Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 2. ҚР конституциялық құқығының негіздері





2. Мақсаты:Мемлекеттің және қоғамның Негізгі Заңы ретіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясының түсінігі және мәнін ашу және түсіндіру.

3. Дәрістердің тезистері. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы – жетекші және әмбебап құқық саласы. Конституциялық құқытың түсінігі – қазіргі конституциялық құқықты, үкімет, басқару, өзін-өзі басқару органдарының жүйесін оқытатын заңи жетекші пәндерінің бірі ретінде. Конституциялық – құқықтық нормалар және олардың түрлері. Құқықтық институттар. «Конституциялық құқық», «мемлекеттік құқық», «жария құқық» түсініктерінің арақатынастары. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының пәні – Қазақстанның және оның қоғамының құрылымын анықтайтын мемлекеттік-құқықтық реалдар. Конституциялық құқықты реттейтін әдістер. Табиғи және позитивтік құқық конституциялық құқықтың қайнар көзі ретінде. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының жүйесі – оның пәнін құрайтын қоғамдық қатынастардың құрылымын айқындау.

Мемлекеттің және қоғамның Негізгі Заңы ретіндегі Қазақстан Республикасының Конституциясының түсінігі және мәні. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы, оның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы – Қазақстандағы көзқарастар мен ағымдардың, саяси процестердің, қоғамдық қатынастардың дамуының алғышартын және дәрежесін білдіретін саяси және идеологиялық құжат. Қазақстан Республикасының Конституциясының тұрақтылығы – заңдылық негізіндегі мемлекеттің, өкіметтің және құқықтық жүйенің қалыптасуының негізгі шарты ретінде. Қазақстан Республикасының Конституциясының негізгі белгілері және қағидалары, оны анықтайтын заңи құрылым. Конституцияның үстемдігі – қоғам заңының жоғарғы заңи күшінің негізгі қағидаларының бірі. Тікелей әрекет ету – 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясының саяси және тәжірибелік мәні бар негізгі құрылымы. Конституция нормаларының және халықаралық шарттардың және Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының қалыптасу кезеңдері, жетілдірілу және даму тенденциялары.

Жеке тұлғаның мәртебесі, жеке тұлға мен мемлекет, адам арасындағы қатынастардың табиғатын сипаттайтын конституциялық – құқықтық институт ретінде. Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі – адамның және азаматтардың еркіндіктері мен міндеттерінің, сонымен қатар заңды кепілдіктері және оларды жүзеге асыру құқықтарының жиынтығы ретінде. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізгі түрлері: жалпы (конституциялық) құқықтық мәртебе, жеке құқықтық мәртебе. Жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің жалпы қағидалары: адам мен азаматтың құқықтарының теңдігі, адамның құқықтарының және еркіндіктерінің иеліктен шығарылмайтындығы және абсолюттілігі; жеке тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерінің кепілдіктері.

Қазақстан Республикасындағы адам мен азаматтың конституциялық құқықтарының, еркіндіктерінің және міндеттерінің жүйесі. Адам мен азаматтың құқықтары мен еркіндіктерінің экономикалық, саяси, заңи және әлеуметтік кепілдіктері.

Азаматтылықтың жалпы сұрақтары. Азаматтылық азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынасты, тұлғаның мемлекетпен байланыстылығын және тиістілігін білдіретін түсінік ретінде. Қазақстан Республикасының азаматтылығының қағидалары: жалпы және арнайы. Жалпы қағидалар: заңдылық, тең құқықтылық, құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы. Арнайы қағидалар: біртұтас және тең азаматтылық, қос азаматтылық, азаматтылықты таңдау еркіндігі және бостандығы, «қан құқығы», «жер құқығы», «аумақтылық», мемлекеттің азаматтарды қорғау кепілділігі, өз азаматтарын шет мемлекеттерге бермеу және т.б.

Азаматтылықты алу және оның тоқтатылуы. Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы. Азаматтылыққа кіру, азаматтылықты қалпына келтіру, сақтау және одан шығу сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының түсінігі. Қазақстан Республикасы – егеменді, демократиялық құқықтық зайырлы және әлеуметтік мемлекет. Қазақстан Республикасының қызметінің негізгі қағидалары: қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, халық игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм мемлекет өміріндегі, маңызды сұрақтарды шешудің демократиялық әдістері.

Басқарудың республикалық нысаны. Қазақстан Республикасында президенттік басқару нысанының қалыптасу және даму кезеңдері: кеңестік-парламенттік республика (24.04.1990-20.07.1990); советтік-президенттік республика (20.11.1990-28.01.1993); жартылай президенттік республика (28.01.1993-05.09.1995); президенттің өкілеттілігі күшейтілген президенттік республика (30.08.1995 жылдан бастап қазіргі кезеңге дейін).

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымының зайырлы нысаны. Қазақстан Республикасының ұлттық-мемлекеттік нысанының негізгі белгілері: егемендік; аумақтық және мемлекеттік бірлік және біртұтастық; біртұтас құқықтық режим; мемлекеттік биліктің легитимдік органдарының жүйесі; біртұтас конституциялық-құқықтық жүйе; біртұтас азаматтылық; біртұтас несие – ақша жүйесімен біртұтас экономикалық кеңістік; абсолютті халықаралық құқықсубъектілік.

Мемлекеттің Басшысы және лауазымды тұлғасы ретіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық-құқықтық мәртебесі. Оның мемлекеттік билік жүйесіндегі орны және ролі.

Қазақстан Республикасының Парламентінің заң шығару функциясын жүзеге асыратын жоғарғы орган ретіндегі конституциялық – құқықтық мәртебесі.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық бақылау органы ретінде. Қазақстан Республикасында Конституциялық бақылау институтының қалыптасуы. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің өкілеттілігінің құқықтық негіздері.

Қазақстан Республикасының Сот билігінің конституциялық-құқықтық негіздері. Қазақстан Республикасының Сот билігі: билік бөлінісіндегі түсінігі, мәні және орны.

Жергілікті мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциялық-құқықтық негіздері. Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару органдарының жетілдірілуінің тенденциясы және перспективалары.

Қазақстан Республикасының сайлау құқығы: түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері. Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері. Қазақстан Республикасындағы сайлау процесін ұйымдастырудың құқықтық негіздері (сайлау мерзімін белгілеу; сайлаушылар тізімін құру; сайлау округтері; сайлау учаскелері; сайлау органдары; депутаттыққа кандидаттарды ұсыну және тіркеу; сайлау алдындағы үгіт; сайлауды қаржыландыру; дауыс беру тәртібі; дауысты есептеу; сайлау нәтижелері және оларды жариялау;).

4. Көрнекі материал: презентация

5. Әдебиет:

Негізгі әдебиет тізімі:

6. Оспанов К.И. Құқық негіздері – Алматы: Жеті Жарғы 2006;

7. Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К, Турлаев А.В., Мемлекеттік негіз және жетілген Қазақстан құқығы. Оқу құралы - Астана: ИКФ «Фолиант», 2000ж.;

8. Ибраева А.С., Ибраев Н.С. Мемлекет және құқық теориясы. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2001ж.;

9. Турлаев А.В. Құқық негіздері. – Карағанды: Басылым АРКО, 2004ж.;

10. Сапаргалиев Г.С. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері.– Алматы: Жеті Жарғы, 1999ж.

Қосымша әдебиет тізімі:

11. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың халыққа жолдаған үндеуі /Казахстанская правда. 19 ақпан 2005ж.;

6. Бақылау сұрақтары:

-Конституциялық құқытың түсінігі;

-Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылымының түсінігі;

-Сайлау жүйесінің түсінігі және түрлері.

 








Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 6008. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

ТРАНСПОРТНАЯ ИММОБИЛИЗАЦИЯ   Под транспортной иммобилизацией понимают мероприятия, направленные на обеспечение покоя в поврежденном участке тела и близлежащих к нему суставах на период перевозки пострадавшего в лечебное учреждение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия