Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дістер мен әдістеменің айырмашылығы қандай. Оған анықтама беріңіз.





әдіс (гректің mеtоdоs) деген сөзінен алынған, табиғат құбылысын және әлеуметтік өмірдің жағдайын зерттеу немесе таным жолы, құбылыстарды оқып білу жолдарын, әдіснамалық теория танымы мен шындықты зерттейтін тәсіл. Философия әдісті белгілі түрде іс-әрекетті ретке келтіретін, мақсатқа жету тәсілі ретінде қарастырады. Тұтастай алғанда, әдіс-практикалық және теориялық әрекеттерді шындығында меңгеруге бағытталған нақты міндеттерді шешудегі операциялардың, бірдей тәсілдердің жиынтығы. Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Біреулері оны «танымды басқаға беру әдісі» (Д.И.Тихомиров) немесе мұғалімнің іс-әрекеті мен әдіс-тәсілі (Н.В.Ельницкий) деп қарастырса, С.А.Ананьев оқыту әдісін «білім беру тәсілдерінің үйлестіру жиынтығы» деп көрсетеді. Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі — бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі.Оқыту әдісінің маңызды белгісі — дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер).Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады.Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін,ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді.Сонымен қатар оқыту әдісі классификацияларының басымдылығымен қатар кемшілігі де бар және бір әдіс белсенді, бір әдіс белсенді емес деген тұжырым қате болар еді. Оқыту әдісінің өздігінен аса бейтарап екендігін түсіну қажет. Ол барлығы мұғалімнің мектептегі оқу -танымдық іс-әрекетке қаншалықты дайын екендігіне байланысты болады. Көбінесе әдістер саласында педагогтардың жеке басының шеберлігі үлкен рөл атқарады. Сондықтан да оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.

Әдістеме деген ұғымға екі түрлі көзқарасты келтіруге болады.

Бірінші философиялық көзқарас тұрысынан айтар болсақ – алдына қойылған мақсатқа белгілі тәртіппен жету.

Екінші педагогикалық көзқарас бойынша, бұл оқыту әдістемесі. Оқытушының оқушыларға білімін берудің жолдары. Яғни бұл екі жақты өзара байланыстағы білім беруші мұғалім мен оны қабылдаушы, үйренуші-оқушы. Өкінішке орай мұғалімдер арасында мынадай пікірлерді байқай қаламыз. Мұғалімнің сабақ беруде ең басты мақсаты оның оқу материалын жақсы білгендерінен, ал әдістемеге аса мән бермеу керек деген қате пікірлер. Оның дәлелін қарапайым мынадай мысал арқылы дәлелдеуге болады. Әдістемені – мұғалімнің оқушыға сабақ берудегі құралы десек, ал білім – ойдың рухани қорегі, бірақ бұл қоректі (білімді) дайындап, әртүрлі сапада, материалды қорегі есебінде дайындап беруге болады. Мысалы алманы алатын болсақ, оны пісіріпте, тұздапта, сок түрінде де, пюре түрінде де жеуге болады. Бұл жерде мазмұны материалдық қоректігі бірдей, ал дайындауы әртүрлі әдісті қолданып отыр. Оның дәмі де әртүрлі болуы мүмкін. Сондықтанда оқу материалының оқушының жасына, тиісті көрнектілік құралын дайындай оқытатын болса, сабақтың білімділігі, тәрбиелілігі, сапасы жоғары болады. Әдістемелердің басты қызметі мынандай

- Білімдік-танымдық

- Тәрбиелік

- Дамытушылық

- Бақылау

- Ұйымдастыру - басқару

- Сана сезімін ояту, себеп салдарын дәлелдеп түсіндіру.

Әдістемені қолдану жайлы мынадай тұжырымға келуге болады. Ол біркелкі емес: бір жағдайда әдісті қолдана отырып жалпы қорытынды жасалады (әңгіме, лекцияда), басқа бір жағдайда оқушылардың өзіне өткен материалдар бойынша қорытындылауға шақырады (мысалы әңгіме әдісін қолданғанда). Бірақ ең бастысы қандай әдісті қолдансақта, барлық уақытта тұжырымдалап қорытынды жасаған басты фактор.







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 983. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Реостаты и резисторы силовой цепи. Реостаты и резисторы силовой цепи. Резисторы и реостаты предназначены для ограничения тока в электрических цепях. В зависимости от назначения различают пусковые...

Мотивационная сфера личности, ее структура. Потребности и мотивы. Потребности и мотивы, их роль в организации деятельности...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия