С е м е й п о л и г о н ы
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында АҚШ әлдеқайда алда келе жатты. Әлем тарихында бірінші ядролық қаруды сынауды АҚШ 1946 жылдың 16 шілдесі күні Нью-Мексико штатында өткізді. Үш аптадан соң, 6 тамызда жапонның Хиросима қаласына 20 мың тонна тротилға тең сұрапыл қиратқыш күші бар атом бомбасы тасталды. Прогрессивтік адамзат америка әскерлерінің қылығына жағаларын ұстады. Бірақ адамзат Хиросима қасіретінен Семей қасіретінің алыс емес екенін ол кезде білген жоқ еді, бірақ көп ұзамай Хиросимаға туған күн, Семей территориясы тұрғындарының басына да туды. «Невада-Семей» қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, 500-ге жуық бомба жарылды. Бұл тарихта бұрын соңды болмаған адамзатты атомдық жолмен қыруды ұйымдастырған жауыздықтың өзі. Кеңес өкіметі Сарыарқа жерінде бомбасын жарып, ондағы тіршілік әлемін тоқтатып, адамдарды ақырзаман індетіне шалдықтырып, Жер-Ананы өсінен тайдырып жібере жаздады. Егер жарылыс тоқтамағанда, әр ядролық сынақ табиғатқа шексіз зиян әкеліп, улы тозаң жарты әлемге жайылып, Орта Азияны ядролық күш тозаңға тұншықтырып, халықты жойып жіберер еді. Полигон маңындағы халықтың көбісі дәрігерлердің өзі анықтай алмайтын аурулардан қырылғаны белгілі. Төрткүл дүние қазақты «Семей сұмдығы» арқылы алғаш білді. Антиядролық «Невада-Семей» қозғалысының акция шерулері Батыс пен Шығысқа шындықты жеткізіп, құпия болып келген соғыстың сырын ашты. Тоталитарлық жүйенің әскери күштерімен арпалысқан қозғалыс белсенділері белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың соңынан еріп, күшті күрес талаптарының нәтижесінде 1991 жылы полигонды жабуға қол жеткізді. Ядролық қару жасау жерлерін жабу ісінде Қазақстан тұңғыш мемлекеттердің бірі болды. Атом жарылысы болған кезде, ол жерге бүкіл Менделеев кестесіндегі элементтердің бәрін қолданылғаны белгілі. Олардың бәрі радиация шығарады. Осылардың ішіндегілері –«цезий – 137» мен «строний – 90» және «плутоний – 239» адам өміріне өте қауіптілері екен. Олардың жоғалуына жүздеген жылдар қажет. Тіпті кейбіреулерінің сәулеленуі мыңдаған жылдарды қамтиды. Соның бәрі жабулы қазан болып қалды. Семей облысының атомдық сынақтардан көрген зардаптарын зерттеу және оның картасын жасауды қажет етеді. Полигон жабылды, бірақ оның үні бірден өшкен жоқ. Жан түршігерлік ол жылдарды және оның жабылуына қандай қиындықтармен қол жеткізілгенін халық қалай ұмытсын! Адамзат бұл қасіретті қозғалыстың тарихын, қырық жыл бойы қандай зардап әкелгенін білуі тиіс. Сөздік: қиратқыш – разрушительный сұрапыл – лютый; свирепый; суровый; қырғын – бойня, погром; битва; уничтожающий; жауыздық – зловредность; злодейство; коварство; подлость; ақырзаман – конец света індет – замор; зараза; эпидемия; повальная болезнь; инфекция; шалдығу – измотаться; расстройство; тозаң – пыль; пылинка; пыльца; зобалаң – неразбериха; зардап – жгучая боль; тяжелые последствия; вред; убыток; жарылыс – взрыв 521-тапсырма. Мәтінді оқығаннан кейін Семей полигоны туралы қандай мәлімет алдыңыздар? Әңгімелеп беріңіздер. 522-тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағыналарын сақтай отырып, себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. Ү л г і: « Невада-Семей»қозғалысының шерулерінде 1949 жылдан 1989 жылдар аралығында 40 жыл қырғын болды, себебі онда 500-ге тарта ядролық жарылыс болды. 523-тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен үш сөйлемді алып, олардың негізгі мағынасын сақтай отырып, кезектес салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. 524-тапсырма. Сөйлемдерді өз тараптарыңыздан толықтырып, салалас құрмалас сөйлемдердің түрлерін ажыратыңыздар. 1. Денсаулық – зор байлық, себебі ------------------------------------------------------------------- 2. Байлық – мұрат емес, неге десеңіз --------------------------------------------------------------- 3. Бейнет түбі – зейнет, сондықтан ----------------------------------------------------------------- 4. Кейде өмірден түңілесің, кейде ------------------------------------------------------------------- 5. Бірде шаттана қуанасың, бірде -------------------------------------------------------------------- 6. Біресе сырыңды маған айтасың, біресе ---------------------------------------------------------- 7. Қайғың болса, досыңа бар, өйткені ------------------------------------------------------------- 8. Ұрлық түбі – қорлық, себебі --------------------------------------------------------------------- 525-тапсырма. Өлең жолдарынан салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың салаластың қай түріне жататынын айтыңыздар. Тірілтіп өткен күнді, тағы шөлдеп, Кейде ойлайды жылауға қайғы-зарын Осы күнді күн демес қарғап, міндеп. Тынымсыз күнде ойлаған дерттің бәрін. Кейде тілеп бақ пенен тағы тыныштық, Кейде онысын жасырар жұрттан ұрлап, Кейде қайғы, азапты тағы да іздеп. «Кетірер» деп мазақтап беттің арын. Ауыру жүрек ақырын соғады жай, Өз дертін тығып ішке соғады жай, Кейде ыстық тағы да қан басады, Кейде бір сәт тыншығар, үн шығармай. (Абай) 526-тапсырма. Түстер нені білдіреді? Сөйлемдерді өз ойларыңызбен аяқтаңыздар.
білдіреді, себебі.....
білдіреді, себебі.....
527-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерден салалас құрмалас сөйлемдер жасап, көшіріп жазыңыздар. Ү л г і: Бүгін Маржан театрға бара алмай қалды. Оның уақыты болмады. Бүгін Маржан театрға бара алмай қалды, себебі уақыты болмады. 1. Жаман мінез-құлық – рухани кесел. Бұл кеселді жою үшін тән кеселін емдеуде қолданылатын дәрігердің тәжірибесіне еліктеуіміз керек. 2. Жаман дос – көлеңке. Басыңды күн шалса, қашып құтыла алмайсың. Басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың. 3. Өнер кейде адамды асқақ сезімге бөлейді. Адамның жан дүниесін нұрландырады. Жан дүниесін байыта түседі. 4. Жұмыстың нәтижесі көбінесе оқу орнындағы жалпы тәртіпке байланысты екенінде дау жоқ. Тәрбиеленушімен бірге жұмыс істеп отыратын тәрбиешінің өзіне байланысты болады емес пе? 5. Тіл аса мейірбандықты керек етеді. Сөздің шарапатынан дуалы шарапат жоқ. 6. Адамды мақтап қою қажет. Ол өзін-өзі құрметтеу сезімін тудырады, шығармашылық күш-қуатын дамытып, сезімін арттырады.
14-апта. 42-тәжірибелік сабақ Грамматика: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер. 528-тапсырма. ХХІ ғасырдағы үлкен проблема – экология мәселесі. Арал, Алматының экологиялық жағдайлары туралы мәтіндерді мұқият оқып, өз тараптарыңыздан толықтырып, мазмұндаңыздар. Қазіргі экологиялық жағдайлар. Арал экологиясы. Алматы қаласының экологиясы Қазіргі экологиялық жағдайлар. Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық мәселелерге байланысты табиғи ортаның сапасын жақсарту өзекті мәселе болып отыр. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады. Өнеркәсіптің қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда.Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ, сапасын төмендетті. Өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп отырады. Олар – қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен, көл суын қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Әсіресе, ірі қалаларда, өнеркәсібі дамыған жерлерде, зауыт, фабрикалар маңында зиянды заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады. Улы заттардың қатарында темекі мен есірткі заттар да жатады. Темекіні жиі тарту өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына апарып соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызды. Сөздік: құнарсыз – бесплодный; неплодородный; қолқа – аорта қолқа жырығы – отверствие аорты өнеркәсіп – промышленность; промышленный 529-тапсырма. Мәтінге сұрақ-жауап (сұхбат) құрастырып, оларды рөлге бөліп оқыңыздар. 530-тапсырма. Төмендегі тақырыптарға реферат жазыңыздар. 1. Қоршаған ортаның химиялық, биологиялық және радиациялық ластануының себептері және олардан қорғану шаралары. 2. Ластану көздері. 3. Зиянды қалдықтар. 4. Каспий өңірінің экологиялық мәселелері. 5. Атырау және Маңғыстау өңірінің экологиясы. 6. Солтүстік-шығыс облыстарының экологиясы. 7. Оңтүстік аймақтардың экологиясы. 531-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар. Экологиялық мәселелер, табиғат апаттары, топырақтың құнарсыздануы, өнеркәсіп, құрғақшылық, су, ауа, топырақ, химиялық зиянды заттар, сұйық газ, зауыт, фабрика. 532-тапсырма.Түсіндірме сөздікті пайдаланып, экология саласынан он терминге түсініктеме жазып, олардың мағынасын түсіндіріп беріңіздер. 533-тапсырма. Ұлы тұлғалардың табиғатты қорғау, экологиялық проблемалар туралы айтқан өсиетті сөздерінің мағынасын түсініп, есте сақтаңыздар. Экологиялық проблемалар – ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр. (Шыңғыс Айтматов) Табиғаттың әр беті – терең мағынаға толы кітап. (И.Гете) Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар. (Шоқан Уәлиханов) Табиғатты қорғау мәселелерінде ведомстволық көзқарасқа, өткінші тиімділікке төзуге тіпті де болмайды. (Шыңғыс Айтматов) Адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды... Табиғат адамды қайырымдылыққа, бір мақсатқа ұмтылатын сұлу жан етіп тәрбиелейді. Ол – денсаулық, шабыт және шығармашылықтың қайнар көзі. (П.И. Мартковский) Жер мәселесі – өмір мәселесінің ең зоры, оны шешен ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс. (Ә.Бөкейханов) Қарсылықты жалғаулықты салалас құрмалас сөйлемдер Құрамындағы жай сөйлемдердегі істің, оқиғаның өзара қарама-қарсы мәнде жұмсалатынын білдіретін салаластың түрін қарсылықты салалас дейміз. Қарсылықты салаластың құрамындағы жай сөйлемдер өзара іргелес тұрып та, жалғаулық шылаулар арқылы да байланыса береді.
534-тапсырма. Арал теңізінің экологиясы туралы мәтінді мұқият оқып, мәлімет алып, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар. Арал теңізінің экологиялық мәселелері Арал өңіріндегі экологиялық апат аумақтарына Қызылорда облысының, Ақтөбе облысы Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар, Темір, Шалқар аудандарының, Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс, Отырар, Созақ, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының, Қарағанды облысы Ұлытау ауданының аумақтары кіреді. Арал өңірінің қазақстандық бөлігінің экологиялық қолайсыз аумақтарын бөлу кезінде, экологиялық апат аймақтарына Қызылорда обылысының Арал және Қазалы аудандары, Ақтөбе облысының Шалқар ауданы енгізілген. Сонымен, Аралдың мұңы – қазақтың мұңына айналғаны қашан?! 1995 жылдарға таман Арал теңізі су көлемінің төрттен үш бөлігінен айырылды. Теңіз беті екі еседен астам кішірейіп кетті, теңіз деңгейі 19 метрге төмендеді. 30 жыл ішінде Аралдың радиусы 150 шақырымға дейін кейін шегінді, нәтижесінде теңіз айналасындағы 30 000 шаршы шақырым жер қылтанақсыз шөл далаға айналды. Осының салдарынан халықтың денсаулығы күрт төмендеді, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің түрлі кеселдері пайда болып, жұқпалы аурулар күш алды. Бауыр аурулары мен тырысқақ бұрын-соңды болмаған дәрежеде таралды. Аналардың 80%-ы қаныаздық ауруына шалдыққан. «Қазіргі кезде Арал теңізі мен оған жапсарлас аудандарды қалпына келтіру мүмкін емес», - дейді мамандар, бірақ «Кіші Арал» деп аталатын су бассейнін толтыруға болады екен. Бүгінгі күні Кіші Аралда 12 текше шақырым су бар, енді екі жыл ішінде бұл көлемді 27 текше шақырымға дейін ұлғайтудың жоспары жасалған. Ауылшаруашылық министрлігі су ресурстары комитетінің мәлімдеуінше, Арал теңізіне құятын Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су желілерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда. Биыл жазда Әйтек су желісін қалпына келтіру жұмыстары аяқталып, одан әрі Қазалы және Қызылорда су желілерін жетілдіру жұмыстары басталды. Сырдария бойымен теңіздің солтүстік бөлігіне жыл сайын ең аз дегенде 5 текше шақырым су келіп құйылатын болады. Енді екі-үш жылда Кіші Аралдағы судың деңгейі Аралда кеме шаруашылығын қалпына келтіруге болатындай су жиналмақшы екен. Кіші Аралға су толтыру бағдарламасын, ТАСИС ұйымы, ЮНЕСКО және әртүрлі елдердің үкіметтері қаржыландырып отыр. Ал кезінде Арал теңізі ішкі су қорының көлемі жөнінен әлем бойынша төртінші орында болатын. Сөздік: саға – устье реки; место впадения реки в море, озеро желі – линия; сеть; стержень; жила; веревка; киновязь тырысқақ – холера; холерик; капризный 535-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар. Қоршаған орта, табиғатты қорғау, жұқпалы аурулар, табиғатты қорғау, қалпына келтіру, су толтыру, қаржыландырып отыру, кішірейіп кетті, шөл далаға айналды. 536-тапсырма. Дұрыс нұсқасын табыңыздар. 1. Қарсылықты салалас: 2. Кезектес салалас: а) әйтсе де, үшін, кейін, дегенмен а) өйткені, алайда, дегенмен ә) бірде, деп, соң, -дықтан ә) сол себепті, дейін, -діктен б) бірақ, сонда да, алайда, дегенмен б) бірде, кейде, біресе в) неге десеңіз, шейін, кейін, соң в) -йынша, -йінше, біресе, және
3. Ыңғайлас салалас: 4. Себеп- салдар салалас: а) кейде, сондықтан, алайда а) -ғалы, -гелі,- хана, өйткені ә) -да, -де, -деп, соң, үшін ә) алайда, әйтсе де, және б) және, -да, -де, -та, -те б) сондықтан, сол себепті, в) неге десеңіз, -йінше, үшін в) бірақ, әсіресе, соң, дейін 537-тапсырма. Сөйлемдерден қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер. Жандарал Абайға көз қиығын тастап, «осының өзі істеп отыр ма, тағы бір айласы ма жұмбақты қазақтың», - деп ойлап еді, бірақ Абайдың түрінде қатты таңданғандықтан басқа ешбір белгі жоқ екен. Шаршайтын орайым бар еді, бірақ бүгін көрген бір қызығым күні бойғы жол азығым болып, шаршағанымды білдірмеді. Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ әлі тұрған жоқ. Қазақтың моңғолдан шыққандығы ұят емес, бірақ біздің білімсіз, ғылымсыз қалмақтығымыз ұят (Абай). Қалыбек артынан ілесіп, аяғынан шалған болады, бірақ өзі құлап түседі. Сара ки-ки Қажымұқанның құлағын тістей жармасты, дегенмен күш атасы Қажымұқан жапон палуанын қос қолдап көтеріп алды да, жерге алып ұрды. 538-тапсырма. Сөйлемдердің негізгі мағынасын сақтай отырып, олармен қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Балқаш көлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Балқаш жартылай тұщы көл. Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланысты тұщы болған. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы қазір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалады. Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырап кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауындағы тоғайлы ормандар жоғала бастады. Бүкіл жағалауда шөлдеу процесінің басталуы көлдің жағасындағы қамыстардың жойылуына әкеліп соқты. Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш көлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді. Экология заңдарын білу, қала мен өндіріс орындарының тиімді тығыздығын анықтау, Оңтүстік Қазақстандағы тепе-теңдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сөздік: кәсіпшілік – промысел; ремесленничество; хозяйство тұщы – пресный тепе-тең – равный; тождественный; тождественно 539-тапсырма. Қарсылықты құрмалас сөйлемдерді өз ойларыңызбен аяқтаңыздар. «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер», - дегендей, отбасында балалар әкелері мен аналарының бойындағы қасиеттері мен өнерлерін үйреніп өскен, бірақ.................... Түйгені көп шешесі қызымен, келінімен өмірдегі тәжірибелерімен бөлісіп, болашақ өмірге дайындайды, әйтсе де.................... Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында рухани жақындық болады, дегенмен.....................
540-тапсырма. Салалас құрмалас сөйлемдердің әр түрінің тиісті шылауларын көрсетілген торларда көрсетіңіздер.
541-тапсырма. Тағы да экология мәселесі! Алматы қаласының экологиялық жағдайларымен танысып, мәтінді мазмұндаңыздар. Алматы қаласы ауасының экологиясы Алматы қаласын зерттеушілердің айтуынша, ауаның қатты ластануының нәтижесінде, тек адамдар ғана емес, ағаштар да «ауырады» екен. Алматының ауа экологиясын кірлетуші автокөліктер болып табылады. Қала ауасын кірлетуші зиянды химиялық заттардың 80 %-ы автокөліктердің шығаратын түтіндерінен тұрады. Соңғы онжылдықта қала халқының бұрынғымен салыстырғанда, 1.5 есе жиі ауыратыны анықталды және қала республика бойынша ол жағынан бірінші орында тұр. Алматы қаласы, былайша айтқанда, газды камераға айналып тұр,-дейді эколог- ғалымдар. Ағаштар ауаны тазалайды деген ұғым халық түсінігіне сіңіп қалған. Ал ағаштар болса адамдардың жауапкершілігінің жоқтығынан ауырады. Өсімдіктердің жапырақтары өзгеріске ұшырайды. Ғалымдар кейбір ағаштардың жапырақтарында қорғасынның нормадан 3 есе артық, ал кадмийдің нормадан 10 есе артықтығын анықтады. Олардың ауыруға ұшырауына, жапырақтарының өзгеруіне қаланың «химиялық күюге» ұшыраған жерлері, газдардың шоғырланған жерлері және металды учаскелерінің әсері болатыны анықталды. Алматы І және «Жұлдыз» аудандарының маңайында өсетін ағаштарда литий табылды. Бұл элемент адам ағзасындағы түрлі психологиялық процестерді баяулатып, адамның қозғалысын баяулатуға, ойлау қабілетінің қатты қабынуына алып келеді. Ал кейбір химикаттар адам ағзасында өмірінің соңына дейін жиналып тұра береді. Жергілікті экологтардың айтуы бойынша, бүкіл облыс территориясында тұрақты органикалық улы химиялық заттардың 100 тоннадан астамы шашылып жатыр. Оларды ешкім жоймайды да, оларға ешкім мән бермейді де. Жаңбыр жауған кезде ол қауіпті заттар жердің жоғарғы қабатына шығарылады да, кейін биологиялық тізбек бойынша адам ағзасына беріледі. Алматы қаласының экологиялық проблемасы барша халыққа таныс. Бірақ адамдар өздерінің қандай түрлі улы газдармен демалып жатқанын түсінбейді немесе тіпті білмейді де. Қаладағы улы заттардың өсімдіктерге отырып қалатынын және оның аяғы неге әкелетінін барлығы біледі. Қаланың экологиялық жағдайының негізгі көрсеткіші – қаланың ауа бассейні болып табылады. Қала ойыста орналасқан. Осы факторға байланысты бұл жерде ауаның жиі бір жерде тұрып қалуы, тұмандар байқалады. Сол себепті ауаға шығарылатын зауыттар мен фабрикалардың улы химиялық түтіндері және автокөліктердің түтіндері қала үстінде жиналып тұра береді. Ал ауа құрамы болса химикаттарға тола береді, ауа желдетілмейді. Ауаны кірлейтін заттар – шаң, күкірт диоксиді, көмір оксиді, азот диоксиді, фенол және формальдегидтер болып табылады. 542-тапсырма. Мәтінге жоспар құрып, жоспар бойынша толықтырып, әңгімелеп беріңіздер. 543-тапсырма. Мәтіннен алынған сөз және сөз тіркестерін қатыстырып, қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар. Автокөліктердің түтіндері, өзгеріске ұшырауы, ағаштардың «ауыруы», қорғасын, кадмий, өсімдіктердің жапырақтары, адам ағзасы, химикаттар, улы заттар, Алматының экологиясы, ауа бассейні. 544-тапсырма. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдердіңжалғаулықты шылауларын қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыздар. Бірақ, алайда, дегенмен, әйтсе де, сонда да (но, однако, иначе, все-таки).
15-апта. 43-тәжірибелік сабақ Грамматика: Талғаулы, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдер. 545-тапсырма. Наурыз мерекесі туралы мәтінді мұқият оқып, түсініп, мазмұндаңыздар. Халқын сүйген – салтын сүйер * * * * * Наурыз – шығыс халықтарының мерекесі. Батаменен ел көгерер Көтерген Айсұлуды Алып өгіз Көтерген Аспан туы, ол – Наурыз (Низами) Қазақтан – Наурыз, Алаш екі ұл туған, Келер жылы көктемде оның беріпті асын. Наурыздың деп айтады үлкен жасын. Қазақтың балалары сонан бері, Ұрпақсыз өлген Наурыз жазғытұры, «Наурыз»деп қойыпты атап жылдың басын,- деп қазақ шежірелерінде айтылған. Онда Наукрыз (Наурыз), Алаш деген бірге туысқан нақты адамдар екендігі көрсетілген. Ауызша тарих-шежіреде айтылған бұл деректер өте маңызды. Себебі Наурыздың Қазақ, Алаш болғаны ерте замандардан келе жатқан үрдіс екені көрінеді. «Көктемде ас берді дегені» – жыл басы көктем мерекесі ежелден аталып келе жатқанын меңзейді. Наурыздың қазақ қоғамындағы рөлі кез келген астан, тойдан, басқа да шаралардан жоғары болған. Белгісіз автордың жазуы бойынша: «...Қайда атақты бай болса, Наурызнаманы сол байға қалдырады екен. Төле билердің заманында Наурызнаманың қадір-құны, астан, тойдан ілгері болады екен...», - делінген. Наурызнама – шат-шадыман, ойын-сауық, той, - деген мағынаны білдіреді. Қазақстан халқы ортада 1926 жылдан бері Наурызды ресми түрде тойлауы үзіліп қалғанан кейін сүйікті мейрамы – жаңа жыл наурызбен қайта қауышып, ата салтын қайта жаңғыртып, 1988 жылдан бері тойлап келеді. Бұл мерекені шығыс елдері – Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғаныстан, Тәжікстан, Пәкістан ерте кезден өткізеді. Наурыз табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді, күн мен түннің теңелген күні. Наурыз – жыл басы. Парсы тілінде «нау» – «жаңа», «руз» – «күн», «жаңару» деген ұғымдарды білдіреді. Халық мерекеге алдын-ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл – тоқшылықтың белгісі. Науыз – достық, еңбек, бейбітшіліктің мерекесі. Ұлыстың ұы күні адамдар бір-біріне деген реніштерін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы – наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалады. Наурызкөжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады, - деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата – үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барсаң, жол болсын!», - деп бата береді. Дәстүр бойынша Наурыз айтысы өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы. Мереке қызған кезде, ұлттық ойындар ойналады. Көне деректер бойынша, наурыз тоғыз күн тойланады екен. Ол той «Наурызнама» деп аталған. Әдетте, оны бай, ауқатты адамдар жасаған. Абай өзінің тарихи бір мақаласында: «...Сол күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді екен», - деп жазады. Ақын Наурыз тойын дінмен байланыстырмай, көктем мерекесі екенін ашық жазады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Наурыз – қазақша жыл басы», - дейді. Міржақып Дулатов: «Мұсылман жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз мейрам бар, ол – Наурыз», - деген. А.Диваев оңтүстік өлкеде ақпанның аяғында, қар еріген кезде наурыздың атап өтілетінін көрсетеді. Наурыз туралы көп айтуға болады. Сонымен, Наурыз – ерте заманнан қалыптасқан бүкілхалықтық Жаңа жыл. Ол – көктем, еңбек, шат-шадыман, ойын-сауық мерекесі. Наурыз – тазалықты, жан тазалығын, тән тазалығын, кешірімшілдікті, адалдықты, достықты, татулықты насихаттайтын мереке. 546-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер. 1. Қазақ шежірелерінде Наурыз, Алаш туралы не айтылған? 2. «Наурызнама» қандай мағынаны білдіреді? 3. Қазақстан халқы бұл мерекені қай уақыттан бері тойлап келеді? 4. «Наурыз» сөзі қандай мағынаны білдіреді? 5. Наурыз мерекесін қалай тойлайды? 6. Бұл мерекедегі басты тағамды атаңыздар. 7. Қандай ұлттық ойындар өткізіледі? 8. Наурыз – қандай мереке? 9. Наурыз туралы ұлы тұлғалар не айтқан? 547-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөйлемдерді алып, олардан түсіндірмелі, толғаулы салалас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар. 548-тапсырма. Наурызға байланысты берілген түсініктеменің мағынасын меңгеріп, есте сақтаңыздар. Наурыз – парсы тілінде бір ғана күн аты, жаңа жылдың бірінші күні – жаңа күн. Наурыз бата – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасын, ескі жылдан қалған дәм – сүрленген қазы-қарта мен жал-жаяға берілетін бата. Наурыз жыры – қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс-салт жырының бір түрі. Наурыз көже – келер жылы молшылық болсын деген ниетпен әр шаңырақ міндетті түрде беретін арнаулы тағам. Наурыз жұмбақ – наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат қозғалыстарына байланысты айтылатын жұмбақ өлең. Наурыз тілек – наурыз күні амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек. Наурыз төл – наурыз айында туған бота, бұзау болса, оны наурыз төл деп атайды. Наурызша – қарайған жерді толық жаба алмайтын жұқалау, қылаулап жауған жұқа қар. Наурыз шешек – наурыз айында гүлдейтін өсімдік.
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдер Құрамындағы жай сөйлемдер өзара болжамдық қатынаста болады да, тек біреуіндегі істің, қимылдың жүзеге асатындығын көрсетеді. Мысалы: Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар немесе құлағымен естіген айтар. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек (Абай). Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрамын. Талғаулы салалас не, немесе, я, яки, болмаса, әйтпесе, не болмаса, я болмаса, әлде деген шылаулардың қатысуы арқылы жасалады.
549-тапсырма. Төмендегі жалғаулықтарды қатыстырып, толғаулы салалас құрмалас сөйлемдер құрастырыңыздар. Немесе, не, я, яки, болмаса, я болмаса, әйтпесе, әлде, (или, иногда, то, однажды, либо). 550-тапсырма. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемдердің қалай байланысып тұрғанын түсіндіріңіздер. Үлкен мөлдір қара көздерінде әлде бір еркелік, әлде наз, аса бір сыпайы ұяңдық бар (З. Қабдолов). Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, немесе құлағымен естіген айтар. Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек (Абай). Үлкендер бала мінезіне бір күліп, бір таңданып сүйсініп қалды (М. Әуезов). Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған тоқтадым (Абай). Күндіз ылғи ұзақ жырлар жырланады немесе шешендер айтқан тақпақтар айтылады. 551-тапсырма. Сөйлемдердегі түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер. Жолаушылардың шаршағаны соншалықты: тамаққа да қарамай ұйықтап қалды. Ол ұлдарына екі нәрсені өсиет етті: бірі – еңбек, екіншісі – татулық. Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айқайлады. Айтар сөзім мынадай: ешкімге де бір шөкім жер берілмейді. Осы арада көңіл ұйытар бір нәрсе – Әуезовтың адамзаттық келбеті. Байжанның әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана нәрсесі бар еді: ол – Сырдария бойының маса-сонасы, құрт-құмырсқа мен бақа-шаяны сияқты жәндіктері. Абайдың жалғыз ғана бір арманы – Мағжанмен тілдесіп қалу. 552-тапсырма. Қазақ халқының ұлттық мәдени байлығы, рухани қазынасы болып саналатын бата туралы мәліметпе
|