Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тақырып 10. Өзіндік құн мен шығындардың толық таратылуымен және айнымалы шығындар бойынша калькуляциялау





1. Шығындарды толық таратылуы мен өзіндік құнды калькуляциялау әдісінің мағынасы

2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау

1. Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондыктан халықаралық практикада "директ-костинг" шектеулі өзіндік құн есебі жиірек қолданыла бастады.

Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шектеулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляциялауға баламалы, дәстүрлі отандык әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі (тұрақты шығындар) калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезең ішіндегі қаржылық қорытындыларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады.

Мұндай әдетті іс жүзінде қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері тікелей қаржылық қорытындыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе "директ-костинг" (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен "директ-костинг" өзіндік құн тікелей өзгермелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығындар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, ауысты. Соған орай атауда біраз шарттылыққа жол берілген.

Қысқартылған өзіндік құн есебінде тұрақты жалпы өндірістік және жалпышаруашылық шығыстар есепке қатыспайды. Мұндай шығыстар өнім түрлеріне бөлінбей, жалпы сомамен өткізілген өнімнің өзіндік құнына толығымен кіргізіледі және есепті кезең соңында сенімді өткізуден түскен түсімді азайту үшін тікелей есептен шығарылады.

"Директ-костинг" жүйесінің негізіне салынған басты принцип - өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.

Бұл жүйе әрқилы елдерде әр түрлі аталады. Германия мен Австрияда "бірен-саран шығын есебі" немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда - "маржиналды шығындар есебі"; Францияда -"маржиналды есеп"термині қолданылады.

"Өзгермелі", "тұрақты, "жартылай өзгермелі", "жартылай тұрақты" терминдері өндірістік қызмет көлемін өзгертуде шығындар тәртібіне сипаттама беру қажет болған жағдайларда айырмашылыктарды айқындағанда қарастыралатын уақыт кезеңін ескеру қажет. Ұзақ уақыт мерзімі үшін (бірнеше жыл барлық) шығындар өзгермелі болады. Қысқа уақыт (бір жыл) үшін шығындар тұрақты немесе өндіріс өзгерістеріне қарай өзгермелі болады. Бұл жиынтық өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне желілік байланыстың барлығы туралы жорамал.

Өзгермелі шығындар - тұтастай алғанда өндіріс көлемі өзгеруіне тура сайма-сай өзгереді, бірақ өнім бірілігіне шаққанда (кесімді еңбекақы, материалдар, отын, технологиялық қажеттіліктерге электр энергиясы) тұрақты болып табылады.

Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қатысты өзгермейді, бірақ өнім бірлігіне есептегенде өзгереді.

Алайда шығындардың көпшілігі жартылай өзгермелілерге (араласқа), біреуі үлкен деңгейде, басқалары өз деңгейде өндіріс көлеміне байланысты қатысты болады.

Өзгермелі шығындардың түрлері:

• тікелей материалдық;

• тікелей еңбек;

• технологиялык мақсаттарға жұмсалатын.

Тұрақты шығындарға:

• жалпышаруашылық мақсаттағ негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясы;

• басқару қызметкерлерінің еңбекақысы;

• жал төлемі;

• басқару шығыстары басқа баптарының көпшілігі (басқару құрамына транспорттық қызмет ету, күзет, кеңсе тауарлары және т.б.).

Аралас, яғни жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шығындарға:

• материалдық-техникалық қызмет ету;

• телефон шығындары;,

• жылытуға шығын шығару.

Басқарудың «директ-костинг» технологиясының мәні өндіріс шығындарын калькуляциялау мен өндіріс көлемін шығын және кірістермен байланыстыру арқылы пайданы есептеу тәсілдемесіне негізделеді. Бұл үшін (жеткілікті дәрежеде шартты түрде) жинақталған шығындарды тікелеймен ұқсастырылатын өзгермелілерге және жанамамен ұқсастырылатын тұрақтыларға бөледі. Өндірістік шығыстарды саралау (дифференциялау) пайда, көлемінің өнімді өткізу көлеміне байланыстылығын анықтауға және осы негізде өзіндік құнды басқаруға мүмкіндік береді.

Тікелей шығындарды дайын бұйым түрлері бойынша жинақты қорытады, жанамаларды - жеке шотта жинайды және олар пайда болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижелеріне есептен шығарады. Егер әрбір бұйым бойынша түсім сомасынан өзгермелі шығындарды шығарып тастаса, онда осы бұйым бойынша маржиналды, табыс (брутто-пайда) аламыз. Барлық бұйым бойынша брутто-пайда қосындысында тұрақты шығындардың жалпы шамасын жабуға арналған пайданың жалпы сомасын аламыз.

Өзіндік құнды "директ-костинг" жүйесі бойынша калькуляциялау технологиясы өндірістің кез келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығыстардың өзгермейтін шамасын көздейді.

Осыған орай, бұл жүйенің бір қатар жорамалдары бар: өзіндік құнды "директ-костинг" жүйесі бойынша калькуляциялау тұрақты шығыстардың өндірістің кез келген көлемінде өзгермейтін шамасын алдын-ала қарастырады, сондықтан басқару есебінде негізгі назар тұрақты шығыстарға аударылады. Барлық деңгейдегі менеджерлер оларға бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.

"Дирекг-костинг" жүйесінің бірнеше айрықша ерекшеліктері бар:

• өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға (тікелей) және тұрақты шығындарға бөлінеді;

• өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау;

• кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.

Бұл жүйе өнімді өткізуге бейімделген. Өткізу көлемі үлкен болған сайын, кәсіпорын пайданы көп алады. Дайын өнім мен бітпеген өндірісті тек өзгермелі (тікелей) шығындар бойынша бағалайды, ол кәсіпорынды өткізу көлемінің ұлғайту мүмкіндіктерін іздестіруге түрткі болады.

"Директ-костинг" жүйесі жағдайында операцияларды бухгалтерлік шоттарда көрсету тәртібі мынадай. Тікелей шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте 900 "Негізгі өндіріс" және 920 "Қосалқы өндіріс" шоттарында жиналады. Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын-ала 930 "Қосымша шығыстар", шотында жинақталады, сосын ай сайын 904 "Негізгі өндірістің қосымша шығыстары және 924 "Қосалқы өндірістің қосымша шығыстары" шоттарына көшіріледі. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-тұрақты шығыстар 821 "Жалпы және әкімшілік шығыстар", шотында, ал өткізу шығыстары бөлігінде 811 "Дайын өнімді өткізу бойынша шығыстар" шоттарында көрсетіледі.

Өнімнің, аяқталған өндірістің және қоймаға берілгендердің өзіндік құнының нақты сомасы 900 "Негізгі өндіріс" шотынан 221 "дайын өнім" немесе 801 "Өткізілген дайын өнімнің (тауардың, жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құны" шоты дебеттеріне көшіріледі.

811, 821, 831 шоттарында жиналған шартты-тұрақты шығыстар әрбір есепті кезеңнің соңында толығымен 571 "Жиынтық табыс (зиян)" шотынан жиынтық табысты азайту үшін есептен шығарылады.

Маржиналды табыс - өзгермелі шығыстар бойынша есептелген өнімді сатудан түскен түсім мен оның толық емес өзіндік құны арасындағы айырма. Маржиналды табыс құрамына кәсіпорынның пайдасы мен тұрақты шығындары кіреді. Маржиналды табыстан тұрақты шығындарды шегергеннен соң операциялық пайда көрсеткіші жасалады.

 

2. Өзгермелі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың маңызды сәті шығындар мен пайданың оңтайлы арақатынасын есептеуге арналған акпаратты жасайтын өндірістің зиянсыздықты талдаумен калькуляциясының байланысы болып табылады.

Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік кұнды калькуляциялау бұйым бағасы деңгейіне, бизнестің әр қилы сегментінің өнімділігін ынталандыруға елеулі ықпал етеді.

Стандартты "директ-костинг" – кәсіпорынның түпкілікті мақсатына - таза пайда алуға жету жүйесі.

"Директ-костинг" артықшылықтары:

• өзіндік құнды жарым-жартылай калькуляциялаудың қарапайымдылығы мен объектілігі, өйткені тұрақты шығынды шартты түрде бөлудің қажетгілігі болмай қалады;

• өзіндік құнды әр түрлі кезендердің өзгермелі шығындары, абсолютті және салыстырмалы маржа бойынша салыстыру мүмкіндігі;

• шығаруды ұлғайту үшін тиімділігі мол бұйымды анықтау;

• өзгермелі шығыстарды, өткізу бағаларын және шығарылатын өнім құрылымын өзгерту нәтижесінде пайда өзгерісін бақылау мүмкіндігі;

• тұрақты шығыстардың шамасын жедел бақылау үшін жағдайлар жасау, өйткені толық өзіндік құн есебінде қосымша шығыстардың бөлінбеген сомасының белігі бір кезеңнен екіншісіне көшеді, сондықтан бақылау нашарлайды;

• есептің талдаушылық мүмкіндіктерін кеңейту, өйткені есеп пен талдаудың тығызды бірігу-кірігу процесі жүреді;

• "директ-костинг" жүйесі принциптерін басқару есебінің басқа жүйелерімен үйлестіре қолдану.

Бұл жүйеде мынадай кемшіліктер бар:

• шығындарды тұрақты және өзгермелі деп бөлудегі қиыншылықтар, бұл нәтижелерге әсерін тигізеді;

• кәсіпорынның көпшілігіне толық шығындар шамасы туралы ақпараттың бар болуы, ең алдымен, бұйымның бағасын белгілеу үшін қажеттігі, өйткені ұзақ мерзімді жоспардағы бағада кәсіпорынның барлық шығындарын жабуды қамтамасыз ету қажет. Толық өзіндік құн туралы мәлімет жоқ болса, бұл шартты сақтамаудың тәуекелділігі зор.

Сонымен, «директ-костинг» өзгермелі (не болмаса бірен-саран) шығын категориясына негізделенетін басқару есебі жүйесі. Бұл жүйенің алқылықтары жоқ емес, бірақ толық есеп пен шығындарды бөлу жүйесімен салыстырғанда, біраз артықшылықтары да бар. Олардың бірін тандау, ең алдымен сол немесе басқа жүйені қолданудың іс жүзіндегі пайдасына байланысты болады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

 

1. Өзгермелі шығындар түсінігі

2. Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау тәртібі

3. Директ-костинг жүйесі және оның артықшылықтары

4. Тұрақты шығындар түсінігі

5. Абзорпшн жүйесінің түсінігі және оның артықшылықтары

 

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3897. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Решение Постоянные издержки (FC) не зависят от изменения объёма производства, существуют постоянно...

Трамадол (Маброн, Плазадол, Трамал, Трамалин) Групповая принадлежность · Наркотический анальгетик со смешанным механизмом действия, агонист опиоидных рецепторов...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия