Студопедия — Туристтік саяхат мақсаттары
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Туристтік саяхат мақсаттары






Жорықтың тактикалық әзірленуінің негізі болып табылады. Жорық мақсаттарын атап шықсақ, олар мынадай: спорттық, рекреациялық, сауықтыру, оқу, зерттеу (экологиялық, рекреациялық, гляциологиялық, гидрологиялық, медициналық), іздеу-құтқару.

Спорттық жорық; мақсаты – туристік тәжірибені жетілдіру, спорттық дәрежені орындау, жарыстарда қатысу.

Рекреациялық жорықтар (демалу) әдетте көрікті, әдемі жерлерде, қатты шаршамайтындай қылып, су көздерінің жанында аялдамалар жасалып өткізіледі.

Оқу жорықтары арнайы график бойынша оқу-практикалық мақсатта өткізіледі.

Зерттеу жорықтары әралуан мақсаттарда зерттеу сипатына сәйкес өткізіледі.

 

19. Туристік жорықтарды өткізу ережелері Қатысатын адамдардың тәжірибесі, міндеті мен құқықтары. Қатысушының міндеті:

-жетекшілердің бұйрықтарын дер кезінде орындау;

- мед.тексеруден өту;

- жорық кезінде ауру-сырқаттары жөнінде айту;

- жорық даярлығына қатысу, жаттығу;

- есеп құрастырылуына қатысу.

Қатысушының құқығы:

- жетекшіні сайлау;

- маршрутты таңдау;

- жорықтан кейін қатысушылар мен жетекшінің әрекеттерін талқылау, егер олармен келіспесе, туристік ұйымға шағым немесе арыз жасау.

Тәртіп бұзғаны үшін былай жазалануы мүмкін:

- жорықты қабылдамау;

- оның алдындағы жорықтарды жою;

спорттық дәрежеден айыру;

-жорыққа шығуына тиым салу, рұқсат бермеу.

Жорық жетекшісінің құқықтары мен міндеттері:

- жорық ауданын білу, танысу;

- қатысушыларды таңдау;

- дайындық жасауды ұйымдастыру;

- қажетті рұқсаттар мен келісім жасау;

- маршруттық құжаттарды жинау;

- қауіпсіздік ережесін орындауды бақылау;

 

20. Оқу жаттығу жорығын ұйымдастыру арнайы график бойынша оқу практикалық мақсатында өткізіледі.Негізі саяхаттың жетекшілері мен инструкторларды дайындауды қарастырады.Оларды көбінесе техникалық және методологиялық дағдыларды үйрету мақсатында арнайы жерде өткізеді.Сонымен қатар туристтік квалификацияны, физикалық даярлықтың дәрежесін жоғарылату үшін де өткізіледі.Оқу жорығының маршрутына қойылатын талаптар ұйымдастыру-методикалық нұсқаулар мен оқу жоспарында беріледі. Жорықтың өткізілу поаны және маршруты туризм кеңесінің комиссиясымен бекітілуі тиіс.Мұндай жорықтарда инструкторлардың біліктілігі мен жылдамдығы де үлкен рөль атқарады.маршрутта кездесетін кез келген кедергілер оқу мақсатында пайдаланылуы тиіс.

21.Туристік құрал-жабдықтар туристік саяхтр-да қажет болатын киім, аяқ киім, бивак құралдары, қозғалыс, сақтандыру тасымалдау құралдары жата- ды. Құрал-жабдықтар жеке және топтық құрал-жабдықтарға бөлінеді. Құрал-жабдықтарға қойыла тын талаптар: минималды салмақ пен көлемі, сенім ділік, пайдалану мен жөндеуге оңай болуы гигиена қауіпсіздік, эстетика, атмосфера әсеріне, тозуына, коррозияға шыдамды, бір-біріне үйлесімді болуы қажет. Палаткалардың талай түрлері болады: 1, 2, 3, одан да көп орындық; жеңіл каркас арқылы құр ылатын, бір-екі таяқпен орнастырылаты, және т.б. Палаткаларға қойылатын талаптар мынадай: олар жеңіл және жинауға оңай болуы қажет, су өткізбей тін (ол жөнінде этикеткасында қанша мм жауын-шашын шыдайтыны жазылады, мысалы, 500 мм, 2000 мм т.с.с.), мықты, тынысты тарылтпайтын және көп орын алмайтын болғаны дұрыс Сонымен қатар, топтық құрал-жабдықтарға әртүрлі ас пісіретін саймандар кіреді: жандырғы, газ немесе бензин, таған, үлкен ыдыстар, ожау, кәкпір, пышақ, тақтай, үгіткіш, ыдыс жуатын құралдар, күрек, ара, балта, жөндеу саймандары, дәрі қобдишасы және т.б. Кейбір жағдайда, әсіресе коммерциялық турларда, көшпелі әжетхана да болуы мүмкін. Ұйқы қаптары (спальные мешки) жеңіл және жылы материалдан жасалады: синтепон, құстың мамығы (ең жылысы). Кейде екі-үш қапты біріктіріп бірге ұйықтауға болады. Қаптың ішіне тазалық сақтау үшін ақжайма салып қоюға болады. Қапты мүмкіндікше суламай сақтау керек. Рюкзактар жүк тасуға ыңғайлы болуы керек.

Аяқ киім жорық қиындығына, жыл мезгіліне, ауа райы жағдайына сәйкес болуы керек. Қалың шұлық сиятындай, үлкенірек аяқ киім алған жөн. Аяқ киім мықты, материалы мүмкіндікше гортекс, табаны тайғанамау үшін жақсы протекторы болса дұрыс. Қатты аяз болса арнайы екі қабатты сырты пластик бәтіңке кию керек (мысалы, «кофла»), ұйқы қабына аяқ киім шешпей жата береді. Аяқ киімді кептіргенде ұлтарағын суырып алып бөлек кептіру керек, ішіне қағаз тығып кептіреді. Ешқашан оттың жанында кептіруге болмайды: аяқ киім бүрісіп қатып кетеді де ертеңіне аяқ қажайды. Шұлықты да оттың жанында кептіруге болмайды: синтетикалық жіптер балқып қатып қалады да аяқты қажап жаралайды. Киім климат жағдайына сәйкес болуы керек. Міндетті түрде бірнеше іш киім, бірнеше жеңіл және қалың шұлық, қолғап, күн өткізбейтін бас киім, жылы бас киім, қара көзілдірік, екі-үш көйлек (футболка), желден қорғайтын күртке, жылы (құс мамық) куртка, түрлі шалбар мен шорты, плавки, т.б. болуы керек.

Арнайы құралдарға түрлі сақтандыру және спорт түрлеріне байланысты құралдар жатады. Альпеншток – жүрген кезде сүйенетін және жолды қарастыратын таяқ. Альпеншток жиналған кезде қысқа болады, ал жүргенде ұзартылады. Мұзшапқыштар қар мен мұздың үстінде жүргенде қолданылады. Мұзшапқыш сап пен үшкір және жалпақ ұштарынан тұрады. Арқан өткізу үшін бір-екі тесігі бар. Мұзшапқышты жоғалтып алмауға арналған бүлдіргесі бар. Мұздықта сақтандыру үшін «кошки», мұз ілгектері, мұзға бұрайтын ілгектер, якорлық ілгектер («айс-фифи») қолданылады. Мұз бен жартасқа өрмелеу үшін арқан, карабиндер, жумар, тас ілгектері, «сегіздік» сияқты саймандар қолданылады. Басты тастың құлауынан сақтау үшін мықты каска қолданылады. Байланыс жасау және дабыл соғу үшін ракетница болуы керек. Жөндеу саймандары:1. Сумка

2. Жеңіл пассатижи (тістеуік)3. Әртүрлі жұмсақ сым 4. Қаңылтыр, шегелер, былғары, брезент

5. Қайрақ, үш қырлы егеу 6. Надфиль, біз, лента, скоч, кендір жіп, қайшы, отвертка 7. «БФ» желімі немесе әмбебап желім, киперлік лента, капрон жібі

8. Инелер, бірнеше түсті жіп, түймелер 9. Тігін материал салатын қорапша 10. Түйреуіштер, рәзіңке, қысқыш.







Дата добавления: 2015-12-04; просмотров: 492. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия