Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Салыстырмалы шырай (Сравнительная степень)





Салыстырмалы шырай дегеніміз бір заттың сынына екінші бір заттың сынын салыстырып, сол салыстырылатын түстердің я белгілерінің бір-бірінен сәл артық екенін білдіретін шырайдың түрі.

Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар:

1. -рақ, -рек, -ырақ, -ірек: көгірек, бойшаңырақ, жұмсағырақ, сәндірек.

2. -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: кішілеу, ақшылдау, үлкендеу, сараңдау.

3. -қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -аң: бозғыл, сұрғылт, көкшіл, қоңырқай, ақшыл.

311-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, оларға- лау, - леу, - дау,- деу,

-тау, -теу жұрнақтарын тиісті сөздерге қосып жазып, салыстырмалы шырай жасаңыздар.

Холодный, открытый, грязный, ровный, красный, желтый, зеленный, белый, теплый, горячий, длинный, вкусный, сложный.

312-тапсырма. Мәтіндегі жай және салыстырмалы шырайларды тауып, олардың емлесін түсіндіріңіздер.

Ү л г і: Ол барлық уақытта да қиын+дау кезеңдерге тап болып отырды, бірақ проблемаларды қашанда дұрыс шешумен айналысты.

313-тапсырма. Сөйлемдерден салыстырмалы шырайларды тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшаңырақ. Ниетқабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады. Өзгелерінен гөрі сергектеу Ыбыраш түскі ұйқыдан жеңіл оянды. Жігітттің бетіне ажар кіріп, ақшылдау жүзі алқызылдана бастады. Дымқыл шалғынның арасында, бозғылт тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді.

314-тапсырма. Сын есімдерді қазақ тіліне аударып, оларға -рақ, -рек, -ырақ;,

-ірек жұрнақтарын тиісті сөздерге жалғау арқылы салыстырмалы шырай жасаңыздар.

Ү л г і:Үлкен – үлкен+ ірек; қатты – қатты+ рақ.

Большой, маленький, прямой, кривой, пожилой, молодой, широкий, далекий, худой, короткий, высокий, гоячий, холодный, твердый, мягкий.

315-тапсырма. Берілген сөйлемдердегі шырайлардың астын сызып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

Менің әріптесім сенен биігірек. Меніңше, мына жігіт жалқаулау сияқты. Жанаттың көзі Қарашаштың көзінен үлкендеу. Мен кезекте жастау әйелден кейін тұрдым. Марат Айдостан аласалау екен. Осы шешім дұрысырақ па деймін.

316-тапсырма. Төмендегі жай шырайлардан салыстырмалы шырай жасап, олармен сөйлемдер құрастырыңыздар.ъ

Жас адам, ақа қағаз, ұзын қарындаш, жақсы бала, тәрбиелі оқушы, ұзын бойлы жігіт, қызық кітап, дәмді тамақ, ескі киім, қалың дәптер, ыстық су, ашық аспан, ақ қағаз.

317-тапсырма. Зат есімдерді мағыналық жағынан сын есімдермен тіркестіріп, сөз тіркестерін құрастырыңыздар.

Кітапхана, оқу орны, қала, өлке, мәселе, қыз, киім, дәрігер, студент, қалам.

318-тапсырма. Сын есімнің шырай категориясының түрлерін (жай, салыстырмалы) ажыратып, оларды екі бағанаға бөліп жазыңыздар.

Дәмдірек, ұзындау, сарғыш, жеңілірек, аласа, көкшіл, тез, сұрғылт, жас, көгілдір, ақшылтым, қалың, әдемі, сұр, жасылдау, ащы, тәтті, қызық, қиынырақ, оңайлау, кең, биік, қымбат, арзан.

319-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсініп, тіл туралы не айтылғанын әңгімелеп беріңіздер. Жай шырайлардан салыстырмалы шырай жасаңыздар.

Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Таза терең, өткір, күшті кең тілім.

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кең тілім. Ақ қолыңмен тарта аларсың, сен тілім!

(Мағжан Жұмабаев)

 

10-апта. 28-тәжірибелік сабақ;

Грамматика: Сын есімнің күшейтпелі және асырмалы шырайлары.

320-тапсырма. Қазақ халқының музыкалық мұралары мен дәстүрлері туралы тарихи деректермен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.

 

Қазақстанның мәдениеті, өнері, спорты

* * * * *

Қазақ халқының ұлттық музыкалық дәстүрі

Қазақ халқының ұлттық музыкалық мұрасы мен дәстүрлерінің, саз аспаптарының шығу тарихы тереңде жатыр, ғасырдан ғасырға ұласады. Орта Азияның кең даласын жайлаған, мал бағумен айналысқан көшпенді тайпалар өзіндік ерекшелігі мол музыкалы-поэзиялы шығармалар жасап, оны қазіргі қазақ халқына мұра етіп қалдырды.

Ән, күй, термеге үн қосатын қазақтың дәстүрлі музыкасы адамның өмірімен, оның тіршілігімен өте тығыз байланысты. Әндер, күйлер, аспаптық пьесалар мерекелерде, күнделікті өмірде орындалып отырған. Халық арасында ақын, жырау, әнші, күйші, сал, сері деген атақ алған кәсіби музыканттар қоғамда ерекше құрметті орын алады.

Ақын – поэзиялық сөз шебері, суырып салма. Ақын барлық уақытта өзін домбырамен сүйемелдеп отырады. Халық ақыны – ол өз халқының мәдениетін, тарихын жақсы білетін, өз заманының білімпазы, саясаты мен географиясын терең түсінетін ойлы адам.

Егер ақын қазақтың белгілі бір руының атынан сөйлесе, жырау бүкіл халық атынан сөйлейді. «Жырау» деген сөз «жыр» – эпос, аңыз, өлең деген сөзден шыққан. Жыраулар эпостық шығармалар шығарған және оны орындаған. Кейінірек, XVII ғасырда жыраулар орнына жыршылар келді, олар эпостық шығармаларды орындаушылар.

Күйші және әншілер тек қана орындаушылар ғана емес, сонымен қатар олар күй шығарушылар да. Күй жанрында халықтың өткендегі өмірі, тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, дүние танудағы көзқарасы, арман-тілегі, туған жерге деген махаббаты, т.б. толғанады.

Күй атасы – Құрманғазы – әйгілі халық композиторы, асқан домбырашы, орындаушы. Ол қазақтың халықтық инструменталдық музыкасына классик ретінде кірді. Құрманғазының барлық өмірі – қазақ халқын қанаушылыққа қарсы күреске арнаған. Патша үкіметінің қуғыны да, түрмесі де композитордың еркіндікті аңсаған көңілін жасыта алмады.

Қорқыт (VIII-IX ғғ.) – оғыз-қыпшақ тайпаларының ұлы ойшылы, көріпкел дана. Ол қазақ халқы үшін алдымен күй атасы. Қобызда күй шалу дәстүрін ең алғаш орнықтырушы. Оның қобызынан күй төгілгенде, тіптен табиғат та тынып, Сырдария ағысын баяулатып, аң-құс демін ішіне тартып, адамдар жұмысын тастайды екен. Қорқыт ата – оғыз-қыпшақ ортасындағы саяси-әлеуметтік мәселелерді шешуде жол көрсетуші бас тұлға, сыртқы жаудан, ішкі даудан аман болуын қадағалаушы ақылгөй.

Асанқайғы (XIV-XV ғғ.) – халқының ертеңін ойлап, еңсесін көтеруді өмірлік мұрат еткен, Ұлытау төңірегінде қазақ руларының қоныстануына атсалысып, халқына бағдар беріп отырған. Ел ішіндегі шежіре сөздер мен күй аңыздарға қарағанда, Асанқайғы халық қамын ойлаған ақылгөй, көреген ғана емес, сонымен бірге керемет дарынды күйші де болған.

Жаяу Мұса (1835-1929) – қазақтың әйгілі әнші-композиторы, ақын. Ол қазақтың ән-өнерін мазмұн, түр жағынан байытып, шығармашылық жаңалықтар енгізіп, әуен-сазын жаңа биіктерге көтерген аса дарынды композитор. Жаяу Мұса өз шығармаларында қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, өз заманының арманын әнмен бере білген.

Қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениеті өте жоғары деңгейде, сан-салалы болған. Күйлер мен ұлттық музыкалық аспаптар қазақ халқының өмірінде айрықша орын алады. Халықтың мол ұлттық музыкалық мұрасы мен аса бай орындаушылық тәжірибесінің жоғары деңгейде болғаны тарихи деректерден мәлім. Қазақтың саз аспаптары өзіндік ерекшелігі мол, алуан түрлі және өте бай мұра.

Қазақ халқының ұлт болып қалыптасу кезеңінде өзіне тән ұлттық музыкалық дәстүрі дүниеге келді. Соның нәтижесінде бай музыкалық мәдениеті қалыптасты. Бесік жыры, үйлену тойлары мен жерлеудегі салт-дәстүрлер әнмен айтылды. Ақындар айтысы халықтың көп жиналып, ұйып тыңдайтын өнер сайысына айналды. Орындаушылық дәстүрдің түрлері домбыра немесе қобыздың сүйемелімен орындалды. Қазақ музыкасының тарихи даму жолында ұлттық өнердің өшпейтін классикалық шығармаларын тудырған, жоғарыда атап кеткен және т.б. көптеген күйші-композиторлар шықты. Олар қазақтың өткен өміріндегі дамыған музыка мәдениетінің дүлдүл өкілдері еді.

Сөздік:

терме – импровизация; пение салт-сана – традиция

назидательного содержания әдет-ғұрып – обряд; обычай; традиция

сал – певец; акын; плот; паралич көріпкел – ясновидец

сері – поэт-песенник; рыцарь; сэр дүлдүл – оратор; чемпион

жырау – поэт-сказитель; певец;

сказитель; жырау

321-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Көшпенді тайпалар нені қазақ халқына мұра етіп қалдырды? 2. Қазақтың дәстүрлі музыкасы немен тығыз байланысты болған? 3. Ақын, халық ақыны дегендеріміз кімдер? 4. Жырау, жыршылар туралы не білесіздер? 5. Күйші және әншілер кімдер? 6. Күй атасы – Құрманғазы өзінің шығармаларын, өмірін неге арнаған? 7. Қорқыт ата деген кім, ол халқы үшін не істеп, немен айналысқан? 8. Асанқайғы туралы не білесіздер? 9. Жаяу Мұса өзінің шығармаларында нені жырлаған? 10. Күйлер мен ұлттық музыкалық аспаптардың маңызын қалай түсіндіресіздер? 11. Ұлттық музыкалық дәстүр қалай қалыптасты?

322-тапсырма. Мәтіннен асырмалы шырайларды тауып, астын сызып, оларды тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңыздар.

323-тапсырма. Төмендегі күшейтпелі шырайлармен сөйлемдер құрастырып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Сұп-суық, жап-жарық, үп-үлкен, сап-сары, жап-жақсы, қып-қысқа, ұп-ұзын, қап-қара, әп-әдемі.

324-тапсырма. Мәтіннің бірінші мағыналық бөлігінен он шақты сын есімдерді теріп жазып, олардан асырмалы шырай формасында сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і:Дарынды; аса дарынды. Әйгілі халық композиторы, аса дарынды домбырашы Құрманғазы Сағырбаевтың күйлері бейнелі мәнерлілігімен, домбырада ойнаудың өзіндік айрықша стилімен ерекшеленеді.

 

Күшейтпелі шырай (Усилительная степень)

Күшейтпелі шырай дегеніміз – заттың бастапқы сындық сапасын күшейте түсетін шырай. Мысалы: жап-жақсы, жап-жарық, үп-үлкен, сап-сары т.б.







Дата добавления: 2015-08-30; просмотров: 3220. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ОСНОВНЫЕ ТИПЫ МОЗГА ПОЗВОНОЧНЫХ Ихтиопсидный тип мозга характерен для низших позвоночных - рыб и амфибий...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Ведение учета результатов боевой подготовки в роте и во взводе Содержание журнала учета боевой подготовки во взводе. Учет результатов боевой подготовки - есть отражение количественных и качественных показателей выполнения планов подготовки соединений...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия