Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Благо и их классификация




Топографиялық орн-на қарай: қабырғалық н/е париетальді pleura parietalis,мүшелік н/е висцеральді pleura visceralis. Висцеральді өкпеқап өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орн-тан өкпелік өкпеқап pleura pulmonalis деп те аталады.

Өкпенің төменгі жиектерінде құйғыштәрізді өсінділерді құрап, өкпе қақпасының төменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп, өкпелік байламды, lig.pulmonalis құрап, париетальді өкпеқапқа pleura parietalis жалғасады.

Париетальді өкпеқап, pleuraөкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасыболып саналады.Сыртқы беті тұйық ішкі кеуделік шандырмен fascia endothoratica, тығыз байланысып, өкпеқап қуысына қараған беті сірлі сұйықтықты бөлетін мезотелий жасушаларымен көмкерілген.

3 бөлімге бөлінеді:

Pars costalis- қабырғалық өкпеқаптың ең ауқымды бөлімі, ішкі жағынан қабырғалар мен қабырғааралық кеңістікті жабады.Оның астында,онымен кеуде қабырғасының арасында жұқа фиброзды қабық,fascia endothoratica,жатады, ол әсіресе өкпеқап күмбезі аймағында күшті дамыған.

Pars diaphragmatica-көкетке тікелей жүрекқап жанасып жататын ортаңғы бөлігін қоспағанда көкеттің жоғарғы бетін жауып жатады.

Pars mediastinalis- алдыңғы-артқы бағытта орн-н, төстің артқы беті мен омыртқа бағанасының бүйір бетінен өкпенің түбіріне келіп,көкірекаралық ағзалардан латеральді шектейді.Артқы жағында омыртқа бағанасында және алдында төсте көкірекаралық өкпеқап тікелей-қабырғалық өкпеқапқа,жүрекқап негізінде-көкеттік өкпеқапқа,ал өкпе түбірінде висцеральды қабыққа ауысады.

Шекарасы: Өкпеқаптың алдыңғы жиегіоң және сол жағында бірдей, өкпенің ұшынан apex pulmones, төмен медиальді бағытта өтіп, төс- бұғана буынының articulation sternoclavicularis, артқы бетіне өтеді.Одан әрі параллель бағытта II– қабырғадан IV қабырғаға дейін параллель төмен өтеді.

- өкпенің алдыңғы жиегі, төс-бұғана буынының артқы бетінің тұсынан, алдыңғы орталық сызықтың linea mediana anterior, оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді. Одан әрі, төмен бағытта қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндісінен , processus xiphoideus төмен оң жаққа өтіп, оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады.

- Солөкпеқаптың алдыңғы жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі сияқты, төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен, төс сүйегінің сол қырының бойымен IV-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол IV- қабырғаның тұсында, жүректік тілікті, incisura cardiaca, (pulmonis sinistri)құрап, төмен бағытта өтіп, қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.

Төменгі жиегі, қабырғалық өкпеқаптың көкеттік өкпеқапқа жалғасқан жиегі немесе қыры болып саналады.

- Оң өкпеқаптың т.ж., алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы.Төмен латеральді өтіп, емшектік сызықта,linea mamillaris,VII- қабырғаны, ортаңғы қолтық сызықтың,linea axillaris mediana, IX-қабырғаны кесіп өтіп,одан әрі горизонтальді бағытта X және XI-қабырғаны кесіп өтіп, XII-қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

- Сол өкпеқаптың т.ж., оң өкпеқаптың т.ж-не қарағанда,жоғарыда көрсетілген сызық б-ша бір қабырға төмен орналасып, оң XII-қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

Артқы жиегіқабырғалық өкпеқаптың көкірек-аралық өкпеқапқа ауысу сызығына сәйкес тұрақты болады, ол омыртқа бағанасы бойымен созылып, XII қабырғалардың бастарында аяқталады.

Өкпеқап қуысы.Өкпеқаптың париетальды және висцеральды бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап қуысы cavum pleuralis д.а.Өкпеқап қуысының аралығында 1-2 мл сірлі сұйықтық бар.Ол үйкелісті жеңілдету қызметін атқарады.

Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі кеуде қуысынан жоғары, мойын аймағына өтіп,өкпенің ұшымен беттесіп, өкпеқап күмбезін cupula pleurae,құрайды.Алдынан қарағанда 1-қабырғадан 3-4 см жоғары орн-сып,арқа жағынан VII-мойын омыртқаның қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді.Өкпеқап күмбезінің алдыңғы беті, бұғана-асты артерия және венамен беттесіп, артқы беті иық өрімімен,plexus brachialis шектелген.

Өкпеқаптың қойнаулары.Өкпеқап синустары н/е қойнаулары,recessus pleuralis,деп париетальді және висцеральді өкпеқаптың аралығындағы қуыс.Екі өкпеқаптың төменгі бөлігінде,қабырғалық өкпеқап пен көкеттік өкпеқаптың түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы,recessus costodiaphragmaticus;Қабырға-көкірекаралық қойнау, recessus costomediastinalis,сол өкпенің алдыңғы жиегінің тілігінің,incisura cardiaca, бойында орн-н.

 

17. Көкірекаралық, mediastinum, екі өкпкқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы. Көкірекаралық, mediastinum, алдынан төспен, артынан омыртқа жотасының кеуде бөлігімен, бүйірінен оң және сол көкірекаралықпен шектеледі. Көкірекаралық жоғарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасына, төменде көкетке дейін жетеді.

Париж номенклатурасы бойынша көкірекаралықты шарты түрде жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Жоғарғы көкірекаралық, mediastinum superius, төс сабын IV және V кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталатын тамырлар, кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі,кеуде түтігінің сәйкес бқлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасады.

Шартты горизантальді жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық, mediastinum inferius, орналасады.Ол өзі 3 бөлінеді: Алдыңғы-алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңға қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс маңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады. Ортыңғы- жүрек және ірі қантамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкет-жүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральды жүрекқаптық лимфа түйіндері бар. Артқы- алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Онда: төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылайсыңар веналар,ішкі мүшелік нервтер, кезбе нерв, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы көкірекаралық, алдыңғы лимфа түйіндерінен тұрады.

Базель номенклатурасы бойынша: Алдыңғы көкірекаралықта- жүрек және жүрекқап, жүрекке кіріп, шығатын ірі артерия мен вена қантамырлары, айырша без, көкет нерві, Артқы көкірекаралықта- өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, кезбе нерв, оң және сол симпатикалық сабау.Алдыңғы көкірекаралық пен артқы көкірекаралықтың межелік шекарасы фронтальды жазықтықтың бойында орналасқан өкпе түбірі,radix pulmonis,болып саналады

 

18. Бүйрек, ren, несеп жасап шығаратын ішастардың артында іш қуысының артқы қабырғасында жататын жұп экскреттік мүше. Организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауда сыртқа шығару мүшелері маңызды рөл атқарады. Сыртқа шығару мүшелері арқылы қажет емес сулар, тұздар, улы заттар ағзадан шығарылады. Бұл заттар ағзадан өкпе, ішек, бүйрек, тері арқылы шығарылады Бүйректер омыртқа жотасының бүйңр жақтарында соңғы арқа және екі жоғарғы бел омыртқа деңгейінде орналасады. Оң жақ бүйрек сол жақ бүйректен орташа 1-1,5 см төмендеу жатады. Әр бүйректің массасы 120-150 г. Бүйрек тұтастай алғанда бүйрек тостағандары мен түбектің жоғарғы бөлігі орналасқан қуыстан, sinus renalis, қақпаларды қоспағанда синусқа барлық жағынан жанасатын меншікті бүйрек затынан құралатындығы көрінеді. Бүйректе қыртыс затын, cortex renis, милы затты medulla renis, ажыратады. Ми заты бүйрек пирамидалары, pyramides renalesдеп аталатын конус пішінді түзілістерден құралады. Пирамидалардың кең табандары мүшенің бет жағына, ал төбелері синус жаққа қарайды. Төбелері екеуден немесе одан көбіректен бүртіктер papillae renales деп аталатын дөңгелектенген қыраттарға бірігеді. Барлық бүртіктер саны орташа алғанда 12-ге жуық. Әр бүртікте ұсақ тесіктер, foramina papillaria бар. Қыртыс заты пирамидалар арасынан өтіп, оларды оларды бір-бірінен бөледі: олар columnae renales деп аталады. Бүйрек күрделі экскреттік мүше болып табылады. Онда бүйрек өзекшелері, tubuli renales, деп аталатын түтікшелер болады. Бұл түтікшелердің тұйық ұштары қосқабырғалы капсула түрінде қан капиллярлары шумақтарын қамтиды. Әрбір шумақ, giomerulus, терең тостағанша тәрізді капсулада, capsula glomeruli, жатады, несеп өзекшесінің басы болып табылады. Glomerulus оны қаусыратын капсуламен бірге бүйрек денешігін corpusculum renis құрайды. Бүйрек денешіктері қыртыс затының pars convolute-сында орналасқан иілген өзекше – tubulus renalis contortus шығады. Содан кейін өзекше пирамидаға түсіп, ол жерде нефрон тұзағын жасай кері бұрылып, қыртыс затына қайта келеді. Бүйрек өзекшесінің ақырғы бөлігі – жинағыш түтікше бірнеше өзекшелерді қабылдап, қыртыс затының pars radiate-сы мен пирамида арқылы тура бағытпен tubulus renales rectus жүретін жинаушы түтікшеге құяды. Тік түтікшелер бірте-бірте бір-бірімен қосылып 15-20 қысқа өзектер, ductus papillares түрінде cribrosa аймағында бүртік төбесінде foramina papillarіа ашылады. Бүйрек денешігі мен оған жататын өзекшелер бүйректің құрылымдық-функциональдық бірлігін – нефронды құрайды. Нефронда несеп түзіледі.

 

19. Несепқуық-vesica urinaria-дара қуыс мүше, несептің жиналатын орын. Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сиымдылығы 500-700мл-дей.

Несепқуығы толғанда оның жоғарғы бөлігі пішіні мен көлемін өзгертіп, қасағадан жоғары көтеріліп,қатты созылған жағдайда кіндікке дейін жетеді. Несепқуық несеппен толған кезде жұмыртқа пішінді және оның төменгі, кең бекіген бөлігі-түбі,fundus vesicae,төмен және артқа, тік ішек немесе қынап бағытына қарайды; ол мойын, cervix vesicae, түрінде тарылып, несеп шығаратын өзек жолына ауысады, алдыңғы жоғарғы жағындағы үшкір ұшы, apex vesicae, іштің алдыңғы қабырғасының төменгі жағына жанасып жатады.

Ұшы мен түбі арасында жатқан ортаңғы бөлігі денесі,corpus vesicae, деп аталады.

Несепқуық қабырғалары: шырышты, шырышасты негізі, бұлшықетік, дәнекер тінді немесе сірлі.

Шырышты қабығының ішкі беті қызыл-сұрғылт түсті, шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады. Шырышасты негізі- несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады. Б/еттік қабығы-бірыңғай салалы үш қабаттан тұрады:сыртқы,ішкі-бойлық;ортаңғы-циркулярлы.

Бос күйінде несепқуық ішастарға байланысты-ретропериотениалді орналасады, ал толған күйінде несепқуық мезопериотениалді орналасады.

Несепағар-ureter - жұп мүше,ол бүйрек түбегінің тарылған жерінен несеқуыққа дейінгі аралықта орналасқан. Ұз-ғы:30-35см, ені:4-8 мм. Несепағардың 3 тарылуы бар:1)Бүйрек түбегінен несепағардың басталған жерінде;2) Несепа-ң іштік бөлігінің жамбас-астау бөлігіне өткен жерінде;3) несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде;

Топографиясы:3 бөлікке бөлінеді: іштік,жамбас астау, қабырғаішкі.

1).Іштік бөлік: pars abdominalis – белдің үлкен бұлшықеттерінің m.psoas major алдында орналасқан.оң несепағардың проксималді бөлігі он екі елі ішкетің төмендеген бөлігінің pars descendens duodeni артында. Сол несепағар он екі елі- аш ішек иілімінің flexura duadeno-jejnalis артында орналасқан.Алдынан аталық без артериясы мен венасы және париеталді ішастар орналасқан.

2)Жамбас астау бөлігі:Кіші жамбас астауда әрбір неспағар ішкі мықын артерияларының алдынан және жапқыш артерия мен венадан медиалді орналасқан.Несепағардың жамбас астау бөлігіндегі қуыс тарылған.Әйелдерде:аналық бездің артынан,жатыр мойнын бүйір жағынан орап,қынаптың алдыңғы қабырғасы мен несепқуықтың аралығында орналасады.

Ерлерде:шәует шығаратын түтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғарғы жиегінен кішкене төмен,несепқуыққа ашылады.

3)Қабырғаішкі бөлік: жамбас астау бөлігінің соңғы бөлімі несепқуық қабырғасына 1,5-2см қиғаш бағытта өткен жері.

Қабырғалары 3 қабықтан тұрады:шырышты қабық шыhышты бездерге өте бай,бойлық қатпар құрайды. Бұлшықеттік қабық: жоғарғы бөлік 2 қабаттан – сыртқы бойлық,ішкі циркулярлық. Төменгі бөлігі 3 қабаттан: сыртқы ж\е ішкі бойлық, ортаңғы циркулярлық.

Сыртқы дәнекер тінді, адвентициалді қабықтан tunica adventitia тұрады.

Еркек несеп шығаратын өзек: uretra masculine – түтік пішінді тақ мүше, ұз.16-22см. Орналасуы:қуықасты безінен, несеп-жыныс көкетінен ж\е еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді.Қызметі: несепті шығарады, шәуетті лақтыру қызметін атқарады. Ол несепқуық қабырғасында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігінен ostium uretrae internum басталып, жыныс мушесінің басында орналасқан несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен ostium uretrae externum аяқталады. Топографиясына байланысты 3 бөлікке: қуықасты, жарғақты, кеуекті болып бөлінеді. Қуықасты бөлігі: ұз.3см,вертикалді бағытта қуықасты безден өтеді. Бұл бөлікте өзек қуысы кеңейеді. Жарғақты б.:қуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасады. Бұл бөлік қысқа 1,5см ж\е өте тар. Несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықетін құрайтын көлденең жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған. Кеуекті б.:несеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, буылтық аймағында кішкене кеңейеді. Еркек несеп шығаратын өзегі жыныс мүшесінің басында өзінің сыртқы тесігімен аяқталады. Ол аз созылады, себебі өзек қабырғасында фиброзды-эластикалық сақина бар. Еркек несеп шығаратын өзек өз жолында S тәрізді иіліп,3 тарылулар кездеседі.1)несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында. 2)несеп жыныс көкетінен өткен жерінде. 3) Еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі аймағында. Кеңею жерлері:1)қуықасты без бөлігінде 2)жыныс мүшесінің буылтығында 3)соңғы бөлім, қайықтәрізді шұңқырда. Қабырға құрылысы:ішкі шырышты қабығында өзек қуысына ашылатын көптеген мөлшерде бездер орналасқан. Шырышасты негізі мен бұлшықеттік қабығы, бойлық және дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықетті жасушадан құралған.

 

Основные этапы становления экономической теории и их содержание.

1) Зарождение основ ЭТ произошло при рабовладель-ческом способе производства и зафиксировано в дошедших до нас работах Платона, Аристотеля и старых документах.

2) При феодализме экономические представления о жизни формировались в учениях церкви, программах крестьянских движений в различных теориях общест-венного развития. Позже зародился утопический социализм.

3) Ускоренное развитие ЭТ получила в эпоху разло-жения феодализма.

4) ЭТ как наука сформировалась и в дальнейшем развивалась с появлением капитализма.

5) С сер.19в. ЭТ развивалась как два альтернативных направления: марксиское и буржуазное.

6) С конца 20в. Наблюдался синтез этих направлений. Появление новых экономических теорий всегда связано с тем, что изменяются обстоятельства материальной жизни общества.

 

Благо и их классификация.

В теории товарного производства центральным явля-ется понятие товара. Однако категории товара предшест-вует понятие благо.

Благо система предметов и услуг, пригодных для удовлетворения потребностей.

Услуги – это целесообразная деятельность людей, результат которой имеет полезный эффект, удовлетво-ряющий потребности.

Классификация благ:

1. Материальные блага включают естественные дары природы; продукты сельского хозяйства, добывающей промышленности; здания, машины, инструменты; долговые обязательства; паи государственных и частных компаний.

2. Нематериальные блага: внутренние и внешние, заключены в самом человеке и представляют качества и способности, побуждающие людей к действию и наслаждениям.

1. Неэкономические – не являются предметом произ-водственной деятельности людей, распространяются по свободной цене.

2. Экономические – количественно ограниченные блага.

Товар – специфическое экономическое благо, произ-водимое для обмена путем купли-продажи. 2 свойства: полезность и обмениваемость.

 

68. Государственный долг: сущность, виды, последствия.

Гос.долг – это сумма задолженности страны другим странам. В странах с рыночной экономикой он состоит из общей суммы бюджетных дефицитов и суммы финансовых обязательств иностранным кредиторам на определённую дату.

Различают внешний и внутренний долг. Внутренний долг – это долг государства населению, предприятиям, организациям своей страны. Внешний – это задолженность гражданам, организациям, правитель-ствам других стран. При внешнем долге нация обязана отдавать другим странам ценные товары и услуги, чтобы погасить долг. Большой внешний долг снижает авторитет страны.

Внешний долг оценивается по таким показателям, как 1) доля внешнего долга в ВНП; 2) отношение годового объёма выплат по внешнему долгу к объёму валютных поступлений за год.

Внутренний долг также вызывает проблемы: выплата %-ов по долгу увеличивает неравенство в доходах; чтобы погашать долг правительство вынужденно подымать ставки налогов; выпуск в обращение новых государственных бумаг приводит к повышению ставки ссудного процента; большой внутренний долг отпугивает иностранных инвесторов и порождает у населения страны неуверенность в будущем.

 


Поможем в написании учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой





Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 458. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2022 год . (0.078 сек.) русская версия | украинская версия
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7