Студопедия — Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы






Дәріс

1. Сын тұрғысынан ойлау кезеңдері

2. Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары

 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған сайын: Жекеден – жалпыға; Диференциялдыдан – сенімділікке; Интуициядан – логикалыққа; Бір преспективадан – көптеген преспективаға ойлары өсіп отырады

Бұл көрсеткіштерді өсіру үшін мынадай қабілеттерді қалыптастыра білу қажет

· Өз бетінше тұжырымға, қорытындыға келе білу;

· Ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдау;

· Проблеманы шеше білу;

· Пікірталасты жүзеге асыра білу

· Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының кезеңдері:

· Қызығушылықты ояту

· Мағынаны тану

· Ойтолғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты: 1.Тақырып туралы не білетіндігін анықтау; 2. Үйренушілік белсенділікке баулу;

Мағынаны тану кезеңінің мақсаты – оқушының өзі түсінген, қабылдаған білімін басшылыққа ала отырып, жұмыс жасауына көмектесу

Ой толғаныс кезеңінің мақсаты - күнделікті оқыту процесінде оқушылардың толғанысын ұйымдастыру;

- Өзіне, басқаға сын көзбен қарауға;

- Баға беруге үйрету

Сын тұрғысынан ойлаудың 100-ге жуық стратегиялары бар. Олардың ішінде жиі пайдаланылатындары мыналар:

• INSERT” стратегиясы;

• “ДЖИК СО” стратегиясы;

• Екі түрлі түсініктеме күнделігі;

• Еркін жазу;

• Вен диаграммасы т.б.

INSERT” стратегиясы оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Оқушыны тақырыппен танысыстыру барысында қолданылады.

INSERT” стратегиясы бойынша оқушыларға оқу, тақырып танысу барысында

V – “білемін”

— - “білмеймін”

+ - “мен үшін жаңалық”

-? – “мені таңқалдырады”

белгілерін қоя отырып оқу тапсырылады.

“ДЖИК СО” – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл стратегия мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанын есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптастырады, саналы тәртіп орналасады.

ЕКІ ТҮРЛІ ТҮСІНІКТЕМЕ КҮНДЕЛІГІоқушылардан дәптерді ортасынан екі бөлікке бөлу сұралады. Сол бөліктерді оқушылар тақырыпты оқу барысында толтырады.

§ Бөліктің он жағына мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар жазылады

§ Бөліктің сол жағына сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазылады

§ ЕРКІН ЖАЗУ – бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойы қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де білу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жызуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарын топ мүшелерімен таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымды оқуға болады.

§ ВЕНН ДИАГРАММАСЫ Мектеп мұғалімінің аталмыш жобамен жұмысқа дейінгі және кейінгі кезеңін салыстыру арқылы оқушының оқуға деген ынта-ықыласын арттырады

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалу шарт:

· Сын тұрғыснан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

· Оқушыға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

· Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

· Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекеттерін қолдау;

· Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

· Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сындарының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

· Сын тұрғысынан ойлауды бағалау;

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздік.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 4858. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

ОЧАГОВЫЕ ТЕНИ В ЛЕГКОМ Очаговыми легочными инфильтратами проявляют себя различные по этиологии заболевания, в основе которых лежит бронхо-нодулярный процесс, который при рентгенологическом исследовании дает очагового характера тень, размерами не более 1 см в диаметре...

Примеры решения типовых задач. Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2   Пример 1.Степень диссоциации уксусной кислоты в 0,1 М растворе равна 1,32∙10-2. Найдите константу диссоциации кислоты и значение рК. Решение. Подставим данные задачи в уравнение закона разбавления К = a2См/(1 –a) =...

Экспертная оценка как метод психологического исследования Экспертная оценка – диагностический метод измерения, с помощью которого качественные особенности психических явлений получают свое числовое выражение в форме количественных оценок...

Тактика действий нарядов полиции по предупреждению и пресечению правонарушений при проведении массовых мероприятий К особенностям проведения массовых мероприятий и факторам, влияющим на охрану общественного порядка и обеспечение общественной безопасности, можно отнести значительное количество субъектов, принимающих участие в их подготовке и проведении...

Тактические действия нарядов полиции по предупреждению и пресечению групповых нарушений общественного порядка и массовых беспорядков В целях предупреждения разрастания групповых нарушений общественного порядка (далееГНОП) в массовые беспорядки подразделения (наряды) полиции осуществляют следующие мероприятия...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия