Басқару есебі туралы жалпы түсінік
Басқарушылық есеп – субъект ақпарат жүйесінің құрамдық бөлігі. Басқарушылық есеп – бұл идентификация, өлшеу, жинау, талдау, жіктеу, интерпритация және қандай да бір объектінің басқаруға қажетті ақпаратты тапсыру. Өндірістік есептің мақсаты- өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау. Алайда өндірістік есептен алынған ақпаратты менеджерлер сату бағасын белгілеу, қорларды бағалау, пайданы есептеу және т.б. үшін қолданылады. Сол себепті өндірістік есеп – бұл басқарушылық есеп қосу қаржылық есептің бір бөлігі. Кәсіпорында басқаруға қажетті барлық ақпаратты бухгалтерлер дайындайды. Осыған байланыстырылған кәсіби қызмет «Экаунтинг» деп аталады. Бұған есеп беруді жасау жұмысы, субъектінің қаржылық жағдайын талдау, жоспарлау жұмысы, субъект қызметін бақылауға байланыстының барлығы қатысты болады. Басқарушылық есептің объектісі – бұл шаруашылық жүргізуші субъектінің және оның бөлімшелерінің қызмет нәтижелері мен шығындары, баға белгілеу, бюджеттеу және ішкі есеп беру. Басқарушылық есептің пәні – объектілерінің жиынтығы және өндірісті басқарудың толық кезеңді процесіндегі оқиғалар. Басқарушылық есептің негізгі тапсырмалары – есеп, жоспарлау, бақылау, талдау және субъектпен оның құрылымдық бөлімшелерінің шаруашылық қызмет нәтижелерімен шығындары туралы деректерді бақылау, аса қажетті басқарушылық шешімді жедел қабылдау үшін ақпарат беру. Басқарушылық есеп принціптері – субъектінің үздіксіз қызмет етуі, жоспарлау мен есепте өлшеудің біркелкі бірліктерін пайдалану, тұтас субъект және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтік нәтижелері мен шығынды бағалау және талдау. Алғашқы және аралық деректерді жинау, өңдеу, тапсырыс процесінде оларды сабақтастырып жиі пайдалану, субъект ішіндегі коммуникация жүйесін ұйымдастыру, ақпараттардың жеткіліктілігі және талдамдылығы, өндірістік және коммерциялық цикілдерді бейнелейтін кезеңдегі, субъект қызметінің нәтижелері мен шығындарын сметалық басқару. Бүгінгі таңдағы, шаруашылық субъектілердің өз еркімен өндірістік бағдарламаларын, өндірістік және әлеуметтік даму жоспарларын дайындай кезінде, баға саясаты аясында стратегияны анықтау жағдайында, ондағы қабылданған басқарушылық шешімдеріне басшылардың жауапкершілігі ерекше артып отыр. Бұл жағдайда, яғни шаруашылық субъектілердің әртүрлі меншік нысандарына жекеленуі, мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінің дамуы, өндірілетін өнімнің ассортиментін өз бетінше жоспарлау мен еркін баға белгілеу механизмін енгізуі, нарықтық экономиканың басқа жақтарын дамытуда басқарушы есепке біртіндеп қажеттілігі артып келеді. Басқарушы есеп – шаруашылық қызметтерінің нәтижелері бойынша басқарылатын әрбір объектілердің есептік жүйесі, жоспарлауы, бақылауы мен шығындары туралы мәліметтерді талдауы болып көрінуі, осының негізінде ұзақ және қысқа мерзімді перспективада кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесін оптималдандыру мақсатында әр түрлі басқарушылық шешімдері жедел қабылдау. Барлық жоғарыда келтірілген «басқарушы есептің» анықтамалары таза «есеп» тұрғысынан қарауды негіз етіп санайды, «басқару» терминіемес, сондықтан мұнда анық және маңызды ажыратуды жүргізу қажет. Осындай ажыратулар өндірістік пен басқарушы есепке де керек. Қазіргі кезде басқарушы есеп пәнінің анық анықтамасы жоқ. Бұл мәселені шешу мүлдем қазіргі есеп жүйесін бөлшектеу және оның батыстық үйлестікке ауыстыруды білдірмейді. Ол теориялық та, практикалық та тұрғыда мүмкін емес. Мәселе есеп объектісінің аясын табиғи ұлғайтумен байланысты күрделі өзгерістер төңірегінде өрбиді, қолданыстарға икемділік беру және жаңа есеп әдістемесін енгізу, шаруашылық процестерін басқаруда бухгалтрдің алатын орнын өзгерту. Басқарушы есеп іс-жүзінде басқару процесін есеп процесімен байланыстырады, өйткені олармен бірдей объектілері бар: v субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде адамдардың мақсатқа сәйкес еңбегін қамтамасыз ететін өндірістік ресурстар; v шаруашылық субъектілердің өндірістік қызметінің жиынтығын құрайтын, шаруашылық процестері және олардың нәтижелері; Қазіргі кездегі өндірістік есептің негізгі тараулары болып мыналар табылады: v Шығындардың түрлері бойынша есебі; v Шығындардың шығу орындарына байланысты есебі; v Шығындардың иеленушісі (тасымалдаушысы) бойынша есебі.
|