ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1. Қазіргі адамның қажеттілігін және сонымен бірге талап-тілегін орындауға жағдай жасайтын не? А) Қоғам; В) Саясат; С) Саяси мәдениет; Д) Партия; Е) Демократия. 2. Жасырынған сөзді табыңыз: «.... құлы болған жағдайда ғана адам еркін бола алады» Цицерон. А) Мемлекеттің; В) Заңның; С) Халықтың; Д) Құқықтың; Е) Демократияның. 3. Демократия толқындары туралы айтқанда қандай негізгі идея бағыт бола алады? А) Мемлекеттердің болашағы – демократиялық дамуға тығыз байланысты; В) Демократияның басты жетістігі – оның дамыған саяси жүйе екендігі; С) Демократияның басты кемшілігі – оның дамымаған саяси жүйе екендігі; Д) Демократия – қазіргі таңдағы ең тиімді басқару түрі; Е) Демократия – қазіргі таңдағы ең қауіпті басқару түрі. 4. Парадигма ұғымын ХХ ғасырдың 20-жылдарында ғылыми әдебиетке алғаш енгізген американ философы -... А) Л. Фон Борталанфи; В) Г. Кун; С) Т. Парсонс; Д) Д. Истон; Е) Г. Алмонд. 5. Қоғамның саяси жүйесі «...........» және «..........» жағдайында жұмыс жасайды. 6. Саяси билікті жүзеге асыруға жағдай жасайтын саяси механизмдер және институттар жиынтығы қалай аталады? А) Саяси режим; В) Саяси жүйе; С) Саяси үрдіс; Д) Саяси мәдениет; Е) Мемлекет. 7. «Саясат – қоғамдағы құндылықтарды билік арқылы реттеу» Авторы кім? А) Д. Истон; В) А. Бирс; С) В. И. Ленин; Д) К. Фримен; Е) Г. Лассуэл. 8. Бихевиоризмнің негізін қалаушы кім? А) Р. Михельс; В) М. Вебер; С) Ш. Л. Монтескье; Д) Г. Алмонд; Е) Г. Лассуэл. 9. Саяси ілім тарихында алғаш рет қай ойшыл мемлекеттік басқару түрлерін жіктеді? А) Сиддартха Гаутама; В) Конфуций; С) Лао-цзы; Д) Платон; Е) Аристотель. 10. Ж. Ж. Руссоның пікірінше адами құндылықтар тек не пайда болғаннан кейін қалыптасқан? А) Мемлекет; В) Саясат; С) Демократия; Д) Билік; Е) Қоғам. 11. Ең алғаш қай ойшыл адамгершілікті саясаттан бөліп қарастырған? А) Ф. Аквинский; В) Әбу Насыр Әл-Фараби; С) Н. Макиавелли; Д) Абай; Е) Ж.Ж. Руссо. 12. Динамикалық саяси тұрақтылық нені білдіреді? А) Мемлекеттің маңыздылығын; В) Халықтың маңыздылығын; С) Мемлекет пен халықтың бірлігін; Д) Демократияның маңыздылығын; Е) Қоғамның үздіксіз дамуын. 13. Экстрозаңды тұрақсыздық қай тарапта пайда болады? А) Сыртқы саясатта; В) Ішкі саясатта; С) Сайлау кезінде; Д) Соғыс кезінде; Е) Реформа кезінде. 14. Қоғамда қандай саяси режим екенін қандай параметрлер арқылы анықтауға болдады? А) Билік үшін күрес, саясатқа көпшіліктің қатысуы және саяси құндылықтар; В) Билік үшін күрес, саяси идеология және плюрализм; С) Билік үшін күрес, саяси жүйе және саяси үрдіс түрі; Д) Билік үшін күрес, сөз бостандығы және азаматтық қоғам жағдайы; Е) Билік үшін күрес, сайлау және адамның құқығы мен бостандығы. 15. «Демократияның үшінші толқыны» тұжырымдамасының авторы кім? А) Ә. Кекілбаев; В) Н. Ә. Назарбаев; С) А. де Токвиль; Д) С. Хантингтон; Е) К. Хаусхофер; 16. ҚР Президентінің 2005 жылғы Халыққа Жолдауында көтерген ерекше идея не? А) «Демокартия біздің даму жолымыз емес, мақсатымыз»; В) Қазақстанның Орталық Азия барысына айналуы; С) Орталық Азия ұйымын құру; Д) Мемлекетке қауіп тудыратын терроризммен, экстремизммен және наркотрафикпен күрес; Е) Жастарға байланысты «Жасыл ел» бағдарламасын құру. 17. Төмендегі көрсетілген нұсқалардың қайсысы саясаттанудың қызметіне жатпайды? А) Гносеологиялық; В) Саяси жүйені рационализациялау; С) Танымдық қызметі; Д) Саяси әлеуметтендіру; Е) Болжам жасау қызметі. 18. Тоталитаризмнің негізгі түрлері: А) Коммунизм, социализм; В) Коммунизм, фашизм, диктатура; С) Коммунизм, фашизм, национал-социализм; Д) Фашизм, социализм, сталинизм; Е) Фашизм, национал-социализм, сталинизм. 19. Саясаттану қай ғылымдар жүйесіне жатады? А) Гуманитарлық; В) Қоғамдық; С) Жаратылыстану; Д) Халықаралық; Е) Жас ғылым. 20. Билік пен саясатты ерекше рух (күш) жаратқан деп түсіндіретін қай парадигма? А) Әлеуметтік; В) Рухани; С) Теологиялық; Д) Геосаяси; Е) Психологиялық. 21. Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайы мен оның саясатқа әсер етуін зерттейтін әдіс қалай аталады? А) Әлеуметтанулық; В) Антропологиялық; С) Психологиялық; Д) Салыстырмалы; Е) Бихевиористтік. 22. Қазақстанда саясаттану қай жылдан бастап оқытыла бастады? А) 1989 ж.; В) 1990 ж.; С) 1991 ж.; Д) 1992 ж.; Е) 1993 ж.; 23. Билік дегеніміз не? А) Әсер ету; В) Ықпал ету; С) Мәжбүр ету; Д) Пайдалану; Е) Қорғау. 24. Биліктің объектісі мен субъектісі қай жағдайда орын ауыстырады? А) Билік ауысқанда; В) Саяси шешімдер қабылданғанда; С) Саяси режим ауысқанда; Д) Демократия кезінде; Е) Ешқашанда 25. Ежелгі Үндістанда еркін еңбекшілерді қалай атаған? А) Шудралар; В) Кшатрийлер; С) Вайшийлер; Д) Брахмандар; Е) Ведалар. 26. Анархизмнің негізін қалаған кім? А) Сиддхартха Гаутама; В) Конфуций; С) Лао-цзы; Д) Платон; Е) Аристотель. 27. Ф. Аквинский құқықты қандай түрлерге бөлген? А) Позитивті, діни, саяси; В) Позитивті, мәңгілік, діни; С) Позитивті, мәңгілік, табиғи; Д) Мәңгілік, табиғи, қоғамдық; Е) Қоғамдық, саяси, табиғи. 28. Ең алғаш қай ойшыл мемлекеттік биліктің тармақтарын көрсеткен? А) Дж. Локк; В) Н. Макиавелли; С) Т. Гоббс; Д) Ж.Ж. Руссо; Е) Ш. Л. Монтескье. 29. Саясатты бір жағынан әділеттілік деп, екінші жағынан келіспеушілік деп атаған ойшылды табыңыз. А) К. Фримен; В) А. Бирс; С) Г. Моска; Д) М. Дюверже; Е) Н. Макиавелли. 30. Демократия гректің........... және........... сөздерінен шыққан. 31. Қоғамның барлық салаларын толығымен қамтамасыз етіп, билік жүргізеді... А) Тоталитаризм; В) Авторитаризм; С) Демократия; Д) Монархия; Е) Діни мемлекет. 32. Элитаның басты ерекшеліктері -... А) Байлық, билік, танымалдық; В) Байлық, билік, білімділік; С) Билік, танымалдық, білімділік; Д) Билік, байлық, көсемділік; Е) Даналық, байлық, билік. 33. Саяси себептермен жеке адамдарды, көпшілікті қорқыту, жазалау мақсаттарындағы қылмыстық әрекет -... А) Экстремизм; В) Соғыс; С) Терроризм; Д) Революция; Е) Трайбализм. 34........... – көп ұлтты мемлекетте аз ұлт өкілдерінің бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия құруға ұмтылуы. 35. Мемлекеттің негізгі қызметі заңның үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған түрі: А) Құқықтық мемлекет; В) Әлеуметтік мемлекет; С) Конституциялық монархия; Д) Республика; Е) Демократиялық мемлекет. 36. Мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығы қалай аталады? А) Халықаралық қатынастар; В) Халықаралық саясат; С) Әлемдік саясат; Д) Жаһандастыру; Е) Әлемдік даму. 37. Өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты......................... деп атаймыз. 38. Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің, соған бейімделудің негізгі төрт қыры бары сізге мәлім. Төмендегі нұсқалардан сол қырларға жатпайтын нұсқаны табыңыз. А) Құрылымдық бейімделу; В) Азаматтық; С) Саяси қатынасу; Д) Жаңашыл адам; Е) Қазіргі адам. 39. Дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келу қалай аталады? А) Компромисс; В) Келісім; С) Мәмілелік; Д) Консенсус; Е) Татуласу. 40. Бөлік деген қай саяси терминнің негізінде жатыр? А) Партия; В) Бихевиоризм; С) Парламент; Д) Плюрализм; Е) Автономия. 41. ҚР мемлекеттік билік механизмдерін тарату жүйесінде Маслихатты қай билік тармағына жатқызамыз. А) Заң шығарушы; В) Атқарушы; С) Сот; Д) Жергілікті басқару органы; Е) Сайлаушы орган. 42. Саяси режим, саяси жүйе және саяси үрдіс – үшеуінің арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз. 43. «Тоталитаризм» терминін саясатқа енгізген кім? А) И. Сталин; В) А. Гитлер; С) Б. Муссолини; Д) Х. Арендт; Е) К. Маркс. 44. Қазақстандағы саяси партиялар ресми түрде тіркелуі үшін міндетті қанша мүшесі болуы қажет. А) Электораттың 50 % болуы керек; В) 5 мың мүшесі болуы керек; С) 50 мың мүшесі болуы керек; Д) 500 мың мүшесі болуы керек; Е) Мүшелерінің нақты саны болуы міндетті емес. 45. Мәжіліске депутаттар қай сайлау жүйесі бойынша сайланады? А) Мажоритарлық сайлау жүйесі; В) Пропорционалды сайлау жүйесі; С) Салыстырмалы сайлау жүйесі; Д) Тікелей сайлау жүйесі; Е) Жанама сайлау жүйесі. 46. Геосаяси тұжырымның негізін қалаған кім? А) Ш. Л. Монтескье; В) Г. Моргентау; С) С. Хантингтон; Д) К. Хаусхофер; Е) Х. Маккиндер. 47. Идеологияның қай түрі бір этностық топтың террорлық және агрессиялық әрекеттер арқылы өз үстемдігін орнатуды көздейді? А) Национализм; В) Фашизм; С) Расизм; Д) Шовинизм; Е) Либерализм. 48. Сайлаушылардың дауыс беруден бас тартуы қалай аталады? А) Сепаратизм; В) Анархизм; С) Эклектизм; Д) Абсентеизм; Е) Популизм. 49. Егер сіз Президенттік постқа кандидат болып тіркелсеңіз бұл қандай сайлау құқығын пайдаланғаныңыз болып саналады? А) Тікелей сайлау; В) Жанама; С) Ашық сайлау құқығы; Д) Белсенді сайлау құқығы; Е) Енжар сайлау құқығы. 50. Қазіргі демократиялық елдердегі саяси көсемдерден қандай қасиеттерді ерекше талап етеді? А) Саяси білімі, басқару қабылеті және шешендігі; В) Сыртқы келбеті, шешендігі және биліктегі тәжірибесі; С) Саяси білімі, салмақтылығы және қарапайымдылығы; Д) Салмақтылығы, қарапайымдылығы және өткен өмірі; Е) Сыртқы келбеті, сымбаттылығы және шешендігі. 51. Мемлекеттің тар мағынада қолданылуы: А) Тұтас жүйе ретінде; В) Билік құрылымы ретінде; С) Мемлекет деген – халық; Д) Саяси институт; Е) Билік көзі ретінде. 52. Саяси партияның басты органы: А) Жарғы; В) Хартия; С) Конференция; Д) Электорат; Е) Бағдарлама. 53. Екі турлы сайлау жүйесі қалай аталады: А) Мажоритарлық; В) Пропорционалды; С) Абсолютті көпшілік; Д) Қатысты көпшілік; Е) Мәжіліс сайлауы. 54. Әдетке негізделген саяси көсемділік қалай аталады? А) Харизматикалық; В) Дәстүрлі; С) Заңды; Д) «Ту ұстаушы»; Е) «Қызметші». 55. Қоғамның екі тапқа бөлінуіне әсер еткен факторларды атаңыз. А) Еңбектің бөлінуі, көпшіліктің билікке қызықпауы, басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы; В) Көпшіліктің билікке қызықпауы, тұлғалық қасиет, меншіктің пайда болуы; С) Басқарушы қызметтің статусының жоғары болуы, меншіктің пайда болуы, еңбектің бөлінуі; Д) Барлық жауаптар дұрыс; Е) Барлық жауаптар дұрыс емес. 56. Саяси мәдениеттің негізгі элементтерінің бірі -... А) Саяси пікір; В) Саяси әлеуметтену; С) Саяси ой; Д) Саяси ілім; Е) Маргиналдық. 57. Саяси партия қайсының элементі? А) Азаматтық қоғамның; В) Мемлекеттің; С) Саяси жүйенің; Д) Парламенттің; Е) Саяси биліктің. 58. Азаматтық қоғам неге негізделеді? А) Демократияға; В) Конституцияға; С) Құқықтық мемлекетке; Д) Жариялылыққа; Е) Сөз бостандығына. 59. Сайлаудың негізгі кезеңдері: А) Кандидатттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, дауыс беру; В) Кандидаттарды тіркеу, үгіт-насихат жүргізу, сайлау; С) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, дауысты есептеу; Д) Сайлау кампанияларын құру, сайлау науқаны, сайлау қорытындысын шығару; Е) Сайлау науқаны, дауыс беру, сайлау қорытындысын шығару. 60. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады? А) Демократияның; В) Плюрализмнің; С) Жарнаманың; Д) Дауыс берудің; Е) Анархияның. 61. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер? А) Саясаттанушылар; В) Саяси мәдениетті зерттеушілер; С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер; Д) Саяси жүйені зерттеушілер; Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер. 62. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады? А) Демократия; В) Сайлау; С) Референдум; Д) Плюрализм; Е) Плебисцит. 63. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады? А) Танымдық; В) Реттеушілік; С) Тәрбиелік; Д) Біріктірушілік; Е) Қорғау. 64. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған? А) К. Мангейм; В) Д. Истон; С) Г. Алмонд; Д) С. Верба; Е) Л. Пай. 65. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр? А) Либерализм; В) Тоталитаризм; С) Фашизм; Д) Коммунизм; Е) Социализм. 66. Заң жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр? А) Де-юре; В) Де-факто; С) Абсентизм; Д) Хартия; Е) Эклектизм. 67. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады? А) Геосаясат; В) Либерализм; С) Жаһандастыру; Д) Анархия; Е) Тәуелсіздік. 68. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр? А) Демократияға; В) Конституцияға; С) Құқықтық мемлекетке; Д) Жариялылыққа; Е) Сөз бостандығына. 69. Халықаралық терроризммен күресетін негізгі ұйым... А) Хартия; В) Идеологиялық ұйым; С) Интерпол; Д) БҰҰ; Е) Революция. 70. Мемлекетті құдай жаратты деген қай тұжырымдаманың негізгі идеясы? А) Патриархалды; В) Қоғамдық келісім; С) Зорлық-зомбылық; Д) Теологиялық. 71. Азаматтық қоғамның негізгі белгілерінің бірі – А) Жариялылық; В) Сөз бостандығы; С) Сайлаудың болуы; Д) Билік көзі – халықта. 72. ҚР туындағы күн белгісі қандай мағына береді? 73. Адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгеру үрдісі қалай аталды? А) Саяси мәдениет; В) Саяси әлеуметтену; С) Саяси дәстүр; Д) Саяси идеология. 74. Халықтың саяси билікке сенімсіздікпен қарауы қай саяси мәдениеттің түріне жатады? А) Патриархалды; В) Енжар; С) Азаматтық; Д) Белсенді. 75. Саяси элитаның құндылықты тұжырымдамасының негізін қалаушы кім? А) Р. Миллс; В) Х. Ортега-и-Гассет; С) Г. Моска; Д) Р. Мертон. 76. Табиғат берген дарын деген мағына қай терминге келеді? А) Лидерлік; В) Элита; С) Харизма; Д) Көсем. 77. Терроризм деген қандай мағына береді? А) Күштеу; В) Қорқыту; С) Соғысу; Д) Қаталдық. 78. Маркстың еңбегін атаңыз. А) «Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық әдіс»; В) «Позитивті саясат жүйесі»; С) «Протестанттық этика және капитализм рухы»; Д) «Ғылыми, саяси және философиялық тәжірибелер»; Е) «Капитал». 79. Мақсатқа жету үшін қолданатын айла-тәсілдердің жиынтығы -... А) Экономика; В) Саясат; С) Қоғам; Д) Билік; Е) Басқару. 80. Белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдениет және т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелердің бірлестігі А) Ассамблея; В) Альянс; С) Ассоциация; Д) Партия; Е) Корпорация; 81. Жеке адамдардың тәртібін талдауға негізделген әдістемелік бағыт -... А) Эксперимент; В) Статистика; С) Бихевиоризм; Д) Доктрина; Е) Теория. 82. Азаматтардың мүддесіне нұқсан келтіріп, шендікке негізделген құбылыс. А) Бихевиоризм; В) Буржуазия; С) Билік; Д) Басқару; Е) Бюрократизм. 83. Әлеуметтік сатылық ұғымды көрсететін термин -... А) Стратификация; В) Иерархия; С) Статус; Д) Теңсіздік; Е) Жіктелу. 84. Белгілі бір себептерге байланысты қоғамның әлеуметтік тобына немесе табына кірмей қалған адамдар қалай аталады? А) Люмпендер; В) Кедейлер; С) Маргиналдар; Д) Қайыршылар; Е) Байлар. 85. Электорат деген не? 86. 50%+1 деген қай сайлау жүйесінің критерийі, ол қандай мағына береді? 87. Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз қандай мағына береді? 88. Ақыл-парасаттылық легитимдік деген не? А) Жеке тұлғалық қасиетке негізделген легитимдік; В) Сенімге, идеяға негізделген легитимдік; С) Заңға негізделген легитимдік; Д) Билікке негізделген легитимдік; Е) Келісімге негізделген легитимдік. 89. Монархия дегеніміз не? А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі; В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі; С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі; Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі; Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі. 90. Унитарлық мемлекет дегеніміз не? А) Мемлекет билік органдарының сайлануын қамтамасыз ететін мемлекет түрі; В) Мемлекеттік билік бір адамның қолында және ол мұрагерлік жолмен ауысуын қамтамасыз ететін мемлекет түрі; С) Қарапайым құрылымымен және бір Конституциясымен ерекшеленетін мемлекет түрі; Д) Құрамына кіретін территориялық бірліктердің өз еркіндігін білдіретін, бірақ өз беттерінсіз одан шығуға құқығы жоқтығын білдіретін мемлекет түрі; Е) Қоғамдағы адамдардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ететін мемлекет түрі. 91. Ежелгі Грецияда «қатты айқайлау» деген сөз ненің мәнін ашады? А) Демократияның; В) Плюрализмнің; С) Жарнаманың; Д) Дауыс берудің; Е) Анархияның. 92. Д. Истон мен Г. Алмонд деген кімдер? А) Саясаттанушылар; В) Саяси мәдениетті зерттеушілер; С) Саяси мәдениетті түрлерге бөлушілер; Д) Саяси жүйені зерттеушілер; Е) Саяси жүйені түрлерге бөлушілер. 93. Қарапайым халық және шешім деген қай терминнің мағынасын ашады? А) Демократия; В) Сайлау; С) Референдум; Д) Плюрализм; Е) Плебисцит. 94. Саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету саяси мәдениеттің қай қызметіне жатады? А) Танымдық; В) Реттеушілік; С) Тәрбиелік; Д) Біріктірушілік; Е) Қорғау. 95. «Идеологияның ақыры» тезисін кім алғаш қолданған? А) К. Мангейм; В) Д. Истон; С) Г. Алмонд; Д) С. Верба; Е) Л. Пай. 96. Бірлестік деген ұғым қай терминнің негізінде жатыр? А) Либерализм; В) Тоталитаризм; С) Фашизм; Д) Коммунизм; Е) Социализм. 97. Іс жүзінде деген қай терминнің негізінде жатыр? А) Де-юре; В) Де-факто; С) Абсентизм; Д) Хартия; Е) Эклектизм. 98. Адамдардың теңдігін, еркіндігін және еш шектеусіз бір-бірімен араласа алуын білдіретін идеология қалай аталады? А) Геосаясат; В) Либерализм; С) Жаһандастыру; Д) Анархия; Е) Тәуелсіздік. 99. Ұлттық мүдденің негізінде не жатыр? А) Демократияға; В) Конституцияға; С) Құқықтық мемлекетке; Д) Жариялылыққа; Е) Сөз бостандығына.
|