен топырақ түсіне байланысты болады.

Жылулық балансына (жылулық алмасу және булану) желдің әсері, ауа температурасы, ауа ылғалдылығы, топырақтағы ылғал қоры әсіресе оның басты қабатындағы деңгейінің маңызы зор. Және т.б.

Жоғарғы өсімдіктер мен топырақ микроорганизмдеріне абстратты температурамаен қатар, жыртылған қабаттағы тәуліктік температураның да маңызы зор. Тәуліктік қара ырғағына топырақтың күндіз жылынып, түнде еруі жатады. Соған байланысты өсімдік тамырларымен микроорганизмдердің бейімділігі айқындалады. Өсімдік жамылғысы топырақтағы температура динамикасына айтарлықтай әсер етеді.

Топырақ қабаты тереңдеген сайын тәулік бойы температураның ауытқуы азайады. 20 см тереңдікте температураның сиусойдалық қисық сызығы аз өзгереді, тереңдеген сайын ол түзу сызыққа айналады. Тек беткі қабаттарда ғана температураның градиенттік ауытқуы айқын байқалады. Градиенттің абсолютты деңгейі топырақтың жылулық сипатына, яғни оның физикалық қасиеттеріне байланысты болмақ.

Топырақтың беткі қабаты құрғақ әрі борпылдақ болған сайын, оның ішіне өтетін жылулық қүұбылымы азайады, ал бетіне қарай бұл көрсеткіш артады. Температураның градиент ылғал, бу және газ қозғалысында басты роль атқарады.

Топырақтағы белсенді температураның ауа температурасының белсенді температурасына қатынасы топырақтың қызу деңгейін анықтайды. (Н) (Т-топырақ; а-ауа)

Т-ң қызудеңгейі ----- Σ tт > 100 С Т- топырақтың белсенді t0

Σ tа > 100 С ауа райының белсенді t0

Топырақтың температуралық құбылымын реттеу, однағы өнімділіктер мен микроорганизмдер үшін қолайлы жағдай туғызып, соның нәтижесінде топырақ құнарлығын арттыруға жағдай жасау, агрономдар мен егіншілердің ертедекн келе жатқан арманы. Атап айту керек топырақтың беткі қабатындағы температураны реттеу ешқашанда жеке дара шара болған емес, ол көбінесе кешенді болмақ, ол өзінің неге бағытталғанына қарамастан, топырақ t0 –сының көптеген жағдайларына жан-жақты әсер етпек. Енді топырақ температурасын реттеуге арналған кейбір шараларды қарастырайық.

Топырақ бетін жабу немесе тумшалау жан-жақты әсер етеді. Топырақ бетін жабу әртүрлі жолдармен атқарылады. Оның негізгі мақсаты ондағы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасау. Кейбір жағдайларда топырақ бетін жабу арқылы эрозиядан сақтайды. Қар тоқтату үшін, нәзік өсімдік өскіндерінің өсуіне кедергі болатын қабыршықты болдырмау және булануды азйту үшін және т.б.ьқолданады. Ал кейде топырақтың беткі қабаттарында арнайы температураны көбейту немесе азайту үшін пайдаланады. Осы соңғы жағдайды қарастырайық.

Қарапайым тәсіл болып өсімдік атыздықтарын қалдыру боп саналады (ол қар тоқтату, эрозиядан сақтауға) қалың қар қабаты топырақты тоңудан сақтайды, және көктемде оның ерте еруіне жағдай жасайды, ылғал көп жиналады, соның нәтижесінде көктем мен жаз айларында топырақтағы гидротерминалдық құбылымды реттеуге болады.

Топырақтың түсін өзгерту арқылы күн нұрын сіңіруге немесе шағылыстыруға болады. Қара түс радиацияны түгел сіңіреді, топырақ t0 артады, ақ түс керісінше әсер етеді.

Қара пленканың астында топырақ суық күйінде қалады, ақ пленкаға қарағанда, себебі қара пленка қысқа толқынды радиацияны өткізбейді. Тек пленканың өзі қызадыдағы оның асты салқын күйінде қалады. Мөлдір пленка көзге көрінетін күн радиациясын жақсы өткізеді, яғни инфроқызыл толқындарды, сондықтан оныңасты жақсы қызады.

Мөлдір пленкамен топырақ бетін тұмшалағанда булану азайып, топырақ t0 көтеріледі.

Ерте пісетін қырыққабатың бақылау вариантында (топырақты тұмшаламаған жағдайда) өнімділігі- 273 ц/га.

Топырақты тұмшалағанда-520 ц/га

Тұмшалап суғарғанда – 623 ц/га

Тұмшалап суғармағанда – 412 ц/га

Қарықтап себу. Шағылысуды азайтатын барлық тәсілдер топырақты жылытады. Танаптар айналасында түтін қою (сабан жағу, қоқыс жағу, түтінді шашкаларды қою) осы мақсатқа арналған.

Солтүстік облстарда үсіктен өскіндерді сақтау үшін оларды қарықтарға отырғызады, яғни биік көтерген қарыққа (30-40см). Картоп түйнектерін сирек отырғызу арқылы жылулық алмасуды жақсартады, қарық өсімдікке жылудың жақсы келуіне жағдай жасайды. Бұл жағдайда суық ауа биік жерден төмен қарай ағады, яғни қарық түбіне қарай.

Топырақ бетін көлеңкелеу. Бұл тәсіл арқылы топырақ бетіне тура түскен күн сәулесінен қорғау үшін қолданады. МҰндай тәсілдер әсіресе жас өскіндерді күн көзінен сақтау үшін қолданады. Мұндай тәсілдер әсіресе жас өскіндерді күн көзінен сақтау үшін әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы атқарылады. Ол үшін әртүрлі қалқандар, сабан және басқа материалдар қолданылады.

Көшерттерді пайдалану. Жел өтіне қарсы тосқауылдар қою арқылы желдің қарқынды өту жылдамдығын азайтатын, адвенцияны азайтады. Сонымен қатар ең тиімді тәсіл болып биік сабақты өсімдіктерді егу. Бұл өсімдіктерде жел өтіне қарама-қарсы отырғызылады, жел жылдамдығын тежеп топырақ бетіндегі жылулық алмасуды сақтап, беткі ауаның температурасын көтеріп, топырақ жылуын сақтайды.

 

Солтүстік аймақтарда жылу сүйгіш өсімдіктердің оңтүстік аймақтарға егу керек.

Слаидтар, кестелер, иллюстрациялар

Бақылау сұрақтары:

1. Топырақ бетіндегі жылулық көздері.

2. Негізгі топырақтың жылулық қасиеттерін сипаттаңыз. Және оны анықтайтын факторлар.

3. Жылулық құбылымын реттейтін негізгі шаралар.

Әдебиеттер:

1. Кауричев И.С. Почвоведение, Изд. «Колос»-1973 г.

2. Ревут И.Т. Физика почв Изд. «Колос» Л, 1972 г.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 437. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.022 сек.) русская версия | украинская версия