Студопедия — Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыруға арналған тапсырмалар






Жазбаша қатынас

Мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір.

Диалог құру

Өнімді топтық қатынас

Мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айт.

Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары:

І. Әдістемелік іс - әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі

Ø Сабақтың мазмұны

Ø Оқу жағдайын ескеру

Ø Әдістемелік тәсілдерді қолдану

ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау

Ø Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)

Ø Сабақтың әр этапындағы оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау

Ø Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс – тәсілдерін таңдау.

ІІІ. Сабақты жүргізу.

Ø Әр сабақтағы баланың іс - әрекетін ұйымдастыру

Ø Оқушымен жанама қарым – қатынас

Ø Жұмыс барысын бақылау жұмысы

IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)

Ø Қойылған мақсатқа жету

Ø Тақырып бойынша өзгерістер енгізу

Ø Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс – тәжірибесінде қалай қолданады?

1) Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсендіәрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым – қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.

2) Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.

3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.

5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.

6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.

Протасова Галина Васильевна, дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқытудың мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешенінің директоры. Білімі жоғары. Педагогикалық институттың тарих-филология факультетін орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген.

1970 жылдан еңбек жолын бастайды. Жеті жылдан кейін мектеп басшысы болып ауысады. Осы кезеңде үш рет аудандық Кеңестің депутаты болып сайланды. Екі шақыруда халыққа білім беру және мәдениет комиссиясын басқарды. 1986 жылы Өскемен қаласында облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының директоры болып тағайындалып, бұл міндетін 14 жыл бойы атқарды. 1987 жылдан бастап облыстық әйелдер Кеңесін басқарады. Облыс білім беру жүйесінде жүргізген ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстары үшін «Қаз.ССР халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісімен, екі құрмет грамотасымен, сондай-ақ дарынды балалармен жұмыста қол жеткен табыстары үшін грамотамен марапатталған. 25 жылдан астам уақыт жоғары санатты мұғалім, «Мұғалім-әдіскер» атағына ие.

2001 жылы «Восток» дамыта оқытудың Аймақтық ғылыми-зерттеу орталығының директоры болып тағайындалды. Бұл орталыққа облыс Әкімінің 24.01.2005ж. №65 қаулысымен 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап дарынды балаларға арналған «Восток» дамыта оқытудың мамандандырылған ғылыми-зерттеу орталық-мектеп-кешені мәртебесі берілген болатын. Осында еңбек еткен жылдары «Қазақстанда дамыта білім беру: теориялық және практикалық зерттеу тәжірибесі» атты монография шығарылды (2003ж.), қазақ,орыс тілінде тәрбие беретін балабақшаларға арнап мектепке дейінгі білім берудің екі бағдарламасын әзірледі (2003ж.).

Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқытудың білім беру технологиясы. Дамыта оқыту технологиясының негізіне әрекеттік әдіс жатады. Бұл әдіс 12 жылдық жалпы орта білім берудің Концепциясында көрсетілген. Дамыта оқытудың негізгі әдісі болып оқу іс-әрекеті табылады, оның әрбір жас сатысына қарай өзіне тән түрлері болады: бастапқы білім беру сатысында – ұжымдық-бөлу, негізгіде – жобалық, жоғары мектепте – жекелей. Дамыта оқытуда бала өзін-өзі өзгертетін субъект болып қалыптаса отырып, өзінің қабілеттерін толығымен ашып, көрсете алады, өйткені нақты жүйе білім алу үшін қажетті құралды - оқи білу мүмкіндігін береді.

1. Оқыту мен тәрбиелеудің психология-педагогикалық шарттары, олардың арасында педагогтың жеке тұлғасы, оқытудың дифференциациясы, бала тұлғасын дамыту үшін ұсынылатын мүмкіндіктердің әртүрлілігі, мектепке дейінгі балалар мен мектеп оқушыларының сабақтан тыс әрекеттерінің өсуі ерекше көрінеді.

Қабілетті және дарынды балалармен жұмыс стратегиясын құру бойынша педагогтар әрекеттерін ғылыми-әдістемелік қолдау зертхана мамандарының педагогтарға көмек ретінде әдістемелік материалдар мен төмендегі мәселелер бойынша теориялық және практикалық семинар материалдарын жасау арқылы жүзеге асырылады:

· дарынды балалардың танымдық және тұлғалық даму ерекшеліктері;

· дарындылықтарды дамытудың психологиялық және педагогикалық шарттары;

· қабілетті және дарынды балаларды оқытудағы тұлғалық-бағдарлы әдістемені сапалы және санды өзгерту стратегиясын іске асыру;

· балалардың интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін дифференциациялау және жекешелендіру;

· мектепке дейінгі балалар мен оқушылардың креативтіліктерін дамыту;

· қабілетті және дарынды балалар үшін жекелей білім беру бағыттарын жасау;

· балалардың зерттеулік біліктерін дамытудағы жас ерекшеліктер мен заңдылықтар;

· мектепке дейінгі және мектептегі білім беру сатысында зерттеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру және іске асыру ерекшеліктері.

2005 жылы Орталықта «Дамыта оқыту жағдайында дарындылықты дамыту» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді,

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам, ғылым шешіп қойған, бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді.

Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген.

Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 4724. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия