X. Экономикалық тепе-теңдік және экономикалық өсу
Мақсаты: Экономикалық өсу ұғымының маңыздылығы, осы теорияның мәнін аша отырып, және оның циклдік дамумен байланысын анықтау. Экономикалық өсудің мәнін, типтерін және оларға әсер ететін факторлармен таныстыру. Сонымен қатар экономикалық өсудің теорияларымен танысу. Дәріс жоспары: 1.Макорэкономикалық тепе-теңдіктің түсінігі. 2. Макорэкономикалық баланстың бұзылуы. 3.Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіші, типтері мен факторлары. Дәріс тезистері: 1. Экономикалық теорияда экономикалық тепе-теңдіктің: жартылай, жалпы нарықтық және макроэкономикалық түрлері болады: - жартылай тепе-теңдік – рыноктағы бір затты сатудағы тепе теңдігі. Ол шапшаң, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бола ды. - жалпы нарықтық – жергілікті немесе аумақтық ірі рынокте гі тепе-теңдік. Ол қысқа және ұзақ мерзімді болады. - макроэкономикалық тепе-теңдік – жалпы ұлттық экономик дағы тепе-теңдік. Макроэкономикалық тепе-теңдік- бұл сұраныс пен ұсыныс, өндіріс пен тұтыну, ресурстар мен тұтыну арасындағы тепе-теңдік. Ол қысқымерзімді және ұзақмерзімді болады. Макроэкономикалық деңгейдегі экономикалық тепе-теңдікті зерттегендер: белгілі экономистер – Франсуа Кенэ, Карл Маркс, Леон Вальрас; Василий Леонтьев.Сонымен қатар, экономикалық тепе-теңдіктің классикалық және кейнсиандық моделдері болады. Классикалық моделдің авторы француз экономисі – Жан Батист Сэй. Оның ойынша, қоғам тек өндірушілерден тұрады және олар өз өнімдерін басқа зат сатып алу үшін сатады. Сөйтіп, табыс шығысқа тең (Т = Ш). Бірақта, нарықтық экономикада тұтынушылар саны өндірушілер санынан көп- табыс толық шығындалмайды. Кейнсиан моделі (ағылшын экономисі Джон Кейнс) бойынша «жинақтар инвестицияларға тең» (Ж = И). Ол жинақтар инвестициялар негізін құрайды деп дәлелдеді. Өндірістік және күрделі тауарлардың жалпы өндіруін нақты немесе инвестициялық сұраныс дейді.Инвестициялық сұраныс экономика жүйесіндегі маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Бұл моделдің мақсаты экономиканы тұрақты өсу жолына қою. 2. Дамып келе жатырған экономика тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып, ірі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешеді, сондықтан экономикалық теория «экономикалық өсу» теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді. Экономикалық өсу кеңейтілген өндірістің қызметіне байланысты: бұл сайынғы өндіріс құралы мен тұтыну өнімдерінен тұратын қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалы өсуі.Жыл сайынғы қоғамдық өнімнің көлемінің өсуі кеңейтілген өндірістің экстенсивті және интенсивті типтеріне байланысты. Экстенсивтік типте өнімнің шығаруын 2 есе арттыру үшін, өндіріс қоры мен жұмысшылардың санын 2 есе көбейту керек. Интенсивтік тип бойынша бұл нәтижеге бар еңбек күшімен өндіріс қорын дұрыс пайдалану арқылы жетеді. Қазіргі ҒТР жағдайында барлық индустриалды дамыған елдерде өндірістің интенсификацияландыруы арқылы, экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасқан.Экономикалық өсуге мынадай факторлар әсер етеді: - табиғи ресурстардың саны мен сапасы; - еңбек ресурстардың саны мен сапасы; - капитал ресурстары; - қолда бар технологиялар. Сонымен, экстенсивті өсудің экономикалық шектеулері болады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің таусылуы қоғамды интенсивті өсудің мүмкіндігін іздеуге итермелейді (техникалық прогресстің еңбекті, материалдарды, энергияны, қорларды үнемдеу түрлеріне көшу). Қоғамдағы экономикалық өсудің тауарлар мен қызметтердің жылдық көлемінің көбеюімен анықталады. Сондықтанда экономикалық өсудің көрсеткіштері болып жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө) мен жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө) және ұлттық табыс (Ұ.Т.) табылады. Мысалы, осы жылы Ж.Ұ.Ө - 210 млн. тенге құраса, алдынғы жылы - 200 млн. тенге болса, онда өсімі 10 млн. тенгеге немесе 5 % өскен. Көрнекіліктер: Әдебиеттер: 1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998. 2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет. 3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994. 4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002. 5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002. 6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. Экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет. 7. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований. Учебное пособие. Алматы, 2003 ж. Бақылау сұрақтары: 1.Экономикалық өсу дегеніміз не және экономикалық өсудің қандай типтері сізге белгілі? 2.Қазіргі экономикалық өсудің ерекшеліктері неде? 3.Экономикалық прогресстің қозғаушы күштері? 4.Макроэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы неде? 5.Сұраныстың шамадан тыс болуы қандай жағдайға әкеледі?
|