Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

артаюдың морфофизиологиялық сипаттамасы




Қартаю - жастық өзгерістердің заңды құбылысы болып табылады. Қартаю құбылыстары ертеден басталады және ағзаның қызмет ету мүмкіншілігін бірте-бірте қысқартады.

Ағза денесінде қартаю белгілері әр түрлі құрылым деңгейлерде байқалады: молекулалық, жасушалык, ұлпалық, жүйелік және ағзалық. Ағзалық деңгейде картаю өзгерістері алдымен сыртқы белгілерден байқалады: дене пішіні, отыруы өзгереді, дене көлемі азаяды, шаштары ағарады, түседі; терінің созылғыштық касиеті жойылып, әжімдер пайда болады. Ағзаның көру және есту қабілеті нашарлайды, есте сақтауы төмендейді.

Қартаю кезеңінде адам ағзасының барлық мүшелері мен мүшелер жүйесінде айтарлықтай өзгерістер байқалады.

50 жастан кейін адам терісінде тұракты өзгерістер - тыртықтар, мендер, сүйелдер, әжімдер пайда болады. Бұның негізгі себебі осы кезде тері асты май кабаты бірте-бірте жұкарып жойылады. Бұл терінің құрғақтануына, оның иілімділігінің төмендеуіне алып келеді.

Ас корыту жүйесінде мынадай өзгерістер байқалады - тістер босап, қаусап түсе бастайды, ас қорыту сөлдерінің бөлінуі азаяды.

40 жастан өткеннен кейін артерия қан қысымы жоғарылайды, қан тамырлар кабырғасына холестерин сіңіп жинакталып, оның иілімділігі төмеңдейді.

Кәрілік кезенде бүйректің фильтрациялау қарқыны азаяды.

40 жастан өткеннен кейін өкпенің тіршілік сыйымдылығы азаяды. Бұлшықеттер босап, оның тіршілік күші төмендейді, осының нәтижесінде адам тез шаршайтын болады.

Ішкі секреция бездерінің қызметінде де айтарлықтай өзгерістер байқалады - кейбір бездердің қызметі төмендеп, гормондарды аз мөлшерде бөліп шығарады, мысалы жыныс бездері, қалқанша безі, бүйрек үсті безі т.с.с, ал кейбіреулерінің қызметі керісінше жоғарылайды, мысалы гипофиз.

Жас ұлғайған сайын ағзаның иммундық реакциясы өзгереді, гуморальдық және жасушалык иммунитет төмендейді.

Жүйке жасушаларының көбейе алмайтындығын ескерсек, жас ұлғайған сайын олардың саны бірте-бірте азаятындығы өздігінен-ақ түсінікті. Мысалы, 100 жылда мысықтың нейрондар саны 25 пайызға кеміген.

Кәрілік сатыда адамдардың барлык сезім мүшелерінің кызметтері төмендейді.

Ағзаның қартаю кезінде тұқым қуалаушылық аппараттың құрылысында да, қызметінде де өзгерістер болатыны анықталды. Мысалы, РНҚ, ДНҚ мөлшері азаяды, хроматин ақуызының физикалық-химиялық қасиеттері өзгереді, гистонды ақуыздар-дың ДНҚ молекуласымен байланысы қатая түседі, ал бұл көптеген гендерді активсіз күйге көшіреді, себебі олар транскрипциялана алмайды. Жасушалардың негізгі молекулалық генетикалык механизмдері - транскрипция, трансляция, ДНҚ репликациясы және репарациясы бұзылады.

Қартаю кезінде жасушалық деңгейдегі өзгерістер ішінен цитоплазмада судың азаюын,оның иондарды тасымалдау белсенділігінің өзгеруін атауға болады. Эндоплазмалық тор құрылысы өзгереді.

Ағзаның ескі жасушаларында бірқатар ферменттердің белсенділігі азаяды, цитоплазмада бос радикалдар жинақталады, осының салдарынан ассимиляция диссимиляция шығындарын толық өтей алмайды.

Ұзақ уақыт бойына герантологияда мынадай пікір айтылып келген: қартаю кезінде ағза қызметінің кері дамуы, яғни инволюциясы байқалады.

Жоғарыда келтірілген қартаю сипаттамалары шынында да осы пікірді растайды. Дегенмен көптеген гомеостаздық құбылыстар қартаю кезеңіңде шұғыл түрде өзгермейді. Сол сияқты барлық мүшелер бірдей өзгермейді, айталық бір мүшенің қызметі кәрілік сатысында төмендесе, екінші біреулерінің кызметі керісінше жоғарылайды, үшіншілерінің қызмет белсенділігі айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, бірінші типке жүректің жиырылуын, гормонардың белсенділігін, ішкі секреция бездерінің (қалқанша без, жыныс бездері) кызметін, көру, есту т.б.; екінші типке гипофиз қызметін, қандағы холестерин деңгейін, жасушалардың гуморальдық және химиялық факторларға сезімталдығын т.б.; үшінші типке қандағы қант деңгейін, эритроциттер мен лейкоциттер санын, гемоглобин мөлшерін т.б. жатқызуға болады.

Ағзаның әр түрлі мүшелері мен мүшелер жүйесіңде жастық өзгерістер онтогенездің әр түрлі кезеңдерінде бір мезгілде байқалмайды — оны гетерохрониялық қабілеті деп атайды. Мысалы, тимустың семуі 13-15 жаста басталса, аналық бездің қызметінің тоқталуы 48-52 жаста байқалады.

Жастық өзгерістер бір мүшенің әр түрлі құрамдық бөлімдерінде бірдей бола бермейді, мысалы мидың әр түрлі бөлімдерінде қартаю кұбылыстары бірдей болмайды — оны гетеротопия күбылысы деп атайды.

Ерте кездердегі герантологтердің пікірінше (Пархон) қартаю - емдеуге болатын ауру. Бірақ қартаю — ауру емес, ол онтогенездің заңды нәтижесі екенін естен шығармауымыз қажет. Адамдарда ерте қартаю белгісі — прогерия дейтін ауру екені белгілі. Бұл аурумен ауыратын адамдарда балалық шақтан бастап (мүмкін жыныстық жетілу шақга — 13—15 жаста) жасушаларда жедел қартаю кұбылыстары байқалады.

Олардың терісінде қыртыстар пайда болып, шаштары ағарады, көздері нашар көреді, тамырлардың атеросклерозасы т.б. дамиды, яғни 20 жасқа жетпей-ақ нағыз кәрі адамдарға тән қартаю құбылыстары дамиды. Тап осындай кұбылыс 2001 жылы Атырау облысының тұрғыны 9-10 жастағы Нұржан атты балада байқалған.

Әдебиеттер:

1. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы,2004

2. Әбилаев С.А. Молекулалық биология және генетика. Шымкент. 2008, 424 б.

3. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с.

4. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.

5. Медицинская биология и генетика/ Кулешова Г.Т.2007.

Бақылау сұрақтары:

1.Онтогенездің эмбриональды және постэмбриональды дамуының негізгі заңдылықтары қандай?

2.Адамның репродуктивті кезеңі қандай жас аралықтарына сәйкес келеді?

1. Ағзаның қартаю құбылысын зерттейтін ғылым?







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 923. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.003 сек.) русская версия | украинская версия