Студопедия — Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар






Мифология

Дін.

• Философия.

Ең алғашқы дүниетанымдық пікір мифология түрінде пайда болды. Мифологиямен бірге жазу мәдениеті пайда болды. Мифология негізінде дін дүниеге келді.

Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:

• Әлем, жер және адамның пайда болуы;

• Табиғи құбылыстарды ұғыну;

Мифтiң негiзгi қызметi - дүние қайдан пайда болғаның түсiндiру, этикалық және эстетикалық түсiнiктер арқылы белгiлi бiр мораль нормалары менқұндылықтар жүйесiн орнықтыру.(мыс.Сфинкс туралы миф табиғаттын құпиясын бiлдiредi; Кентаврлар-адамның хайуаннаң жаралғаның бiлдiредi, Прометей-оттың пайда болуы, Икар-аспанға ұшу ұмтылысын бiлдiредi, Сизиф-өмiрдiн мәнiң түсiну әрекетi.) Мифтердi тек ертегiлер,аңыздар деп түсiнген дұрыс емес, өйткенi миф бұл индивидтiң қоршаған әлемдi игеруi,адамдардың табюиғаттаң және әлеуметтiк ортадан болмыстан тәуелдiлiгi және мифтерде дiннiң, философияның, ғылымның бастамалары бар. Мифтердiң дiннең айырмашылығы сенiмге ғана емес, ақыл ойға да, парасаттылыққа да сүйену. Мифтер өздерiнiң мазмұнына қарайкосмогониялық-әлемнiң жаратылысы туралы, теогониялық-құдайлардын пайда болуы туралы, астрогониялық-планеталар мен жұлдыздар туралы, антропогендiк - адамның пайда болуы, этногендiк-рулар мен тайпалар туралы, эхатологиялық - ақрзаман, топан суы туралы, каһармандық т.б. болып тарайды. Сондықтан, мифология-адамдардың өздерiн қоршаған орта туралы түсiнiгiн тарихи, өздiгiнен долды деп сенетiн түрлi бейнелер, кейiпкерлер мен өқиғалар арқылы жеткiзуi деугеде болады. Мәселе шешу Мифтер мен мифологияны дүние таным ретiнде тек алғашқы қауымның даму денгейiмен байланыстырады. Ал,мифология рухани-практикалық феномен ретiнде қоғам дамуының басқа кезендерiнде де,әсересе қазырғы заманда өмiр сүредi деп айтуға болама (мыс. 20ғ. Д.Джойстың, Ф.Кафканың, Т.Манның, Ч.Айтматовтың т.б. әдеби шығармаларында дәстүрлi мифтер тек пайдалана ғана қоймай ерекше өзгертiлiп те қойған). Барлық діндер мифологияда кездесетін ертегі, аңыздарды пайдаланады. Ал дін нәрсенің себебін ашып көрсетпеді. Олар тек илануды талап етті. Философия дүниеге келген кезінен бастап мифологиямен қатар және онымен бірге діни түсініктерге қарсы күресте шыңдалып, дамыған. Егер дін мифологияны қабылдап, оның қағидаларын, аңыздарын бүтіндей қолдану негізінде қалыптасқан болса, философия ойлау, зерттеу, сын көзбен қарау негізінде дүниеге келді. Философия барлық ғылымдардан бұрын дүниеге келгендіктен, оны ғылымдардың ғылымы деп те атаған. Өйткені, ол кезде әлем туралы барлық алдыңғы қатарлы тұжырымдар мен пікірлер өз алдына ғылым ретінде дараланып, бөлінбеген соң, ол туралы пікірлерді философия өз бойына жинақтаған болатын. Сондықтан да философ әрі дана, әрі табиғатты зерттеуші, сынаушы, байқаушы ретінде бой көрсетті.

Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.

Дін мына мәселелерді қарастырады:

- Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;

- Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;

- Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.

Дiн- рухани мәдениеттiң бөлiгi,ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы,адамның танымнаң тыс күштердi мойындау және соған илану деп анықтауға болады (дiн-алғашқы қауымда пайда болды-тотемизм, фетишизм, анимизм; ұлттық, мемлекеттiкдiндер - индуизм, иудаизм; әлемдiк дiндер-буддизм, христиан, ислам). Дiн құлшылық жолындағылар мен Құдiрет арасындағы бiр байланыстың барлығына деген сенiмге негiзделедi және ол сенiм белгiлi бiр дiни iлiм түрiнде тұжырымдалып, тұрмыста дiни салттар мен ғұрыптар түрiнде көрiнiс тауып, арнаулы дiни институттармен атқарылады (шiркеу, мешiт, әр түрлi секталар т.б.). Алғашқы дiни жүйесi политеистiк болды-пантеон құдайларының болуы, кейiн мемлекеттiк билiктiн бiр ортаға жиналуымен байланысты монотеизм-бiр құдайға сену келедi. Философияның тарихында құдайдын бар екендiгiн дәлелдеуге сынақ жасағандар болды (А.Аврелий,Ф.Аквинский, И.Кант т.б.). Мұндай дәлелдiн төрт түрi белгiлi

1) космологиялық дәлел-осы әлем пайда болғаннан соң,оны бiреу жарату керек. Өмiр қайдан пайда болды

2) теологиялық-дүниеде барлығы мақсатқа,сәйкестiлiкке негiзделедi. Дүние қандай мақсатпен жаратылған

3) онтологиялық-адамдар құдайға сенген сон, құдай болу керек. Ендеше адамдар неге сенедi

4) этикалық-И.Кант құдайдың бар екенiң, не жоқ екенiң бiлуге болмайды деген. Адамдардың құдайдан қорыққаны тәртiп үшiн керек болды.

Философия (б.д.д. 6-5 ғғ)Үндiстанда, Қытайда, Мысырда, Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы, математигi Пифагор, ол оны «даналыққа құштарлық» деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi «құштарлық» белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, «өзге» үшiн «өзiңдi ұмыту», өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.. Сонымен, философияны «даналық» түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым «бiлiмнiң жоғары синтезi», белгiлi бiр нәрсе туралы «толық жетiлген бiлiм» деген мағынаны бiлдiредi. Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi). Философияның бастапқы негiздерi мифология, дiн және алғашқы ғылымдарда (математика, физика, астрономия,медицина) жатыр. Оның ерекшiлiктерi

1. Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.

2. Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай

3. Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).

4. Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.

Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті.

- космоцентризм;

- теоцентризм;

- антропоцентризм;

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия).

Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш – Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).

Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән).

Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:

Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.

Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.

Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.

Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.

Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.

Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.

Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:

- материализм;

- идеализм;

- эмпиризм;







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 3724. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия