Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

IX. Ұлттық экономика жүйе ретінде





Мақсаты: Маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің, ұлттық есеп шоттар жүйесі көрсеткшітерінің көмегімен ұлттық экономиканы талдау сабақтың негізгі мақсаты болуы тиіс. Ұлттық байлық, ұлттық байлықтың құрамын анықтау.

Дәріс жоспары:

1.Ұлттық экономиканың құрылымы және көрсеткіштері.

2.Ұлттық байлық: мазмұны, құрылымы.

Дәріс тезистері:

1. Қоғамдық өндірістің экономикалық өсуі өнімдердің жылдық мөлшерінің көбеюінен көрінеді. Сондықтанда ұлттық экономиканың, экономикалық өсудің көрсеткіші болып – жалпы ұлттық өнім (ВНП) және жалпы ішкі өнім (ВВП) болып табылады.Ж.Ұ.Ө-экономикадағы жыл бойы өндірілген өнімнің нарықтық құны. Ж.Ұ.Ө-халық пен мекемелердің,өнеркәсібтің материалды және материалсыз өндірістегі табысының суммасы.Экономикалық өсу процентпен өлшенеді.

Экономикалық өсу дегеніміз- экономиканың алға басуы, оның әлеуметтік-экономикалық прогрессі.Ә-Э погресстің жалпы критериясы болып өндіруші күштердің өсу деңгейі есептеледі.Экономикалық прогресстің ең маңызды және жүргізуші күші болып өндіруші мен тұтынушы арасындағы карамақайшылықтар табылады.Тұтынушылар өндірісті итермелейді.Жылдан жылға жер бетінде адамның саны көбейіп,сұраныс өсіп келе жатыр.Сондықтан экономика қоғамның материалдық игіліктерін қанағаттандырып, осы сұрақтарды,проблемаларды шешуге тырысады.Қоғамның ресурстары шексіз емес,сондықтан экономикалық өсудің интенсивті түрі жағымды,өйткені материалдық игіліктердің өсуі -еңбектің өнімділігі,ҒТР прогрессі, өндірістің факторларының дұрыс пайдалануы арқылы жүзеге асырылады.. Ж.Ұ.Ө (ВНП)- барлық өндірілген тауарлар мен қызметтердің нарықтық бағасы.Ж.І.Ө (ВВП)- резидент деп аталатын барлық тауар мен қызмет өндірушілердің қосымша бағасының суммасы (Резидент-осы елдің территориясында тұрып жатқан азамат).

Т.Ұ.Ө(ЧНП)-экономиканың (мекеме,мемлекет)болашақта өндіріс мүмкіндіктерін қысқартпай тұтынатын өндірістің жылдық мөлшері.

Ұлттық табыс(НД)-халықтың өндіріске қатысу арқасындағы табыс өлшемі.

ҰТ –ты өндіріс факторына немесе ресурстарға әсер ететін баға деңгейі деп атауға болады.ҰТ –ты зерттеп, дәлелдеген ағылшын экономисі-У.Петти (17ғ-а).

Ұлттық есептеуіш жүйесі (СНС)-экономикалық ғылымның баланстық әдісінің даму бағыттарының бірі.Бұл әдісті зерттегендер-Д.Рикардо, Ф.Кенэ, Дж.Кейнс,К.Маркс.1929-1933 жылдары көп өндірісі дамыған елдерде болған

«Ұлы депрессия» атанған бүкіл әлемдік экономикалық кризис макроэкономикалық анализдің керектігін, ұлттық өнімнің құрылу факторларының зерттеуін, жұмыссыздық, инфляция, экономикалық өсу, ұлттық өндірістің көрсеткіштерін жобалаудың ұлттық есептеуіш жүйесі арқылы жасауға болатынын көрсетті. Ең бірінші рет Ұ.Е.Ж (СНС)1953жылы Б.Ұ.Ұ (ООН) статистика бөлімінде еңгізілді.1993жылы Б.Ұ.Ұ жаңа қаралған Ұ.Е.Ж енгізді.Ұ.Е.Ж –нің екі бөлімі бар-Табыс(Дебет) және Шығыс (Кредит).Сонымен ірі макроэкономикалық көрсеткіштер болып: Ұ.І.Ө,Ж.Ұ.Ө, және Ұ.Т табылады.

2.Ұлттық байлық-бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады.

Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а)негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә)айнамалы өндірістік қорлар;

б)материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в)айналым қор;

г)тұрғындар мүлкі;

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер,ормандар,сондай-ақ барланған табиғи ресурстар және олар натуралды түрде есептелінеді. Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген.Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды,оның ішінде 82 %-ауыл шаруашылығы жеріне жатады.

Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:

а)өндіріс құрал жабдығына (еңбек құрал-сайманы,шикізат,материал мен табиғи ресурстар)және т.б;

ә)тұтыну заттарына (тамақ,киім,тұрғын-жай және т.б.),ал өзінің туу тегіне қарай-қорланған еңбек өніміне (еңбек құрал-сайманына,шикізат,материал мен тұтыну құрал-жабдығы қорларына) және табиғи ресурстарға (жер,су байлығы,орман және т.б).Қоғам аса дамымаса,онда оның материалдық негізін табиғи байлықтар құрайды.

Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және табиғи ресурстар.

Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген табиғи байлықтарды қамтиды. Сондықтан ұлттық байлық құрамына тек зерттелген,ескерілген және өндіріс процесіне тартылған табиғи ресурстар қоры енеді-пайдалы қазбалар,орман,су,гидроэнергоресурстар мен жер көлемі және т.б.Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер,архитектуралық ежелгі құрылыстар,сурет галереясы,мұражай экспонаттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады.

Көрнекіліктер:

Әдебиеттер:

1. Әубакиров Я.А. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.

2. Әкімбеков С, Баймухаметова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Астана, 2002. 46 бет.

3. Жүнісов Б.А., Комягин И., Байжомартов Ү., Мәмбетов Ұ. Жалпы экономикалық теория. Алматы, 1994.

4. Осипова Г. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 2002.

5. Симкина А. Общая экономическая теория. П, 2002.

6. Мәуленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. экономикалық теория. Оқу құралы. 1-бөлім. Алматы, Экономика. 2004. 6 бет.

7. Аубакиров Я.А. Экономическая теория в условиях рыночных преобразований. Учебное пособие. Алматы, 2003 ж.

Бақылау сұрақтары:

1.Ұлттық экономиканың көрсеткіштерін атаңыз?

2.Қоғамдық өндірістің экономикалық үш көрсектіштерінің айырмашылығы неде? Жиынтық қоғамдық өнім, Ұлттық табыс және Жалпы ұлттық өнім.

 

 







Дата добавления: 2015-03-11; просмотров: 2296. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Стресс-лимитирующие факторы Поскольку в каждом реализующем факторе общего адаптацион­ного синдрома при бесконтрольном его развитии заложена потенци­альная опасность появления патогенных преобразований...

ТЕОРИЯ ЗАЩИТНЫХ МЕХАНИЗМОВ ЛИЧНОСТИ В современной психологической литературе встречаются различные термины, касающиеся феноменов защиты...

Этические проблемы проведения экспериментов на человеке и животных В настоящее время четко определены новые подходы и требования к биомедицинским исследованиям...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия