Студопедия — Мерейтойына арнау
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Мерейтойына арнау






Көңілі бір Сарыарқадай кең еді, Мерейтойға шашу ету ән-жырды,

Іздегені жер астының кені еді. Бабалардан қалған дәстүр бұрынғы.

Шәкірттері атап жатқан бүгінгі, Машановты еске алу, -деп ашалық,

Ұлы ұстаздың 100-ге келген тойы еді. Тойымыздың шымылдығын бүгінгі.

 

Әл-Машани қазағымның мақтаны, Бейнесі елестейді шың басында,

Ғұлама деп сөз сөйлейміз шаттана. Аңыз боп аты жеткен бір ғасырға.

Білім қадірін түсінетін адамға, Мәңгілік есте қалар есімің, -деп,

Машани ісі жадында қалар жаттала. Арнадым осы жырды ұстазыма.

(М. Нұрпейісова)

305-тапсырма. Жақшаны ашып, жақшаның ішіндегі етістіктерді тиісті етіс формасына қойыңыздар.

1931 жылы Әбілхан Қастеев Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы көркемсурет студиясына (жіберу). Құрманғазының есімі атақты күйші ретінде бүкіл қазақ даласына (тарау). Ғасырлар бойы ауыздан-ауызға көшіп, халықтың жадында (сақтау), бүгінгі дәуірге жеткен шешендік өнер елдің ойлау деңгейінің шексіз жоғарылығын танытады. «Гүлдер» ансамблінің қыздарына қарап әр қазақтың қызының бойы (түзеу). Өнеге деген осы, -деп үлкендер батасын (беру). Бұл кезеңнің әдеби тілін көрсететін материалдар VI – VIII ғасырлар аралығында (жазу) руникалық жазба ескерткіштер.

306 - тапсырма. Етістіктерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Жалпы тіршілікте алыстаған сайын асқақтай көрінетін адамдар болады. Сондай адамдардың бірі Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани. Уақыт өткен сайын ғұлама ғалым-ұстаздың өмір жолы мен ғылыми еңбектерінің қажеттілігі ұрпақтар үшін бұрынғыдан да ұлғая, биіктей береді. Ақжан Жақсыбекұлының жарқын бейнесі ХХ ғасырдың ойшыл ғұламаларының арасында шоқ жұлдыз болып көрінеді және ол қазақ халқының мақтанышы бола бермек.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен және ел азаматтарының қолдауымен ғалымның 100 жасқа толған мерейтойын атап өту ЮНЕСКО-ның Күнтізбесіне енгізілген болатын.

Ұлағатты ұстаз А.Машановтың 100 жылдық мерейтойы 2006-2007 жылдары дүниежүзі бойынша ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтілді.

9-апта. 27-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Сын есімнің жай және салыстырмалы шырайлары.

307-тапсырма. Академик Ө. Байқоңыровтың шығармашылығымен танысып, мағынасын түсініп, мәтінді мазмұндаңыздар.

Тау-кен инженері, академик – Өмірхан Аймағанбетұлы

Байқоңыров (1912-1980)

Байқоңыров Өмірхан Аймағанбетұлы – тау-кен инженері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ҰҒА-ның академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері. Туған жері – Жезқазған облысы, Ұлытау ауданы, Сөмке ауылы (қазіргы Ұлытау совхозы). 1925 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін Қарсақбай, Шымкент және Қарағанды металлургиялық зауыттарында жұмысшы-металлург болып жұмыс істеген, кедей шаруаның отбасында дүниеге келді.

Ө. Байқоңыров 1940 жылы Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1952 жылы осы институтқа директор болып тағайындалады. Институт 1960 жылы политехникалық болып қайта құрылады. 1962 жылы Ө. Байқоңыров осы институттың ректоры болып қызмет істейді.

1962 жылы Қазақ ССР ҒА-ның академигі, сонымен қатар академик-хатшы болып сайланады. Ол – пайдалы қазбалар кен орындарын әзірлеу саласындағы көрнекті ғалым-энциклопедияшы. Оның ірі еңбектері дүниежүзілік ғылыми қоғамға кеңінен танымал, ірі тау-кен инженері және өндіріс ұйымдастырушысы, көрнекті қоғам қайраткері, өз Отанының патриоты, Қ.И. Сәтбаевтың шәкірті.

Жас тау-кен инженерінің еңбектену кезі Ұлы Отан соғысының ауыр жылдарына келді. Оған ескі шахтаны қайта қалпына келтіру жүктелді. Оның жетекшілігімен жер бетіндегі ғимараттар, шахта оқпаны және жер асты қазба жұмыстары қалпына келтірілді. Үш-төрт айдан соң жүздеген тонна мыс жаңадан алына бастады. Ө. Байқоңыров мемлекеттік жоспарды асыра орындап отырғаны үшін Мемлекеттік комитеттің ауыспалы Қызыл Туын 16 рет жеңіп алды. Тау-кен жұмыстарының жаңа әдістері тұрақты түрде сынақтан өткізіліп тұрды. Жезқазғанда қазба жұмыстарын жылдам жүргізу, қазып өту процесін механикаландыру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру бойынша шаралар жүргізіп отырды.

Ө. Байқоңыров тау-кен инженері ретінде бұрғылау-жару жұмыстарынан бастап, кенді денелердің жер қабатында орналасуына байланысты барлық технологиялық процестерді дамытуға, жаңартуға маңызы зор үлес қосты. Сондай-ақ ол Ертіс-Қарағанды каналының және Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Шет, Қарағайлы аудандарындағы ірі рудниктер, Маңғыстау түбегіндегі мұнай кен орындары сияқты өнеркәсіптік орталықтардың құрылыстары жұмыстарын атқаруға белсене қатысқан.

Академик Ө. Байқоңыров жаңа тиімді технологияларды кеңінен дамыту және өндіріске енгізу мақсатында тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін бақылауда сейсмикалық, ультрадыбысты, оптикалық, ядролық-физикалық және басқа әдістерін қолдануды енгізді.

Оның еңбегінің ең биік шыңы – пайдалы қазбалы кен орындарын әзірлеудің сыныптамасы мен әдістерін таңдау әдістемесін құруы. Ол түсті металдар кенін, химиялық шикізаттарды және кенді емес материалдарды жерасты және ашық қазып алуды қолданудағы әдістерін жетілдіруде және жаңа әдістерді әзірлеуде қазақстандық ғылыми мектепті құрушы. Оның еңбектері шетелдерде де танымал. Ол артына өшпес із қалдырған ғалым.

Ө. Байқоңыров 300-ден аса ғылыми еңбектері мен көптеген монографиялардың авторы. Академик Ө. Байқоңыровтың Отанға істеген зор қызметі, дүниежүзілік ғылымға және жоғары білімге қосқан үлесі үшін сол кезеңнің ең жоғарғы наградасы Ленин орденімен, «Шахтер даңқы» белгісімен және көптеген медальдармен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған.

Академик Ө. Байқоңыровтың есімі Жезқазған университетіне, Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тау-кен институтына берілді. Алматы, Жезқазған, Сәтбаев қалаларында көшелердің аты аталып, Жезқазған руднигіне, Алматы қаласының тұрғын үйлеріне мемориал тақталар орнатылған. Жезқазған университетінің оқу корпусы алдында монумент орнатылып, қабіріне ескерткіш қойылды.

Сөздік:

оқпан – ствол

оқпан түсетін жер – место заложения ствола

кен – залеж; месторождение; недра; полезные ископаемые

308-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігі бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Ө. Байқоңыров кім, қай жерде, қандай жұмыс істеген? 2. Ол қай оқу орнын бітірген, мамандығы кім? 3. Қашан ректорлық қызмет атқарды? 4. Ө. Байқоңыров қай салада көрнекті ғалым болып танылды? 5. Ұлы Отан соғысы жылдары оған қандай міндеттер жүктелді? 6. Оның жетекшілігімен не қалпына келтірілді? 7. Мемлекеттік жоспарды асыра орындағаны үшін нені, қанша рет жеңіп алды? 8. Ол нені жаңартуға, дамытуға зор үлес қосты? 9. Қандай жұмыстарды атқаруға белсене араласып отырды?

309-тапсырма. Мәтіннің екінші мағыналық бөлігіне сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырыңыздар.

Ү л г і:

– Сол кездері ауылдық жерлерден келген қазақ жастарының оқуға түсулері үшін қандай

қиындықтар болды?

– Ауылдық жерлерден келген қазақ студенттерінен контингент қалыптастыру қиын болды,

себебі қабылдау емтихандары орыс тілінде өтетін. Бірінші емтихан диктанттан соң-ақ

олар өте алмай қалатын.

– Ал Ө. Байқоңыров бұл мәселе жөнінде қандай көмек көрсете алды?

– Кейбір аға буын педагогтардың қарсы болуына қарамастан, Ө. Байқоңыров қазақ жастары

үшін институтқа қабылдау ережесін өзгертіп, қабылдау емтихандары ана тілінде

жүргізілетін болды.

310-тапсырма. Сын есімнің жай және салыстырмалы шырайларын қайталып,

өткен материалдарды еске түсіріңіздер.

 

Сын есімнің шырайлары







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 675. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Уравнение волны. Уравнение плоской гармонической волны. Волновое уравнение. Уравнение сферической волны Уравнением упругой волны называют функцию , которая определяет смещение любой частицы среды с координатами относительно своего положения равновесия в произвольный момент времени t...

Медицинская документация родильного дома Учетные формы родильного дома № 111/у Индивидуальная карта беременной и родильницы № 113/у Обменная карта родильного дома...

Основные разделы работы участкового врача-педиатра Ведущей фигурой в организации внебольничной помощи детям является участковый врач-педиатр детской городской поликлиники...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия