Студопедия — азіргі заманғы медициналық иммунология
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

азіргі заманғы медициналық иммунология






Иммунология – медико-биологиялық ғылымдардың ең маңыздыларының бірі және осы ғылым қолданыстағы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен үлес қосты. Көптеген жұқпалар түрлерін алдын алу үшін вакцина қолдану емі адамдарда АВО-антигендер жүйесін ескере отырып қан құюды қолдану жұқпалы және жұқпалы емес иммунология жетістіктері ғана жер шарында миллиондаған адамның өмірін өткен уақыт аралығында сақтап қалу үшін жеткілікті болар еді. Қазіргі уақытта иммунология – медицина мен биологияның тез дамып жатқан перспективті бағыты. Қазіргі кездегі иммунология даму сатысының негізгі ерекшелігі – оның жетістіктерін клиникалық тәжірибеге кең енгізу болып табылады.

Қазіргі заманғы иммунологияның негізі – иммунды генетика болып табылады, ол өз құрамына иммунды патологияны, трансплантациялық иммунологияны, қатерлі ісік иммунологиясы мен жұқпалы иммунологияны қосады. Осының келесі ғылыми фактілер дәлелдейді: мүшелер алмастыру кезінде мүшенің кері қайту серпілісі – генетикалық, кері қайту механизмі – иммунды; қатерлі ісік жасушаларының пайда болу себептері – қатерлі, ісіктің өсуі – иммунды, генетикалық механизмдер; жұқпалы микроорганизмдерге сезімталдық денгейінің себептері – генетикалық, ал инфекцияны жоятын және резистенттілік тудыратын механизмдер – иммунды үрдіс болып табылады.

Иммунологияның ең маңызды бағыттарының ішінде бірнеше мәселелер жатыр – ол арнайы иммунитеттің теориялық негіздері мен механизмдерін ашу, иммундық үрдістердің генетикалық детерминациясы, иммунды хабарлы жасушалардың, антиденелердің, басқа гуморалды факторларының және тағы басқа қосымша жүйелердің күрделі араласуына байланысты иммунитеттің реттелу, аутореттелу механизмдерін іздестіру.

Соңғы жылдары иммундық супрессия даму механизмдерін зерттеу қызығушылық танытуда. Қазіргі кезде иммунды супрессорлық белсенділік индуцибелді екені анықталған және ол қызметті Т-лимфоциттер субпопуляцияларымен қатар, басқа да жасушалар атқарады. Бұл, нәтижесінде, қазіргі кезде табиғи иммунды супрессияның гуморалды және жасушалық механизмдерін және олардың әртүрлі аурулар патогенезіндегі рөлін анықтауда барлық зерттеушілерге көп мүмкіншілік береді.

Иммунды генетиканың қазіргі жетістіктері, соның ішінде молекулалы-генетикалық іріктеу арқылы HLA жүйесінің жаңа гендерінің қызметтерін зерттеу, иммунды жауаптың қалыпты және патологиялы жағдайларында молекулалық бақылау негіздерін анықтауға мүмкіндік берді. Бүгін трансплантологияда трансплантат орнына өзінің бағаналы жасушаларын қолдану және кері қайту серпілісін реттеуші және иммунды депрессиялы әсер көрсететін реттегіш Т-лимфоциттер қолдану жолдары қарастырылуда.

Иммунологиялық тәжірибеде кең қолданысқа ие болған бағыт – әртүрлі рецепторларға моноклонды антиденелер және цитокиндер негізінде дайындалатын дәрілік препараттарды алу. Сонымен қатар, қазіргі кезде антицитокиндік белсенді препараттар да зерттеліп, дайындалып жатыр: цитокиндерге қарсы МКА, интерлейкиндерді кедергілеуші ерігіш рецепторлар, цитокиндермен алмасушы рецепторлық антагонисттер.

Иммунды биотехнология мен генді инженерия дамуы арқылы иммунды жауапты коррекциялау, сонымен қатар, фенотиптік және генотиптік иммунитетті стимулдау мен модификациялауға қажетті табиғи алуан түрлі биологиялық активті заттарды (БАЗ) өндіру мен құрастыруға арналған құбылыстар пайда болды. Қазіргі уақытта иммунология мен иммунопатологияда актуалды сұрақтарының шешілуі нақты, адекватты иммунологиялық әдістерге (радиоизотоптық талдау, ИФТ, ПТР-диагностикалау, т.б.) байланысты болыуда.

Сонымен қатар, глобалды экологияның иммунологиялық заңдылығы мен адам экологиясын зерттеулер де ерекше орын алады. Оған стресс, дистресс және адам мен жануар иммунитеті, аллергияның дамуы мен анықтауы, профессионалдық аллергендерден сақтау жолдары және гипосенсибилизация сұрақтары жатады.

Басты назарды ісіктер мен иммунопролиферативті аурулардың иммунды диагностикасы, иммунды профилактикасы және иммунды емдеуіне арналған зерттеулер алып отыр. Қазіргі кезде ісіктер емдеуінде кең жол – антицитокинді емге берілген. Мысалы, қатерлі ісіктерді емдеуде анти-ИЛ-10-моноклонды антиденелерді, ИЛ-2-ге арналған рецепторға моноклонды антиденелерді, ИЛ-5 рецепторының антагонисін қолданады.

Қазіргі заманғы иммунологияда иммунопрофилактиканы жетілдіру проблемалары маңызды орын алады. Гендік инженерия мен молекулалы технология негізінде жаңа, рекомбинантты вакциналар дайындалуда, сонымен қатар ДНҚ-вакциналар, антиидиотиптік вакциналар, гистосәйкестік гендерінің өнімдері бар вакциналар, микрокапсулалы вакциналар қолданылып жатыр. Болашақ вакцинологияның проблемасына ісіктерге қарсы вакциналарды өндіру жатады.

Қазіргі вакцинологияның маңызды мәселелерінің бірі – ісіктерге қарсы дендритті жасушаларға негізделген вакциналар даярлау болып табылды. Осындай вакциналар даярлау барысында обырды ғана емдеу емес, тағы басқа өкпе қабынуын және басқа ауруларды емдеуге жаңа мүмкіншіліктер ашылады.

Сонымен, қазіргі заманғы иммунологияда теориялық және практикалық жетістіктер кең орын тапқан. Иммунологияның әртүрлі бағыттағы ғылымға, әсіресе физико-химиялық биология мен биотехнологияға енуі, келешекте революциялық жетістіктерге жеткізетіні күмәнсіз.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 1728. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Словарная работа в детском саду Словарная работа в детском саду — это планомерное расширение активного словаря детей за счет незнакомых или трудных слов, которое идет одновременно с ознакомлением с окружающей действительностью, воспитанием правильного отношения к окружающему...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия