Студопедия — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ






 

 

 

 

ПӘН БОЙЫНША ГЛОСАРИЙ

Пәннің атауы: «Басқару есебі»

Мамандығы: 5В050800 «Есеп және аудит»

Оқу түрі: Күндізгі, сырттай

 

Алматы, 2013

ГЛОСАРИЙ

Ағымдағы шығын нормасы - өндірістің жоспарланған тиімділігін қамтамасыз ететін аз уақыт аралығындағы шығын.

Азаймалы шығын - өзгермелі шығындардың әр түрлілігі. Шығынның өсу қарқыны ұйымның іскер белсенділігінің өсу қаркынынан бәсең болады.

Айналымдылық коэффициені - материалдар тобының қорларына жұмсалған күрделі қаржының орташа сомасын ТМҚ (тауар-материалдық құндылықтар) осы тобының қорын ұстауға кететін жыл сайынғы жалпы шығын сомасына бөлу арқылы алынатын шама.

Ақпарат - белгілі бір пән туралы білімізді кеңейтетін фактілер, деректер, қадағалау.

Ақпараттық есеп беру - кәсіпорын басшыларына бөлімшелерде болған оқиғалар туралы хабарлайды. Сұрау салу бойынша жасалады.

Амортизация - Тозу дәрежесіне қарай еңбек құралының құнын осы құралдың көмегімен өндірілетін өнімге біртіндеп көшіру процесі.

Ауқымды база - шығын өзін белгілі бір түрде көрсететін әрі нақты білінетін тенденциясы болатын ұйымның іскер белсенділігінің белгілі бір кезеңі.

Ауытқу – алдын-ала белгіленген нормативтер немесе сметалық деректер мен нақтының арасындағы арифметикалық айырмашылық.

Аяқталмаған өндіріс - технологиялық ерекшеліктің күшімен белгілі бір сәтте дайын өнімге айналмаған өндірістік ресурстар шығыны.

Базистік стандарттар - жылдың басында белгіленіп, жыл бойы өзгеріссіз қалады.

Бақыланбайтын шығын - басқару субъектісінің қызметіне қатысы болмайды.

Бас (жалпы) бюджет (смета) – барлық ұйымның қызметін қамтитын қаржылық құжат.

Басқару аппараты – кәсіпорын қызметіне басшылық жасайтын қызметкерлердің немесе басқа өндірістік бірліктердің жиынтығы.

Басқару функциясы - объектіге жалпы біріктірілген процестер немесе әрекеттер, шешімдер жиынтығы және өндірісті басқару бойынша шешілетін міндет.

Бақылау - менеджер, басшылық тарапынан нақты және толық жоспарларды тексеруді жүзеге асыру.

Бақыланатын шығындар – кәсіпорында жұмыс істейтін тұлғаның басқару субъектілерінің тарапынан бакылауға көнетін шығын.

Бөлек алынатын өнім өндірісінің пайдалылық орталығы - жауапты орталықтардың әр түрлілігі, онда табыс шығарылған өнімдердің ақшалай көрінісі болады, ал шығын-пайдаланылған ресурстар, пайда - өндірістік ресурстардың берілген мөлшеріндегі кірістер мен шығыстардың арасындағы айырмашылық.

Бір шеңберлі (интеграцияланған) жүйе - қаржылық және баскарушылық есепке шоттар мен бухгалтерлік хаттаудың (жазбаның) бірыңғай жүйесі қолданылатын бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.

Бірыңғай жалпы зауыттық мөлшерлеме - бөлімшелермен орындалған және бір тапсырысқа қатысты барлық жұмыс уақытындағы бірдей шығыны бар өндірістік бөлімшелерге үстеме шығынды бөлу мөлшерлемесі.

Бухгалтерлік басқару есебі - ұйым қызметін жоспарлау, бақылау және оның өздегінен басқарылуы үшін басқарушы қызметкер ақпаратпен қамтамасыз ететін бір ұйымның аясындағы қызмет түрі. Баскару есебіндегі ақпарат базасының негізіне - кәсіпорын шығындары туралы деректер жатады.

Бухгалтерлік есеп — бухгалтерлік қаржылық және бухгалтерлік басқару есебін айрықшалайды. Біріншісінің мақсаты -сыртқы пайдаланушыларды бухгалтерлік ақпаратпен қамтамасыз ету, екіншісінікі — ішкі пайдаланушылар.

Бухгалтерлік модель - өндіріс көлемінің өзгерісіне қарай жиынтык табыс пен шығынға желілік тәуелділік графигі.

Бюджет - жоспардың сандық көрінісі оның орындалуын бақылайтын құрал және реттеу әдісі.

Бюджеттендіру – кәсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін басқару әдісі.

Графикалық әдіс - экономикалық және бухгалтерлік залалсыздық моделінің графигін құру негізінде жиынтықтабыс, шығын және пайданың өндіріс көлеміне тәуелділігі.

Дайын өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығын - өткізу сәтіне дейін аяқталмаған өндіріске және дайын өнім өндірісіне байланысты шығындар.

Деңгейлес талдау - есептік кезеңнің сметасын немесе өткен кезеңдегі ауытқуларды анықтауда болады.

Директ-костинг - дайын өнім түрлері бойынша тікелей шығынды жалпылайтын (қорытындылайтын) басқару есеп жүйесі; жанама шығын есептік кезеңнің қаржылық нәтижесімен өтеледі.

Дисконтталған шығын - дисконттау коэффициенті арқылы ағымдағы сәтке келтірілген ка­питал жұмсау бойынша жүктелген шығындар.

Дисконттау - қолма-қол ақшалай қаражатты салыстыру сәтінде құнға келтіретін процесс. Табыс пен шығынға қатысты.

Еңбек ресурстарын басқару - еңбек ресурстарын жоспарлауды, жұмыс күшін іріктеу мен одан бас тартуды, еңбек пен сандарды нормалауды, жұмыс күшінің шығын есебін, кәсіби бағдарлау мен оқытуды, еңбек қызметтерін бағалауды (өнімділік есебін), басқарушы кадрларды дайындауды, жұмысшы күшін пайдалану мен оның шығынын бақылауды, реттеуді қамтитын жүйе.

Есептік кезең шығыны - дайын өнімдер мен аяқталмаған өндіріс қорындағы шығынды шығарушы шығындардан тұрады.

Жабдықтау кезеңі - материалды өндіруге немесе сатып алуға кажетті уақыт аралығы. Материалға тапсырыс беруді шешу және оны қоймаға жеткізудің арасындагы уақыт аралығын қамтиды.

Жабдықтау мерзімінің ауытқуы - жұмыс уақытында жабдықтау нақты жүзеге асырылған күн мен жоспарланған күннің арасындағы айырмашылық.

Жалпы нормативтік еңбек шығындары - есептік кезеңде шығарылған өнім бірліктерінің санымен және дайын өнім бірліктерінің нормативтік еңбек шығынымен аныкталады.

Жалпыланған қаржылык, смета (бюджет) - баланс, қолда бар ақша қозғалысының есебі, кірістер мен шығыстар шоғырландырма түрінде, яғни шоғырландырылып берілетін бірыңғай жиынтық құжат.

Жалпыланған смета - пайда мен залал туралы есеп берудің жобасы.

Жанама шығындар - шығын шығарушыға тікелей жүктеуге мүмкін емес немесе экономикалық жағынан пайдасы жоқ шығын. Ол есептік саясаттағы кәсіпорын таңдаған әдіске сәйкес жекелеген шығын шығарушыларға бөледі.

Жанама шығындарды бөлу базасы - шығын шығарушы бой­ынша бөлінетін жанама шығындарға үйлесімді (пропорционал) көрсеткіш.

Жанама шығындарды бөлу мөлшерлемесі - калькуляциялау объектілеріне жанама шығынды алдын ала белуге мүмкіндік беретін, есептік кезең басталғанға дейін бұрын есептелген норматив.

Жаппай өндіріс - әр түрлі аталатын өнімдерді бірталай уа­қыт ішінде шектеулі номенклатурамен және көптеп (көп санмен) ұдайы (үздіксіз) дайындап отыратын өндіріс.

Жауапкершілік - міндеттерді орындау міндеттемелері және оларды қанағаттандырарлықтай аяқтауды камтамасыз ету.

Жауапты орталықтарда пайда болған шығын есебі - "шығын - шикізатты қайта өндеу көлемі - пайда" принципіне жауап беретін шығындарды топтастыру жүйесі. Нақты де­ректер мен сметалык деректер салыстырылатын, сметаның орындалуы туралы - есеп беруді жасайды.

Жеке өндіріс - қайталанатын не­месе қайталанбайтын, кезеңдік емес әр түрлі мөлшердегі ірі, орташа, ұсақ бұйымдарды ұзақ кезеңмен өңдіріп шығару.

Жиынтық есеп - кәсіпорынныц шығынын дайын өнімдер меи аяқталмаған өндіріске болу үшін, барлық шығарылған өнімдер мен дайын өнімдердің жекелеген түрлерінің өзіндік кұндарын есептеу үшін ақпараттарды дайындау мақсатында тұтас кәсіпорын бой­ынша өнім (жұмыс, кызмет) түрлерімен негізгі жәнс қосалкы өндіріс цехтарының тұрғысындағы шығын баптары бойынша өндіріс шығынын қорытындылау жүйесі. Ол екі нұсқада - жартылай дайындалған өнімсіз және жартылай дайындалған өнімді болады.

Жоғары жэне төменгі нүктелер әдісі - шығындарды тұрақтыға жэне өзгермеліге бөлуге мүмкіндік беріп, мына у = а + Ьх, формуласы бойынша бейнеленеді. Мұнда у - жиынтык шығын; а - тұракты бөлігі; Ъ - үлестік өзгермелі; х - кэсіпорынның іскерлік белсенділігі.

Жоспарлау - болашақта жүзеге асырылуы ыктимал әрекет нұсқаларын тандау.

Жоспарлы - есептік бірлік өндіріс есебі мен жоспарлауда қабылданатын өндіріс көлемінің бірыңғай өлшеу көрсеткіштері.

Жұмыс күшінің шығынын жіктеу - шығындарды есеп мақсаттары бойынша, түрлермен,элементтермен, қызметкерлердің кұрамы, олардың категориялары бойынша, шығын бағыттары мен өнім түрлері бойынша, басқару функциялары, құрылымдық бөлімшелер бойынша топтастыру.

Жүктелген (болжанатын) шығындар - талдаушы-бухгалтер дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін болжауға тура келетін шығын. Мәні бойын­ша кәсіпорынның қолдан жіберіп алған пайдасы.

Жіктеу белгілері - жоспарлауда, есепте және оның жалпы ерекшелігін белгілеуде қабылданатын экономикалық ақпараттарды топтастыру.

Залалсыздық нүктесі (шиеніс-кен сәт, тапжылмайтын нүкте, теңестіру нүктесі) - нөлдік қаржылық нәтижені камтамасыз ететін ұйымның іскерлік белсенділігінің деңгейі.

Залалсыздықты талдау - қысқа мерзімді кезең ішінде табыс, шығын және пайда арасындағы байланысқа негізделген, ұйымның залалсыздық нүктесін анықтауға мүмкіндік беретін талдау.

Инвестиция - сақтау және ұлғайту максатында әр түрлі экономика салаларына ұзақ мерзімді капитал жұмсау.

Инвестициялық бағдарлама - мақсатты бағыты бар инвестициялық жобалардың жиынтығы.

Икемді бюджет - ұйымның іскер белсенділігінің бірнеше баламалы деңгейлеріне жасалатын бюджет.

Инкременттік шығындар мен табыстар - өнімнің партиясын қосымша дайындауда пай­да болатын қосымша шығындар мен табыстар.

Инновациялық (жаңартпашылық) менеджмент - жаңа өнімді әзірлеп, енгізуге, дәстүрлі өнім өндірісін одан әрі дамытуға, өндірістен ескірген өнімді алып тастауға бағытталған кәсіпорынның стратегиясын басқару.

Калькуляция - өнім (жұмыс, қыз­мет) бірлігінің өзіндік құнын есептейді және бухгалтерлік есеп әдісінің бір элементі. Калькуляциялау - бұл калькуляцияларды жасау. Жоспарлы, нақты жэне сметалық калькуляциялар бөліп көрсетіледі.

Калькуляции бабы - шығын шығарушыны және шығынның пайда болу орнын қоса ескеретін шығын түрлері. Калькуляция бабы бойынша шығынды жіктеу ресурстар қайда және не үшін шығын болды деген сауалдардың жауабын береді.

Калькуляциялау объектісі - тұтыну құны анықталған жұмыс пен қызмет, дайындалуы әр деңгейдегі ішінара өнімдер, жартылай әзірленген өнімдер, өнім түрлері.

Калькулиялаудың процестік әдісі - өлшеудің және калькуляциялаудың бірыңғай бірлігімен шығаратын өнімді шектеулі номенклатурамен аяқталмаған өндірісті не азғантай мөлшермен немесе басы бүтін болмайтын, жалғасы жоқ (тізбектілікті емес) өндірістік кезеңдегі өндірістің жалпы сипатын сипаттайтын кен өндіру өнеркәсіптері мен энергетикада қолданылады. Қайта бөлістік калькуляциялаудың ықшамдалған әр түрлілігі ретінде жиі қарастырылады.

Калькуляциялық бірлік - калькуляциялық объектінің өлшеу бірлігі.

Кәсіпкерлік қызметтің сегменті - өнім түрі, бөлімше, нарық зонасы.

Кәсіпорынды бақылау жүйесі - барлық кәсіпорын бөлімшелерінің шаруашылық қызметтерінің нақты нәтижелері туралы ақпаратты алуға, әзірлеуге, талдауға, ауытқуларды анықтауға және осы ауытқулардың себебін талдауға негізделген баскарушылық бақылау жүйесі, алға койылған мақсаттарға қол жеткізуге кажетті шараларды әзірлеу.

Кәсіпорынның нормативтік шаруашылығы - өндіріске қыз­мет ету мен оны басқару шығындарының, еңбек шығынының, энергияның барлық түрлерінің, отынның, сатып алынатын бұйымдардың, материалдар мен шикізат шығындарының ағымдағы норманың нормативінің және сметасының жүйесі.

Кезендік шығын (есептік кезең шығыны) - өнім (жұмыс, кыз­мет) өндірісімен тікелей байланысты болмайтын шығын. Коммерциялык және әкімшілік шығындардан тұрады.

Келісімді баға - сатып алу-сатудың әрбір жеке актісіндегі баға.

Кіру шығыны - болашақта та­быс әкелуі керек сатып алынған және қолда бар ресурстардың болуы.

Калькуляциялау мен шығын есебінің тапсырыстық әдісі - теңдессіз немесе арнайы тапсырыстағы бұйым бойынша орындалатын дайындауда пайдаланылатын әдіс. Ол жеке және ұсақ сериямен өндіретін кәсіпорындарда қолданылады: тұрмыстық кызмет көрсетуде, полиграфиялық өнеркәсіптерде, құрылыс және т.б. Шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісіне клиенттің өзіне арнайы дайындалатын белгілі бір сандағы бұйымға тапсырыс-өтінімі жатады.

Қайта бөлу - келесі кайта белу­ге жөнелтілуі мүмкін немесе тарапка өткізілуі ықтимал дайын болған жартылай әзірленген өнімді алумен аяқталатын технологиялық процестің бөлігі (технологиялық операциялардың жиынтығы).

Қайта бөліспен калькуляциялау - қайта бөлу деп аталатын өндірістің барлық сатылары арқылы белгілі бір тізбектілікпен өтетін біркелкі бұйымды түйдекті сериямен өндіретін өнеркәсіп салаларында қолданылатын шығын есебі мен каль куляциялау әдісі.

Қайтарылмайтын шығындар - бұрын қабылданған шешімнің нәтижесінде пайда болатын өткен кезеңнің шығыны. Оған ешқандай басқарушылык шешім әсер ете алмайды.

Қажетті сақтандыру кезеңі - сұраныстың пайда болуы мен оны қанағаттандыру уақыттарындағы айырмашылық. Материалды керек кезінде қажетті көлемде беруді қамтамасыз етеді

Қалыпты стандарт - бағаның экономикалық кезеңі ішінде орташа баға бойынша есептеледі.

Қаржылық бюджет - күрделі қаржы жұмсау бюджетін, ақшалай қаражатты және болжаулы балансты қамтитын бас бюджеттің бөлігі.

Қоймада сақтау кезеңі - материал партиясы қоймада болатын орташа уакыт.

Қордың ең көп шамасы - ТМҚ партиясы тапсырыс берген және сақтандыру қорының сомасы.

Қорланбаған шығын (Незапасоемкие затраты) - өндірістік өзіндік құндарды калькуляциялауға қатыспайтын әрі қорларды бағалауға әсері тимейтін коммерциялық, әкімшілік және өткізу шығындары.

Қорларды бағалау – аяқталмаған өндіріс қоймадағы дайын өнімдер және материал қорлары өзіндік кұндарының есебі.

Қорларды тасу уақыты - орналастыруға дайындық үшін қажет және қорларды екі пункті арасына орналастыруға қажетті уақыт.

Қорларды ұстау шығыны - қор­ларды сатып алумен және сақтаумен байланысты шығын.

Қосымша шығын - бұрын әкелінген шығынға қосуға біреудің өндіретін шығыны.

Құнды дисконттау - ағымдағы кұн және дисконттау коэффи­циенті арқылы тұлғаланатын, болашақта түсетін ақшалай қаражаттың есептік шамасы.

Қызмет нәтижесі - "шығын-табыс" экономикалық көрсеткіштермен өлшенетін тиімділік.

Лимит - белгілі бір кезеңге ресурстарды тұтынушылар белгілеуі мүмкін шығынның шекті шамасы.

Лимиттеу - белгіленген өндірістік бағдарлама мен шығын мөлшерінен есептелетін өндірістік ресурстар шығынының шекті шамасын белгілеу тәсілі.

ЛИФО - өндіріске (сатуға), бірінші боп түскен ресурстар сатып алу уақыты бойынша кезекте соңғылардың өзіндік құндары бойынша бағалануы керек ұйғарымдарға негізделген қорларды бағалау әдісі.

Маржиналдық табыс әдісі - өнімдерді өткізуден түскен түсім мен өзгермелі шығын ша­масы арасындағы айырмашылыққа негізделген теңестіру әдісінің әр түрлілігі. "Директ-костинг" жүйесінде анықталады.

Маржиналдық шығын мен табыс - өнім бірлігінің есебіндегі қосымша шығын мен табыс.

Маркетинг саласы - өндіріс, кар­жы, еңбек, өткізу және т.б.

Маркетинг функциясы - қызметтерді зерттеу, ақпараттарды алу, өнім ассортиментін жоспарлау, өткізу және бөлу, жарнама мен өткізуді ынталандыру.

Маркетингтік ақпарат - маркетингтің барлық қызметінін орындалуын қамтамасыз ететін акпарат. Ол ішкі есеп беруден, алымдардан және ағымдағы сыртқы акпараттарды өңдеуден, маркетингтік зерттеуден, талдаудан, стратегияны әзірлеуден жоспарлаудан, бақылаудан және реттеуден тұрады.

Материалдық қорларды басқару - жыл сайынғы қор шығынының жалпы сомасын ең аз шамаға дейін кемітуді көздейтін әкімшілік қызмет; жоспарлы басқару (қорларды ұстауға кететін шығынның жыл сайынғы жалпы сомасын реттеу жоспары) және тікелей басқару (нақты шығындар мен оны ұстаудың шығындарын рет­теу, бақылау, есептеу). Мінсіз стандарттар - материалдарға, тарифтерге, қызметтерге еңбекақы мөлшерлемелеріне және үстеме шығынның сметалық мөлшерлемелеріне жайлы бағаны ұйғарады.

Мінсіз шығын мөлшері - өндірістің мінсіз жағдайындағы қызметінің ең аз шамадағы шығыны.

Нақты және нормативтік шығын есебінің қосарлас (паралельдік) жүйесі - өндіріс шығыны туралы ақпараттар қозғалысын екі бағада бейнелейтін үлгі.

Нақты шығын есебінің әдісі - қолданыстағы норма бойынша шығын шамасы туралы деретктің есебінде бейнеленбейтін нақты өндірістік шығын туралы деректерді тізбектілікпен жинау. Өнімнің (жұмыс, қызмет) нақты ("тарихи") өзіндік құндарын есептеуге мүмкіндік береді.

Негізгі шығын - технологиялык процеспен тікелей байланыс­ты шығын.

Негізгі шығын нормасы - ұзақ уақты бойы өзгеріссіз қалатын тұрақты шығын.

Норма - өндіріс ұйымы мен озық технология жағдайындағы шаруашылык қызмет нәтижесінің алдын ала белгіленген сандық көрінісі.

Нормалау - өндірістік ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған оңтайлы норма мен нормативтердің ғылыми негізделген есеп процесі.

Нормативтік - анықтама ақпараты өндіріс процесінде өзінің сипатын ұзақ уақыт өзгертпейтін әр түрдегі пәндерде кәсіпорын ресурстарын сипаттайды, ал ол туралы мәлімет есептік және жоспарлы есептерде көп пайдаланылады.

Нормативтік шығындар - кәсіпорынды болашаққа бағдарлаушы және бірқатар шектеулермен шарттасылған шығынның ғылыми негізделген деңгейі.

Нормативтік шығын бойынша есеп жүйесі - нақты шығын алгебрлік жолмен нормативтік шығынды және одан ауыткуды анықтайтын үлгі.

Нормативтік шығын бойынша өзіндік құндық калькуляция жүйесі - алдын ала нормативтік капькуляцияны жасаудан тұрады. Жұмыс, қызмет және өнімнің жекелеген түрлері бой­ынша анықталған нормадан ауытқуларды бөлу.

Оперативтік өндіріс есебі – технологиялық процестің сатылары бойынша жартылай дайындалған өнімдердің, тараптардың, бөлшектердің заттай түрінде қозғалыс есебі.

Оперативтік-өндірістік жоспарлау - аз уақыт аралығына жұмыс орны, кұрылымдық бөлімшелер бойынша көрсеткіштерді нақтылау, айқындау, бойынша жоспарлы жұмыс.

Операциялық бюджет - ұйымның кіріс және шығыс баптарын бейнелеуші қосалқы (жеке) бюджеттер (сметалар), арқылы нактыланатын пай да мен залал жоспарын қамтитын бас бюджеттің бөлігі.

Операциялық шығын нормасы - материал шығынының, жеке операцияның еңбек шығынының есебі.

Өзгермелі шығын - өндіріс деңгейіне (көлеміне) тікелей байланысты болатын шығын.

Өндіріс - мақсатты бағыттағы қыз­мет. Бұл қызметтің арқасында жекелеген компоненттер пайдалы өнімге айналады.

Өндіріс шығыны - ақшалай түрде көрінетін кәсіпорынның өнім (жұмыс жэне қызмет) өндіру мен оны өткізу шығынының жиынтығы.

Өндіріс шығынын есептеу әдісі және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау - өнім бірлігінің нақты өзіндік құнын анықтауды қамтамасыз ететін өндірістік шығындарды көрсету және құжаттау тәсілдерінің жиынтығы. Шығын есебінің объектілері бойынша процестік, қайта бөлістік және тапсырыстық әдістері бөліп көрсетіледі; ескерілетін шығындардың толық болуына қарай - өзіндік құндарды толық жә­не толық емес етіп калькуля­циялау; оперативтілігі бойын­ша - нормативтік шығын мен нақты өзіндік құн есебінің әдісі болады. Калькуляциялау және өндірістік шығын есебінің әдісін кәсіпорындер дербес таңдайды.

Өндіріс шығынын жіктеу - шығындарды есеп бағыттарымен, жалпылау (корытындылау) принциптерімен және өзінді құнды басқару мақсатымен топтастыру.

Өндіріс шығынының құрылымдық есебі - қысқа мерзімді мен ұзақ мерзімдіден тұратын, тікелей, жалпы өзгермелі және кұрылымдыққа топтастыралатын шығын нұсқасы.

Өндіріс факторлары бойынша шығын есебі - жұмыс күші, еңбек кұралы, материал шығындары - өндірістік процесті анықтайтын факторлар бой­ынша топтастырлатын шығын нұсқасы.

Өндіріс шығынының көп сатылы есебі - әр сатыдағы шығынның орнын толтыру үшін үстеме баға (маржа) жинақтайтын нұсқа.

Өндірістік есеп - бухгалтерлік басқару есебінің негізі. Өндіріс шығындары туралы ақпараттары жинақтайды, өткен кезеңдегі сметамен немесе болжаулармен салыстырғандағы оның өсу себептерін талдауды және үнемдеудің ықтимал резервтерін анықтайды.

Өндірістік кезең - өнімді дайындауға қажетті уақыт.

Өндірістік өзіндік құнға тек өндірістік шығын жатады. Калькуляциялаудан басқару және өткізу шығындары шығарылады.

Өндірістік ресурстар - еңбек және материалдық ресурстардың, сондай-ақ тұтыну құндарын жасаудың өндіріс процесіне негізгі қорлардың жиынтығы.

Өндірістік тапсырыс - тапсырысты орындау бойынша жұмыстын барлық кешенін біріктіретн жоспарлы-есеп бірлігі.

Өнімнің маржииалдығы - түсімге (бағаға) проценттік қа­тынаста тұлғаланатын өнім бірлігіне кірістелетін маржиналдық табыс.

Өнім (жұмыс,қызмет) өзіндік құны – оны өндіру мен өткізуге кететін, яғни шикізат, материал, отын, энергия, негізгі қор, еңбек және басқа да ресурстардың ақшалай түрде бейнеленетін шығындары. Цехтық, өндірістік, толық, сондай-ақ "шектеулі" ("директ-костинг" жүйесі) өзіндік кұндар бөліп көрсетіледі.

Өсім шығыны (табысы) - өнімнің (жұмыс, қызмет) қосымша партиясын сатудың немесе дайындаудың нәтижесінде пайда болатын қосымша шығын (табыс).

Өтелімділік кезеңі - ұйымның таза табысы бастапқы жұмсалған күрделі қаржының орнын толық толтыратын уақыт аралығы.

Өткен шығын - қазіргі уақытта табыс әкелетін, алайда, болашақта табыс әкелу қабілетін жоғалтқан жұмсалған (шығындалған) ресурстар.

Пайда болған шығын үшін жауапты орталықтар - бір есептік процесте шығынның пайда болу орталығы мен менеджерлердің жауапкершілігін біріктіру мүмкіндігі бар, менеджерлер басқаратын кәсіпорынның оқшауланған құрылымдық бөлімшелері.

Пайда болу орталығы бойынша шығын есебі - өнім түрлеріне қатыссыз пайда болу орны бойынша топтастырылатын шығын есеп объектісі ретінде жалпы өндірістік сипаты болатын жанама шығынға бөлінетін, ал тікелей-шығынның пайда болу орнын қорытындыламай өнім бойынша ескеретін жүйе.

Пайда орталығы - сату көлемі, баға, өзгермелі шығын сияқты басты пайда көрсеткіштерін анықтауда үлкен рөлі болатын жаупаты орталықтар.

Релеванттық материал шығыны - қорды сақтаумен және тапсырысты орындаумен байланысты болшақтағы шығын.

Релеванттық өндіріс шығыны - шешімнің таңдалған нұсқасына қарай өзгеретін болашақтағы шығын.

Релеванттық шығын - оңтайлы басқарушылық шешімді таңдау (іріктеу) барысында назарға алынатын шығын.

Ресми баға - сатушылар мен сатып алушыларға белгіленген баға.

Реттелетін (бақыланатын) шығын - жауапты орталықтардың басшылары тарапынан ықпалға көнетін шығын.

Реттелмейтін (бақыланбайтын) шығын - жауапты орталық басшысы ықпал ете алмайтын шығын.

Реттелмейтін шығын мен та­быс - жауапты орталык ме­неджерлері олардың шамасын реттемейді.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1332. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час Искусство подбора персонала. Как оценить человека за час...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия