Студопедия — Лулар типі
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лулар типі






Бауыраяқтылар Қосжақтаулылар Басаяқтылар

§ Бауыраяқты ұлулар класы.

Бұлар – теңізде және құрлықта тіршілік тееттін жәндіктер. Оларды көлдерден, тоғандардан, суқоймалардан да кездестіруге болады. Түйіртек, жұмырлақ көлдерде және тоғандарда өмір сүреді. Шалшық ұлуы, тоспаұлу және қошмармүйіздер баяу ағатын суқоймаларда кездеседі. Жүзім ұлуын – жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау – бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз.

1. жүзімұлу; 2 – тоспаұлу, 3 – жалаңаш шырышты, 4 – қошқармүйіз

Жаңа сабақты бекіту.

1. Венн диагграмасы

Бултық құрттар Ұқсастығы Ұлулар типі

2. Анықта ойыны

3. Жұмбақ шешу

Аяғы, тұлға, басы бар, Аяғы бар басы жоқ,

Сыртында сауыт тасы бар. Тұлғасы бар қарны тоқ.

Ойланып көр балалар, Екі жақтау қорғаны,

Шешуін оның табыңдар. Ол болмаса сорлады.

(Ұлу) (Айқұлақ)

Бақалшағы жоқ сыртында,

Үккісі бар ұртында.

Корегін ұстар таяғы,

Арқанға ұқсас аяғы (Сегізаяқ)

Үйге тапсырма беру:

Ұлулар типі. (203-205 бет) мазмұндау.

Суретін салып, ұлудың ішкі құрлысын тауып жазып келу.

Бағалау. Оқушыларды бағалау.

  Жәндіктер класы” бойынша дәріс өткізу әдістерін түсіндіріңіз.

Дәріс – семинар түрінде өткізілетін сабаққа дәріс және семинар түрлерін кіргізуге болады, егер сабақтың тақырыбы үлкен бір күрделі проблемаларға арналған болса. Дәріс – семинар түріндегі өткізілетін сабақтың тиімділігі оқытушының сабақты мазмұндау шеберлігіне және семинар сабағын ұйымдастыра білу қабілеттілігіне көп байланысты болады.

Лекцияның басқа тәсілдерден айырмашылығы уақыты ұзақтау (25-45') копозициясы мен қызметі. Басқа артықшылығы тыңдаушының миына, жүрегіне әсер ету. Рухани күйін, белсенділігін әсер ете отырып жаңалық ашу. Лекцияның баяндамадан айырмашылығы оқытушы өзінің ойын, тақырыптың мазмұнын еркін, конспектіден оқымай, аудиториямен еркін тығыз байланыста жүргізу. Дәріске қойылатын негізгі талаптар: идеялығы, өзектілігі, ғылымилығы, түсініктілігі, жоғары көңіл-күймен мазмұндаушылығы. Формасы және мазмұны біртұтас, басқа әдістермен байланыстырып түсіндіру.

Дәрістің типтері:1) Қалыптағы орнына байланысты; 2)Кіріспе, негізгі (оқытушы, білім беруші), қортынды;3) Тыңдаушыға әсер етуіне байланысты; 4) Ақпараттық (жеке мамандар үшін), сендіруге, нанымдылыққа, танымдылыққа, мойындатуға, аралас.

Лектордың тіліне және сипаттауына тәуелді: а) бірқалыпты-тыныштықпен, бірағындылықпен, бірырғақты, асықпай, саспай оқу-сангвиниктерге тән; б) көңіл-күйі жоғары жылдам, аудиторияны қыздырып, өзіне тартушы (холерик);в) жоспарлы-көңіл күйі өзгермелі (аралас комбинированные).

Тыңдаушыларға байланысты (залдағы) – академиялық, оқыту, білім беру (мектепте), оқу-әдістемелік, ғылыми-популярлы (еңбек ұжымына байланысты).

 

Жоспар:

1. Бунақденелілерге жалпы сипаттама беру

2. Дамуы жайлы түсінік беру

3. Зияны мен пайдасы туралы

Бунақденелілер – буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар – ғаламшардың кез-келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктеледі. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады.

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму, шала түрленіп даму, толық түрленіп даму. Тура даму: жұмыртқа – имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа – дернәсіл – имаго; толық түрленіп даму: жұмыртқа – дернәсіл – қуыршақ – имаго. Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.

Бунақденелілердің табиғатта және адам өміріндегі мпңызы зор. Топырақтан інқазып, оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы көп. Көптеген бунақденелілер ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады.

Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық. Көптеген бунақденелілер улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен омыртқалы жануарларға және адамға зиян.

Жаңа сабақты бекіту:

1. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

2. Бунақденелілердің көбеюі?

3. Бунақденелілердің табиғаттағы ролі қандай?

  Практикалық әдістер және оның түрлеріне анықтама беріңіз.

Практикалық әдіс оқушылардың қабілеттілігін дамытуда маңызы зор әдістердің бірі. Бұл әдіспен сабақ өткізген кезде ол күрделі, өзара байланысып жатқан сөйлеу, көрнектілік және практикалық әдістердің қолданылуы арқылы іске асырылады. Әдісті жүргізілуге берілген тапсырмалардың өзінің де оқу-тәрбиелік маңызы зор. Бұл әдіспен сабақ өткізу ұстаз жағынан өте тиянақты дайындықты, оны ұйымдастырушылық қабілетін талап етеді. Өткізілген сабақтың нәтижесінде де басқа әдіспен өткізілген сабақтарға қарағанда ерекше болады.

Практикалық әдіс:

-таратпа материалдармен жұмыс

a) жіктеу, жеке бөліктеріне талдау;

ә) анықтау арқылы, жіктей салыстыру;

б)биологиялық обьектілерді анықтау.

- Табиғаттағы биологиялық обьектілерге бақылау жүргізу. Эксперимент жасау.

Практикалық сабақ кезінде оқушылардың танымдылық іс-әрекетін қалыптастыру үшін бес кезеңнен өткізу арқылы көруге болады. 1) оқытушы түсінік береді. Бұл кезеңдік жұмыстың мазмұнын теориялық тұрғыдан ойланту. 2) көрсету. Бұл кезең нұсқау беру. 3) Сынақ кезеңі. Бұл кезеңде 2-3 оқушы берілген жұмысты орындайды, ал қалғандары іс барысын бақылап, оқытушының нұсқауымен жіберілген қателіктеріне ескертулер жасайды. 4) Жұмысты орындау. Бұл кезеңде әрбір берілген жұмысты орындайды. 5) Тексеру. Бұл кезеңде орындалынған тапсырманы қабылдап, оған баға беріледі. Сапасына, уақытты құрыс бөлуіне, оның дұрыс орындалып, нәтижесі бойынша жасалынған қорытындысына тиісті бағасын береді.

32.Кіріктіріліп оқыту және дамыту жолдары туралы айтып беріңіз. Кіріктіру-заманауи оқу процесінің қажетті шарттары,оны қандай да бір мектепте жүзеге асыру сол мектептің білім берудің жаңа сапалы деңгейге көтерілгендігін көрсетеді. Кіріктірілген оқытудың мақсаты:

- жаратылыстану пәндерінің кіріктірілу негізінде оқу барысында оқушылардың ойлау қабілетінің дамуы үшін барлық жағдайларды жасау;

- оқу процесі кезіндегі кейбір қарама- қайшылықтарды жою;

- оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын дамыту және көтеру.

Оқу үрдісінде оқушының ойлау қабілетін дамыту үшін оптимальді жағдай жасау деген түсінікті анықтап және нақтылайтын болсақ,әрине,ондай жағдайдарды тек қана кіріктірілген оқыту ғана емес,басқа да әдістерді пайдалануға болады,дегенмен,кіріктірілген оқыту бұл процестегі ең маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.

Ойлау қабілетін дамытуға арналған оптимальды жағдайларға мыналарды жатқызамыз:

Сабақты тек пән үшін емес қарастырылып отырған мәселелердің (теориялық,практикалық мәні оқушылардың ойлау қабілетін дамыту) мәнін көре білу керек.

Ойлаудың ғылыми стилі: ыңғайлылығы,тереңділігі,белгілі бір мақсатқа бағытталуы (ойлау рациональдылығы),тереңдігі (ойлаудың жинақталуы),белсенділігі,дәлелділігі,есте сақтаудың ұйымдастырылуы сияқты қасиеттермен анықталады.

Кіріктірілген сабақтардың тақырыптарын таңдаған кезде,ол тақырыптарды қарастыру,мақсаттарды жүзеге асыру үшін жаңа жағдайларға сәйкес бағытталудың жылдамдығы қажет.Кіріктірілген сабаққа тән ерекшелік бұл алға қойылған мәселелерді шешудің ерекше бір жолын іздеу.

Оқушылардың кіріктірілген сабақта алған үлкен материалдардың көлемінің үлкендігі,оларда оперативті және ұзақ уақыттың еске сақтау,білімдер систематикасы,мәселелерді шешу де жалпы әдістерді қолдану- ойлау қабілетінің ұйымдастырылуын дамытады.

Кіріктірілген сабақ үлкен дәрежеде естің ұйымдастырылуына бағытталған,ол ойлаудың үнемділігі принципін сақтауға мүмкіндік береді.

 

33. «Жануартану» пәнінің мазмұны мен құрылымы, жүйелері және негізгі дидактикалық принцптері қандай?







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 1393. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Неисправности автосцепки, с которыми запрещается постановка вагонов в поезд. Причины саморасцепов ЗАПРЕЩАЕТСЯ: постановка в поезда и следование в них вагонов, у которых автосцепное устройство имеет хотя бы одну из следующих неисправностей: - трещину в корпусе автосцепки, излом деталей механизма...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия