Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мидың қатты қабығының туындылары





Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бөліктері арасында өтіп,бір-бірінен өтеді.

Falx cerebri, улкен ми орағы, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагитталды бағытта орналасқан.

Tentorium cerebelli, мишық шатыры, горизонталды керілген, екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөңес табақша.

Falx cerebelli, мишық орағы, бұл аласа өсінді мишықтың артқы тілігіне еніп тұрады.

Diaphragma sellae, ертоқым көкеті, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шұнқырды үстіңгі жағынан шектейтін табақша.

Қатты қабықта меншікті веналардан басқа, мидан қан жинайтын қатты қабық қойнаулары, sinus durae matris, орналасады.

Мынадай қойнауларды ажыратады: sinus transversus, көлденең қойнау; sinus sagittalis superior, жоғары сагитталды қойнау; sinus occipitalis, шүйде қойнауы; sinus rectus, тік қойнау;

Аталған қойнаулар бір-бірімен түйісетін жер қойнаулық науа, confluens sinuum деген атпен белгілі.

15.Бас ми негізіндегі бас-ми нервтері түбіршектерінің топографиясы;

Бассүйек нервтері, nn. craniales (encephali) 12 жұп:

I. Nn. olfactorii, иіс сезу нервтері, fila olfactoria, lamina cribrosa тесіктері арқылы мұрын қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, tractus және trigonum olfactorium-ге созылатын bulbus olfactorius-те аяқталады.

II. N. opticus, көру нерві, эмбриогенез үрдңсңнде көз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады. Бұл нерв көз алмасының артқы полюсінен шығып canalis opticus арқылы бассүйек қуысына кіріп, қарсы жағының дәл осындай нервімен мынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis-те жататын айқаспаны chiasma opticum түзеді.

III. N. oculomotorius, көзқозғалтқыш нерв, мидан ми аяқшасының медиалды жиегінен шығып, содан кейін fissure orbitalis superior арқылы көзұясына енеді.

IV. N. trochlearis, ығыршық нерві, жоғарғы ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан айналып, fissure orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m.obliquus superior-да аяқталады.

V. N.trigeminus, үшкіл нерв. Үшкіл нерв аралас болғандықтан, оның 4 ядросы болады, екі сезімтал және бір қозғалыс ядросы артқы мида,бір сезімтал ядро ортаңғы мида оррналасады. Қозғалыс ядросы,nucleus motorius; сезімтал ядролар: nucleus pontinus, nucleus spinalis, n.mesencephalicus. Ол мидан шығысымен ортаңғы бассүйек шұнқыры түбінің қатты қабығы астына өтіп, самй сүйегі пирамидасының жоғарғы бетіне, оның ұшы жанындағы impression trigemini жатқан жерге орналасады.

VI. N.abducens, әкететін нерв, бұлшықеттік нерв болып табылады. Копірдің артқы жиегінде мидан шығып, fissure orbitalis superior арқылы көзұясына өтіп, m.rectus lateralis-ке енеді.

VII. N. facialis, бет нерві- аралас нерв. Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacalis-тен шығады.

VIII. N.vestibulocochlearis,кіреберіс- ұлу нерві. Орталық өсінділері porus acusticus internus арқылы құлақтан шығып, нервтің сәйкес бөліктері құрамына миға бағыт алады; олар оған бет нервінің бүйірінен еніп, өз ядроларына: pars vestibularis төрт ядроға және pars cochlearis екі ядроға жетеді.

IX. N.glossopharyngeus, тіл-жұтқыншақ нерві соңғы нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.

X. N. vagus, кезбе нерв, бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін, сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді.

XI. N.accessorius, қосымша нерв соңғы желбезек доғаларынан дамиды. Бассүйек қуысынан мойындырык тесігі арқылы шығып m.trapezius пен одан бөлінген m.sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді.

XII. N.hypoglossus, тіласты нерві, жануарларда дербес болып, тіласты бұлшықетін нервтендіретін 3-4 жұмыс сегменттік нервтерінің қосылуынан пайда болады.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 5039. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Принципы, критерии и методы оценки и аттестации персонала   Аттестация персонала является одной их важнейших функций управления персоналом...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия