Студопедия — Ми қан тамырларының жедел жеткіліксіздігінің салдары, симптомдары мен синдромдары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Ми қан тамырларының жедел жеткіліксіздігінің салдары, симптомдары мен синдромдары






 

1.Науқас И., 35 жас, жедел бас ауру шағымымен ауыр жағдайда жүйке аурулар клиникасына түсті. Науқаста периодты түрде басы ауырған.Күндіз кенеттен қатты бас ауру,құсу басталған.Науқас есінен танған.4 күн бойы сопорозды жағдайда жүрген.Менингеалді симптомдар бар. Ликвор қан аралас.5-күні науқаста психомоторлы қозумен, ашушаңдықпен, есте сақтау қабілеті мен критиканың бұзылысымен көрінетін психика бұзылысы дамыған.Локалді симптомдардан: оңжақ бет нервінің орталық парезі, оңжақ Барре сынамасы оң, оңжақ табанының жеңіл парезі,оңжақтан сіңір рефлекстерінің жоғарлауы бар.

Диагноз қойыңыз. Зерттеулер тағайындаңыз.

1) Субарахноидальді миға қанқұйылу, бас миы КТ

2) Солжақтық гемипарез, бас миы КТ

3) Спастикалық тетрапарез, бас миы МРТ

4) Геморрагиялық инсульт, оңжақтық гемипарез, бас миы КТ

5) Ишемиялық инсульт, бас миы МРТ

 

 

2.Науқас Ф., 45 жас, бастың сол жақ бөлігінің ауру сезімімен,әлсіреу және аяқ-қолдың оң жақ бөлігінің жеңіл салдануымен (онемение),әсіресе қолынын, шағымдарымен жүйке аурулары клиникасына түсті. Соңғы 4 күнде гипертониялық аурумен ауырады,амбулаторлы емделген,артериалды қысым көрсеткіші есінде жоқ. Таңертең қатты бас ауру сезімінен оянады.Жуыну кезінде кенеттен оң жақ аяқ-қолында әлсіреу сезімі пайда болды және сойлеу бұзылған. Қиындықпен сөйлеген және басқалардың сөзін түсінбеген. Есінен танбаған.Келесі күні клиникаға жедел-жәрдем бригадасымен жеткізілген. Түскен кезде: жалпы жағдайы ауыр, пульс минутына 66 соққы, ритмді. Артериальді қысым 170/90 мм с.б.б. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі, сол жақта Керниг симптомы оң.Тілді шығарғанда оң жаққа қарай кетіп қалады. Оңжақтық гемипарез, әсіресе қолда, иық буынында қимылдар жоғалған.Қалған буындарда жазылу мен бүгілу шектелуі мүмкін.Жамбас-сан және тобық буындарында қозғалыс сақталған; толарсақ буыны мен табан саусақтарында шектелген. Оңжақтық гемигипестезия. Сіңір рефлекстері сол жақта жоғары, Бабинскии рефлексі – екі жақта да. Спонтаннды сойлеу кезінде моторлы және сенсорлы афазия. Қан анализі: Нв - 7,5 г %, лейкоциттер – 9.350, ЭТЖ -3 сағ/мм. Қан ағу уақыты - 48 секунд, қан уюы - 11 минут. Жұлын ми сұйықтығы: қысым 270 мм су б.б., ксантохромды, ақуыз 0,99 ‰, цитоз 34/3, Панди реакциясы ++, Нонне-Апельт +. Зерттеу кезінде көру алаңында - оңжақтық гемианопсия. КТ: жоғары тығыздалған ошақ.

Ошақтың орналасуы? Диагнозды негіздеңіз.

1) Сол жақ жарты шар, геморрагиялық инсульт

2) Оң жақ жарты шар, геморрагиялық инсульт

3) Ми бағаны, ишемиялық инсульт

4) Оң жақ жарты шар, ишемиялық инсульт

5) Субарахноидальді қанқұйылу

 

3. Науқаста оң жақ гемисферада ішкі капсула аймағында геморрагиялық инсульт болды. Салдануды анықтаңыз.

1) солжақтық, спастикалық гемипарез

2) спастикалық тетрапарез

3) оңжақтық гемипарез

4) оң аяқ монопарезі

5) прозоплегия

 

 

4. Базилярлы артерия қанмен қамтамасыз етеді?

1) маңдай аймағы

2) варолиев көпір, мишық

3) шүйде аймағы

4) самай аймағы

5) төбе аймағы

 

 

5.Ми қанайналымының ауыспалы бұзылысын диагностикалауда маңызды болып келеді?

1. Р℈Г,УДЗГ,қан ұю мен қан ұюға қарсы жүйенің деңгейін анықтау

2. Бас миының МРТ-сі

3. Бас миының КТ-сі

4. ℈лектромионейрография

5. ℈лектромиография

6.Науқас 35 жаста,АҚҚ жоғары,стресстен кейінгі дамыған құсу,психомоторлық қозу,мінез-құлқының адекватты еместігі,көзінде шашыранды қылилық,птоз,оң жағында мидриаз,менингиалдық симптомдардың оң екендігі көрінеді.Болжам диагнозды атаңыз?

1. Ишемиялық инсульт

2. Менингит

3. Суборахноидальді қан құйылу

4. Лакунарлық инсульт

5. Дисциркуляторлық нцефалопатия

7.Ми артерияларының алдыңғы бассейініндегі қанайналым бұзылысы кезінде қандай симптомдар байқалады?

1. Астерогнезия

2. Иіс сезіну бұзылысы, психиканың өзгерісі

3. Анакузия

4. Анестезия

5. Акалькулия

8.Ишемиялық инсультқа ликвордың қандай өзгерісі тән?

1. Ксантохромия

2. Іріңдік

3. Түссіз

4. Сероздық

5. Фибриноздық пленка

8.Геморрагиялық инсультке қандай себептер акеледі?

1. Гипертониялық ауру,бас миының қан тамырларының аневризмасы

2. Анемия

3. Атеросклероз

4. Миокард инфаркті

5. Бронхиалді астма

9.Науқас А 65 жаста,бас миының қан тамырларының атеросклерозы,сол жақ аяқтарында әлсіздік байқалады.Мимикалық бұлшық еттер мен тілдің орталық парезі,сол жактық гемигипестезия.Ликвор- түссіз,мөлдір,цитоз-5 лимфоциттер.Болжам диагноз?

1. Субарохноидальді қан құйылу

2. Геморрагиялық инсульт

3. Ишемиялық инсульт

4. Жұлындық исульт

5. ℈нцефалит

10.Менингиальдық синдром көбінесе кездеседі?

1. Субарахноидальдік қан құйылуда,менингитте

2. Ишемиялық инсульт

3. Лакунарлық инсульт

4. Жұлындық инсульт

5. Дисциркуляторлық энцефалопатия

11.Ми қан тамырларының тромбоэмболиясының негізгі себебі?

1. Түтік тәрізді сүйектердің сынығы,ірі магистральді қан тамырлардағы атероматоздық түйіндақтың ыдараған бөліктері

2. Ревматикалық митральді қақпақшаның ақауы,жақында алған жүрек инфарктысы

3. Тромбоартериит

4. Тамырлардың варикоздық кеңеюі

5. Артерит

12.Субарахноидальді қан құйылуға тән?

1. Россолимо симптомы

2. Шүйде бұлшық етінің регидтілігі симптомы,Керниг симптомы,Брудзинский симптомы

3. Бульбарлық паралич

4. Псевдобульбарлық паралич

5. Тұмсық рефлексі

13.Субарахноидальді қан құйылуға тән?

1. Түссіз

2. «ет жуындысы» түстес ликвор

3. Іріңді

4. Түссіз

5. Бозғылт

14.Алдыңғы ми артерияларының бассейініндегі ОНМК-ге тән?

1. Көздік агнозия

2. Маңдайлық атаксия,апраксия,психика

3. Есту агнозиясы

4. Джексон синдромы

5. Тіл-жұтқыншақ нервінің парезі

15.Омыртқа-базилярлық бассейннің ОНМК-сына тән симптомдар?

1. Вебер синдромы

2. Фовиля синдромы

3. Веленберг-Захарченко синдромы,мишықтық атаксия

4. ℈Пилепсия

5. Атаксия

16.Инсультке күмән келтіргенде бірінші мезетте кажет?

1. ЖҚА,ЖЗА тапсыру

2. Нейро-қантамырлық бөлімшеге жатқызу,бас миының МРТ-сін түсіру,люмбальді пункция жасау

3. Ота жасау бөлімшесіне жатқызу

4. Өкпе рентгенографиясын жасау

5. Краниография

17.Инсульттың диагностикасында қолданылады?

1. Бас миының МРТ,любальдік пункция,℈хоэнцефалопатия

2. ℈лектромиография

3. ℈лектронейрография

4. ℈лектронцефалография

5. ЖЗА

18.Ишемиялық инсультпен геморрагиялық инсульттың диф.диагностикасына қолданылатын ең ақпаратты әдіс?

1. ℈лектромиография

2. Ми-жұлын сұйықтығын зерттеу,МРТ

3. ЖҚА

4. Қанның биохимиялық анализі

5. ℈лектроэнцефалография

 

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 266. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия