Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Негізгі түсініктер: дүниетаным, философия, дін, мифология, идеализм, материализм, метафизика, диалектика





Философия пәні: ұғымы мен мазмұны

1. Философия туралы түсінік. Философия бүкіл ғылыми жүйелердің көкесі.

2. Философия пәні, құрылымы және атқаратын қызметі.

3. Дүниетаным және философия.

4. Қазіргі кезеңде философияның алатын орны.

Философия пәні. Философияның ежелгі грек ойшылдары дәуірінен бері «даналыққа құштарлық» деп анықталып келді. Платон «...геометрия ж\е басқа философиялар» деген сөздерінде философия ұғымын «ғылым» сөзінің мағынасына жақын қолданды. «Даналыққы құштарлық» деп аталатын философияда: «Құштарлық» белгілі нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңнен мойындауды ж\е басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, «өзге» үшін «өзіңді ұмыту», өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Философия дегеніміз адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма. Адамға қоршаған ортада бағдар жасауына, оны өзгертуге көмек беретін ғылым. Дүнитаным ғылым жетістіктері негізінде қалыптасады, қоғамның тарихи тәжірибесіне,оның мәдениетіне сүйенеді,әлеуметтік дамудың жеткен деңгейі мен өмір сүру тәртібін бейнелейді. Мұның бәрі білімнің ерекше жүйесі философияны қажет етеді. Дүниедегі өзінің орны туралы, жеке ж/е қоғамдық өмірдің мақсат мүдделері туралы,өзінің өмірлік ұстанымы мен іс-әрекеті туралы ойлана отырып адам белгілі бір ф/қ көзқарастар қалыптастырады.Өзінің мәдени деңгейіне байланысты,арнаулы ж/е жалпы білім дәрежесіне орай,әр түрлі өзара әнгімелесудің әсерімен ж/е бұқаралық ақпарат құралдары мен әдеби кітаптардан алынған мағлұматтарды жинақтай отырып,ол өзінің жеке өмірлік ф-н,жүйелі ж/е ғылыми негізделген болмаса да өз дүниетанымын қалыптастырады.Философиянық білімді жіктеуде көптеген әдіс тәсілдердің бар екендігін ескерткеніміз жөн. Мысалы, философиядағы ең кең танымалы – теориялық фил\сы ж\е практикалық фил\сы. 1 шісіне болмыс теориясы (онтология) мен таным, білім теориясы (гносеология) жатады. 2-ң өзегін, ең алдымен, этика құрайды, оған құқық фил\сы, тарих фил\сы ж\е т.б жатқызылуы мүмкін. Табиғат болмысына қатысты, ондағы «заттар» мен үрдістерге қатысты білімнің ерекше саласы – натурфилософия. Ал табиғаттағы адам болмысы,оның іс-әрекетіне қатысты ф/қ білім шеңберңнде натурфил\мен қатар ф/қ антропология,яғни техника ф/ясы мен ноосфера концепциясы қалыптасты ж/е өмір сүруде. Өз кезегінде бірнеше «әлемдерге» бөлінетін адамзат рухының болмысына қатысты философия мынадай салаларға бөлінеді: мысалы, дін фил, этика, эстетика, фил\лық герменевтика, жаратылысы жағынан фил\лық болып табылатын психология ж\е риторика, ғылым ф\сы ж\е де фил\лық антропология, онтология, гносеология. Философия болмыстың мәнін осылай игерумен адамның әлемге қатынасының мәнін ж\е ондағы адамдық мәнділік орнын танымен айналысады.

Философия рухани мәдениеттің ең көне және адамзат ілімінің жауапты бөлімі. Оның тарихы 25 – ғасырға созылады, философия ежелгі шығыс (үнді қытай) елдерінде пайда болып өзінің класикалық деңгейінде ежелгі Греция еліне жетті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде философия деген термен пайда болды, ғалымдардың ішінде өзін алғашқы философпын деп атаған грек математика ойшылы Пифагор (б.э.д 580 -500). Ал ғылымның ерекше саласы деп философия терминін енгізген Платон 428 -347. Философия грек тілінен аударғанда даналыққа құштарлық, ежелгі дәуірде даналық бұл асқақтық мәні бар құбылыс. Философияның негізгі тақырыбы дүние және адам туралы. Алғашқы философтар универсалды энциклопедист ғалымдар мысалы: Фалес 624 – 547ж. ол ірі математик геометрия негізін қалағн астраном гидротехник болған ол тек философия проблемасымен айлалыспаған сонымен қатар физика медицина математика техника логика т.б. Алғашқы философтар өздерінің еңбектерінде мынадай сұрақтарға жауап іздеді: дүниенің мәні неде, дүниенің құрлымы, құрылыс неде, дүние шектеулі ме, әлде шексіз бе, жақсылық пен жамандық деген не?

Ежелгі дәуірде күні бүгінге дейін дүниетанымдық сұрақтарды негіздеу дүниетенымның негізгі принциптерін қалыптастыру философияның кәсіби ісі. Философияның теориялық білімге және ерекшелігіне анықтаған философ ойшыл Аристотель б.э.д 384 – 322.

Философияның негізгі сұрағы дүниетанымдық сұрақтар 2000 ж. өтсе де философия пәні туралы түсінік үнемі өзгеруде бірақта ол өзінің тұрақты түсінікте ойлар ерекшеліктерін сақтап қалды. Дүниетаным адамның дүниеге қатынасы бұл жерде эмоциальдық психологиялық және интелектуалдық факторлерге байланысты.

Дүниетаным адамның тәртібі мен қызметінің принциптерімен анықталды оның идеялары мен моральдық нормалары әлеуметтік және саяси аринтацияларын қалыптастырады.

Адамзат дамуымен қатар философия да өз алдына дүниеге көзқарас ілім ретінде қалыптаса түсті. Сонымен қатар ол басқа ғылымдарға методологияляқ жол сілтейтін әдістемелік рөл де атқаруда.

Философия пайда болғаннан бастап дүниені тұтас және бірліктегі құбылыс деп қарастырады дүниенің тұтастығын оның заңдарымен байланыстырады. Философия табиғаттын даму заманының қоғам және ойлау проблемаларын зерттейді қолданыста мынадай философиялық категорияны пайдаланады. Болмыс, сана, қозғалыс, шексіздік т.б. Философия дүниенің мәні және адам туралы білім «Дүние және адам» қарым қатынастарын зеттейді осы тұста болмыс және ойлау физикалық және психикалық материалдық және идеалдық рух және табиғат объективтік және субъективтік, яғни философия универсалды ілім.

Философияның басқа пәндер арасындағы орны оның предметі мен атқаратын қызметтері арқылы айқындалады. Ол, бір жағынан, басқа пәндердің дүниетанымдық және методологиялық маңызы бар нәтижелерін жалпылайды, екінші жағынан, олар үшін дүниетанымдық және методологиялық негіздемелер қорытыңдылайды, сөйтіп арнайыланған ғылыми білімнің салаларына қойылатын міндеттерді шешудің негізгі стратегияларын және соларға қол жеткізудің тәсілдерін анықтауға, рационалды түрде ой елегінен өткізуге көмектеседі. Ең ақыры, философия, өмірлік-практикалық тәжірибенің, дүниені танымдық және құндылықтық игерудің неше түрлі формаларына сүйене отырып, өз ұғымдары мен принциптерінде өнегелік, діни, көркемдік, саяси, құқықтық, ғылыми-техникалық сана тудыратын дүниетанымдық идеяларды тасымалдайды (трансформациялайды). Философия, практикалық білімнің көп түрлі жүйелерін синтездей отырып, дүниенің ғылыми суретін қалыитастыруға қатынасады, іс-әрекеттін барлық формаларын интеграциялауды іске асырады, мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы ретінде көрінеді. Мәдени-тарихи дәуірдің өзіндік санасы бола отырып, философия қазіргі рухани ахуалда постиндустриалдық, техногендік өркениет салаларына деген жауапкершілік сананы жасақтауға ат салысады. Философия әртүрлі мәдени-рухани позициялардың өзара әрекеттесу процесінде келісімдік, консенсустік стратегияны жасауға үлес қосады. Ол қоғамдық жүйенің тұрақты да орнықты формасының мәдени үлгісін, ұлттық қауіпсіздікке және мәдени бірегейліктің таңдап алынған үлгілеріне қатер төндіретін деструктивтік әрекеттерге қарсы тұрудың стратегиясын жасақтауға қатынасады.

Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

• Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

• Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

• Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол

философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.

Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.

Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар.

Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.

Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.

Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің теориялық негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.

Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.

Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.

Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.

Егер дүниетаным ақиқат дүние дамуының объективті тенденциясының дамуын бейнелесе, адам ойлауының және қоғамның, табиғаттың заңдарын ғылыми тұрғыда тануға негізделсе, онда ол барлық адамзаттың қызығушылығының және ақиқатты өзгертудің күшті құралы болып табылады.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 7614. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Этапы и алгоритм решения педагогической задачи Технология решения педагогической задачи, так же как и любая другая педагогическая технология должна соответствовать критериям концептуальности, системности, эффективности и воспроизводимости...

Понятие и структура педагогической техники Педагогическая техника представляет собой важнейший инструмент педагогической технологии, поскольку обеспечивает учителю и воспитателю возможность добиться гармонии между содержанием профессиональной деятельности и ее внешним проявлением...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия