Параграф 7. Кірістер мен шығыстарды есепке алу
55. Кіріс, егер субъект болашақ экономикалық пайданы алу ықтималы болса ғана мойындалады және осы пайдалар сенімді түрде өлшенеді. 56. Кіріс кез келген сауда және көтерме жеңілдіктерді ескере отырып, алынған немесе алуға жататын өтеудің әділ құны бойынша өлшенеді. Операциядан туындайтын кіріс сомасы сатушы мен сатып алушы немесе активті пайдаланушының арасындағы шартпен анықталады. 57. Тауарларды сатудан түскен кірісті мойындау критерийлері мыналар болып табылады: 1) Тауарларды иеленудің айтарлықтай тәуекелдері мен артықшылықтары сатушыдан сатып алушыға көшуі; 2) Сатушы одан әрі сатылған тауарды басқаруда қатыспайды және оны бақыламайды; 3) Кіріс сомасы сенімді бағаланады; 4) Мәмілеге байланысты экономикалық пайда сатып алушыға түсуі ықтималы да бар; 5) Мәмілеге байланысты шегілген немесе күтілетін шығындар сенімді бағаланады. 58. Қызмет көрсету, жұмыс орындау кезінде кіріс операцияның есепті кезеңге операцияның аяқталу сатысына көрсету жолымен танылады. Операцияның аяқталу сатысы орындалған жұмысты сенімді бағалауды қамтамасыз ететін тәсілмен анықталуы тиіс, атап айтқанда: орындалған жұмыс туралы есептер; көрсетілген қызметтердің, орындалған жұмыстардың жалпы көлемінен пайыз ретінде ұсынылған қызметтер; шеккен шығындардың жалпы күтілетін шығындарға тепе-тең ара қатынасы. Қызметтер көрсетуді ұйғаратын операцияның нәтижесі сенімді бағаланбаса, кіріс танылған өтелетін шығыстар сомасында ғана танылады. Шарт бойынша ақша қаражатын алу күтілмесе, шарт бойынша болған шығындар сол күні шығын ретінде танылады. 59. Агенттік қатынас кезінде, принципиал атынан (агент (өкіл) жеке немесе заңды тұлға атынан әрекет ететін) жиналған сомалар агенттің табысы болып табылмайды (оның қызметкері болып табылмайтын, басқа тұлғаның (принципиалдың) атынан оның тапсырмасы бойынша және қызығушылығы үшін басқа тұлғамен (принципиалмен) уәкілдік еткен жеке немесе заңды тұлға). Комиссиялық сыйақыны алуға жататын сома табыс болып табылады. 60. Қаржыландырудан түскен кірістерге мыналар: 1) сыйақылар бойынша кірістер, онда қаржы активтері бойынша кірістер алуға пайдалануға ақша қаражатын бергені үшін байланысты операциялар көрсетіледі; 2) дивидендтер бойынша кірістер, онда бағалы қағаздар жөніндегі алынған дивидендтер бойынша кірістер алуға байланысты операциялар көрсетіледі; 3) қаржы лизингінен түскен кірістер жатады. Қаржыландырудан түсетін кірістер, олар үшін жұмыс істелген кезеңде танылады. 61. Басқа кірістерге кірістердің мынадай түрлері: 1) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығарылуынан түсетін; 2) мемлекеттік субсидиялардан; 3) оң бағамдық айырмадан; 4) айыппұлдар, өсімақылар, шарттардың талаптарын бұзғаны үшін тұрақсыздық айыптары; 5) олар бойынша Азаматтық кодексте белгіленген қуыну мерзімі өткен кредиторлық берешек сомасы; 6) түгендеу кезінде айқындалған артық шыққан материалдық құндылықтар; 7) субъектіге келтірілген залалды өтеуге түскен түсімдер; 8) жалдаудан түскен кірістер; 9) өзгелер. 62. Шығыстар келешек кезеңдердің шығыстары және кезең шығыстары болып бөлінеді. Болашақ кезеңдердің шығыстарына (жолға қойылған шығыстар) кірістер алу мақсатында немесе болашақта кейінгі қызметті жүзеге асыру үшін есепті кезеңде субъектінің активтерді пайдалану жөніндегі шығыстары жатқызылады. Есептеу және сәйкес келу қағидаттарына сәйкес болашақ кезеңдердің шығыстары осы операция бойынша кірісті таныған сәтке дейін актив ретінде субъектінің балансында капиталданады және тиісті кіріс танылған кезеңде шығыстарға біркелкі есептен шығарылады. 63. Кезең шығыстары жүргізілген есепті кезеңде есептен шығарылады (есептен шығару құқығы меншік құқығы берілумен бірге басталатын дайын өнімді қоспағанда). 64. Шығыстар егер сенімді өлшенуі мүмкін активті азайтуға немесе міндеттемелерді арттыруға байланысты болашақ экономикалық пайданы азайту болса, пайда және шығындар туралы есепте танылады. Шығыстар, егер шығындар болашақ экономикалық пайда әкелмесе тез арада пайда және шығындар туралы есепте танылады. 65. Шығыс сондай-ақ өнімге кепілдік жөнінде міндеттемелер туындаған жағдайдағыдай активті танымай міндеттеме туындағанда пайда мен шығындар туралы есептен танылады. 66. Өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығыстар өзіне қорлар шығындарын қосады. Қорларды сату кезінде, берілген қорлардың баланстық құны шығын ретінде өдірілген өнім, жұмыс, қызметтер жасалған үшін табыс танылған мерзімде танылады. 67. Қызметкерлер сыйақысы бойынша шығыстар қызметкерлердің еңбек ақысын, төленетін демалыстар, сыйақылар, қызметкерлерге төлемақылар мен басқа да төлемдерді қосады. Еңбекті төлеу бойынша есептілік ведомосі 2-қосымшаға сәйкес жасалады. 68. Қаржыландыру бойынша шығындар сыйақылар бойынша шығындар мен қаржылық лизинг бойынша пайыздарды төлеу шығындарын қосады. Қаржыландыру бойынша шығындар субъект қарыздар қалай пайдаланылатындығына қарамастан, олар тартылған кезеңнің шығыстары ретінде таниды. 69. Басқа шығыстарға, әдеттегі қызметке қарамастан туындайтын басқа шығыстар жатады. Оларға мыналар: негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің шығарылуы бойынша шығыстар; бағамдық айырма бойынша шығыстар; үмітсіз талаптарды есептен шығару бойынша шығыстар; жалдау бойынша шығыстар және басқалар жатады. 70. Корпоративтік табыс салығы және бойынша жеке кәсіпкердің табыс салығы бойынша шығындар Қазақстан Республикасының салық заңнамасының; шарттары негізінде есептеледі.
|