Студопедия — Д. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Д. Абай Құнанбайұлы шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі






 

Бүгінгі ғылым парадигма талабымен бағаланады. Тәуелсіздік биігіне ие болған еліміздің басынан өткен бұрынғы тарихының белестері дидактиканың пәлсапалық негіздерін құрды. «Тығырықсыз жайланыс, қысымсыз кеңдік» жоқ демекші, кешегі отарлау саясатының құрбаны болған тұтас халқымыздың бостандық таңына оңай кезікпейтінін кезінде нық пайымдаған данышпан Абай Құнанбайұлының еңбектеріңдегі дидактиканың пәлсапалық негіздеріне тоқталмай кету мүмкін емес. Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының 1995 жылы Абай Құнанбайұлының әлемдік мерейтойында жасаған баяндамасын [60] бағамдай отырып, дидактиканың пәлсапалық негізіне ойыспақпыз.

Нұрсұлтан Әбішұлы күллі қазақстандықтардың атынан ЮНЕСКО ұйымына рахметін айта отырып, Абай Құнанбайұлын әлем жұртшылығына былай таньпты: «Абайдың әуелден-ақ әкенің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі, сөзі өтімді, пікірі қымбат Адамзат Ардағы, Адамзат Ақыны, Адамзат Ақылшысы болып көтеріліп отыр. Бұл жолғы салтанаттың Алматы мен Семейден, Қарауыл мен Жидебайдан басталмай, Батыс пен Шығыстың іргелі елдерінен, Еуропа мен Азияның ең беделді мемлекеттерінен, Мәскеу мен Стамбул, Париж бен Пекин сияқты әлеуметтік астаналардан басталғаны да осының айғағы. Бұл - бүкіл планетамыздың мәдени-рухани тынысын жүйелеп отырған аса беделді халықаралық ұйым - ЮНЕСКО-ның біздің жеке өтінішімізді ыстық ықыласпен қабылдап,... оны дүниежүзілік деңгейде өткізуді өзінің биік құзырына алуға шешім қабылдағанының арқасы» [61]. Бұған Абай Құнанбайұлының тек қазақ ақыны емес, дүниежүзілік деңгейдегі салихалы философ, данышпан ақын екенін тағы бір есімізге аламыз.

Мұнда Абай шығармаларындағы еңбекке қатысты айтылған пәлсапалық топшылаулар мен тұжырымдардың халықтың әлеуметтік ахуалы мен экономикалық, саяси бағытының дамуына тигізер ықыласының молдығына әкелген ой-түйіндер сарапталған. Бұл айтылған парадигманы толық түсіну үшін Ел Президентінің өз үніне үңіліп көрейік:

-... рухани бедерімізді айқындай түсетін Абайдай беліміз барлығына шүкірлік етеміз;

-... беліміздің атын аспандата ұлықтай алатын еліміз барына да шүкірлік;...

-... ақын табылмай тұрып, ештеңе табылмайды;

-... ар-намыс (онсыз) шындалмайды;

- онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл;

-... дағдарыстан шығар жолды тарих пен табиғаттың айрықша лейілі түскен періште ниет, пайғамбар тектес перезенттері ғана сілтеп бере алады;

- Абай да дәл сондай балағат заманда ғаламат тәуекелге бара алған ерекше парасат пен ерекше рух иесі;

- отаршыл кемсітушілік бар жерде болмай қоймайтын тайсалудың орнына тайталасып, жиренудің орнына үйренуді, жарамсақтықтың орнына жарастықты, мансап қуған баққұмарлықтың орнына білім қуған бәсекені сіңістіріп, ұлтымыздың рүхани қайсарлығын атымен жаңа қасиеттермен байытқандығы;...

- Абай да ақыл айтпас бұрын қилы заманның бар қиқар қысын өз басынан өткеріп көрді. Оның сол кездегі еуропалық саяхатшылардың аузынан «дала Цицероны» деген атақ алған, ІІІонжар әкесі ескі мен жаңаға бірдей жорға болды. Ел жақсылары мен патша әкмішілігіне сөзін бірдей өткізе білді;...

Қалған жиырма жыл ғұмырын тек қана оқып білуге, тек қана шығармашылыққа жұмсады. Ол еңбегі, енді міне, адамзат ақыл-ойының асқаралы тұлғасына айналып отыр;...

- Сырт сипаттау, сырт дәріптеуді қойып, адамның ішкі жанына үңілетін, болмыстың тұңғиық қалтарыстарын ашатын аса мәнді философиялық-әлуметтік лирика туғызды;..

- Халқына қамқор, ұлтына жанашыр болам деп жүріп, күллі адамзатқа мейірбан гуманистік өреге көтерілді. Кісі мен кісінің де, халық пен халықтың да арасында бола беретін кикілжіңдердің бәрінен жоғары тұра білді. Ұлықтарды ұнатпағанымен, көрші орыс халқына, басқа да халықтарға зор ілтипатпен қарады. Патшалық билікті мансұқтанғанмен, ұлы орыс мәдениетінен тәлім алды. Аз халықты да, көп халықты да байланыстыратын рухани ықпалдастық деп түсінді. Адамға адам баласының бәрін дос санады. Оны батысқа, шығысқа, алысқа, жақынға бөлмей, біртұтас құбылыс ретінде қарастырды;..

- Абайға айтқызсаңыз: әуелі мал тап - дейді. Әйтпесе «Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын?»... Мал тапса, қарын тояды. Оңда сан білім, өнер керек екен..;

- Өнер - білімді қайдан іздеген жөн?

Абайға айтқызсаңыз: «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да- бәрі орыста зор... Орыстың ғылымы, өнері - дүниенің кілті. Оны білгенге дүние арзанырақ түседі»...

Ұлық жалбыр тымақты түз адамын кемсіте беруді көздейді. Абай тезірек тең етуге асығады... Сонда бұдан шығатын қорытынды: кемсінгеннен мәдениетін меңгеріп, қомсынғаннан білімінді асырып қана есе қайтарасың;..

- Азияның шет қақпай түкпірінде туып өскен түз ақынына мұндай рухани рационализм, адамгершіл максимализм қайдан бітіп тұр?.. Далиған даланың қай қырынан да көзге ұрып тұрған - мелшиген мешеулік еді. Соны ұғып болмаған аңғал жұрт еді...

- ... біздің түп дәстүріміз - рухани самарқаулық емес, рухани максимализм.

- Жауабын тапты: өзгелер не істеп жатса, соны істеу керек, «басқалармен қатар тұру керек!»

- Тапқан түйіні: Құдайдың (Алланың) өзі де рас, сөзі де рас; ол ешкімге арам бол, қанішер бол, масыл бол деген емес; құлқың түзелмей тұрып, құлқын арам ішкенін қоймайды; адалға жүрмей, адам түзелмей, қоғам түзелмейді, халық түзелу үшін әркім жеке-жеке өзін-өзі түзеуі керек...

Міне, бұл тізбелерден Абай Құнанбайұлының шығармашылығындағы дидактикасының пәлсапалық негізінің құнды бөлімдері әлемдік деңгейде көрінді. Абайдың өзі айтқандай «имани гүл» былай сипаттайды: Тек қайта өрлеу дәуірінен кейінгі батыс еуропалық протестантизм ойшылдары ғана дәулет жиып, мал табуды адамға бостандық әперетін ізгілікті іс деп зерттей бастаған. Күллі шығыста осыған жуық қағиданы тек Канфуцийшілер тілге тиек ете алған. Ендеше «ағайындас болса, ауызға тиеді», - деген қауымдық мінез-құлықпен отырған қазақ даласында өткен ғасырдың өзінде сәулетті адал еңбекпен келетін игілік санап, бай болуды адамгершілік мұрат санатына әспеттеу Абай үшін нағыз жүрек жұтқан батырлық еді.

XXI ғасырдың қарсаңында Абайға «рационалист» деген бағаның берілуі, оның ойлау парасатының өзі бүкіл әлемдік құндылықтарды бағамдаудың қорғанысы екенін түсінгендік. Сөзіміз дәлелді болу үшін «рационализация» деген ұғымның нендей мағынасы бар деген эаңды сауалға сөздік арқылы жауап беріп көрелік:

«Рационализация - қорғаныс механизмі. Сыртқы көзге аса түсініксіз. Мәнділігі - астарлы тереңдігінде. Субьектінің ішкі ойының, сезімнің мәртебесіне үндестігі. Өзін сыйлайтындығының куәсі. «Менінің» үздік мұраттылығы» [62].

Кез-келген шығармашыл субьекті парадигма, яғни жаңа философиялық көзқарасқа ие бола бермейді. Көбінесе дарынды, өнерлі, данышпан адамдар болғанымен, олардың шығармашылық нысаналары өзінен кейінгі ұрпаққа классикалық үлгіде өміршендік келбетпен мәңгілікке қалмайды. Ал мәңгілікке қалатын шығармашыл нысаналар уақыт пен кеңістіктің өзгерістігіне орай құбылып, бірақ өзінің өзегінен, негізгі өрісінен айырылмай, бақилық мәңде қызмет етеді. Талдау мен жинақтау, жалқылау мен жалпылау, жүйелеу, негізгісін басқа негізгі тұжырымдармен салыстыру, феномендігін табу, жиған ойларын біріктіріп, когнитив пен суггестивке салу т.б жекелеген әдістердің қосыңдысының технологиясын, былайша айтқанда, амалын табу сияқты іс-қимыл нәтиже береді. Егер әр шығармашылық нысананы осындай ізденісті -зерттеу елегінен өткізсе, ой-тұжырым дәйекті, дәлелді, құндылығы сырттай мақтаумен емес, нақтылы сапалық көрсеткіштердің жиынтығында қабылдаймыз.

Біздер Абай Құнанбайұлының палсапалық ой-тұжырымдарын дидактика негізінде қарастырып, оның бөліктерін сараптап, байқасақ, көптеген ғалымдардың зерттеулерінен бізге қажетті ұғымдарды табамыз. Өкінішке орай «пәлсапалық ой - дидактиканың негізі» деген айдармен зерттеуді кездестіру, әрине жоқтың қасы. Бірақ, оның бөліктерін жинақтауымызға болады. Алдымен Абай шығармашылығын эпопея жазу мақсатында тереңінен зерделеген, сараптан өткізген М.Әуезовтың ой-тұжырымарына құлақ асып көрелік:

«Отыз жетінші сөзі. Мұны Абайдың афоризмі деп қарауға болар еді. Бұл мәтел-мақал емес. Афоризмінде даулық жақтары бар.. [63].

Тәрбие қауымды түзейтіндігіне Абай сенеді;

Осы қара сөзден зерттеуші бірден қырық бірінші сөзге ойысады. Отыз сегізінші сөз талданбаған. Қара сөздерін зерттеуші сырғыма талдау әдісімен тізбелеген.

Абай өлеңіңде кездесетін мұң мен зар болса, ол бұрынғы зардың сарқыты емес, өз жүрегіндегі сырын айтқан сыршылдықтың сарыны. Бұл да Абай өлеңдеріндегі жаңа түрдің бірі...

Абайдан басталған сол реализмнің сарыны қазақ әдебиетінде осы күнге шейін жол болып келе жатыр. Рас, бұл жолда кейде бір ағым күшейіп, кейде жалпақ жарысқа ұқсап, бытырандылық күшейіп жүрген мезгілдер бар. Бірақ негізгі сарынға келгенде қазақ өмірінде тез боламын деген әдіске, айласына келгенде, қазақ әдебиеті Абай салған жолдан көп ұзап кете қойған жоқ [64].

Бүгінгі көзқарас пен М.Әуезов айтқан тұжырым екеуі-екі ұдай. Мұқаңның 1927 жылы жарық көрген еңбегінде Абайдың қара сөздеріндегі пәлсапалық ой-түйіндерге арқасын кең салып талдау жасамауының сыры - М.Әуезовтың кеңестік үкіметтің тегеуірінен тасалануы. Олай болса, М.Әуезов тек жұмбақтау әдісімен Абайдың негізгі данышпандық ой-түйіндерін әдеби қисынның әдістерінің көрінісінде сипаттап тұр. Біздер осы бір терең жұмбақтың бетін ашып, оқырман қауымға М.Әуезов айта алмай кеткен рационалды ой-түйіндерін адақтап беруіміздің өзі ұрпақ алдындағы жауапты міндетіміз.

Бұл ойды филология ғылымдарының докторы, профессор М. Мырзахметов өз еңбектерінде терең ашып, талдап, жіліктеп береді. Соның дәлелі ретінде мына бір пікірге көңіл қойсақ: «Әдебиетке жаңа бағытты алып келген Абай шығармаларының өзекті арқауы болған шығармашылық әдісі қалай болды деген аса күрделі теориялық сұрауға М. Әуезов дер кезінде ғылыми дұрыс байлам жасай білді. Отызыншы жылдардың басыңда-ақ Абай шығармаларының қол артқан жемісі сыншыл реализмде жатқанын ғылыми тұрғыда тани отырып:

«Абай өлеңіңдегі беттеген бағыт, құлаққа естілген сарын ненің сарыны екені байқалады... Ғалымның бұл жаңа тылсымына тірек болған нәрсе, әрине Абайдың бүкіл саналы өмірі отаршылардың қазақ еліндегі ел билеу жүйесіне өздерінің таптық мүддесі тұрғысынан ендірген «Жаңа низам» ережесінен территориялық принципке негізделген саясатты үстемдік еткен кезде өтіп, оның әлуметтік зардаптарды ұғына алуында жатты» [65].

М.Мырзахметов М.Әуезовтың 70-жылдардағы Абай шығармашылығына берген бағасына жаңа көзқарас танытқан. Ал бұл көзкарастың өзі де соңғы еместігін Ел Президентінің баяндамасынан байқадық. Аңғарғанымыз: Абай Құнанбайұлы шығармашылығы өзгермейді, ал көзқарастар уақыт пен кеңістік талабына сай құбылып отырады.

Абай шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі деген тұжырымнан зерттеу еңек жоқтың қасы десек те, оның маңына жақындаған ғалымдар баршылық. Соның бірі ретіңде тағы да Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты М. Мырзахметовтың құнды ой-тұжырымын бағамдап көрейік;

«Абай ойының өзекті желісі - «толық адам». Абай қазақ даласына жүректің культін көтеріп мадақтағанда ол ұғымға өз тарапынан айрықша гуманистік астар беріп, адамзат баласының бойында ұялаған ең асыл қасиеттері: мейрім, рахым, әділет, шариғат, ар-ұят атаулының қайнар көзі, құтты мекені ретінде қарауымен дараланады /255 б/.

Абай 38-сөзінде жәуанмәртлікке байланысты әлуметтік топтарды жіктеуі ақын поэзиясында да белгі берді /256 б/.

Осы әлеуметтік топтардың жәуанмәртлікке тән үш сипаты (ақыл, әділет, рахым) танып білуде белгілі мағына бар... Абай өзінің гуманистік дүниетанымында өзекті орын алған толық адам жайлы басты ойлы өлеңдері мен қарасөздерінде желілі түрде мадақталатын жүректің культі жайлы танымдарымен бірлікте беріп отырған. Осы ойларындағы адамшылық желісінің құяр арнасы 38-сөзде молынан әңгімеленетін жалпы мораль философиясына соғып толық түрде баяндалады десе болғандай» [66].

Абай Құнанбайұлы адам жайлы түсінік қана емес, мұнда тән, тән емес жан, тән, жан, сезім және тән, жан, сезім, мағына жайлы ой толғаған. Дидактика тәрбие мен меңгерудің нақты нысанасы десек, аталған тұжырым - кешегі пайғамбарымыз Мұхаммедтің ғылыми қондырмасы. Олай болса, Абай Құнанбайұлының шығармаларының өзі - адам болмысын дамытарлық жүйе. Бұл жүйе - өлендері мен қара сөздерінің қосындысы. Жүйе тек тұтастай қабылдануға тиісті.

Осындай талап-мүддені ескеріп, Абай шығармашылығын алгоритмдеп, педагогикалық технология қағидасымен тұтастық үрдісте талдады. Оның үлгісі (Е.Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999. Қазақтың Ы.Алтынсарин атындағы Білім академиясының Баспа Кабинеті, 48-76 бет) жарық көрген еңбекте берілген.

Берілген алгоритм Абай Құнанбайұлының пәлсапалық танымын айқындайды. Бұл пәлсапалық танымның барар жері не? Ол - ғылым жиюдың әдіс-амалдары. Нысанасы. Міне, бұны біз Абай Құнанбайұлы шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі демекпіз. Дана да ақылман ақынның дидактикасының пәлсапалық негізін 38 қара сөзінен жан-жақты байқаймыз. Ол үшін 38 қара сөзіне талдау жасайық. Кеңестік дәуірде Абайды Аллаға жуықтатудан кез-келген зерттеуші бойын аулақ салды. Осы дағды әлі де болсын белең алуда. Табиғаттың өзін, оның билеуші құдіретін шартты тұрғыда орыс ғалымдары «Бог», «Вселенная Сила» деп алса, біздер «Құдай», «Алла» деп атаймыз. Міне, осы танымды Абайдың 38 қара сөзінен аңғарамыз. Бұл сөздегі басым рөлдегі Құдірет-Алла. Оны автор тайсалмай ашық жазады:

- Жақсы сезім, махаббат, ықылас, адамдық, ақыл, ғылым аспан әлемінен күш-қуат алуға тетік ашады;

- Бала бірден ғылымға-білімге үйір емес, алдаумен үйір қылу керек,... өзі іздегенге дейін, махаббатпен көксерлік;..

- Сонан соң Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, табыс тауып, қызығушылық..;

- Ол үшін баланы қиянатшыл қылма;

- Қиянатшыл болса талапқа да, ғылымға да, ұстазға да, иманға да қиянат келтіреді;

- Бұл қиянатшылдар - жарым адам, жарым мұсылман;

- Алланың сөзі-хақиқат жолы (Қожа Ахмет Иасауимен үндес); - Хақиқат, растық-қиянаттың дұшпаны;

- Ғылым-Алланың бірсипаты, ал хақиқат оған ғашықтық, өзі де хақлық һәм адамдық дүр;

- Мал, мақтан, ғиззат- хұрмет адамды өзі іздеп тапса, адамдықты бұзбайды, һәм көрініс болады;

- Сен иман келтірмесең де Алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Я өзің үшін иман келтірсең, иә имандық пайдаланамын десең, пайда береді, кәміл иман болады;

- Пайданы қалайша алуды білмек керек;

- Алланың құлы ретінде өзіңді ұста, өз пиғылыңды соған өз халінше ұқсатуға шарт қыл;

- Ол үшін Алла тағаланың сипаттарын: Хаят (тірі болу), Ғылым, Құдірет (күш), Басар (көру) Сәмиг (есту), Ирада (есту), Кәлам (сөйлеу), Тәкин (болдыру) қабыл ал, меңгер;.

- Алла тағала өлшеусіз, біздің ақылымыз өлшеулі;

- Біз Алла тағала «бір» дейміз, «бар» демеклік те-ғақылымызға ұғымның бір тиянағы үшін айтылған сөз. Болмаса ол «бір» демеклік те Алла тағалаға лайықты келмейді... Ол «бір» деген сөз ғаламның ішінде, ғалам Алла тағаланың ішінде.

- Ықтиярсыздық Алла тағалаға лайықты емес;

- Алла тағалада болған құдірет- ғылым һәм рақымет;

- Алла тағаланың сегіз сипатының ішіндегі рахман (жарылқаушы), рахим (мейрімді) ғафур (кешіруші), уадуд (сүюші), хафиз (қорғаушы), сәттар (айыпты жабушы), разақ (қызық беруші);

- Алла адамды хайуаннан гөрі сүйкімді қылып, махаббатпен жаратқан; (гузәл сипатты беріп, екі аяққа бастырып, басын жоғары тұрғызып, дүниені көздерлік қылып, өзге хайуандар секілді тамақты өз басымен алғызбай, ыңғайлы екі қолды басқа қызмет еттіріп, аузына қолы ас бергенде не ішіп, не жегенін білмей қалмасын деп, исін алып ләззаттанғаңдай қылып ауыз үстіне мұрынды қойып...) [67];

- Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың қарыз емес пе?

- Табиғаттың адамзат үшін байлығы;

- Алланың пеңделеріне салған жолы: жақсылық-жәрдем, пайғамбардың ізгі сөзі, егер сен Алланы сүйсең, о да сені сүйеді;

- Ынсап, ұят, әділеттен шығады;

- Әділет, шапағаттан босанбаңдар;

- Ғылым, рақым, әділеттің шарты- ыжаһат, талап;

- Жәуапмәрттік (жақсы адам) үш сипаттан тұрады: сиддық (шындық), кәрім (ізгілік), ғадит (даналық);

- Бұның өзі адамның шамасына орай болады;

- Шын ниетімен бәрін реттеп отыруы керек;

- Үш хасләттің иелері алдымен пайғамбарлар, әулиелер, хакимдер, кәміл мұсылмандар;

Пеңделіктің кәмәләті әулиелік бірлән болатұғын болса, күллі адам тәркі дүние болып һу деп тариқатқа (дін жолы) кірсе, дүние ойран болса керек. Бұлай болғанда, малды кім бағады, дұшпанды кім тоқтатады, киімді кім тоқиды, астықты кім егеді, дүниедегі Алланың пенделері үшін жаратқан казыналарын кім іздейді?

- Ғұмыр өзі-хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, оңда кәмалат жоқ;

- Әулиелердің бәрі тәркі дүние емес еді (безген емес);

- Құдай тағаланың затына пендесінің ақылы жетпесе, дәл сондай ғашықпын демек те орынсыз;

- Дүниедегі бүкіл ләззат бұларға екінші мәртебеде қалып, бір ғана хақты таппақ, әрбір нәрсенің себебін таппақ бірлән ләззаттанады;

- Әрбір ғалым хаким емес - әрбір хаким-ғалым;

- Адам ұғлы өмірінің сырына жетсе де дінің хақ мағрифатына (77) жете алмағандар;

- Бұл заманның моллалары хаким атына дұшпан болады, бұлары білімсіздік, бәлки бұзық фиғыл;

- Олардың шәкірттерінің көбі біраз арап-парсыдан тіл үйренсе, бірлі-жарым болымсыз сөз бахас үйренсе, соған мәз болып, өзіне өзгешелік беремін деп әуре болып, жұртқа пайдасы тимек түгіл, түрлі-бүрлі зарарлар хасил қылады. Мақтанменен хауымды адастырып бітіреді;

- Бұлар тіршілік дүниеде надан бір ессіз адам болып шығады да, харакетке лайығы жоқ болған соң, адам алдауға, адам аулауға салынды;

- Біз ғылымды сатып, мал іздемек емеспіз... Өнер- өзі де мал, өнерді үйренбек-өзі де ихсан.. бұл замананың ишандарына бек сақ болыңдар. Олар - фитнә (бүліншілік) ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды... Өздері хүкім шариғатты таза білмейді, көбі надан болады... Бұлардың сүйенгені надандар, сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиығы менен шалмалары, онан басқа ешнәрсе жоқ;

- Ғаламнан жиылсын, маған құйылсын, отырған орныма құйыла берсін деген ол не деген ынсап? Не түрлі болса да, я дүниенңен, я ақылыңнан, не малыңнан ғадылат, шапағат секілді біреулерге тигізбек мақсатың болса, ол жол - құдайдың жолы. Ол нихаһаятсыз (шек, шама) жолға аяғыңды ниһаятсыз құдайға тақырып хасил (жақындық табу) болып хас (нағыз) езгу құлдарынан болмақ үміті бар, өзге жолда не үміт бар?;

- Өзін-өзі базарға салып, бір ақылы көзіндегі ақымақтарға «бәрекелді» дегізбек. Сыртқа қасиет бітпейді, Алла тағала қарайтұғын қалыбыңа, боямасыз ықыласыңа қасиет береді;

- Өзін-өзі артық көрсетпек екі түрлі! Әуелгісі әрбір жаманшылықтан бойын жимактық, бұл адамға нұр болады. Екінші өзін-өзі өзгешелікпен артық көрсетпек адамдықтың нұрын, гүлін бұзады. Үшіншісі - қастық қылмақ, қор тұтпақ, кемітпек. Олар дұшпандық шақырады һәм өзгеше боламын демектің түбі мақтан;

- Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі надаңдық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі- залымдық.

Надандық - білім, ғылымның жоқтығы.. білімсіздік- хайуаңдық болады. Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік - бәрі осыдан шығады. Залымдық - адам баласының дұшпаны;

- Белгілі, Құдай тағала ешбір нәрсені хикметсіз жаратпады...

- Иман... тағат жоқ болса күңгірттенеді, бәлки сөну қаупі бар деген;

- Мақсат күзетілген нәрсенің амандығы, тазалығы емес пе?

- һәм көзге көрінбейтін ағзаларымды да пәк етемін, бұл пәктіктің үстіне Аллаға дұға (намаздың аты салауат, салауат дұға мағаныналарда) айтамын деп әзірленесіз;

-.... Яғни Алла тағаладан не тілеп дұға қылдыңыз, ол дұға қазынасы күллі мұсылмандарды ортақтастырып, оларға да сәламәттілік тілеп һәм рақымет тілеп бітірсіз.

Алгоритмге салынған Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзіндегі пәлсапалық пайымдар-дидактиканың негізі. Бұл әр субьектінің филология ілімінен өзіне қажетті құндылықтарды саралап алуына толық мүмкіңдігі барын аңғартады. Бұрынғы түсінігімізде білім беру үрдісі тек ұстаздың үлесі деп қарайтын едік. Бүгінгі нарықтық қоғам талабымен бағамдасақ, білім беру де, оны меңгеру де тұтас жүйесімен кез-келген субьектінің харакеті болып отыр. Еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін тіршілік болмысында тән менен жанын және рухын үнемі дамыта алу үдесінен шығуы үшін көзге көріне бермейтін ишараларды жасауға дағдыланып, ғарышпен байланыс арқылы өзінің кем-кетігі мен қуатын еселеп отыру дағдысы ұштала түсуі көзделеді. Міне, бұл амал- Алланың хақиқат жолы. Аллаға иман келтіру Абай тілімен айтсақ, ішкі ойдың пәктігі, іңкәрлігі, тазалығы. Ол тазалық намаз ишарасымен, яғни зікір салу рәсімімен кемелденіп отырмақ. Аңғарғанымыз, мұсылман дінін дәріптеу емес, осы мұсылман дінінің ішкі мазмұн-құрылымындағы ғылымның заңдылықтарын бернелеуге талпынғандық әрекетті түсінеміз. Міне, біз осы еңбегіміз арқылы Абай Құнанбайұлының 38- қара сөзіндегі Адамның күш-қуатының таусылмас көзі - өзінің мақсат-мүддесіне жету жолындағы сенімнің жүрекке ұялауының мәністерін тізбелеп, сипаттайтын тұстарына технологиялық талдаулар жасадық. Философ ақынның адамзаттың бойындағы ашылуға тиісті тетіктердің кәмалаттық, мағрифаттық, пайғамбарлық дәрежеге дейін даму үрдістерін айқындап беру шеберлігін қызықтап қою деңгейінде қалмай, ол қағидаларды әр адамның өзіне меншіктей алу мүмкіндігі барлығына мойынсынуына ниет етуі көзделеді.

«Алла» деген ұғымды талдаудың қажеті жоқ. Оның барлығын сараптауға Абай тілімен айтсақ, адамзаттың танымы шектеулі. Бірақ, тіршілікті физика заңдылығымен байқасақ, тепе-теңдікте ұстап тұрған бір құдіреттің барлығына ешкім шүбә келтірмесе керек. Міне, осы құдірет әр адамның өз көшірмесі іспетті. Әр адам өзінің іс-қимылын компьютерге жазылып отырғандай сезгенде, адалдықтың жылы лебінен нұр шапағаты төгілері сөзсіз. «Нұр» деген ұғым - әр адамның хайуаннан дараланар сипатының бастауы осы адалдық жолға түсіп, сенімін ұяты мен арына бағындырады. Ойымыздың түйіні Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзімен түйіскенде ғана шындық кемесіне мінеріміз хақ. Тәннің сұранымын кішірейтіп, нәпсіні тыйып, жан мен рухқа ғарыштан қуат жия білгенде, Адам «Адам» деген асыл атаққа лайықты өмір сүрмек.

Абай - діндегі барлық шарттарды сол қалпында ала салып, насихаттау әрекетінен бойын аулақ ұстаған данышпан. Керек десеңіз, оларға сынмен қарап, дүмше молдалардың білімі мен ғылымының саяздығы мен мұсылман дінінің мәртебесіне нұсқан келтіргендігіне мән беруін назарға ұстаған абзал. Сол себепті надан мен толыққанды адамның пішіндерін, қайшылықты синтез ретінде қосақтап, салыстыру амалы арқылы сипаттап отырады.

Жоғарыда сипатталған қорытынды пайымдарымыздың ең негізгісі не? Ол «Жалаң дидактиканың негізгі пәлсапалық ой-тұжырымдарынсыз бірден әдістердің, педагогикалық технологиялардың құрылым-жүйесін меңгердім» деген сенім, бұндай сенім ешбір нәтижеге бағдарлауы мүмкін емес. Иә, адамның бірнеше әдістерді де, амалдарды (технологияларды) да занды тұрғыда меңгеріп, оны шебер білуі ықтимал. Бірақ, құр сыртқы жүйені игеру әрекетімен түпкілікті мақсат-мұратқа түбегейлі, тыңғылықты жету қиын-ақ. Сол себепті оқыту қисынында, әсіресе филология аспектісінде «Кімнің шығармашылығы?», «Онда қандай дидактиканың пәлсапалық негізі бар?» «Тыңдарманға бұл қажет пе?», «Қажет болса, оны ол қалай қабылдар екен?», «Мүмкіндігіне қарай қабылдау әдістерін қалай жеткізсем?» т.б. толып жатқан сауалдарға жауапты сол нысана мен автордың жанрлық сарынына үндестікте сұрыптап алу іскерлігі - бәрінен бірінші мәселе.

 







Дата добавления: 2015-06-15; просмотров: 690. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Пункты решения командира взвода на организацию боя. уяснение полученной задачи; оценка обстановки; принятие решения; проведение рекогносцировки; отдача боевого приказа; организация взаимодействия...

Что такое пропорции? Это соотношение частей целого между собой. Что может являться частями в образе или в луке...

Растягивание костей и хрящей. Данные способы применимы в случае закрытых зон роста. Врачи-хирурги выяснили...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.016 сек.) русская версия | украинская версия