Студопедия — Сөз. Сөйлеу әдістері, оның түрлерін баяндаңыз.
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сөз. Сөйлеу әдістері, оның түрлерін баяндаңыз.






Сөз мағынасы — шындықтың (заттың, сапаның, қатынастың, қимыл-әрекеттің, қалыптың) белгілі бір құбылысының сөзде бейнеленуі. Сөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлік өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесі мен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық, күлу, ыза болу, ашулану, ренжу — адамның психологиялық күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Полисемиялық құбылыс болғанда, лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары-төмен, сұлу-келісті, қара (етістік)- қара (сын есім), ыржақтау-мәз болу т. б.). Сөздердің лексикалық мағыналары түсіндірме сөздікте белгілі бір контекстке байланысты нақтыланады. \

Сөйлеу — адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады. Сондықтан Сөйлеудіңкоммуникативтік жағдайға сай стилі қалыптасады. Сөйлеу мен тіл бір емес. Егер тіл қарым-қатынас құралы болып табылса, Сөйлеу сол құралдын нақты қолданыста көрінетін түрі болып табылады. Сөйлеуге тән қасиеттер: дауысталу, тембрлік сипат, артикуляциялық анықтық, темп, акцент т. Б

Сөйлеудің түрлері: баяндау,дәріс және т.б.

Баяндау ауызша мазмұндалатын сөйлеу әдістеріне жатады. Баяндау монологты түрде оқу материалын мазмұндау. Бұл әдіс бойынша оқу материалы белгілі ретпен, жүйелікпен,түсінікті және мәнерлеп баяндау болып есептеледі. Биология сабағында баяндаудың қолданылатын кездері материалдарға байланысты, егер табиғат жайлы құбылыстар мен әңгіме –хабар әдісін мұғалім сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Әрине, ол сұрақ жаңа тақырыптың мазмұнынан туындайды, оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, жаңа сабақтың мазмүнын игеруге бағыттайды. Әңгіме әдісін қолдана отырып, дәріс өткізу үшін әрбір ұстаз оған өте тянақты дайындық жасауды керек етеді.мұғалімнің басты міндеті әңгіменің тақырыбын дұрыс анықтай отырып, жоспар – конспекті дайындау, тиісті көрнекті құралды сараптап алып, негізгі және қосымша сұрақтарды қалыптастырып, оның жүргізу тәсілдерін ұйымдастыра білуі керек. Әсіресе сұрақты қою ретінде,белгілі түйінді жерлерін анықтап,талдай отырып, қорытынды жасауды жоспарлаған жөн.

Дәріс сөйлеу әдісінің басқа түрлерінен айырмашылығы оның мазмұндау құрылымы салмақты, оқу материалының логикалық жүйесі ерекше, құрамына көптеген айтылуға тиісті ақпаратары бар және мазмұнын ашуда өзіне тән жүйелілігі болады. Дәрістер жоғары кластарда материалдарының мазмұны күрделілеу, табиғи құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы өзара себептік байланытарын ашу барысында қолданылады. Көлемі жағынан дәріс бір сабақты толық қамтиды,табысты болу үшін ұстаз оның жоспарын алдын ал жасау керек. Дәрістің жоспарын бөлшектей, саралап құрудың кейін, онымен алдын ала оқушыларды таныстырады. Осы жоспар бойынша рет-ретімен бір логикалық жүйемен мазмұндау керек. Әрбір жеке-жеке бөліктерін немесе пункиерін түсіндіріп болғасын жалпы қорытынды жасап оқыту керек. Дәрістің бір бөлігінен екінші бөліміне ауысу барысында аралық логикалық байланыстарын сақтай отырып, түсіндіру керек. Дәріс жүргізудегі ең бір көіңіл бөлетін жай оның басты проблемасын ашу барысында оны мәнерлеп мазмұндау, дәлірек, керекті мысалдарды қолдану немесе фактілерді анық келтіре отырып,салыстырмалы түрде мазмұндау,класпен байланысты бұзып алмай,оқушылардың ойлану іс-әрекетін басқара білу,дәрісті оқу темпінің ең ыңғайлы жолын қолдана білудің арқасында оқушылардың дәріс мазмұнын жазуға мүмкіндік жасау, материалдағы кейбір түсініктер мен терминдердегі бөліп көрсете отырып, тақтаға жазу арқылы оның мәнін түсіндіру, көрнекті құралдарды пайдаланып отырып, лекция мазмұнын қабылдауға және түсінуге жеңілдік жасау.

  Кластан тыс жұмыстар дегеніміз не?

Оқушыларға білім және тәрбие берудің басты рөлін атқаратын оқу процесінің формаларының бірі сабақтан тыс және кластан тыс жұмыстар болып табылады. Сабақтан тыс жұмыстар биология кабинетінде, тірі табиғат аясында, табиғат аясында оқу-тәжірибе участогінде орындалады. Жұмыс тәжірибе, өсімдіктердің коллекцияларын, гербарийлерді бақылау арқылы жүргізіледі. Әрбір оқушы жылына бір, екі жұмысты сабақтан тыс жағдайда орындау керек. Осы орындалған жұмысты ұстаз бағалап отырады. Кластан тыс жүргізілетін жұмыстардың тапсырмалары өткен сабақтың тақырыптарына жақын, тіпті, сәйкес келуі де мүмкін. Үй жұмысы сияқты кластан тыс жұмыстарды оқушыларға алдын ала бірнеше мерзім ішінде орындауға беріледі бір аптаға, айға немесе бірнеше тәулікке. Мысалы, ботаника пәніне берілетін тапсырма:суда өсірілетін өсімдіктермен тәжірибе жұмысына екі ай уақыт, оттегінің бөлінуіне арналған тәжірибеге 3 күн, тамырдың өысымын зерттеуге екі күн уақыт беріледі. Ал жануарлармен жүргізілетін тәжірибе участогіндегі жұмыстарға бірнеше айлар кетуі де мүмкін. Кластан тыс жұмыстар оқушылармен еркін түрде, өз қалаулары бойынша жүргізілетін сабақтың формасының бір түрі болып есептеледі. Мұғалімнің басқаруымен оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыруға үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан кластан тыс жұмыстардың білімдік маңызымен қатар оқушыларғатәрбиелік те рөлі бар (еңбекке, мәдениетке, табиғатқа деген көзқарасының дамуына және қалыптасуына, ұйымшылдыққа, жеке шығармашылығының жоғарылауына,т.б.). Биология пәнінен жүргізілетін кластан тыс жұмыстардың формалары алуан түрлі: топтасып жүргізілетін жұмыс, жеке түрде жүргізілетін жұмыс. Топтасып жүргізілетін жұмыстарға: жас натуралистер үйірмесіндегі жүргізілетін жұмыс, биология кабинетінде «ассистенттік» жұмыс атқарып, оны жабдықтауға, безендіруге қатысу жатады. Оның ішінде жас натуралистер үйірмесінің алдына қойылатын мақсаты –биологияны қызығып оқитын талапкерлердің білімін тереңдету, олардың шеберлігін және іскерлігін арттыра отырып, табиғаттың даму заңдылығына деген материалистік көзқарастарын дамыту. Үйірме жұмысы бір жүйелі түрде өзінің жоспарланған бағдарламасы бойынша өз еркімен қызығып қатысушы оқушылардың белгілі бір тобымен жүргізіледі. Әрбір класта биология пәнінің салаларынан арнауы мынандай үйірмелерді ұйымдастыруға болады. 6 кластарға жас ботаниктер үйірмесі, 7-класта жас зоологтар үйірмесі, 8-9 кластарда жас физиологтар, 10-11 кластарда жас биологтар үйірмесін ұйымдастыруға болады. Әрине бұлардың барлығында жас натуралистер үйірмесі деп айтуға болады.

Жекелеп жүргізілетін кластан тыс жұмыстарға: тірі табиғат бұрышында істелетін жұмыс, оқу-тәжірибе участогінде істелетін жұмыс, табиғатта істелетін жұмыс және кластан тыс әдебиеттерді оқу жатады. Осындай түрде жүргізілетін кластан тыс жұмыстар арқылы дарынды жастарға өзінің болашақ кәсіптік маманды дұрыс таңдауына үлкен көмегін тигізуге болады.

Қортынды:

- Сыныптан тыс сабақтың басты маңызы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру.

- Факультативті сабаққа қарағанда оқушылар үшінде, мұғалімдер үшінде ерікті жүргізіледі. Сондықтан да көп уақытты, еңбек етуді талап етеді.

- Кәдімгі сыныпта өтетін сабақтан ерекшелігі сыныптан тыс сабақ оқушыларды білімді өздері ізденіп игеруге үйренеді.

Бұндай сабақтардыңтәрбиелік маңызы зор (биолого-экологиялық, өлкетану т.б).

 

12.Биологияны оқыту әдістерінің ғылыми негіздері - теорияларды, түсініктерді, заңдылықтарды, ғылымдағы нақтылығы дәлелденілген жақтарын толық игеруге мүмкіндік береді. Оқу әдістері оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни, оқушылардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды. Мысалы, клеткеның құрылысы жайлы теорияны игеру үшін әртүрлә клеткаларды салыстыра отырып, бақылау жасау, айтылған ғылыми фактілерге көз жеткізе отырып, оны зерттеу барысында қолданылатын құрал жабдықтармен танысу, клеткадағы болатын құбылыстар: химиялық, энегетикалық, фотосинтез, белок биосинтезі, т.б фактілерді білу нәтижесінде үлкен ғылыми көз қарасын қалыптастырады. Ғылыми фактілерді қалыптастыру жолы ұзақ және қиын. Ал оған жету үшін көптеген талас тартыс, ғылымға қарсы көзқарас болуы мүмкін, әсіресе кейбір діни көзқарастар. Ғылыми талаптардың бағалы жағы ертеде ашылған, анықталынған ғылыми заңдылықтарды, фактілерді, осы ғылымның кейіннен ашылған жетістіктерімен байланыстыра отырып пәннің мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Биология пәнінің мұғалімі оқу материалын таңдау және баяндау барысында оқушыларғатірі табиғаттың құбылыстарын ғылыми негізде түсіндіріп, олард дұрыс ұғынуға үйрету үшін диалектикалық материализмнің негізгі баптарын қолдана білу керек.

 

13. Көрнекілік әдістері, оның түрлері жалы түсіндіріңіз.

Көрнектілік әдісін педагогикалық принцип көрнектілікпен шатыстыруға болмайды. Бұл әрине, әртүрлі түсініктер бір-біріне ұқсамайды.Көрнекті құралдар биологияның барлық сабақтарында қолданылады, бірақ оны көрнектілік әдіспен өткізілген деп айтуға болмайды. Мысалы, сөйлеу әдісінің түрлерін қолданғанда әртүрлі сурет бейнелерін көрсету арқылы мұғалімнің сөзін дәлелдегенде қызмет етуші көрнектілік немесе өсімдіктер, жануарлар жайлы әңгімелегенде олардың натуралды түрлерінің орнына әртүрлі суреттерді көрсетеміз. Ал, ақпараттың басты көзі мұғалімнің сөзі, әңгімесі, баяндауы немесе лекциясы. Сондықтан, осы кезде көрсетілген көрнекті құралдардың түрі көрнектілік әдіске жатады деп айтуға болмайды.Сабақты көрнектілік әдісімен өткізгенде, онда қолданылатын көрнекті құралдардың ролі басқаша болып келеді. Осы жердегі пайдаланылған-тәжірибе өткізу, тірі объектілер, кино, таблица, видео-техникалар-оқушылар үшін ақпараттың көзі, оқытушының сөзі емес. Демонстрацияларды бақылау арқылы, өз бетімен немесе оқытушының басқаруымен тәжірибелер өткізіп, одан қорытындылар жасау кезінде пайдаланылған көрнекті құралдардың көмегімен жүргізілген сабақты көрнектілік әдіс деп есептеуге болады.Көрнектілік әдісті қолданудың нәтижесі оқушының жаңа материалды қабылдау және ойлану қабілеттілігінің дамуына әсер етеді. Биолгия сабағында қолданылатын көрнекілік құралдар табиғи түрде табиғи тірі обьектлер жәнке препараттар және бейнелеушы құралдар болуы мүмкін кесте, муляж, сызба, кино. Биология пәнінің 70-80 пайызы әсіресе ботаника, зоология, адам және оның денсаулығы сияқты биологияның жеке –жеке салалары көрнекілік әдіспен жүргізіледі.

 

14.Жалпы білім беретін мектептердегі биологияны оқытудың дидактикалық принциптері туралы айтыңыз. Білім беру принциптері мектеп қабырғасындағы жасалған практикалық жұмыс тәжірибелері мен оның тарихи дамуындағы теориялық негіздерге сүйене отырып іске асырылады.Биологиядан сабақ беруде негізгі дидактикалық принциптерді пайдалана отырып көптеген методист-биологтар өз тәжірибелерін ортаға салды. Олар Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский, П.И.Боровицкий, Н.М.Верзилин, Н.А.Рыков ж.т.б.Биологиядан сабақ беруде жалпы методологиялық, диалектикалық материалистік принциптерді басшылыққа алуды қажет болатындығында көрсетті.Осыған байланысты басты-басты бес дидактикалық принрципке тоқталып өткен жөн болады. 3.1. Білім беру және тәрбиелеу және дамытудың біртұтастық принципі. Осы айтылған принцип оқушылардың білімінің тәрбиелігінің ең жоғарғы деңгейіне жету үшін, білім берудің тәрбиелі әдістемелері формаларын қолдана отырып, оқу-тәрбие жұмыстарының барлық компоненттерінің арасындағы өзара байланыстар жүйесін пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен осы айтылған үш фактор білім беру тәрбиелеу-дамыту бір-біріне үйлесімді әсер ете отырып бір тұтас дидактикалық принцип құрайды. Сондықтан да биологияны оқытудың ең маңызды жағы білімнің тәрбиелік және дамытушылық жақтарын күшейту керек. Ал оқушылардың білімінің сапасын бағалаған уақытта, оның біліміне баға бере қоймай, оның көзқарасының қалыптасу тұрақтылығына, практика жүзінде күнделікті өмірде қолдана білу жақтарына да баға беру керек. 3.2. Ғылымилық және жүйелілік принципі.Бұл принциптер оқушыға биология ғылымының басты-басты негіздерінен білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Әрине ғылыми фактілерді қалыптастыру жолы ұзақ және қиын. Ал оған жету үшін көптеген талас-тартыс, ғылымға қарсы көзқарастар болуы мүмкін, әсіресе кейбір діни көзқарастар. Сондықтан да әрбір оқушы осы фактілерді игере отырып, өзінің ой өрісін, ойлау қабілеттілігін, өз бетімен талдау жасай отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану жолдарын қалыптастырады.Ғылымилық принциптерді фактілерді, теорияларды, түсініктерді, заңдылықтарды, ғылымдағы нақтылығы дәлелделінген жақтарын толық игеруге мүмкіндік береді. Мысалы, клетканың құрылысы жайлы теорияны игеру үшін, ол әртүрлі клеткаларды салыстыра отырып, бақылау жасап айтылған ғылыми фактілерге көзін жеткізе отырып, оны зерттеу жолында қолданылатын құрал-жабдықтар мен таныса отырып клеткадағы болатын құбылыстар химиялық, энергетикалық, фотосинтез, белок биосинтезі т.б. фактілерді білу нәтижесінде үлкен ғылыми көзқарасын қалыптастырады. 3.3.Білім берудің көрнектілік принципі.Ерте уақыттан беру пайдаланып келе жатқан оқыту принциптерінің біпі көректілік болып саналады. Бұл принциптің заңды түрде дәлелденуі тек соңғы кездерде ғана түсіне бастады. Осы принциптің басты негізіне мынандай заңдылықтар жатады: адам баласының сезім мүшелері сырттан келген тітіркенуді әртүрлі қабылдайды. Көптеген адамдарда ең сезгіш мүше көз болып есептеледі, себебі рецепторға келіп түскен тітіркену орталық нерв жүйесіне нерв «каналдары» арқылы әртүрлі жылдамдықпен қозғалады. Мысалы, оптикалық байланыс «каналы» арқылы-1,6х106 бит/сек, есту-0,32х106бит/сек, дене түйсігі арқылы сезіну 0,13х106 бит/сек. Бұлай деп отырған себебіміз есту мүшесіне қарағанда көру мүшесі арқылы миға қозу импульсы 5 есе, ал дене түйсігіне қарағанда 13 есе тез жетеді екен. Тағы бір ерекшелігі оптикалық «каналдар» арқылы келген ақпараттың коді өзгеріске ұшырамай, адам есіне тез, оңай қарапайым түрде сақталады. 3.4 Тиянақтылық принципі. Тиянақты білім беруді және игеруді қамтамасыз ету жайлы көптеген ғалым педагогтар мен тәжірибелі ұстаздар өз тәжірибелерін қорытындылай отырып осы принциптің мәнін көптеп зерттеп келе жатыр. Бұл жерде ең басты мынандай, заңдылықтармен бекітілгендігін айта кету керек-теориялық және тәжірибеге негізделу.Білімді меңгеру және оқушының танымын дамыту деген бір-бірімен байланысты оқу процессінің екі жағы деп айтуға болады. Оқу материалын тиянақты игеру тек объективті факторларға байланысты емес кейбір субъективті факторларға тәуелді. Оқушының пәнге деген көзқарасы, ұстаз бен қарым-қатынасы, т.б.Сондықтанда оқу материалын тиянақтыигеріп білім алу деген өте күрделі процесс. Соңғы кездері оссы бағытта жүргізілген зерттеулер кейбір нәтижелерді көрсетіп жатыр. Мысалы, кей кездерде еріксіз жағдайларда есте қалған фактілер, ерікті кезде есте қалған фактілерге қарағанда артығырақ болып саналады. 3.5. Түсініктілік принципі «Мазмұндау». Білім беру процессіндегі түсініктілік принципі, ертеден келе жатқан оқыту практикасының талабынан туындалып, оқушылардың жас ерекшелік даму процессіне және олардың даму деңгейлеріне байланысты болатындығы жалпыға мәлім.Түсініктілік принціпінің негізіне Тезаурус заңдылығы жатады. Адамға түсінікті материалдар оның тезаурусына сәйкес болу керек деген. Латын тілінен шыққан tesarus деген сөз «қор, байлық, қазына» деп қазақшаға аударуға болады.Сондықтанда осы терминдерді дидактикалық принципке қолданатын болсақ, оның мәнін мынандай деп түсіндіруге болады. Адам бойында жинақталған білімі-іскерлігі, шеберлігі және ойлау қабілеттілігі. 3.6.Теория мен практиканы ұштастыру принципі. Білімді игерудегі ең басты принциптердің бірі теория мен практиканы байланыстыруды классикалық философия және қазіргі геносеология ережелерінде ең басты ролі болып есептеледі. Бәрімізгеде белгілі білімберудің сапасы, тиімділігі тек практика жүзінде дәлелденеді. Сондықтан да практика-шындықтың өлшемі деп айтамыз. Білімнің өмір мен теориялық практикамен байланысы білім берудің мазмұнына, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға, қолданылған оқыту әдістері мен формаларына және политикалық дайындыққа және оқушылардың жас ерекшеліктеріне де байланысты.Осы принципті практика жүзінде іске асыру көптеген творчестволық ережелерді сақтағанда ғана іске асырылады. Сондықтан әрбір ұстаздың басты міндеті терең түрде, барлық уақытта, сеніммен теория мен практиканың арасындағы диалектикалық байланыстарды аша отырып, үйрету керек.

 

15. А.Я.Гердтің биологияны оқыту әдістерінің дамуына қосқан үлесін жазыңыз. Академик В.Ф.Зуев биологияны оқыту әдістемесінің отандық негізін қалаушылардың бірі болды. Одан әрі қарай биологиядан білім беру саласына басқада педагог – жаратылыстанушылар келе бастады. Солардың арасынан ерекше атап өтуге тұрарлығы Александр Яковлевич Герд (1841-1888). Бұл ғалым XIX ғасырдағы ең ірі жаратылыстанудан әдіскер деп тарихта атағы қалды. Оқушыларға материалистік дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру мен өз бетімен танымдылықты игеру деп түсіндірді. Идеясының ерекшелігі дамыта оқыту жайлы пікірі дәл қазіргі кездегі талапқа сай деуге болады. Енді осыларды атап өтейік:

· Оқушыларға табиғат жайлы оқу материалын түсіндіруді эвалюциялық тұрғыдан мазмұндау арқылы дүниеге көзқарасын дұрыс қалыатастыру

· Тірі ағзаларды оқуды төмен мен жоғары қарай яғни қарапайымнан күрделіге қарай оқытуды енгізу

· Оқушының білім алуына қойылатын басты талап өз бетімен іздемпаздығын дамыту

· Оқушыға білім беру үшін түсініктемелік – іздемпаздық әдістерін үйрету

· Бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп оқыту

· Биологияны оқыту барысында тірі табиғатпен байланысты күшейтуге бағыттау (экскурсия, практикалық жұмыстар, демонстрациялау)

· Герд «триадасы» бастауыш сыныптарында «жер, ауа, су жайлы» мәліметтерді түсіндіру т.б

А.Я.Гердтің тағыда бір жұмыстарының бірі индуктивтік және дедуктивтік ойлау әдістерін қолдана отырып, оның біртұтастығын мақұлдаған болатын.

А.Я.Герд Ресейдегі Ч.Дарвин ілімінің уағыздаушыларының бірі. Ол Ч.Дарвиннің «Жануарларды қолға үйрету және өсімдіктерді қолдан өсіру» атты еңбегін орыс тіліне аударып, Дарвин ілімін негізге ала отырып, мектепке арнап зоология пәнін құрастырды. Сонымен бірге А.Я.Герд бастауыш мектептерге арнап жаратылыстанудың жаңа курсы «Өлі табиғат» және оған қосымша «Мир божий» атты оқулық және оқушыларға арнап, оқу-әдістемелік құрал «Пән сабағы» атты еңбектерін жазып шықты.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1618. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

РЕВМАТИЧЕСКИЕ БОЛЕЗНИ Ревматические болезни(или диффузные болезни соединительно ткани(ДБСТ))— это группа заболеваний, характеризующихся первичным системным поражением соединительной ткани в связи с нарушением иммунного гомеостаза...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия