№
|
| Жауап эталоны
|
-
| Дәрігер шақыру алдындағы науқас жүріс-тұрысын нақтылау
| Көңіл-күйі күрт төмендеді, ұйқысыздық, жылауықтық, әлсіздік, тітіркенгіштік пайда болды.
|
-
| Анамнез жинау
| Субъективті анамнестикалық мәліметтерін жинау.
|
-
| Ауру басталуын нақтылау
| Науқастың психикалық жағдайының өзгеруі неврологиялық симптомдар пайда болуымен сәйкес келеді.
|
-
| Аурудың ауырлық критерийін анықтау
| Өз ауруының ауырлығы, оның емделмейтіні туралы ойлар пайда болады. Осыған байланысты жақындарына масыл болатынын, сондықтан өмір сүргісі келмейтінін айтады.
|
-
| Науқастың сырт келбетін, мимикасын және жүріс-тұрысын, байланыс бар-жоқтығын психопатологиялық бағалау, қойылған сұрақтарға жауап беруін бағалау
| Науқастың жүріс-тұрысын, қойылған сұрақтарға реакциясы, орынға, уақытқа, тұлғалық бағдарын бақылау Психикалық жағдайдың сыртқы көріністерін талдау толық жүргізілді (мимикалық, сөйлеу, эмоциональды реакцияларын, науқастың вербальды қатынас дәрежесін ескеру).
|
-
| Психикалық жағдайын синдромалды бағалау
| Науқастың көңіл-күйін, сырт келбетін, мимикасын, сөйлеуін бағалау керек
|
-
| Шағымдарын және науқас әңгімесін жинау
| Шағымдарын және жазылатынына, аурудың қолайлы ағымына күмәнданатын әңгімелерін тыңдау.
|
-
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (психикалық бұзылыстың алғашқы белгілерінің басталуы)
| Бағалады:
МҚЖБ кейінгі психикалық бұзылыстар өзгеруінің және сомато-неврологиялық жағдайының нашарлауының алғашқы белгілерінің басталуы.
|
-
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (депрессивті синдром айқындылығы)
| Бағалады:
Өзгерген соматикалық және неврологиялық синдром фонында депрессивті синдром айқындылығы, оның ерекшеліктері (жылауықтық, әлсіздік, бас ауруы, гиперестезия).
|
-
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу
| Бағалады:
Көңіл күйі және жалпы жағдайы өзгерген науқасты түсіну дәрежесі, дәрігердің аурудың болжамы оң болатынына көндіруіне реакциясы.
|
-
| МҚЖБ кейінгі депрессивті (органикалық) бұзылысты негіздеу (МҚЖБ байланысы)
| Бағалады:
Депрессия құрылымындағы астеникалық бұзылыс басымдығы, МҚЖБ тығыз байланысы.
|
-
| Ажырату диагностикасы (обьективті мәліметтерді талдау)
| Науқастың көңіл-күйінің төмендеуі, жылауықтық, ұйқысыздық түріндегі психикалық жағдайының өзгеруі туралы медициналық қызметкердің обьективті мәліметтерін талдай отырып.
|
-
| Ажырату диагностикасы (жалпы қарау мәліметтерін бағалау)
| Жалпы қарау мәліметтерін, науқастың қарым-қатынасқа түсуін, мимикасын, көңіл-күйін, көңілсіздік, жылауықтық, тітіркенгіштік, әлсіздік, бас ауруы, ұйқысыздық, депрессивті ойлар, өзінің физикалық жағдайына көңіл аударғандығын бағалай отырып синдромалдық диагноз қойылады.
|
-
| Ажырату диагностикасы
| Органикалық депрессивті бұзылыс және көңіл-күйдің аффективті бұзылыстары кезіндегі депрессивті эпизод түрлерімен (МДП) ажырату диагностикасы жүргізіледі.
|
-
| Мүмкін болатын асқынулар
| Суицидальды ойлардың болуына байланысты суицидальды әрекеттер болуы мүмкін
|
-
| Науқасты жүргізу тактикасын дұрыс тағайындау
| 1. Науқас жүріс-тұрысын қатаң бақылау (суицидальды ойлар даму қаупі)
2. Рационалды калориялы тамақтану
|
-
| Тағайындалған препараттарды негіздеу
| 3. Науқастың жалпы жағдайын және МҚЖБ кейін дамыған астено-депрессивті синдром айқындылығын бағалай отырып.
|
-
| Науқасты кейінгі емдеу тактикасын дұрыс тағайындау
| 1. Ұйқысыздық және айқын үрей кезінде түнде реланиум ер-сін 2мл б/і енгізу
2. Антидепрессанттар қабылдау
3. Негізгі ауруды белсенді емдеу
4. Психиатр кеңесі
5. Невропатолог кеңесі
6. Психотерапевт кеңесі
·
|