ОРЫТЫНДЫ
Бүгінгі таңдағы білім беру қазақ тілі мен әдебиеті және филология, қазақ тілі мамандықтары үшін ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын оқыту аса қажетті міндет болып табылады. ХХ ғасырдың басы – қазақ әдебиетінің шынайы кәсіби шеберлік деңгейіне көтерілген тұсы. Сондықтан да осы 1900-1940 жылдар аралығындағы әдеби – көркем шығармаларымен көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығын жан-жақты қарастыру әдебиетімізде бар дәстүрлердің дамуы мен жаңашылдықтың негіздерін тануға, кейінгі әдебиеттің өркендеуінің реңктерін айқындауға, бұрынғы-кейінгі әдебиеттердің жетістіктерін терең зерделеуге мүмкіндік туғызады. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихи-қоғамдық әлеуметтік жағдайларымен байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ой-сананы оятудағы міндетін анықтадық ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің күрделілігімен тығыз байланысты болып келеді. Ендеше ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихын терең оқып үйрену-филология факультетінің студенттері үшін аса маңызды саланың бірі.Өйткені, бұл кезең тұсындағы әдеби бағыттар мен соның көрнекті өкілдері мен шығармашылық ізденістері өткен әдебиеттің биік деңгейінің болмыс-бітімін айқындайды. ХХ ғасырдың басындағы тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-саяси өзгерістер әсерінен нәр алған қазақ әдебиетіндегі идеялық-көркемдік ізденістер ұлттық әдебиеттің даму барысын жүйелеуге негіз болады. Бірақ қазан төңкерісінен кейін орныққан саяси-идеологиялық билік қазақ әдебиетінің даму үрдісін басқа арнаға бұрып жіберді. Міне, осының себеп-салдарын ашу, ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының алғашқы кезеңінің табиғатын терең танып-білуге септігін тигізеді. - ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің тарихы, қоғамдық-әлеуметтік жағдайлармен тығыз байланысын қарастыру арқылы әдебиеттің ұлт ой-санасын оятудағы міндетін айқындау. - ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетпен байланысы, дәстүрлі әдебиет үлгісін дамыту мен өзіндік ізденістерден туған жаңашылдықтың белгілерін тану - ХХ ғасыр басындағы әдебиеттері ірі әдеби тұлғалардың романтизммен реалистік әдіс тәсілдерді қатар ала жүріп,өмір шындығын ашудағы өзіндік қол таңбасын бағамдау. - Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін нақтылап,белгілі өкілдерінің шығармашыфлығы арқылы творчествалық жетістіктері мен кемшіліктерді саралау. - ХХ ғасыр басындағы жаңа жанрлардың пайда болуы мен өркендеуінің мән-маңызын ашу. - Кеңестік әдебиеттің алғашқы кезеңіндегі әдебиетке кері әсер еткен тапшылдық идеология мен кейбір теориялық тұжырымдардың кемшілігін ашып көрсету. - Дәстүрлі ақындық шеберліктің ақын шығармаларында көрінуі, көне үлгілердің жаңарып, жаңғыруы; - Өлең кестесіндегі көркемдегіш құралдардың, бейнелі сөздердің қызметі, алатын орны. Метафора, теңеу, эпитет, метонимия, кейіптеу секілді тілдік, образдық, бейнелі сөздерді қолданудағы амал-тәсілдері; - Образдық-бейнелілік жүйесіндегі жаңалықты құбылыс, күрделі абстракциялық тілі, сөздердің сымбат-көркін ашуы; - Шығармаларының стилистикасы, сөздік құрамы, фразеологизмдер, поэзиялық синтаксисі, әуендік ерекшеліктері; - Шығармаларындағы көркемдік компоненттер үйлесімі, олардың бір-бірімен өзектес құбылыстар екендігі; - Ақын шығармаларындағы көркемдік ерекшеліктердің, түрлі сөз қолданыстарының табиғат, қоғам, жеке адам өмірін сипаттауда алатын орны. Ақындар шығармашылығын өркениетке жетелеп, биік белеске бастауда Ш.Елеукенов бастаған жемісті саланы одан әрі жалғастырып келе жатқан С.Қирабаев, Д.Ысқақұлы, Б.Қанарбаева т.б. аға буын ғалымдар мен бүгінгі буын өкілдерін атап өтуге болады. Соның ішінде С.Қирабаев пен Д.Ысқақұлы еңбектері ерекше назар аудартады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.Қазақ әдебиетінің тарихы 1 кітап, 1-ші том. 2.Әбдіманов Ө. Қазақ газеті – А. 1993 3.Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1961 4.Әуезов М. Әдеби мұра және оны зерттеу. А., 1966 5.Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., 1959 6.Байділдаев. 5 ғасыр жырлайды ІІ том. А., 1985 7.Бейсенғалиев З. ХХ ғ.б. қазақ прозасы А., 1989 8.Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. А., 1964 9.Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзі тарихының очеркі. А., 1986 10.Дербісалин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. А., 1966 11.Дүйсенбаев Н. ХХ ғ.б. қазақ ақындарының шығармалары. А., 1963 12.Жабағин Т. С.Торайғыров шығармаларын мектепте оқыту методикасы. А., 1991 13.Ергөбек Қ. ХХ ғ.б. әдебиет /хрестоматия/ А., 1994 14.Еспенбетов А. С.Торайғыров. А., 1992 15.Кәкішов Т. Сын сапары. А., 1971 16.Кәкішов Т. Оңаша отау. А., 1982 17.Кенжебаев Б. ХХ ғ.б. әдебиет. А., 1993 18.Кенжебаев Б. Журналист М.Сералин. А., 1957 19.Кенжебаев Б. Қазақ халқының жалынды ақыны. А., 1990 20.Кенжебаев Б. С.Торайғыровты тану, зерттеу мәселелері. А., 1968 21. Қаратаев М., Нұртазин Т., Қирабаев С. Қазақ совет әдебиеті. Оқулық. – Алматы: Мектеп, 1971. 22. Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Оқулық. –Алматы: Білім, 1993. 26. Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. –Алматы: Білім, 1998. 27. Бисенғали З.К. казахская проза начало ХХ века. Учебное пособие. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. 28. Дәдебаев Ж.Д. Қазіргі қазақ әдебиеті. Оқу құралы. –Алматы: Қазақ университеті, 2002. 29. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том. 6 кітап. А., Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. 1962 – 1967 жылдар. 30. Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі. А., Қазақ ССР Ғылым Академиясының баспасы. 1958 жыл. -512 б. 31. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. А., «Аруна», 2005. -576 б. 32. Қазақ совет әдебиетінің мәселелері. А., Ғылым Академиясының баспасы. 1960.-224 б. 33 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 7-8 – томдар. Кеңес дәуірі (1917-1940), (1941-1956). А., «ҚазАқпарат», 2004. -462-520 б.б. 34. Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. А., «Білік», 1999. 750 б. 35. 20 – 30 жылдардағы қазақ әдебиеті. А., «Ғылым», 1997. -512 б. 36. 40 – 50 және 60 жылдардағы әдебиет. А., «Ғылым», 1998.-400 б. 37. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,«Санат»,1997. -928 б. 38. Абай тағылымы. А., 1986 39. Ахметбеков Н. Поэмалар. А., 1972 39. Әуезов М. 20 томдық шығармалар жинағы. 15-том. А.,1984 40. Байтұрсынұлы А. Шығармалар. А., 1989 41. Бес арыс. А., 1992 42. Дастандар. А., 1960 43. Дөнентаев С. Шығармалары. А., 1957 44. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991 45. ХХ ғ.б. әдебиет. Хрестоматия А., 1966 46. Дулатов М. Шығармалары. А., 1991 47. Келімбетов Н. Шығыстың классикалық поэзиясы және қазақ әдебиеті. А., 1962 48. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. А., 1967 49. Ақынжанов М. Қазақтың тегі туралы. Зерттеу А., 1962 50. Албани Б.Қ. Тарихи таным. А., 1994 51. Әбілғазы. Түрік шежіресі./ауд.Әбілқасымов Б./ А., 1992 52. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ. Зерттеу. А., 1989 53. Келімбетов Н. Тарихи шежірелерді әдебиет сабағында оқыту туралы. Алматы, 1973 54. Қыраубаева А. Ғасырлар мұрасы. Зерттеу. А., 1988. 55. Өмірәлиев Қ. ХҮ-ХІХ ғ.ғ. қазақ поэзиясының тілі. А.,1987. 56. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш.//шығармалары.А., 1989. 57.НұрпейісовН. Е.Ысмайылов және қазақ әдебиетінің кейбір мәселелері. Шымкент.2005. -160 58. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. А., Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы. 1959. -556. 59. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. А., «Ғылым», 2001. -448 б. 60. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. А., «Білім», 1995. 288 б.
3. ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУҰЛЫ
Сыр бойы ақындарына ұстаздық жасап, қисса әдебиетіне жол салған, жазба әдебиетіміздің шығыспен байланысты екінші бір қанатын дамытқан, өлең мен термеге үлкен жаңалық енгізген тұлға.Оның дәстүрін кезінде көптеген сыр ақындары үлгі тұтқан. Сол себепті Т.Ізтілеуов өзіндік дәстүр, мектеп тудырған поэзия дүлдүлдерінің бірі ретінді бағаланады. Қисса әдебиетіне 1900 жылдан ден қойған ақын кеңес дәуірінде бұл өнерін дамытып, кемелдендіре түсті. Көзі тірісінде халық ақыны ретінде танылған Т.Ізтілеуовтің қазақ әдебиетінің тарихынан алатын орны да елеулі. Т.Ізтілеуов 1882 жылы бүгінгі Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Ленин атындағы совхозда шілденің 9-күні туылған. Жастық шағында Бұхарға барып, алдымен «Мір ғараб», одан соң «Көкілташ» медресесінде тәжік халқының үлкен ойшылы Садриддин Айнимен (1879-1955) бірге оқып, араб, парсы, шағатай әдебиетімен танысқан. Оқуды аяқтаған соң көп уақыт ауылда мұғалім болған Тұрмағамбетті отызыншы жылдардың орта кезінде Қазақстан оқу комиссариаты Алматыға алдырып, қызмет береді. Бүкіл шығыс елдеріне мәшһүр «Шахнама» дастанын аударуға жағдай жасайды. Бірақ кейінгі тағдыры баянды болмай, ақын 1939 жылдың 15мамыр күні қайтыс болады. Қазірде Т.Ізтілеуов құрметіне ескерткіш-күмбез орнатылды. Мұның өзі халқының ақынға деген зор ілтипаты, үлкен құрмет белгісі еді. Рас, арға жерді айтпағанның өзінде, күні кешеге дейін Тұрмағамбетті молда санап, оның басына орнатылған ескерткішті де артық көргендер болмай қалған жоқ. Ақын туралы тұңғыш пікірімді 1936 жылы айтқан болсам(Қоңыратбаев Ә. «Шахнама» және оның аудармасы туралы), бұл тұста тағы да араша түсуімізге тура келді. Тұрмағамбет молда емес, медресе ашып, ақындық үрдіс қуған, көбіне жазба әдебиет үлгісін дамытқан ақын. Өзі шығыс әдебиеті мен тілдерін де жетік меңгерген. Сол үшін оны Сыр елі үлкен мектеп көрген, қазақтың қисса әдебиетіне жол салған үлкен ақын, шайыр деп біледі. ХХ ғасырдың бас кезінде Сыр бойында жазба түріндегі қисса, айтыс поэзиясы айрықша орын алған еді. Т.Ізтілеуов осы жаңалықтың басында тұрған адам. Сыр елінің айтыс ақындары мен шайырлары – кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Нақыптар термені бір ұйқаспен жазатын болған. Мұндай шұбартпалы ұйқасты Қарасақал Ерімбет, Шораяқтың Омары да осы Тұрмағамбеттен үйренген еді. Тұрмағамбет мектебіндегі қара өлеңнің бунақтары 3-4-4 болып келетін болса, мұның өзі Сыр бойында ән-жырдың жаңа түрлерін тудырған. Ақынның тағы бір ерекшелігі - өлеңдерінің дыбыстық құрылысында аллитерация мен ассонанстың інжудей төгіліп тұруы. Айтыс поэзиясына ақын айтарлықтай елікпеген. Шын мәніндегі жаңа лирика оның кеңес тақырыбындағы өлеңдерінен басталады. Соған қосарымыз: Тұрмағамбет стилі Балқы Базар толғауларына ұқсамайды. Ақын Науаи, Сағди, Низами, Бабур дәстүрінде көрінген, көбіне қисса әдебиет өкілі – шайыр болғандықтан, фольклор стилінен түгелдей кеткен. Балқы Базарда сарындамалы стиль, романтизм сарыны бар. Ал Тұрмағамбетте нақыл сөз, тақпақ, қисса тұсында реализм басым жатады. Оқу-білім, әділет пен қиянат мәселелерін ақын қазақ өмірінен алып жырға қосқан. Би-болыстардың алармандығын сөз ететін өлеңдері қаншама! «бар мен жоқ», «Ал менен бер» деген жолдарды ғибрат дейміз бе, сын дейміз бе? Аз күн кісі болып, елге қысым көрсеткен өзімшіл типтерді ақын: Кейбіреу сәл бақытқа мас болады Шабақтай шалпылдаған қайраңдағы Адамдық иісіңе жұрт аңсап тұрсын Не керек құр қарныңның майланғаны. Кеулінде мен де адаммын деп жүрген көп Кілегей майға ұқсаған айрандағы, - деп әжуалап, халықты қарсы қояды. Мұнысы – сатира. 1916 жыл оқиғасына орай жазылған «Жер жүзін жеті қабат зұлмат басты» дейтін өлеңінде Тұрмағамбет баяғы Дулат, Шортанбайларша адам азды демейді, керісінше «заман азды», езілген елге бостандық керек дейді. Т.Ізтілеуовтің ақындық стилі Орта Азияның ортағасырлық реализмінен туған еді. Сол стильді ақын «Назымға» енген жеті қиссада қолданған. Ондағы сатира элементі – Науаи дәстүрінің көрінісі. Рас, Науаи хандарға кәнизек болған әйел правосын жақтап, ұлы махаббат дастандарын тудырса, Тұрмағамбет сюжеттерінің өзі де шығыстық еді. Оның шығармашылығында қазақтың термесі де жаңарып шыға клеген. Бұл жаңалықтың мәнін кем бағалауға болмайды.
4. МҰСАБЕК БАЙЗАҚҰЛЫ (1849-1932жж.)
Молда Мұса (шын аты Мұсабек) Байзақов қазіргі Шымкент облысының Түркістан ауданындағы Шоқтас деген жерде, 1849 жылы туған. Әкесі Байзақ сөзге шешен, елге беделді, ауқатты адам болған. Бірақ талапты жас әкім болып ел билеуді немесе кәсіп іздеп мал жинауды қызық етпей, өнерпаздық жолын қалайды. Сөйтіп замандастары Мәделі қожа, Майлы қожа, Құлыншақ сияқты ақындардың үлгісін өзіне өнеге тұтып, ақындық жолын қуған. Болашақ ақын әуелі әкесі ұстаған молдадан хат таниды, кейін өсе келе Қарнақ қыстағындағы молда Қозы деген кісі ашқан дін мектебіне түсіп оқиды. Бірақ, ол схоластикалық дін оқуын қанағат тұтпай, кетіп қалады да, өз бетінше білім алуға кіріседі. Шағатай, араб, парсы, түркі тілдес туысқан елдердің әдебиетімен танысады, олардан үлгі алады. Молда Мұсаның шығармалары ел аузына көп тарап, ақын атағы кеңінен жайылса да, соңғы жылдарға дейін оның творчествосына арналған мақалалар, зерттеулер болмай келді. Мұса молда жөнінде ең алғаш қалам тартып, мақала жазған Өтебай Тұрманжанов. Кейінірек М. О. Әуезов өзінің алтыншы класқа арналған хрестоматиясында Молда Мұсаға жеке тарау беріп, ақынның еңбегін өте дұрыс бағалады: «Молда Мұса өз уақытына қарағанда оқымысты адам деп саналған. Ол араб, парсы, шағатай әдебиеттерін, тарихтарын жақсы білген, Қазақ, қырғыз, басқа Орта Азия халқының ескілігіне де қанықты жетік болған. Өзі көптің арасынан шығып, сол көпке сүйеніп, тіршілік етіп жүрген соң Мұса өлеңнің тілін жұртқа ұғымды ғып айтады. Қартайған күйінде де біздің заманға жетіп, еңбекші бағытын бағып, мұрат етіп алады да, бұрынғысынан көп өзгереді. Нағыз совет бағытындағы өлеңдері айтарлық күш, серпін табады. Өзі бұқара ортасынан шығып, заман желімен ығып бай кілеміне түсіп кеткен ақын, енді бұқара мүддесін танып, оған ниетін қосады». Мұса молда өлеңдерінің ішінен махаббат, табиғат лирикаларын, әлеуметтік мәні зор толғауларды, көптеген мысалдар мен айтыс жырларын да кездестіруге болады. Ақынның атақты Манат қызбен айтысы ел арасына мол тараған. Молда Мұса совет тұсында да едәуір өмір сүріп, халықтар достығы, Отан қорғау, социалистік өзгерістер жөнінде біраз шығармалар жазған. Ақын 1932 жылы 83 жасында қайтыс болған.
ТҰРМАҒАМБЕТ ІЗТІЛЕУОВ
Аса құнды рухани мұраларының барлық қырлары әлі де болса зерттеліп бітпеген ірі тұлғалардың бірі – Тұрмағамбет Ізтілеуов. Тұрмағамбет Ізтілеуов әдеби мұралары тақырыбының жырлану жүйесіне зер салсақ, халқымыздың ғасырлар бойы қордаланған ұлттық құндылығымен тамырлас екеніне көз жеткіземіз. Тәуелсіздікке қол жетуімізге орай халқымыздың әдебиеті мен мәдениеті, ғылымы мен өмірі жаңа қырынан зерделеніп жатқан уақытта Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармалары да қоғамдық көзқарасқа сай қайта қарастыруды қажет етіп отыр. Адамгершілік мәселесін жырлаудың қазақ әдебиетіндегі көрінісін, әдеби байланыстармен ықпалдасуын гуманист ақын Тұрмағамбет Ізтілеуовтің шығармашылығы арқылы пайымдаудың маңызы зор. XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясында ерекше сипатқа ие болған жазба айтыс жанры сыр бойы ақындарына жаңа серпіліс әкелді. Жазба айтыс өнерін дамытушылардың бірі ретінде Тұрмағамбет ақынның есімін атауға болады. Оған қоса қаламгер жазба айтыс ақындарына аралық, тоқтау сөз айтып, айтыс жанрын жаңа бір қырынан дамытты. Осы орайда сөз өнеріне өзіндік қолтаңбасымен келген Тұрмағамбет Ізтілеуов өлеңдеріндегі білім- ғылым насихатын, адамгершілік идеялары мен сатираны ұлт әдебиетінің даму үрдісі негізінде қарастырудың өзектілігі айқындала түседі. Өскелең ұрпақ бойындағы ізгілік ізденістерді жаңғырту қоғамдағы маңызды міндеттердегі бірі саналатындықтан, ақынның әдеби мұралары тақырыбын зерттеудің зәулілігі байқалады. Осы секілді жайттар ақынның рухани әдеби мұрасының терең мазмұнын түсінуге көмектеседі. Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1957 жылы ақын шығармашылығын зерттеуге мүмкіндік туған кезден бастап оның ақындық талантына баға берілген мақалалар жарық көре бастады. Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 1958 жылы маусым айында өткен үшінші пленумында академик Ғабит Мүсірепов Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығын игеру, жұртшылық қажетіне жарату керектігін сөз етіп, тұңғыш рет қозғау салды [1;371]. Осыдан кейін ақынның әдеби мұрасына көңіл бөлініп, зерттеле бастады. Орта мектеп оқулықтарында Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығына елеулі орын берілді. Тұрмағамбет ақынның ұстаздық қызметі, әдеби мұрасы жайында жазылған Н.Төреқұлов, Қ.Бекхожин, Р.Бердібаев, Т.Тебегенов, Т.Еңсегенов т.б ғалымдардың мақалалары қаламгердің қазақ поэзиясындағы орнын дәйектейді. Ақын мұрасының көркемдік деңгейі, тіл айшығы жөнінде Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаев, Е.Ысмайлов, Р.Бердібаев, Ш.Сәтбаева, Б.Адамбаев, М.Дүйсенов, А.Қыраубаева, Ы.Дүйсенов, Б.Әлменов, Ы.Сағитов және тағы басқалар зерттеушілердің мақалаларын атап өткен орынды. М.Байділдаев Тұрмағамбет Ізтілеуовтің ел ауызында жүрген өлеңдерін, тапқырлық сөздерін жинастырып, оның «Шаһнама» желісінде жазылған «Рүстем- Дастан» шығармасын 1961 жылы жеке кітап етіп бастырды. Өлеңдер жинағын «Назым» деген атпен 1972-1982 жылдары (толықтырып) жарыққа шығарды. Зерттеуші ғалым Ө.Күмісбаев Тұрмағамбет Ізтілеуовтің «Рүстем- Дастан» поэмасын жүйелі түрде қарастырып, классикалық туынды «Шаһнамамен» салыстыра зерделеді. «Рүстем- Дастан» 2004 жылы «Жазушы» баспасынан толықтырылып қайта басылып шықты. Ұ.Жанбершиева ғылыми зерттеу еңбегінде ақын шығармаларының жанрлық ерекшеліктеріне тоқталып, поэтикалық сөз жүйесін саралады [2;4]. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың баста мақсаты – Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларының жалпы әдеби процестегі орнын айқындау. Ақынның шығыстың сюжеттерді ұлттық болмысқа лайықтап қолдану ерекшелігі, өмір шындығы мен көркемдік шешім арасындағы байланыс желісі, ақын идеяларының әлеуметтік сипаты, туындыларындағы ұлттың, халықтың мәселелерді қарастыру да зерттеудің алға қойған мақсаттарының негізін құрайды. Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей мәселелерді басты назарда ұстау міндеттелді: -ақын өлеңдерінің тақырыптық жүйелігін айқындау; - ағартушылық идеясының ақын жырларындағы көрінісін дәйектеу; - ақын шығармаларындағы адамгершілік мәселелердің тәрбиелік мәнін ашу; -сатира жанрының ақын мұраларынан алатын орын айшықтау; - Сыр бойындағы ақындық мектептерді дамытуға қосқан үлесін салмақтау; Зерттеу әдістері. Бітіру жұмысында жүйелі сипаттамалы, салыстырмалы тарихи, салыстырмалы- типологиялық әдіс- тәсілдер басшылыққа алынды. Жұмыстың жаңашылдығы. Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармашылығы осы кезеңге дейін әдебиеттану ғылымы аясында бірнеше диссертациялардың, атап айтқанда, Ө.Күмісбаевтың «Тұрмағамбет Ізтілеуов и его Рустем- Дастан», Ұ.Жанбершиеваның «Тұрмағамбет Ізтілеуовтің поэтикалық творчествосы», Е.Нарбозовтың «Тұрмағамбет Ізтілеуов шығармаларындағы адамгершілік мәселелері» атты еңбектерінің зерттеу нысаны болғанымен, ақынның толық қанды әдеби мұралары жайлы талдау кең ауқымда қарастырылмады. Бітіру жұмысымызда Тұрмағамбет Ізтілеуов өлеңдерінің тақырыптық жүйесі айқындалып, айтыс өнеріне қосқан үлесі салмақталып, Шығыстық сюжетке құрылған дастандарындағы авторлық идеясы мен аудармада алатын орны белгіленді. Сонымен қатар Тұрмағамбет Ізтілеуов ақын, ойшыл, сатирик, аудармашы ретінде бағаланып, шығармалары әр қырынан зерттелді, нақты деректерге негізделген дәлелді тұжырымдар жасалды. Жұмыстың теориялық – практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын әдебиет тарихының мәселелеріне қатысты оқулық, жоғары оқу орындарына арналған курс ретінде, семинарлар жүргізуде, XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті туралы дәрістер оқу кезінде пайдалануға болады. Жұмыстың сыннан өтуі. «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығы аясында 7.12.06ж. өткен студенттердің Ғылыми- практикалық конференциясында бітіру жұмысы бойынша «Т. Ізтілеуов және шығыс әдебиеті» атты мақала оқылды; 23.04.07ж. кафедра оқушыларының қатысуымен алдын- ала сыннан өтіп, қорғауға ұсынылды. Жұмыстың құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қортындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
Омаров Нұрлыбек Құралбекұлы «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті» пәнінен жоғарғы оқу орындарының 5В011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В020500 –«Филология: Қазақ тілі», мамандығының күндізгі және сырттай оқыту бөлімінің студенттеріне арналған оқу құралы
Теруге 2013 ж. Жіберілді. Басуға.2013 жылы қол қойылды. Пішімі х 4 1/16 Типографиялық қағаз. Шартты баспа табақ 3,5. Есептік баспа табақ 3,5.
|