Студопедия — Газ тазартушы қондырғыларды техникалық қолдануға қойылатын жалпы талаптар.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Газ тазартушы қондырғыларды техникалық қолдануға қойылатын жалпы талаптар.






Газ тазалаушы қондырғылар үшін ғылыми – зерттеу, жобалық және іске қосу – жөндеу ұйымдарының, сонымен қатар өндіруші – зауыттардың ұсыныстарын сипаттайтын нұсқаулар мен ережелерге сәйкес қолайлы режимді ұстап тұру қажет. Бұл кезде қолданыстағы газ тозаң ұстап қалушы қондырғылар, жобалық көрсеткіштерден төмен болмайтын жұмыс көрсеткішін ұстап тұруы тиіс. Қондырғылардың тиімді жұмыс жасауының негізгі факторына сыртқы ауаны сорып алудын алдын алу мен ұсталған шаңды үздіксіз алып отыру жатады.

Газтазалаушы қондырғыны қолдану барысында қызмет көрсетуші жұмысшылар жүйелі түрде оперативті журналды жүргізіп отыруы тиіс, бұл журналға қондырғы жұмысын, орнатылған режимнен байқалған ауытқуларды, анықталған ақаулықтарды, сонымен қатар жеке агрегаттардың сөну жағдайларын немесе бүткіл газ тазалаушы қондырғының жұмыстан шығуы, олардың себептері мен қолданған шаралар жазылады.

Ағымдағы газ тазалаушы қондырғыларының қуаттылғын ұлғайтпай отырып, шығушы газдардың ұлғаюымен немесе олардағы зиянды заттардың концентрациясының ұлғаюымен бірге жүретін, технологиялық агрегаттардың өнімділігін жоғарылатуға тыйым салынады.

Құрамында жанғыш компоненттердің (жарылыс қауіпті) концентрациясы жоғары болатын, газ тазартушы қондырғыларын қолдану барысында газ қысымының орнатылған параметрлерін және құрылғылардың герметикалығын, сонымен қатар коммуникациялар мен аппраттардың дұрыс үрленуін ерекше мұқият қамтамассыз ету керек. Бұл газ жарылысы мен өрттерді болдырмау үшін жасалады. Сымен бір уақытта ашық от көздерін оқшауландыруды және басқа да спецификалық талапттарды сақтауды қамтамассыз ету қажет.

Құрамында токсикалық қоспаларының мөлшері жоғары болатын газ тазалаушы қондырғыларын қолдану барысында, құрылғылардың герметикалығын, жұмыс жайларының тиімді вентиляциясын, жұмыс орындарының атмосфералық ауасының ластану деңгейінің зертханалық бақылауын, қажет болған жағдайда газ тазартушы құралдарды қолдануды, сонымен қатар басқа да арнайы талаптарды сақтауды ерекше мұқият қадалау керек.

Газдарды химиялық агрессивті немесе абразивті компоненттерден тазартуға арналған, газ тазалаушы қондырғыларын пайдалану барысында, қолданылған компоненттердің, қорғаныс қаптамаларының сақтылығын және қондырғылар мен металдың бұзылуының болмауын ерекше мұқият қадағалап олардың ерте бұзылуының алдын алған жөн.

Газ тазалаушы қондырғылар дұрыс жұмыс жасауға жеткілікті болатын қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамассыз етілуі тиіс. бұл қондырғы паспортында көрсетілген тізімге сәйкес жасалады.

Газ тазартушы қондырғылардың күйін және жұмыс қабілеттілігін бағалау үшін, құрамы кәсіпорын бастығымен тағайындалатын арнайы комиссиямен, үш айда бір реттен кем емес техникалық бақылауға қойылуы тиіс. Тексеріс нәтижелері бойынша акт құрылып, анықталған кемшіліктерді жою бойынша шаралар көзделеді. Бақылау акті газ тазалау қондырғысының паспортына салынады.

Газ тазалаушы қондырғының жұмыс жасау тиімділігінің төмендеуіне, тоқтауына немесе апатына алып келген, әрбір техникалық ақаулар немесе жұмыс жасау режимінің бұзылу жағдайлары кәсіпорынмен тергеліп, газ тазалаушы қондырғыны қалпына келтіру және әрі қарай мұндай жағдайларды болдырмау бойынша шаралар қабылдануы тиіс.

Газ тазалаушы қондырғыларды экономикалық немесе технологиялық үрдіспен ескерілмеген, басқа қажеттіліктер себебінен сөндіруге мүлдем болмайды.

Газдарды тазартудың құрғақ механикалық аппараттарын техникалық қолдану ережелері. Бұл типті аппараттарды қолдану кезінде аса көп назарды жүйенің герметикалы болуына және ұсталған шаңды бункерлерден уақытысында алып тастап, оны арнайы жерлерге тасымалдауға бөледі.

Құрғақ механикалық аппараттар жылына 2 реттен аз емес мұқият тексерістен (сыртынан және ішінен) өтуі керек. Аппарат ішінде құрылымдық элементтер болған жағдайда (батареялы циклонар, терезе перделі шаң ұстағыштар), бұл элементтерді тозу дәрежесіне ерекше назар аударады, мысалы батареялы циклон ішіндегі бағыттаушы күрекшелерге.

Шаңжинақтаушы және шаңды алып тастаушы жүйелерде шаңның цементтелуіне және нығыздалып қалуына жол бермеу керек. Бұл үшін барлық алдын ала қарастырылған әдістерді қолданады, соның ішінде сенімді жылу оқшауландыру есебінен, барлық түйіндердің температурасын газдың «шық нүктесінен» жоғары ұстап тұру. Соңғысы коррозияны болдырмау үшін негізгі шара болып табылады.

Бұл топта әртүрлі типті циклондар аса көп қолданыс табатындығын ескере отырып, циклондарды қалыпты және тұрақты қолдану шарттарын қарастырған жөн. Бұл үшін келесі шарттарды ұстап тұру қажет:

- Циклондар постаменттерге немесе тірек кронштейндерге дәл және тігінен орнатылуы тиіс.

- Аппараттардың тиімді жұмыс жасауын қамтамассыз ету үшін, циклондардың кіріс түтіктеріндегі газ жылдамдығы оптимальді шектер аралығында болуы керек;

- Ылғал газдардың конденсациясын және циклондар ішінде шаңдардың жинақталуын болдырмау мақсатымен, кіріс гздары «шық нүктесінен» 20—25°С жоғары болуы керек, бұл үшін жылу оқшауландыруды, қыздыруды қолданады немесе қондырғыларды жылы жайларда орнатады. Қондырғы жарларын жылу оқшауландырумен қаптау басқа ролді де атқарады: қызмет көрсетуші жұмысшыларды кездейсоқ тиіп кету кезінде күюден сақтайды;

- Циклондағы ауа сорғыштарының мөлшері 5-8% аспауы керек. Аппарат бункері арқылы ауа сорылуын болдырмауға ерекше назар аударады. 15%-дан асатын ауа сорылуы кезінде циклондағы шаңды ұстап қалу мүлдем тоқтап қалады;

- Циклондарды қарауға арналған люктерді шығушы газ коллекторының маңындағы шығыс аймақтарында орнатқан жөн, алайда оларды циклон конусында орнатуға тыйым салынады (ауа сорылуының болдырмау мақмсатымен);

- Аса тиімді шаң ұстап қалуды қамтамассыз ету үшін, режим тұрақты болып қала беруі керек: газ шығыны оптималды мәннен 10—12% көп емес болатын аралықта өзгеру керек. Шығын азайған кезде циклонның жұмыс аймағында газ жылдамдығы азаяды, ал бұл өз алдына аппараттағы газдың тазру дәрежесіне әсер етеді;

- Периодты түрде және жұмыс нұсқамасы орнататын уақыт аралықтарында циклон бункерлеріндегі шаңды алып отыру керек. Бункердегі шаңды тұрақты түрде алып отырмаған кезде олар толып кетеді, бұл кезде ұстап қалған шаңның бункерден алынуы байқалады. Шаңды алып тастау периодтылығы өндірістің нақты шарттарына қарай орнатылады. Циклонды қондырғылар шаң деңгейінің дабылымен жабдықталған жөн. Олар болмаған жағдайда, тексерісті жеңіл соққылар көмегімен жүргізеді, яғни дыбыс бойынша;

- Циклондардың дұрыс жұмыс жасауын жүйелі түрде бақылап отыру керек. Корпуста байқалған бұдырлар мен ойыстар, тесіктер және бөгде заттар дереу алынып тастау керек.

- Жоғары абразивті шаң кезінде циклондар қабырғаларын базальтты плиткалар және басқа материалдар көмегімен жабу арқылы, ысылудан сақтау керек. Аппарат қабырғаларының тез желінуін болдырмайтынбасқа әдістерді қолдануға болады: аппарат арқылы өтетін газ жылдамдығын минималды мәндерге дейін төмендету, шаңның ас ірі бөлшктерін шаң камераларында алдын ала бөліп алу. Газдың рұқсат етілген шаңдалуы циклон диаметріне тәуелді болады және әлсіз жабысатын шаңдар үшін келесі мәндерге ие болуы мүмкін:

Циклон диаметрі, мм 800 600 500 400 300 200 100

Рұқсат етілген шаңдану, г/м3 2500 2000 1500 1200 1000 800 600

Газдың рұқсат етілген шаңдануын таңдау кезінде шаңнын адгезионды және аутогзионды қасиеттерін ескеру керек, яғни оның бөлшектерінің өзара жабысуы және шаңның шаңды ұстап қалу аппарат қабырғаларына жабысу дәрежесі. Бұл кезде шаң ұсақ болған сайын, оның оңай жабысуын негізге алу керек. Газды орташа жабысатын шаңнан тазарту кезінде циклондардың сенімді жұмыс жасауын қамтамассыз ету үшін, газдың рұқсат етілген шаңдану әлсіз жабысатын шаңдармен салыстырғанда 4 есе төмендеуі тиіс, ал күшті жабысатын шаңдар үшін 8-10 есе.

Сүзуге арналған аппараттарды қолдануға қойылатын талаптар. Қолдану кезінде ең алдымен сүзу аппараттарының гидравликалық кедергісін бақылау керек, бұл кедергі берілген газды және шаңды жүктемелер кезінде орнатылған аралықта алмасуы керек. бұл сүзу элементтерінің тиімді жұмысына кепілдік береді. гидравликалық кедергінің өсуі келесі себептерден болуы мүмкін:

- Фильтр матасының бетінде ылғалдың конденсациялануы салдарынан, қабықша түзіліп, өткізгіштігінің бұзылуы

- Матаны орнатқан кезде түгі тазартылатын ауаға қарай қаратып қою

- Жеңдерді дұрыс емес орнату (жеңнін ұзындығы тым үлкен болғанда бүктесіндердің пайда болуы)

- Сілкуші механизмнің дұрыс жұмыс істемеуі немесе желінуі салдарынан жеңдердің регенерациялану механизмінің бұзылуы;

- Ауаның көп мөлшерлерде сорылуы салдарынан шығынының ұлғаюы

Сүзуші элементтердің бұзылуы нәтижесінде кедергінің азаюы жүреді. Бұл жағдайлар кезінде сүзуші аппараттарды қолдануға болмайды, оларды сөндіру және жөндеу қажет.

Жеңді сүзгілердің сілкуші қондырғыларын айына бір реттен сирек емес тексеру керек. Жеңдердің тартуы бір қалыпты, біркелкі бос болуы тиіс. Сілку кезінде көтерген кезде жеңдерді тарпау керек. Сілкуші мехнизм күйін, әсіресе сілкуші жұдырықтар күйін әрдайым бақылап отыру керек. Олардың желінуінің салдарынан сілку кезінде жеңдердің көтерілуі азаяды да, регенерация үрдісі бұзылады.

Сорушы сүгішке ауаның көп мөлшерде сорылуы, оның жұымысының бұзылуының негізгі себептерінің брі болып табылады. Сүзгіге есептелген мөлшерден 15% дейінгі мөлшерде ауаның келіп түсуі қалыпты болып есептеледі. Ауаның сорушы жең сүзгісіне сырттан келіп түсуі келесі себептерден болады: аспалы клапандарды герметикалық болмуы; фильтр корпусында герметикалы емес жерлердің болуы, жеке айтқанда ауа ағынын бағыттаушын, шаңжинағышқа қосқан жерде; шаңды алып тастау жүйесінде герметикалық емес жерлердің болуы.

Тазарту тиімділігінің есептеулі тиімділікпен салыстырғанда төмендеуі бірқатар себептердің салдарынан туындауы мүмкін, сонын ішінде: жеңдер матасының нашар сапасы немесе тозуы, жеңдердің сүзгі секцияларының түбіндегі штуцерлермен нашар қосылуы; жеңдердегі тығыздықтың аз болуы, жеке айтқанда тігіс жерлерінде, жеңдердің дұрыс тартылмауы; сілкуші механизм келтірмесінің шығып кетуі, оның жеке элементтерінің тозуы, әдетте оның жұдырықшалары тез тозады, ал регенерация режимінің бұзылуы алып келеді; сүзгінің есептік өнімділігі тазартылатын ауаның шын мөлшеріне сәйкес келмеуі салдарынан сүзгі жүктемесінің шамадан тыс болуы; жеңдердің толық емес жиынтығымен жұмыс жасау.

Газдарды электр тазалауға арналған аппараттарды қолдануға қойылатын талаптар. Газдарды электр тазлауға арналған аппараттарды қолдану «ПОТ РМ-016-2001. «Электр қондырғыларын қолдану кезінде еңбекті қорғау (қауіпсіздік ережелері) бойынша сала аралық ережелерге» қатаң сәйкестіктікпен жүзеге асырылуы керек.

Ең алдымен аппаратқа берілетін оптимальді ауа (газ) және шаң жүктемесін бақылау керек. Бұл аппаратқа оптимальді электр жүктемесін және аппараттардың орнатылған гидравликалық жүктемесін беру мүмкіндігімен тексеріледі.

Орнатылған диэлектрлік режимді қамтамассыз еткен жөн (кернеу мен тоқ мөлшері). Тазартылатын ауаның (газ) қолайлы температурасы ұстап тұрылуы керек. жоғары температуралы режимде жұмыс жасаған кезде құрылғылардың тасымалдаушы қабілетінің төмендеуі, аппараттың ішкі қондырғыларының істен шығуы жүреді. Аппаратта ұсталған шаң дереу алып тасталуы керек. Ылғал электр сүзгілерін қолданған кезде, қабаттануларды жою үшін, белсенді бөлігін әрдайым жуып отыру керек. Кернеу берілмей тұрғанда немесе кернеудің нұсқау бойынша талап етілген мөлшерден ауытқуы кезінде сүзгінің жұмыс жасауына тыйым салынады.

Газдарды ылғал тазартуға арналған аппараттарға қойылатын талаптар. Қолдану периодында аппараттың талап етілген ауа режимін ұстап тұру қжет. Тазарту тиімділігі бұған үлкен дәрежеде тәуелді болады.

Ылғал газ тазалаушы аппараттардың, әсіресе көбікті аппраттар мен ротоклондардың оптимальді сулы режимі ұстап тұрылуы керек. Турбулентті газ жуғыштарда, саптамалы скрубберлерде және тағы басқа аппараттарда газды суландыруды бақылау керек, сонымен қатар олардан шламды қойыртпақтың әрдайым алынуын және мақсатты жерлерге тасымалдануын қамтамассыз етіп отыру керек. Көбікті аппараттарға қызмет көрсету кезінде көбік түзілуге және көбіктің қажет етілген қабатын (әдетте 80-100 мм) ұстап тұруға көп назар аударады.

Шламның құрылғылар ішінде жиналуына немесе оның құбырларда және қайтымды сумен қамтамассыз ету қондырғыларында жинақталуына жол берілмейді, бұл үшін сәйкес әдістер мен құралдар қарастырылуы тиіс.

Аппараттардың гидравликалық кедергісін әрдайым қадағалап отыру керек.Судың шығымы ұлғаймаған кезде гидравликалық кедергінің өсуі саңылаулардың бітелуі туралы айтады.

Аппараттың герметикалығы қамтамассыз етілуі керек, газдың, суарғыш сұйықтықтың ағып кетуіне жол берілмейді.

Газдардың тазартуға арналған адсорбционды және абсорбционды аппараттарын қолдануға қойылатын талаптар. Адсорбционды немесе абсорционды аппараттарды қолдану периодында аппараттардың және коммуникациялардың герметикалығын қамтамассыз етіп отыру керек. Бұл кезде газдың немесе суарылатын сұйықтықтың ағып кетуіне дол берілмейді.

Жұтушының регенерация тәртібі мен сапасының бақылануы сақталу керек, сонымен қатар газдарды тазартуға арналған аппараттардың тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамассыз ету үшін қондырғыларды қолдану бойынша технологиялық регламент талаптары орындалуы керек. адсорбционды аппараттардағы гз температурасы, орнатылған аралықта болуы керек.

Ұсталған өнімдерді алдын ала қарастырылған жерлерге тасымалдау есебінен, аппараттың жұмыс беттерінде шламның немесе шаңның жинақталуына жол берілмейді.

Газдарды термиялық және термокаталитикалық тазартуға арналған аппараттарды қолдану талаптары. Қолдану уақытының аралығында жанармай ретінде жанғыш газдарды қолданатын қондырғыларға жасалған «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік ережелерін» және «Техниккалық пайдалану ережелері мен ҚР газ шаруашылығындағы еңбек қауіпсіздігінің талаптарын» сақтау қажет. Тазартылған газ құрамында болатын қоспаларды жағудын орнатылған режимі қамтамассыз етілуі керек. Қолданылатын катализаторларды регенерациялау немесе ауыстыру уақытысында болуы тиіс.

Әрбір газ тазарту қондырғысына кәсіпорын техникалық паспорт жасайды, бұл жерде қабылдағыш қондырғылардың негізгі сипаттамалары мен параметрлері көрсетіледі. Паспорттың түрі 3 қосымшада келтірілген.

Кәсіпорын жұмысы үшін маңызы үлкен болатын, үлкен өнімділікті қондырғылар үшін және ауа бассейнінің ластануын болдырмау үшін қолдану журналын және жоспарлы тексерістер мен жөндеулер журналын жасаған жөн.

Қолдану бойынша нұсқамада қондырғының жұмыс режимі туралы кеңестер болады (қосу, сөндіру, апат, өрт жағдайындағы әрекеттер және т.б.).

Қолдану журналына қондырғының жұмыс жасауы туралы барлық ескертпелерді енгізеді. Бұл кезекті тапсыру – қабылдау кезінде қондырғыны тексеру және кезекшілік уақытында оның жұмысын бақылау нәтижесінде жасалады. Сонымен қатар журналда жасалған ескертпелер бойынша қолданылған шаралар мен цех бастығының бұйрықтары көрсетіледі.

Қарау мен жөндеулер журналында тәртіпке сәйкес қондырғының қаралу және жөнделу күндері белгіленеді. Нақты айтқанда бұл журналға қондырғыны қарау мен жөндеулердің ұзақтығы, орындалған жұмыстар және ауыстырылған детальдар мөлшері жазылады.

Шаң ұстап қалушы қондырғыларды қолдану қауіпсіздігі. Қондырғылардың көптеген түрлерінде қозғлмалы бөліктер, механикалық жылжу тетіктері болады. дұрыс қолданбау кезінде бұл элементтер зақымдалу көзі болуы мүмкін. Қозғалтқыш белдеулерінде, қосу муфталарында және басқа айналмалы бөлшектерде қоршаулар немесе қаптамалардың болуы кезінде ғана қондырғыларда пайдалануға болады. Айналмалы бөліктері толық тоқтамағанша қондырғыны жөндеуге және оған қызмет көрсетуге, сонымен қатар оны тазалауға тыйым салынады. Жүйелі қызмет көрсету талап етілген, қондырғы орнатылған орындарында тұрақты жарықты қамтамассыз ету қажет. Ауаны өрт және жарылыс қауіпті шаңнан тазртуға арналған қондырғылар, жарылыс немесе өрт жағдайында, өндірстік және басқа жайларда қауіпсіздікті қамтамассыз ететін нормаларға сәйкес арақашықтықта орналасуы тиіс.

Электростатикалық электр тоғының жинақталуына жол бермеу шараларын қабылдау керек. қондырғыларды және ауа тасымалдағыштарын жерге тұйықтау қарастырылады. Электр сүзгілерін орнату кезінде қорғаныс қондырғыларын және автотұйықтауды қарастырады.

Қондырғыларды орнату кезнде қалыпты қолданыс пен қызмет көсету кезінде қауіпсіздікті қамтамассыз ететін минималды арақашықтарды сақтау керек: қондырғының қозғалмалы бөліктері мен қабырға арасында – 0,8 м кем емес; көршілес орналасқан қондырғылардың қозғалмайтын бөлшектері арасында – 0,8м; қабырға мен қондырғының қозғалмайтын бөлшектері арасында – 0,5 м.

Шаң ұстап қалушы қондырғыларды жөндеумен және оған қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылар қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша нұсқамадан өтуі тиіс, бұл нұсқамадан өтпей олар жұмысқа жіберілмейді. Нұсқама үш айдан бір реттен кем жүргізілмейді.

Жұмыс жасап тұрған цехтарда қондырғыларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды өткізген кезде, жұмысшылар берілген цехтың қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы ережелері бойынша нұсқамадан өтуі керек.

 







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 270. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия