Консультация емтихан алдында19. Freedom House. Freedom in the world 2014 . ‑ [Electronic resource] ‑ Mode of Access: http://www.freedomhouse.org/report/freedom-world/freedom-world-2014#.Uz_swGJ_tMY 20. Curriculum-Broshure / Instityte for the Advsncement of Philosophy for Children. [ електронний ресурс] / режим доступу: www.montclair.edu/IAPC 21. Future Work Skills 2020: report / Institute for the Future for the University of Phoenix Research Institute (USA). – 2011. – 14 p. ‑ [Electronic resource] ‑ Mode of Access: http://www.iftf.org/uploads/media/SR-1382A_UPRI_future_work_skills_sm.pdf 22. Gertund Yde Iversen. Hovering over the face of the deep. Phylosophy, theology and children / G.Y.Iversen, G.Mitchell, G. Polland. Waxmann Verlag GmbH, Germany. – 2009. – 228 p. 23. Interview with Matthew Lipman—Part 1 / Part 2: Brave Old Subject, Brave New World. [електронний ресурс] / режим доступу: http://www.buf.no/en/read/txt/?page=sn-lip2 24. Liam Gearon. On Holy Ground – The Theory and Practice of Religious Education / L. Gearon. Fish Books Ltd, Enfield. – 2014. – 224 p. 25. Matthew Lipman. Thinking in education // Matthew L. – Cambridge University Press. – 2003. – 304 p. 26. Maughn Gregory. What Philosophy with Children is not: responses to some critics and constructive suggestions for dialogue about the role of P4C in Higher Education // Gregory M. [ електронний ресурс] / режим доступу: http://www.academia.edu/4331847/What_Philosophy_with_Children_is_not_responses_to_some_critics_and_constructive_suggestions_for_dialogue_about_the_role_of_P4C_in_Higher_Education 27. Philosophy for children // [ електронний ресурс] / режим доступу: http://www.izar.net/fpn-argentina/ 28. Невидані матеріали Всеукраїнської літньої школи теології, релігієзнавства та історії релігії. Звіт про роботу. 29. Невидані матеріали Всеукраїнської літньої школи теології релігієзнавства та історії релігії. План заняття на тему «Критика релігії». Global Education Digest 2009. Comparing Education Statistics Across the World / The UNESCO Institute for Statistics. – 2009. – 264 p. [Electronic resource] ‑ Mode of Access: http://unesdoc.unesco.org/images/0018/001832/183249e.pdf
SYLLABUS
Қазақ тілі-2 пәні бойынша
5В070200 – «Автоматтандыру және басқару» мамандығы үшін
Курс 2 3 семестр Практикалық сабақтар – 3 кредит ӨЖ 45 сағат Оның ішінде СОӨЖ – 45 Емтихан 3 семестрде Консультация емтихан алдында
АЛМАТЫ Силлабусты дайындаған : аға оқытушы Алмұхаметова Г.С. 5В070200 бағыты бойынша оқу жұмыс жоспарының негізінде жасалды. Орыс және қазақ тілдері кафедрасының мәжілісінде №11 хаттамада 2012 жылдың 28 маусымында қаралған.
Кафедра меңгерушісі: Бөкейханова Р.Қ.
Оқытушылар: Алмұхаметова Гүлмира Сатыбалдықызы, - аға оқытушы Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз Арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323.. Төлеубаева Күлайхан Тілеуғалиқызы, - аға оқытушы Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323.. Телғожаева Құралай Сағымбекқызы - оқытушы; магистр Қазақ тілі 2 пәнін 2008/2009 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323.. Шәрібжанова Ғалия Ғабдоллақызы, - аға оқытушы, Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді Ахметова Эльмира Тұрсынқызы, - аға оқытушы; Қазақ тілі 2 пәнін 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323.. Арыстанғалиева Динара Мейіржанқызы, - аға оқытушы; Қазақ тілі 2 пәнін осы пәнді 2006/2007 оқу жылынан жүргізеді офис сағатты кафедраның стендінен қараңыз арнайы бөлінген аудиториялар: 321,320, 323. тел: 2-92-58-47. “Қазақ тілі-2” пәні БАжБ мамандандырылуы бағытындағы орыс бөлімі студенттеріне арналған және жалпы техникалық білім беретін пән ретінде ғылыми-техникалық әдебиетті өз қажетінше қазақшадан орысшаға, орысшадан қазақшаға аударып пайдаланудың, іскерлік қазақ тілінде сөйлеп-үйренудің, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде жазып, қолдана білудің белсенді құралы болып табылады. 1. Пререквизиттері Бұл курстың бастапқы деңгейі ретінде студенттердің АЭжБУ-дің бірінші курсында “Қазақ тілі-1” пәні бойынша алған білімдері есептеледі. 2. Постреквизиттері Бұл пәнді толық меңгерген студент автоматтандыру және басқару саласына қатысты әдебиетті қос тілде аударуы, осы әдебиеттерде кездесетін оралымдарды меңгеруі, іс қағаздарын жүргізу принциптерін білуі, іскерлік қарым-қатынас жасай алуы, ғылыми-техникалық әдебиеттердің аңдатпасын жаза білуі керек. 3. Пән сипаттамасы Пән ғылыми-техникалық әдебиетті аудару теориясы мен практикасын бағдарлама бойынша берілген радиотехника және байланыс саласына қатысты нақты мәтіндер негізінде меңгертуді және іскерлік қарым-қатынас жасауды аутентивті материалдар негізінде үйретуді, мемлекеттік тілде ресми іс қағаздарын толтыру дағдыларын меңгертуді көздейді. 4. Пәннің мақсаттары 1) Кәсіби-іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын сөйлеу модельдерін қолдана білуге, іс қағаздарын жүргізуге, пікірлесудің дұрыс жолдарын таңдай білуге және ғылыми-техникалық саладағы әдебиеттердің аңдатпасын құрастыруға, пікір, рецензия жаза білуге, жарнама мәтіндерін құрастыруға т.б.үйрету. 2) Сөздіктермен, салалық сөздіктермен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, лексикалық, синтаксистік оралымдарды танып, дұрыс аудара білу дағдыларын меңгерту, техникалық мәтіндерді қазақшадан орысшаға және орысшадан қазақшаға аудару тәсілдерін теория және практика негізінде нақты мәтіндер үлгісін қолдана отырып үйрету. Негізгі бөлім 1. Танысу. Мамандық. Жұмыс орны. Сөз құрамы және сөзжасам. Сөзжасамның негізгі әдістері. Күрделі сөздер, аббревиатуралар. 2. Функционалдық стильдер. Ісқағаздар стилі. Ырықсыз етіс. Тұйық райдың түрленуі. Бұйрық рай. 3. Анықтама. Аңдатпа. Стандарт тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, трафареттік мәтіндер). 4. Тілдік норма. Орфоэпиялық норма, мәтіндердің айтылым үлгілері. 5. Ауызша сөйлеу этикасы. 6. Жазба тіл этикасы. Іскерлік хат жазысу 7. Бұйрық. Өкімдік құжаттарда кездесетін бұйрық рай формалы етістіктер (дайындалсын, бекітілсін, жүктелсін, белгіленсін т.б. 8. Аударма туралы түсінік. Сөз бен сөз оралымдарының контекстік мағынасын анықтай білу. Мәтінді логикалық бөліктерге бөлу. 9. ҒТМ-де кездесетін терминдердің жасалу жолдары. Мамандықтың терминологиялық өрісі. Балама ұғымдардың қос тілді сөздіктердегі ерекшеліктері. 10. Аударма тәсілдері. Транслитерациялық, гипо-гиперонимиялық, перифрастиккалық аударма, калькілеу, ұқсату әдістері. Сөзбе сөз аудару, мағыналық аудару. 11. Ғылыми-техникалық әдебиеттегі сөздердің орын тәртібі. 12. Техникалық мәтіндерде кездесетін синонимдік, антонимдік қатарлар Түпнұсқа мәтіні мен аударма мәтініндегі лексикалық тіркесу айырмашылықтары. 7. Әр сабақтың тақырыбы мен ұзақтығы (БАжБ бағытында дайындау) Кредит саны 3=45 аудиториялық сағат + 3 семестрлік жұмыс + қосымша сабақ + емтихан. Сабақтың ұзақтығы = 100 минут.
Өз бетінше оқуға арналған материалдар: Күрделі зат есімдер. Келер шақ, өткен шақ есімшелердің қызметі. Есімшелі оралымдардың анықтауыштық қызметі. Сан есім. Уақытты білдіретін стандарт формулалар. Көмекші сөздер (септеуліктер, жалғаулықтар, мезгіл мағынасын білдіретін көмекші есімдер). Есімді және етістікті сөз тіркестері. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер. Арқылы, байланысты, бойынша сөздері арқылы жасалған конструкциялар мен тұрақты оралымдар. Етістік+у+іңізді, +ыңызды сұраймын, өтінемін конструкциялары. Етістік+у+ды,+ ді ұсынамын конструкциясы. Өз бетінше оқуға арналған материалдардың меңгерілуі оқытушының офис-сағаттары кезінде бақыланады. Ескерту:№1 өздік жұмыстың тапсырмасы қолжазба түрінде таратылады. №1 ӨЖ (ауызша) тақырыбы: «Презентация» Топтағы студенттер 3-4 кішкене топқа бөлініп, жоба бойынша жұмысты орындайды. Әр топша студенттеріне жұмыс бөлініп беріледі. Жұмыстың мерзімі: семестр бойы. Жұмыстың мақсаты: Студенттердің ауызша сөйлей білу дағдысын қалыптастыру мақсатында өз мамандығына сәйкес тақырып алынып, сол бойынша олар жұмыс істеуге дағдыланады. Жұмыстың кезеңдері: а) берілген тақырып бойынша материалдар іздеп табу; ә) материалды іріктеу, сұрыптау; б) әрқайсысының міндеттерін белгілеу; в) қорытынды қорғау. Жұмыстың түрі: презентация (тұсаукесер) пікірталас (дискуссия); Көрнекі құралдар: сурет сұлба плакаттар слайд-шоу Power-Point Жобаланатын құрылғылардың атаулары 1 Ұсынылатын құрылғылардың атаулары 1. Ұялы телефондар а) Nokia ә) Siеmens б) Samsung в) LD г) Motorola 2. Нормалау түрлендіргіштер 3. Датчиктер (бергіштер): а) мұнай ә) су б) газ (шығын, қысым, температура, деңгей, орын ауыстыру, жылдамдық, кернеу және ток). 4. Қозғалтқыштар (асинхронды, синхронды, қадамды, тұрақты токты тәуелсіз қоздыру және тізбектеп қоздыру). 5. Жұмыс органдар: а) электрлік клапандар ә) электрпневматикалық б) электргидравликалық Ескерту: №2 семестрлік жұмыстың тапсырмасы қолжазба түрінде таратылады. №2 ӨЖ (жазбаша) тақырыбы: «Жарнама» Жұмыстың мерзімі: 1 ай. Жұмыстың мақсаты: Жарнама жұмысын жоғары дәрежеге жеткізудің негізгі шарты – жарнама мәтіндерінің тілін көркемдеп жазу. Тұтынушылардың сол тауарға қызығушылығын арттыру үшін қажетті сөздерді орынды жұмсауға және қысқа да нұсқа жаза білуге машықтандыру. Орындалатын жұмыс : техникалық жабдықтың сипаттамасын беру (1 бет); техникалық жабдықтың тарихынан мағлұмат беру (3 беттен кем болмауы керек); сыртқы (көшедегі), баспасөзде берілген бес жарнама мәтініндегі қателерді тауып, дұрыс нұсқасын беру; қорытынды ретінде нақты түріне жарнама жазу. Қойылатын талаптар: жұмысты А 4 форматында 14 шрифтпен басу; берілген нұсқаның түпнұсқасы толық жазылуы керек; жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету; жұмыстың мерзімі әр семестрдің басында кестеде жасалып, көрсетіледі. Жарнамаланатын құрылғылардың тізімі: 1.Ұялы телефондар а) Nokia ә) Siеmens б) Samsung в) LD г) Motorola 2. Бейне карталар 3. Дыбыс картасы 4. Процессор 5. Микрафон 6. Сканер 7. Радио телефондар 8. Мониторлар 9. Модемдер 10.Колонкалар Ескерту: №3 өздік жұмыстың тапсырмасы «Қазақ тілі». Техникалық әдебиеттерді аудару (сырттай оқу факультетінің студенттеріне арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және бақылау тапсырмалары). Алматы, 2006. -39 б. Құрастырған: М.М. Төлеуп. №2 бақылау жұмысы бойынша беріледі. №3 ӨЖ(жазбаша) Жұмыстың мерзімі: 1 ай. Қойылатын талаптар: жұмысты А 4 форматында 14 шрифтпен басу; ресімдеу: сыртқы беті стандартқа сәйкес толтырылуы керек; жұмыстың түпнұсқасы толық жазылуы керек; жұмыстың мазмұнын, қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету; жұмыстың мерзімі әр семестрдің басында кестеде жасалып, көрсетіледі. Тапсырмалары: 1. Мәтін сөйлемдеріндегі сөздердің (30 сөздің) негізін тауып, оларды аударыңыз. 2. Сол сөздерді сөз таптарына (зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу) бөліп жазыңыз. 3. Өткен шақ есімше формасындағы сөздерді жазып алып, олардың сөйлемдерде қандай қызмет атқарып тұрғанын анықтаңыз. 4. Мәтінді жазбаша аударыңыз. Мәтіндері: В.Е. Китаевтың кітабынан (Электротехника және өнеркәсіптік электроника негіздері. – Алматы, 1991, -224 бет); -1-нұсқа - 4-5 беттердегі & 1 т.б. 9. Оқытушының талаптары Сабаққа кешікпей келіп, міндетті түрде қатысу. Жұмыс дәптері мен мамандық бойынша терминдер сөздігін жүргізу. Әр сабаққа әдістемелік оқу құралымен келу. ӨЖ-дерді белгіленген мерзімде тапсыру. Бұл талап бұзылған жағдайда жалпы баға кешігу мерзіміне байланысты төмендетіледі. Сабақ кезінде ұялы телефондар өшірілуі керек. Студент төрт сағаттан артық сабақ жіберсе, аттестация қойылмайды. Студент жіберген сағаттардың саны оннан жоғары болса, ол қарыздарын өтеуге жіберілмейді.Қарыздарын өтеу сессия басталғанға 1 күн қалғанға дейін ғана жүргізіледі. 10. Бағалау критерийлері “Қазақ тілі-2” пәні бойынша қорытынды (емтихандық) бағалау студенттің оқу барысында алған балдарының сомасына байланысты болады. Студент жұмысы 9 балдық жүйенің келесі өлшемдері бойынша бағаланады: семестрлік жұмыстар 30 балл аралық бақылау 10 ағымдық бақылау 10 қорытынды бақылау 10 практикалық сабақтарға 40
(А+)- тапсырмаларды толық орындап, семестрлік жұмыстарды мерзімінде өткізіп, практикалық сабақтарға толық қатысқан жағдайда, сонымен қатар 1300-1500 сөзге дейін арнайы лексиканы меңгерген жағдайда қойылады. (А-) - тапсырмаларды толық орындап, семестрлік жұмыстарды мерзімінде өткізіп, практикалық сабақтардың бір-екі сағатын жіберіп, қайта тапсырған жағдайда , сонымен қатар 1000-1300 сөзге дейін арнайы лексиканы меңгерген жағдайда қойылады. (В+) - тапсырмаларды орындауда 1-2 қате жіберіп, семестрлік жұмыстарды уақытында өткізіп, практикалық сабақтардың 3-4 сағатын жіберіп, қайта тапсырған жағдайда, сонымен қатар 1000-ға дейін арнайы лексиканы меңгерген жағдайда қойылады. (В) - тапсырмаларды толық орындап, семестрлік жұмыстарды уақытынан кешіктіріп өткізгенде, практикалық сабақтардың 1-2 сағатын жіберіп, қайта тапсырған жағдайда, сонымен қатар 500-ға дейін арнайы лексиканы меңгерген жағдайда қойылады. (В-) - тапсырмаларды толық орындап, семестрлік жұмыстарды уақытында өткізіп, практикалық сабақтардың 3-4 сағатын жіберіп, қайта тапсырған жағдайда қойылады. Қорытынды бағалау шкаласы
Сабақ кестесі Сабақ кестесін семестр басында АЭжБУ диспетчерлері береді және олар арнайы стенділерге ілінеді. Қазақ тілі-2 пәні бойынша емтихан сұрақтары. 1. Өмірбаян 2. Түйіндеме 3. Функционалдық стильдер 4. Тілдік норма 5. Іс қағаздар стиліндегі стандарт тілдік бірліктер 6. Аңдатпа 7. Бұйрық 8. Өтініш 9. Шақыру хат 10. Алғыс хат 11. Қазақ тіліндегі негізгі орфоэпиялық заңдылықтар 12. Монолог 13. Техникалық сипаттама 14. Презентация 15. Телефонмен сөйлесу этикасы 16. Іскерлік хат жазысу 17. Телефон хат 18. Хабарлама хат 19. Жарнама 20. Аударма туралы түсінік 21. Аударманың түрлері 22. Техникалық аударма. 23. Ғылыми-техникалық әдебиетті аудару 24. Баламасыз лексиканы аудару тәсілдері 25. Қолхат 26. Сенімхат 27. Ауызша сөйлеу тілі этикасы 28. Техникалық терминдердің жасалуының аналитикалық тәсілі 29. Техникалық терминдердің жасалуының синтетикалық тәсілі 30. Техникалық терминдердің жасалу тәсілдері 31. Анықтама 32. Конкурс мәтіні 11. Әдебиет тізімі Негізгі әдебиет 1. Тілембекова А.И. Қазақ тілі. Іскерлік қарым-қатынас. Оқу құралы. Алматы, 2006. -81 б. 2. Хазимова Ә. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу. Алматы, 2004. -120 б. 3. Төлеуп М.М. Кәсіби бағытталған тілде сөйлеу біліктілігін дамыту. Оқу құралы. Алматы, 2005. -78 б. 4. Төлеуп М.М. Қазақ тілі. Техникалық әдебиеттерді аудару (сырттай оқу факультетінің студенттеріне арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және бақылау тапсырмалары). Алматы, 2006.-40 б. 5. Ғ. Ғ. Шәрібжанова.ҚАЗАҚ ТІЛІ-2. Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін семестрлік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. ). Алматы, 2008. 6. Тілембекова А.И. Ғылыми-техникалық мәтіндердің құрылымындағы терминдену жүйесі. Мақ. “Қазіргі жағдайдағы энергетика, телекоммуникациялар және жоғары білім” атты х/а ғылыми-техникалық конференцияның еңбектері. Алматы:2004. Б.295-300. 7. Русско-казахский словарь: 70 000 слов / Под редакцией Н.Т.Сауранбаева, Г.Г.Мусабаева, Ш.Ш.Сарыбаева, третье изд., перераб. и дополн.- Алматы.Дайк-пресс. 2005. –1152 стр. 8. Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Казахский язык для всех. Алматы:Атамұра,2004.-720 стр. 9. Тілембекова А.И.,Төлеуп М.М.; Қазақ тілі-2 оқу құралы,/ҚР ғылым және білім минист.;Алматы: АЭжБИ,2009.-85б. Қосымша әдебиеттер 1. Т. Нұрғалиева Іс қағаздарын жүргізу және техникалық құжаттама: оқулық /.- 280б Астана: Фолиант,2008 2. Б.Б. Жахина А.Қ. Құрманова, И.С. Қайырбекова Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу курсы: оқу құралы.- 119б 3. Р.Құдайбергенов Техникалық терминдер сөздігі: қазақша-орысша-немісше-ағылшынша. 4-бөлімнен ҚР мәдениет,ақпарат мин-гі. Тіл комитеті. Алматы/.-2009: Таймас баспа үйі,- 616б 4. В.Салагаев., Б.Шалабай. Іс қағаздарын жүргізу.Алматы,2004. 5. Б.Бөрібаев, Е.Балапанов, А.Есжанов, А.Қайырбай. Іс қағаздарының 6. орысша-қазақша сөздігі. Алматы,2000 7. Т. Жанұзақов. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы /-2008ж. 8. Кеңесбаев І., Фразеологиялық сөздік./Алматы: Арыс, 2007.- 800б 9. Хазимова Ә., Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу: оқу құралы / Ә. Хазимова.- Алматы: 10. Ол-Жас Баспасы ЖШС, 2004.- 120б 11. Т.Жанұзақов.Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: ҚР мәдениет және ақпарат мин-гі.- Алматы: 12. Дайк-Пресс, 2008.- 968б. 13. Орфоэпиялық сөздік.- Алматы: Арыс, 2007.- 799б.
Электрондық оқу құралдары Поможем в написании учебной работы
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25% |