Пікір-таласқа арналған тақырыптар мен сұрақтар
Бұл жұмыс түрі топпен бірге жұмыс жасай білу, ұжымдық жұмыстың ерекшелігін түсіндіреді. Топпен бірге жұмыс жасағанда келесі шарттарды есте ұстау қажет:
Келесі тақырыптарды оқытушымен бірге таңдап, семинар сабақтарында өткізуге болады. АДАМ ҚҰҚЫҒЫ - Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтарды қорғау мәселелері
- Жеке құқықтар мен бостандықтар
- Білім мәселелері
- Тоталитарлық қоғамдағы адам құқығы 1. Тоталитарлық режим адам құқығын қорғауға қалай қарайды? 2. Бостандық пен теңдік ұғымдары бұл қоғамда қалай сәйкес келеді? 3. Көркем және тарихи әдебиеттерден мысалдар келтіріңіздер, оларға анализ жасаңыздар. 4. Тұлғаның толық қанды өмір сүруі үшін не маңызды: мемлекеттің рұқсаты ма, әлде өзін еркін сезіну ме? Тоталитаризм жағдайында адам еркін бола алады ма? - Адамның құқығы мен бостандығын қорғаудағы өкіметтік емес ұйымдардың орны
ЖАСТАР МӘСЕЛЕЛЕРІ - СПИД пен наркомания мәселелерін шешудегі жастар қоғалыстарының ролі
- Мемлекет және жастар: алыстық немесе достастық? 1. Республика жастарының негізгі мәселелері қандай? 2. Жастарға мемлекет тарапынан көмек қажет пе? 3. Жастарға қатысты мемлекеттің саясаты бар ма? 4. Бұл саясатты қандай мемлекеттік органдар жүргізеді? 5. Бұл саясат қаншалықты тиімді? 6. Жастар билікпен бірге жұмыс жасауға дайын ба? 7. Бұл достастыққа кедергілер болуы мүмкін бе? - Жастар мәдениеті: руханисыздық немесе өзін өзі көрсету еркіндігі 1. Жастарға мәдениеттің қандай түрлері ұнайды? 2. Жастар мәдениеті деген ерекше мәдениет түрі бола алады ма? 3. Жастар мәдениетінің негізгі ерекшеліктері. 4. Жастар мәдениетін рухани жағынан жұрдай деп айтуға болады ма? 5. Кейбіреулер жастар мәдениет бұхаралық мәдениеттің ең жаман түрі деп қарайды. Сіз онымен келісесіз бе? 6. Жастар мәдениетінің деңгейін қалай көтеруге болады? ДЕМОКРАТИЯ: МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН КЕЛІСПЕУШІЛІКТЕР 1. Қазақстандағы демократиялық құрылысқа өту кезеңдері. 2. ТМД – дағы ұлтаралық келіспеушілік мәселелері. 3. Жаңа діндер мен секталардың таралуы. 4. Қалыптасқан саяси мәдениеттің Қазақстандағы демократияға әсері. 5. Саяси келіспеушілік: қалай шешуге болады және қоғамдағы келісімді қалай сақтауға болады? 6. Сайлау: саяси текетірес пе, әлде өркениетті үдеріс пе? 7. Сайлауалды үгіт-насихат: барлық әдістер адал ма? 8. Үкімет және оппозиция: диалог мүмкін бе?
Презентация мен жоба бойынша жұмыс істеуде қажет біліктер: - әртүрлі ақпараттардан керектіні, негізгіні таба білу; - мәліметтерді салыстыру және жинақтай білу; - деректерге сыни сараптама жасау және фактіден субъективті пікірді ажырата білу; - логикалық ойлай білу; - қорытынды жасай білу; Бұл жұмыс түрінде тек ауызша сөз сөйлеу ғана емес, сонымен бірге, қабырға газеттерін, пресс-релиз, аудио-видео құрылғылар, значоктар, рәміздер қолдануға болады
|