Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Спорттық туризм федерациясының ќұрылымы.





Спорттық-туристік федерациялардың мынандай түрлері бар:

тау, шаңғы, су, жаяу, велотуризм және альпинизм.

Тау туризмі – биік, таулы күрделі жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергідер, катигориялық асулар болуы керек. Жаяу туризмі сияқты адамдар арасында кең тараған туризм түрлерінің бірі, өйткені арнайы көлікті керек етпейді, таулы аймақтарда кең тараған.

Шаңғы туризмі - қыс кезінде, белгілі бір қар жамылғысы қалыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтар (примус, пеш, шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (бивуак, қар үйшіктері, тұрғын мекен-жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа райының әр түрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмы брйынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысының тұрақты аймақтарда тараған.

Су туризмы – белгілі бір су объектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізіледі, арнайы (қайықтар, салдар т.б.) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты әс-әрекеттер. Су туризмінде қолданылатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон қайықтар, кильді қайықтар, катаморандар, тегіс табанды қайықтар т.б.) су жроықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше (желдер, толқындар, сарқырамалар т.б.)

Жаяу туризмі – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған туризм түрі болып есептеледі: арнайы кқлікті қажет етпейді, кез-келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады.

Велотуризм – ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілер бар. (жолсыз жерлер, орман –тоғайлар, жыралар, т.б.) Туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жиынтығы.

7.Маршруттық квалификациялық комиссиясының жұмысы. Әрбір спорттық туристік федерфциясында маршруттық квалификациялық коммисия болады(МКК). МКК туристік топтарды жорыққа бара алдында тексереді,қажетті құжат береді,жорық жасауга рұқсат береді.Жорық аяқталғаннан кейін есебін қарастырып,спорттық дәреже береді.МКК рұхсатын алу үшін алдын ала арнайы құжаттарды бір ай бұрын беру керек:

Саяхат жоспары. Бұған жорық мақсаты, жолдағы жұмыстар, экскурсиялық нысандар, т.б. кіреді.

Қатысушылар тізімі. Жас мөлшері, қызмет орны, құжат туралы мәліметтер, үй мен жұмыс мекенжайы, туристік тәжірибе, дәреже, өтілген маршруттар мен олардың ауданы, күрделілік дәрежесі, кім ретінде өтті, т.б. Жетекші, сонымен қатар, нақты қандай жорықтарын басқарғанын белгілейді.

Қозғалыс графигі. Аталған топтың ықтимал жылдамдығын, жолдағы кедергілерін, нысандарын, жүк салмағын, физикалық хал-күйін ескере тұра, картада қозғалыс графигін белгілейді.

Шаңғы, жаяу 1 дәрежелі жорық графигі шамамен мынадай болуы мүмкін: 1-ші күн – 15км, 2 – 20км, 3 – 20км, 4 – 20км, бір күнгі демалыс, 20, 25, 25, 20, 15км.

2 дәреже – 1-2 демалыс жоспарланады: 15, 15, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 25км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 20км.

3 дәреже, әсіресе шаңғы жорығы: 10, 15, 20км, бір күнгі демалыс, 20, 20, 20, 20, 20, 20км, бір күнгі демалыс, 25, 25, 25, 25, 25, 15км.

Жалпы ереже: жүктің ауыр болғандығынан және қатысушылардың бейімделмегендігінен бірінші күндері жол онша алыс емес. Бірінші демалыс үш күннен кейін болады, себебі – құрал-жабдықтарды жөндеу және өзіне үйлестіру қажет болады. Екінші жартысында жүктемесі үлкен. Соңында километраж төмендейді – уақытқоры болуы керек. Құрал-жабдықтар тізіміне топтық, жеке құрал-жабдықтар мен сайман кіреді. Құрал-жабдықтар тізімі жорықтың түріне, мақсатына, қиындығына сәйкес болуы қажет. Маршрут схемасы. Жоспарға жорық жолыың схемасы келтіріледі. Схемада жолы, түнеу мен бір күнгі демалыстарының орны көрсетеледі. Қосымша маршрут схемасы да көрсетіледі. Масштабтары бірдей болу керек. Тамақтандыру. Әралуан азық-түлік энергиялық құнын, олардағы ағуыз, көмір-су, май, витамин үлестерін, маршрутта жұмсалатын энергия мөлшерін біле тұра, тамақ рационы жасалады. Мұнда туризм түрі, жыл мезгілі, маршрут күрделілігі, қаржының болуы, қажетті азық-түлік ассортиментінің болуы ескеріледі. Тамақтандыру құжатында бір адамға және топқа келетін тамақ салмағы мен бағасы, жорыққа дейін сатып алынған және жолда сатып алуға жоспарланған тамақ тізімі келтіріледі. Шығын есебі. Барлық шығындар: тамақ, көлік, экскурсиялар, туған күндер, кіру төлемдері, пара және т.б. есептеледі. Қосымша тағы 10-15 % ақша қоры болу керек.

Жорыққа 1-2 апта қалғанда топ рұқсат алу керек. Рұқсаты маршруттық кітапша немесе парақ ретінде беріледі.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 338. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия