Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

А. Мұрын қуысы





ДӘРІС №2

Тақырыбы: Ішкі ағзалар туралы ілімге кіріспе. Ас

Орыту түтігінің жоспары. Тыныс алу ағзаларының дамуы мен функциональдық анатомиясы. Несеп- жынысжүйесінің функциональдық анатомиясы және дамуы. Даму ақаулары.

Жоспары:

Ішкі ағзалар туралы ілім.

Мұрын қуысы- cavum nasi мұрын аралығымен екі бөлікке бөлінген, сонымен қатар мұрын қуысын мұрынға кіреберіске vestibulum nasi және меншікті мұрын қуысына cavum nasi бөлуге болады.

Мұрын қуысы алдынан танаумен ашылады, артынан хоаналар арқылы жұтқыншақтың мұрын бөлігімен байланысады. Мұрын қуысының әрбір бөлігенде төменгі, ортаңғы, жоғарғы мұрын қаңқаларының көмегімен жоғарғы, ортаңғы, төменгі мұрын өтістері қалыптасады.

Әрбір мұрын өтісіне мұрын маңы қойнаулары мен бас сүйегі өзектері ашылады.

1. Төменгі мұрын өтісіне-мұрын жас өзегі.

2. Ортаңғыға-жоғарғы жақ, маңдай қойнаулары, торлы сүйектің алдыңғы және ортаңғы ұяшықтары.

3. Жоғарғыға-сына тәрізді сүйектің қойнауы, торлы сүйектің артқы ұяшықтары.

Төменгі мұрын өтісі өмірдің 3-ші айында, жоғарғы 2-ші айында қызмет атқарады.

Тыныс алу ортаңғы мұрын өтісі арқылы жүреді.

Мұрын қуысын екі аймаққа бөлуге болады:

1. Иіс сезу аймағы-жоғарғы мұрын өтісі.

2. Тыныс алу аймағы-ортаңғы және төменгі мұрын өтістері.

Дем алғанда ауа жоғарғы мұрын өтісі арқылы, дем шығару төменгі мұрын өтісі арқылы жүреді. Сондықтан біз иісті дем алғанда сеземіз.

Б. Мұрын қуысының қызметтері:

1. Дем алу қызметі-ауаны өткізу (дем алу жоғарғы мұрын өтісі, дем шығару төменгі мұрын өтісі арқылы).

2. Қорғаныш: екі пунктен тұрады.

· Ауаны тазарту-мұрынның кіреберіс талшықтары ауаны фильтрден өткізіп, ірі шаң тозаңдарды (50 мкм) ұстап қалады.

· Залалсыздандыру-бокал тәрізді клеткалар бөлетін сулы секреттің бактерициттік қасиеті бар.

3. Кондиционерлік:

· Ауаны жылыту және суыту 36-37 градусқа дейін (суық ауаны 40 градусқа жылытады. +50 градус ыстық ауаны суытады). Керемет мүмкіншілігі секундына ауа температурасын 40-70 градусқа өзгерту.

· Ауаны ылғалдату, сулы секреттің әсерінен ауа ылғалдайды. Тәуліген ылғалдатуға 500 мл-1 л. Сұйықтық кетеді.

· Ылғалдану көтеріледі 95% -ке дейін.

4. Мимикалық, ымдау қызметі-ымдауға қатысады.

5. Косметикалық қызметі-мұрын пішіні және мұрын қанатының пішіні.

6. Резонаторлық қызмет-мұрын қуысы мен мұрын маңы қойнаулары резонатор тәріздес, олардың шығып қалуынан дауыс сүйкімсіз, қарлығып шығады.

7. Иіс сезу қызметі.

Мұрын маңы қойнауларының қызметтері:

1. Резонаторлық-жоғары қара.

2. Ауаны кондиционерлеуге қатысу (жылытады, ылғалдатады).

3. Термоизоляторлық, қойнауларда ауа бар, ауа жылуды өткізбейді. Сондықтан қойнаулар сыртқы ортадағы температураны бір қалыпты ұстап тұрады.

4. Бас сүйегі салмағын жеңілдету.

5. Қорғаныш, мидың шайқалуына кедергі жасайды, механикалық толқындар мен үйкелістерді сөндіреді.

6.Төменгі мұрын жолдары:

а. Көмейдің қызметтері:

· Дем алу қызметі-ауаны жұтқыншақтың ауыз бөлігінен кеңірдекке өткізу.

· Қорғаныш қызметі:

Лимфа ұлпаларының болуы.

Төменгі тыныс жолдарының бөтен денелерден қорғанышы (ларингоспазм).

Көмейдің сфинктерлері:

· көмейге кіру, өту.

· кіреберіс қатпары деңгейіндегі сфинктер.

· дауыс жалғамаларынан пайда болған сфинктер.

Екі соңғы сфинктер көмей ішкі сфинктерлері болып саналады, және барлығы бөтен денелерге механикалық кедергі болып саналады.

· Дауыс шығару-фонация.

· Сөйлеу қызметі-дауыс шығару қызметімен тығыз байланысты.

Көмейдің құрылысы:

Көмейді тірек-қимыл аппаратымен салыстыруға болады, оның құрамында барлық негізгі элементтер: скелет, буын, жалғама, бұлқықеттер бар көмейдің скелеті шеміршектерден тұрады. Шеміршектері жұп және тақ болып бөлінеді.

І. Тақ шеміршектер:

1. білезік пішіндес-cartilago cricoidea

2. қалқанша - cartilago thyroidea

3. балғашық- cartilago epiglottis

ІІ. Жұп шеміршектер:

1. ожау тәрізді- cartilago arytenoidea

2. мүйіз тәрізді cartilago cornuculata

3. сына тәрізді cartilago cuneiforme

«Көмейдің шеміршекті негізі» 16 жасқа дейін, кейін шеміршек сүйектенеді. Көмейдің буындары көмей шеміршектерінің қосылуынан пайда болған, екі буын бар.

· білезік-қалқанша буыны-art. cricothyroidea

· білезік-ожау тәрізді буыны-art. cricoarytenoidea

Кеңірдек -ол түтікше мүше, ауаны көмейден бронхыларға өткізу, ұзындығы 10-12 см., диаметрі 22 мм. Екі бөліктен тұрады:

1. Мойын бөлігі-4,5-5,5 см;

2. Кеуде бөлігі-6-7 см.

Нәрестенің кеңірдегінің формасы-5 жасқа дейін цилиндр пішіндес, 5 жастан –коникалық. Ол 6 мойын омыртқасы дейгейінде басталып, 5-ші кеуде омыртқасы деңгейінде 2 негізгі бронхыға бөлінеді. Бөліну жерін бифуркация деп атайды. Бронхылардың аралығындағыбұрыш-67 градус.

Кеңірдек негізін 18-20 шеміршекті жартылай сақиналар құрайды, олар артынан дәнекер ұлпамен бірігеді. Ұлпа кеңірдектің ¼-ін құрайды. Дәнекер ұлпалы мембрананың құрамында бұлшықеттік пластинка орналасқан. Ол жиырылып кеңірдек қуысын кішірейтеді.

Жөтелу рефлексі-Кеңірдекке бөгде дене түскен кезде, оның қуысы тарылады. Сол кезде жылдам түрде дем шығарылады және дем шығарған ауа қысымы ұлғаяды, бөгде денені көмейге немесе жұтқыншаққа әкетіп, кеңірдектің кілегейлі қабығы көптеген бездері бар кірпікшелі эпителимен жабылған.

Кілегейлі қабығында сіңірілу мүмкіншілігі-бар. Кеңірдек қабырғасымен, оның эпителиіне байланысты, сілекей көмейге спиральді түрде қозғалады. Бұл қозғалыс дем алғанда баяулайды және дем шығарғанда жылдамдайды.

Жөтелді «өкпенің күзеткіш иті» деп атайды.

Б. Бронхиальды ағаш:

Бронхылар-кеңірдек 2 негізгі бронхыға бөлінеді, оны І реттік деп атайды. Оң бронх-ұзындығы 3 см, ені-20мм, 6-8 шеміршектік жартылай сақинадан тұрады;

Сол бронх-ұзындығы 4-5 см, ені-14мм, 9-12 шекміршектік жартылай сақинадан тұрады;

Оң –ортаңғы сызықтан 25 градус, сол 40-42 градус.

Бронхиальды ағаш – б ронхылар дихотомия түрінде бөлінеді.

1. Негізгі бронхылар-І реттік бронхылар

2. Бөліктік бронхылар-ІІ реттік бронхылар

3. Сегментарлық бронхылар-ІІІ реттік бронхылар

4. Субсегментарлық бронхылар-ІҮ-ХІІ реттік бронхылар

5. Бөлшектік бронхылар-ХІҮ-ХҮІІ реттік бронхылар

6. Терминальды бронхиолалар, соңғы-ХІХ реттік, олардың саны екі өкпеде 20 000 жуық.







Дата добавления: 2015-06-12; просмотров: 2457. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...


Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

Сравнительно-исторический метод в языкознании сравнительно-исторический метод в языкознании является одним из основных и представляет собой совокупность приёмов...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия