Студопедия — Г. Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Г. Шал ақын шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі






 

Шал ақынның эпикалық өлеңдері пәлсапалық, психологиялық, таіімдік деңгейде өрнектеледі:

Пайдасы жоққа жалынсаң,

Семіз бір жемқор малмен тең.

Жақсы қатын алсаңыз,

Алланың жауған нұрымен тең.

Жаман қатын алсаңыз,

Маңдайға біткен сормен тең.

Уайымшыл жігіттің,

Кең дүниесі тармен тең.

Жетесі жаман жігіттер,

Тоқсандағы шалмен тең.

Жаманнан көрген қорлығың

Көкірекке біткен шермен тең.

Бұқар жыраудың «Тілегіндей» ПІал ақын да әлеуметіне ризық, несібе, құт, дәулет, береке, ырыс, баянды бақ тіледі:

Құдая, жаманыңмен теңді қылма,

Құрбымнан өзім теңді кемді қылма.

Жаратқан барша жанды пәруардігер,

Өзімдей пенделерге пеңде қылма.

 

Мың сайтан, жүз пәлекет қамаса да,

Бір тәңірі қағып шығар сақтарында.

Дария сия болса қамыс қалам,

Жер жүзі қағаз болса рахаттанам.

 

Шал ақын зауал деген ұғымды түсінген. Жеті атаның бір буынында жамандық іс-әрекет басқаларға зауалын (карма) тигізеді. Сондықтан көптеген адам «Менің Аллаға жазған жазығым жоқ» - деп кейбірісі Аллаға сенуден қалады. Бұл адамдардың надандығы Мәшһүр Жүсіптің «Мүйізі жоқ демесең, өгіздер мен сиырлар...» деген ой-түйінмен үндестігі осында. Бұл - терең пәлсапалық топшылау. Сол себепті бақыт нұры адамның бір мезетте өз-өзінен құлдырамауы, әрі кетпеуі үшін адам үнемі ғибадат етіп отыруы керектігін аңғартады.

Бақ көшсе ақылына қарамайды,

Жақсыны жаман адам табалайды.

«Адам басы Алланың добы» деген

Қайда айдаса сол жаққа домалайды.

Күні толық болған соң түні қайтсін,

Жеңі шолақ болған соң қолы қайтсін.

Өзі жаман болайын деген бар ма,

Білімі, өнері жоқ, оны қайтсін.

Жігіттер, ғибадат қыл, маған нансаң,

Намаз оқы, Алланы ойыңа алсаң.

Қырық жыл қашқан ажалдан Қорқыт та өлген,

Түбінде сөз сенікі өлмей қалсаң.

Жігіттер, мал мен басым көп демеңіз,

Киім бүтін, тамағым тоқ демеңіз, Даму бағдары

Дәуіттің отыз ұлын бір күнде алған,

Біздерге жала-жаза жоқ демеңіз...

Мекке менен Медине жолдың ұшы,

Алыс сапар дейді ғой барған кісі

Ата менен анаңды құрметтесең,

Мекке болып табылар үйдің іші.

 

Ханнан тақыт таярда

Қарашы жұртпен қас болар,

Байдан бақыт таярда

Дәулетіне мас болар.

Кәріден абырой таярда

Аңдығаны ас болар.

Жетесіз туған жігіттер Ізгілік пішіні

Жиырма бесте жас болар.

Шешен жігіт дүрмен тең,

Имансыз көңіл кірмен тең...

Уайымшыл адамның

Алды тұйық жармен тең.

Жетесі жаман бозбала

Тоқсандағы шалмен тең.

Тотемдік рәсімдерге назар аударған. Оны «Әкесі Құлеке өлгенде айтқаны» мен «Біреудің баласы өлгенде айтқан жұбату» деген өлеңдерінен аңғарамыз:

Құлеке жиырмада арқар еді, Метафора

Отызда би, қырқыңда дарқан еді,

Кешегі дулап өткен Құлекенің

Алдынан орыс, қазақ тарқап еді...

Бәрі де туған жанның өлмей тұрса,

Бұрынғы батыр қайда ту көтерген?

Бұл өлім қайда жоқ?

Жарқыраған Айда жоқ,

Күркіреген Күнде жоқ. Диалектика, пәлсапа

Өтері өтіп кеткен соң,

Мың теңгелік қайғыдан

Бір теңгелік пайда жоқ.

«Жылау жылау шақырады» деген пікірден жыламау қажеттігін түсінген. Бұл ырымды биоинформацияға, ішкі ойға түсіп кеткен қара сызат, міне, осы сызат адамның өмірге, болашаққа құлшынысын жояды деген ғылыми тұжырымдарды ақын білген.

Шал ақынның жыраулық дәстүрден тағы бір ерекшелігі - айтыскерлігі. Оның «Шал мен дегдар қыз», «Сұрау-жауап» айтыстары да бар.

Ақындықтың шебер үлгісін Шал ақын шығармашылығынан толық бағамдай аламыз.

Америка Құрама Штаттарының атақты физиолог-терапевт дәрігері Поль С. Брэгг өзінің «Чудо голодание» деген ғылыми еңбегінде жүйке жүйесінің дімкәс болуы, дерттің ұлғая түсуі, адамның күйгелектік деңгейге жетуі оның мінез-құлқындағы көлеңкелі жайттар екеніне мән береді. Атап айтқаңда, уайым, қайғы, қорқу - жаман дағдылар. Бұл күйзелістік кез-келген адамның алғы өміріне жұмсауға арналған қордағы қуатын бағыттайды. Жүйкенің ауруға шалдығуы ашу мен ұрыс, жанжалдан, іштарлықтан болатыны белгілі. Барлық рухани, тән, ішкі қуат деңгейліктерінің ең төменге түсуі - жаман мінез-құлықтың қосындысы. Міне, осыдан адам бей-жай күй кешіп, барша нәрселерге салғырт тартпақ.

Сөйтіп, Брэгг қорқудың 6 түрін атап өтеді: кедейліктен қорқу, аурудан қорқу, кәріліктен қорқу, өзін қоршаған адамдардың пікірінен қорқу, махаббатын жоғалтудан қорқу, өлімнен қорқу. Ол өзінің осы ғылыми еңбегінде діннің ғылыми тағлымы тек адамның пессимистік көңілін емдеуге, дуалауға қарсы ілім деп дәлелдеген.

Адамның ішкі ойы өзен секілді, ол өзен тек уайымнан тұрса, болашақ өмір жоқ.

Сөйтіп, Шекспирден ой-түйінін келтіріп өтеді:

Трусы умирают много раз до смерти,

Доблестный умирает только раз,

Ибо смерть - необходимый конец

Придет тогда, когда придет...

Жастық-кәрілікке көпір.

Міне, Шекспир мен американдық ғалымның ой-тұжырымдары ІПал ақын өлеңдеріндегі пікірлермен рухтас. Адамның мінез-құлқына денсаулығы байланысты. Оған жоғарыдағы ақын өлеңдерінен келтірілген мысалдар дәйекті дәлел.

Аталған ойды Шал ақынның өлеңімен аяқтаған орыңды деп білеміз:

Қорқақ емей немене қашқан кісі,

Батыр емей немене шанышқан кісі.

Мың жылқылы байлардан несі кейін,

Оразасын үйінен ашқан кісі.

Дүния деген шолақ депті,

Жан кеудеге қонақ депті.

Ақырет деген бір киім,

Алып қайтар сол-ақ депті.

Дүние деген осы

Ешкімнің емес досы,

Болар еді досы,

Аумаса егер қосы.

Дүниеге қызығамыз несін біліп,

Аз күнгі қызығына есерленіп,

Жалаңаш кеп, жалаңаш қайтамыз ғой,

Мойынымызға төрт қары бөз тесіп іліп.

Шал ақын Шекспир болмағанымен, өз заманының үлкен ақыны. Әр тұлғаның өз өрісі, өз деңгейі, өз болмысы бар. Шал ақынның заманының өзіне ілесе шыққан біраз ақындардан даралық қасиеті - өкінішті жайды еске алмауы, өкпені көңілге түймеуі, қайғылы болған жүректі берік ұстап, пессимизм сарынын бойдан куып, өршіл сезімін бойына дарытуы дер едік. Бұл - дидактиканың пәлсапалық негізі.

Конференцияға қатысу арқылы қандай құндылықтарды руханият деңгейінде топтастыруға болады? Міне, осы іс-қимылдың үлгісін беруді артық көрмедім. Оқыту болған соң мұның да өзінше заңдылықтары бар. Сол заңдылықтарды мысал ретіңде ұсынылуды жөн көрмедім.

1999 жылдың қарашасының 25-де Халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылына арналған «Шал Құлекеұлы және ақындық өнер» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция болып етті.

Конференцияны ашқан Шал Құлекеұлының ұрпағы, ҚР ҒМ Ғылым академиясының вице-президенті, академик Аманжол Қошанұлы.

Кіріспе сөздің негізгі сарыны төмендегідей: «Шал Құлекеұлы - Үйсін Төле бидің жиені. Әкесі Құлеке хан Абылайдың адал батыры, Қытаймен арадағы қарым-қатынасты дипломатиялық деңгейде оңтайлы шешіп, қиыншылық сәттерден озық парасат, байымымен шебер шығып отырған.

Шал Құлекеұлы рулардың шығу тегі жайлы ішкі жүйелерді этикалық шығармаға арқау етіп, эпос құрастырған жыршы. Бұл шығармасынан тек біраз ғана жолдар бізге жеткен. Жыр толығымен дерек жоқ болып кеткен.

Шал Құлекеұлының ақыңдық өнерін, шығармашылық жолын тұңғыш зерттеген Шоқан Уәлиханов. Бертінгі зерттеушілер - Мұқтар Мағауин, Өтеген Күмісбаев.

Ақын өзінің өлеңдерімен жыраулық дәстүрден қайнаған тұрмыстық қарым-катынас заңдылықтарын дидактикалық танымда тануға бейімдеуші болған. Шал ақын - Дулат, ПІортанбай, Мұрат секілді көп қырлы, синкретті, киелі өнер иелерінің бастауы.

Аталған ақындар өмірдің сан түрлі сауалдарына көркемдік жауап айтып келген, өз ортасындағы өмір ағымына жамағатшылық көзқараспен ерекшеленген...».

Конференцияда бірінші хабарламашы Ш. Ыбыраев, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докгоры, профессор.

Ш. Ыбыраев: «Уақыт пен кеңістіктің талап-мүддесіне орай Шал Құлекеұлы - сыртқы ой-тұжырым, толғаулардан ірі тұрмыстық заңдылықтарды өз өлендеріне арқау еткен шебер тактик.

Шал ақын - жыраулық дәстүрді жаңа өлшемге өзгертті.

Өз заманының тыңдаушылары тұрғысынан келсек, өткен заманның ұрымтал сәттерінен зілсіз қалжың, әжуаға ойысуды аңғарамыз. Алғаш әдемі сатиралық сарынды Шал ақыннан байқаймыз. Ақын өлеңдеріңдегі кәріліктің сипаты шебер, шыншыл бейнеленген.

Ақын өлеңдеріндегі күлу өзгеге күлу емес, өзіне күлу.

Шығармаларындағы бір аңғарарлық түйін - шектен асып кететін қалжыңға қарсылық.

Ия, ақын тек өз заманының жүгін арқалап өтті. Жаңа дәуір поэзиясы сыртқы жаусыз тұрмысқа тиесілі жағдайларды сипаттауға түбірімен бетбұрыс жасады...» - деп мағлұмнама берді.

Хабарламашы Р.Ғ. Сыздықова - А. Байтұрсынов атыңдағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, ҚР ҒА корреспондент мүшесі. Рабиға Ғалиқызы: «Ауыз әдебиетіне екінші тақырып келді. Ақындар біршама жерге түсті. Дерексіздіктен деректілікке ыңғайлану аңғарылды. Бұхар жыраудың жырларыңда жалпы балау, теңеулер кездессе:

Кәрілік шіркін не қылмас:

Апта бойынды бас алмай,

Келін-бала келгеңде,...

Жайнап тұрған қызыл шоқ

Су құйылып өшкен соң...

Шал Құлекеұлының өлендерінде кәрілік сипаты нақтылана түседі:

Кәрілік елден бұрын тісіңді алар,

Ойыңнан түк қалдырмай есіңді алар,

Құлақ кетіп, аузыңнан сөзіңді алар.

Белден медет, тізеден қуат кетіп,

Ең соңында аңқайтып өзіңді алар.

Әдеби-көріктеу, психологиялық егіздеу азайып, символдық өрнектер нақты заттар тұрғысында көрінеді. Жаңа бейнелеуіш жолдар пайда бола бастады. Әр сөз өз орнында, тура мағынасында келіп, өзі, әкесі, жақсы, жаман, қатын сияқты күнделікті өмір тынысына қатысты адамдардың мінез-құлықтары шыншылдық нақышпен, тіпті қажетті жерде дөрекі тіркестермен де сипатталады. Өлеңдерінде әлеуметтік-мешкейлік бейне - бүкіл қазақ халқының хал-ахуалын типтендіру.

Хабарламашы Мұқтар Мағауин - жазушы-зерттеуші ғалым:

«Шежірені жырмен өрнектеген Шал ақын Алаштың шығу тегін ашқан. Бұл эпос жоқ болып кетті.

Шал Құлекеұлының шығармаларын Қыздар Қазбеков, Мәриям Хакімжанова, Айқын Нұрқатов, Ғаббас Елеусіз секілді адамдар жинастырған. Негізінде көпшілігі баспаға әзірлеген - Қошан Жантілеуов ақсақал. Мен Алқағаш деген елде тұратын ақсақалдан өлеңдерін жазып алдым.

Ақын Ғалым Малдыбаевтан біраз өлендерін «Алдаспан» жинағына енгіздім.

1964 жылы Шал ақын шығармаларын зерттеуге кірістім. Ақын өлеңдері сыршылдық, жекешілдік сарында. Өлеңдері шалқымалы, эротикаға толы. 70-ші жылдары баспасөзде эротикаға қатысты өлеңдерді жіберу қиынның-қиыны еді. Сөйтіп, кітабымыз кәмпескеге түсті. Жалпы халықтық мұраға қарсы өктем үкімет өктемдік күш көрсетті. Монография орысша жазылып, талай тексеріс елегінен өтті. «Бес ғасыр жырлайды» жинағы созылып-созылып әзер дегенде кейін жарық көрді».

Хабарламашы Герольд Бельгер - жазушы:

«Елуінші жылдары Шал Құлекеұлының атын, өлеңдерін елімізде тұратын Ғалым Малдыбаевтан бірінші рет естідім. Ол кезде жас неміс баласының шақшадай басына мұңдай ақпараттар сия бермейтін. Дегенмен, Шал ақын сол бала, бал дәуренде миға орнығып қалды.

Сонау Асан, Бұқар, Ақтамберді, Дулаттардан жұққан менде де жершілдік патриотизм сезімі бар. ПІал ақынға жерлес болғаным үшін мақтана аламын. Бала кезімнің өзінде біздің де елде атақты адамдар бар деп масаттанып жүрдім.

Жуырда мектеп дәптерлерімнің ішінен әбден сарғайып қалған бір бет қағазға жазылған Шал ақынның 40 жол өлеңін тауып алдым. Бұны мен 1967 жылы Ғалымның қайын атасы, елдің белді, беделді ақсақалдарының бірі Ерғалидан жазып алған едім».

Келесі сөз ақын Шал Құлекеұлының жерлесі Есләм Зікібаевқа берілді. Ол өзінің өлеңін оқымас бұрын:

«Еліміз алыстау, өзіміз орыстау, - деп бастап, кешегі тоталитарлық режимнің Солтүстік Қазақстан облысына батырған тісінің жарасы бүгінге дейін жазылмай келе жатқанына ерекше токталды. Соның бір айғағы мұрты бұзылмай тұрған жер аттары: Сергеевка, Афанасьевка, Ново-Покровка, Явленко т.б. Міне, империялық саясат өзінің алпауыш күшін, табын елімізге батпандап енгізгені жайлы өлең өрнегімен сипаттап берді. Бұны баспасөзден оқырсыздар».

Хабарламашы Қ. Жарықбаев - Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы:

«Әдебиетті адамтану ғылымы дейміз. Осыдан 250 жыл бұрын Шал ақын қазақ халқының психологиясын ашып берген. Қыздардың, жігіттердің, қатындар мен шалдардың, жақсы мен жаманның, адалдық пен пасықтықтың ішкі-сыртқы әрекет-тұрпаттары арқылы адамның психологиялық болмысын жан-жақты бейнелеген. Бұл сипатқа бірде бір халықтың психологиялық болмысын қатар қоюға болмайды. Бұл білім-ғылым әлі де болсын бағы жанбаған. Себебі республика көлемінде 2-3 қана этнопсихологиядан гылыми атағы бар адам бар. Осыдан халықтық тағлымда психология қырларының зерттелмеуін байқаймыз».

Хабарламашы Ө. Айтбаев - А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бөлім меңгерушісі, ҚР ҒА корреспондент-мүшесі:

«Шал ақын өлеңдеріндегі ұғымдар қатталып-қатталып келеді. Тіл мақамы, бояуы өзінше реңкті танытады, қайталаушылық жоқ. Өзінше дара тұлға. Ақыл мен парасатты, сенім мен арды, ел басқару жүйесін, адамдардың өзара байланысын, өмір сүрудің пәлсапалық қағидаларын тіл өрнегімен дәл, математикалық есеппен жеткізеді. Өлеңдерінде тіл қуаты - қозғаушы күш».

Хабарламашы Ө. Күмісбаев- филология ғылымдарының докторы:

«Шал Қүлекеұлы айтыс жанрына үлкен үлес қосты. Айтыс өрнегіңде бұрынғы мақам, бүгінгі мақам өзара бірлікте жымдасып бірін-бірі толықтыра түседі».

Хабарламашы Нағима Сағындықова - ҚР ҒМ - ҒА қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бөлімшесі академик-хатшысының орынбасары, филология ғылымдарының докторы:

«Поэты Казахстана» деген жинақ 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан. Бұл басылымда орысшаға аударылған ақын-бабаның 14 өлеңі жүр. 9 өлеңін Всеволод Рождественский аударған, ал бесеуін - Владимир Цыбин. Өкінішке орай бұл кітаптағы басылып шыккан орысшаға аударылған өлеңдерден сіздер Шал Құлекеұлының шығармаларын іздеп таба алмайсыздар. Мысал үшін мынандай жолдарды Владимир Цыбиннің аудармасы деп оқиық:

«Наш старик» когда-нибудь

прозовет тебя такое

Никогда любви не будет у тебя, мой

друг, с такою...

О, верблюдица моя белая, забыть нельзя,

Как не оставляя без заботы, без ухода...

Да и мужа туда же потянет она за собой

Даже див побоялся бы встречи с такой албасты...

Ең бір таңқаларлық жағдай аудармада түпнұсқаның жұрнақтары да қалмаған, анда-санда бір, мағынасынан тұспалдап, дәуде болса осы өлеңнің аудармасы шығар деген ой келеді...»

Ең соңында Аютас өңірінен (бүгінде Сергеевка) Уап Латанұлы сөз алып, оңда былай деді: «Құрметті жәмиғат, халықтар мен бірлік жылы біздің бабамыздың тойын ұйымдастырумен дәл тоғысып келді. Бұның өзі ырымға жақсы. Бүкіл Шал ақын ұрпағының жүрек жарды қуанышын әкеліп тұрмыз. Зерттеушілер бабамыздың шығармашылығын кеңестік дәуірде де бастаған, жеріне жеткізе, тиянақты, түбегейлі ғылыми еңбектеріне біздер қатты ризамыз.

Әсіресе, Алланың нұры жауғыр Мұқтар Мағауинге Шал ақынның бірде-бір өлеңін (табиғатын) шашау шығармай, уытты суреттеген жолдарына жауапкершілікпен қарағаны үшін, ел ішіндегі көнекөз қариялардың аузынан қажеттісін екшеп ала алғаны үшін дән ризамыз, рахметімізді айтамыз.

Шал ақын өлеңдерін Қошан ағамыз, Ахметжан Нұртазин, өзінің жамағаттары, ел адамдары жатқа айтып жүрді. Ол кезде халықтық мұраға мұқияттықпен қарау болмады.

Ең өкініштісі - Шал бабамыздың бейіті Есіл өзенінен жасанды теңіз жасау науқанына қатысты теңіздің астында қалды. Мен ол кезде жауапты қызметте болғаныма қарамастан, біраз ынталылық танытып, әрекет жасадым. Бірақ бұл күйкі тірліктен еш нәтиже шықпады, ешкім мені тыңдамады. Осы бір оқыс қылықтарымызға біз кінәлі болмасақ та, Алладан кешірім сұрап, ғибадат етеміз.

Шал ақынның рухы тек өлеңдерімен ғана жоғары емес, ол өзінің әкесі Құлкенің Түркістан кесенесіне мәйітін қою жайлы соңғы өтінішіне де ыктиятпен, ықыласпен қараған асыл азамат. Сонау алмағайым шақта мені сайлау тәртібі, рәсімі біздің кейінгі ұрпақтарымызға өшпес үлгі болмақ.

Мен бүгінгі осындай салихалы, салмақты, халықаралық өреде өтіп жатқан конференцияны ұйымдастырушы інім, академик, Шал ақынның немересі Аманжол Қошанұлына шын алғысымды ел атынан, өзімнің атымнан білдіремін! Осыңдай ұрпағы бар бабамның рухы да Нұрлы әлемде болары сөзсіз».

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 1481. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Эндоскопическая диагностика язвенной болезни желудка, гастрита, опухоли Хронический гастрит - понятие клинико-анатомическое, характеризующееся определенными патоморфологическими изменениями слизистой оболочки желудка - неспецифическим воспалительным процессом...

Признаки классификации безопасности Можно выделить следующие признаки классификации безопасности. 1. По признаку масштабности принято различать следующие относительно самостоятельные геополитические уровни и виды безопасности. 1.1. Международная безопасность (глобальная и...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Билиодигестивные анастомозы Показания для наложения билиодигестивных анастомозов: 1. нарушения проходимости терминального отдела холедоха при доброкачественной патологии (стенозы и стриктуры холедоха) 2. опухоли большого дуоденального сосочка...

Сосудистый шов (ручной Карреля, механический шов). Операции при ранениях крупных сосудов 1912 г., Каррель – впервые предложил методику сосудистого шва. Сосудистый шов применяется для восстановления магистрального кровотока при лечении...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.031 сек.) русская версия | украинская версия