Студопедия — Дәстүрлі білім берудің айырмашылығы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дәстүрлі білім берудің айырмашылығы






Дәстүрлі Жекелік бағдарланған жол
Қалыпты құрастырылған процесс ретінде оқыту Оқушы индивидуальді әрекет иесі ретінде, оның коррекциясы және педагогикалық қолдау
Даму векторы қойылған Даму векторын емес, оның құрылуы үшін барлық қажетті жағдайларды жасайды
Психологиялық дамудың жалпы, міндеті және біртұтас сызығы Әрбір оқушының индивидуальді қабілеттерін жүзеге асыруына және танымдық тәжірибе негзінде жеке тұлға ретінде дамуына көмектесу
Даму векторы оқытудан оқуға бағытталды Даму векторы оқушыдан оның даму қабілеттілігін арттыратын педагогикалық әрекеттің анықталуына қарай бағытталды.
Белгіленген қасиеттер бойынша қалыптастыру шарттары Стратегиялық әрекеттің, қажеттіліктер жүйесі мен мотивтер, өзін дамыту қабілеттіліктерін дамыта отырып жекелікті қамтамасыз ету

Жекелік бағдарланған білім берудін жолдары, әдістері. Жекелік бағдарланған білім беруге, тәрбиелеуге және әрбір оқушының индивидуальды ерекшеліктерінің дамуына:

- жастық, физиологиялық, психологиялық,

интелектуальдық;

- оқу талаптары, бағдарламаның материалдық әртүрлі күрделілік деңгейлеріне ориентация жасау,оқушы үшін қол жетімді;

- оқушыларды білімдері және қабілеттері

бойынша топтарға бөлу;

- оқушыларды бір типті топтарға: профессионалдығы, қабілеттері, бағыттылығы бойынша орналастыру сияқты ориентация жасауды түсіндіреді.

Әрбір оқушымен бірегей индивидиум ретінде қарым- қатынас жасау керек

 

Сабақ өткізу әдістері жайлы әдіскер зерттеушілердің пікірлері мен принциптері (В.В.Всесвятский, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Н.М.Верзилин) жайлы жазыңыз.

Қазіргі кезде жалпыға белгілі әмбебап, биологияны оқыту және әдістемелік жіктелуі жайлы біртұтас қалыптасқан шешілім жоқ. Оның басты себептерінің бірі әдістемені жіктеу барысында әртүрлі педагог зерттеушілердің әртүрлі жолдары мен принциптерін пайдаланып қарастырылған.

v Мысалы В.В.Всесвятский әдісті жіктеудің негізіне құрылымы мен қызметін қолданып жасаған болса, ал И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин әртүрлі өзіндік танымдылық формасына, басқа методист И.Д.Зверев жіктеуді дидактикалық мақсатына, Ю.К.Бабанский болса, өзбетіеше білім алу деңгейіне қарай ұсынса, бесінші методист зерттеуші Н.М.Верзилин ақпарат алу көзіне және оқытушы мен оқушының іс әрекет сипатына, Б.Е.Райков логикалық тұрғыдан жіктеуді ұсынды.

v В.В.Всесвятский бойынша жіктелу әдістемесі.

1. Оқу материалын ауызша мазмұндау (көрнекті құралдарды пайдалану арқылы оқыту, сөз сөйлеу әдістемесі)

2. Оқулықпен жұмыс істеу әдісі (оқулық, ғылыми-жариялық құрал)

3. Техникалық құралдарды пайдаланып оқыту (кино, телевизор, видеоролик, компьютер)

4. Оқытушының басқаруымен табиғат құбылыстарын өзбетімен тану, білу (табиғатқа бақылау, эксперимент, жануарларды және өсімдіктерді анықтама арқылы анықтау)

5. Бақылауға алынған материалдарды техникалық әдіспен өңдеу, экспериментке техникалық құралдарды дайындау, коллекция, гербария құрастыру.

6. Тірі өсімдіктерді жануарлармен зерттеулер, бақылау жұмыстарын орындау (препарат, аквариум жасау, өсімдіктерді өсіру, жануарларды күтіп баптау т.б.).

Осылардың ішіндегі бірінші үш әдіс ақпараттық танымдылыққа жататын болса, соңғы үшеуі – іздену, зерттеу әдісіне жатады.

 

v Лернер мен Скаткин бойынша (бұл жалпы мектептік жіктеу)

1. Түсіндірмелі – иллюстрациялау (безендіру)

2. Репродуктивті (кітаптан, суреттерден, кестеден)

Бұл екі әдіс мектепте жиі қолданылатын ауыстырылмайтын, өзгертілмейтін жіктелу әдісі.

 

v Н.М.Верзилин бойынша.

Қазіргі кездегі барлық мектеп мұғалімдеріне танымал мойындалған жіктелу әдісі деп айтуға толық болады. Оның негізіне мынадай принциптер қарастырылған:

- Оқушыларға білім беруші ақпарат көзі

- Оқытушының қызметкерлік сипаты

- Оқу үрдісі кезіндегі оқушылардың іс-әрекеттік жұмыстары

Сонымен білім көзіне, оқушы мен оқытушының еңбек ету сипатына байланысын үш әдіске бөлуге болады: сөз сөйлеу, көрнекілік, практикалық.

 

Сонымен әдістемелік ғылымда осы кезге дейін біртұтас жіктелу көзқарасы жоқ. Бірақ көптеген методисттер биолог, химик, географ, әдебиетші және басқада ұстаздар Верзилиннің жіктеу әдісін мойындайды.

 

  Биология ғылымының приоритеттік бағыттары жайлы не білесіз?

 

 

  Биологияны оқыту әдісін жіктеудің критериясын айтып беріңіз?

Метод –белгілі тәртіппен немесе рет-ретімен алдына қойған мақсатқа жетудегі іс-әрекет тәсілі. Оқыту әдісі білім беру барысында оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынаста болып, бір-бірімен түсінісу арқылы өте тиімді қолайлы жақтарын анықтап отырып, әдістерді пайдалана білу. Оқыту әдісін жіктеудің нысаны (критериясы): 1. Білім көзіне қарай (сөз, заттың бейнесі, іс-әрекет етуіне байланысты). 2. Мұғалімнің қызметтерінің сипатына байланысты. 3. Оқу барысында оқушылардың қызметіне байланысты.

Қазіргі кезде жалпыға белгілі әмбебап, биологияны оқыту және әдістемелік жіктелуі жайлы біртұтас қалыптасқан шешілім жоқ. Оның басты себептерінің бірі әдістемені жіктеу барысында әртүрлі педагог зерттеушілердің әртүрлі жолдары мен принциптерін пайдаланып қарастырылған.

v Мысалы В.В.Всесвятский әдісті жіктеудің негізіне құрылымы мен қызметін қолданып жасаған болса, ал И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин әртүрлі өзіндік танымдылық формасына, басқа методист И.Д.Зверев жіктеуді дидактикалық мақсатына, Ю.К.Бабанский болса, өзбетіеше білім алу деңгейіне қарай ұсынса, бесінші методист зерттеуші Н.М.Верзилин ақпарат алу көзіне және оқытушы мен оқушының іс әрекет сипатына, Б.Е.Райков логикалық тұрғыдан жіктеуді ұсынды.

v Н.М.Верзилин бойынша.

Қазіргі кездегі барлық мектеп мұғалімдеріне танымал мойындалған жіктелу әдісі деп айтуға толық болады. Оның негізіне мынадай принциптер қарастырылған:

- Оқушыларға білім беруші ақпарат көзі

- Оқытушының қызметкерлік сипаты

- Оқу үрдісі кезіндегі оқушылардың іс-әрекеттік жұмыстары

Сонымен білім көзіне, оқушы мен оқытушының еңбек ету сипатына байланысын үш әдіске бөлуге болады: сөз сөйлеу, көрнекілік, практикалық.

 

  Әдістер
Белгілері   Сөз сөйлеу Көрнекілік Практикалық
Білім көзі     Сөз   Көрнекті обьект Практикалық жұмыс
Оқытушы білім беруші     Сөйлеу арқылы   Көрсету арқылы Инструкция, нұсқау беру, сөзбен көрсету
Оқушылар Білім қабылдаушы     Тыңдау арқылы   Бақылау арқылы Жұмыс жасау

 

v Б.Е.Райков бойынша.

Бұл әдістің де өзіндік ерекшелігі бар. Жіктелу принципіне «Логикалық үрдіс бағыты» басты фундамент деп алынған.

 

  Логикалық үрдіс бағытына қарай
А. Бекітуші (дедуктивті) Анықтаушы (индуктивті) Бекітуші анықтаушы (дедуктив индуктивті)
I. Сөз сөйлеу   Сөз сөйлеу арқылы бекіту Сөз сөйлеу арқылы анықтау Сөз және анықтау
II. Көрнекілік   Көрнекілікпен бекіту Көрнекілікпен анықтау Көрнекілік Бекіту Практика
III. Практикалық   Практика арқылы бекіту Практика арқылы анықтау Практика Бекіту Анықтау

 

Бұл жіктелу әдісіне талдау жасай қарастыратын болсақ. Бекітуші немесе (ақпараттандыру) оқыту дедукция әдісінің негізі белгілі қағидаларды бекітуге жеке фактілер арқылы жүргізілсе, анықтаушы (индукция) әлі белгісіз айтылмаған қағидаларды оқытушының тапсырмасы бойынша оқушы өзбетімен, шығармашылық іздену арқылы, эксперимент жасау арқылы орындалады. Көп жағдайларда көп жағдайларда индукцияны дедукциямен байланыстырып оқытуға болады. Соның нәтижесінде оларды синтездейді – традукциялайды яғни бекітіп, анықтай оқытады. Анықтаушы әдіс немесе индукция зерттеуші, мәселелі-зерттеуші әдісті ең алғаш оқыту әдісіне ұсынған А.Я. Герд.

Сонымен әдістемелік ғылымда осы кезге дейін біртұтас жіктелу көзқарасы жоқ. Бірақ көптеген методисттер биолог, химик, географ, әдебиетші және басқада ұстаздар Верзилиннің жіктеу әдісін мойындайды.

Оқыту әдістемесінің тәсілдері –бұл жеке оқытушының және оқушының оқу процесіндегі жеке іс-әрекетін көрсететін әдістің жеке элементтері, оның түрлері: 1.ұйымдастырушылық; 2.Логикалық; 3.Техникалық.

Дәптермен жұмыс жүргізу әдісі. Пәнге арналған жұмыс дәптерін енгізу: суреттер, кестелер, сызбалар. Баспа арқылы жасалынған жұмыс дәптерімен жұмыс.

 

51.Ғылымилық және жүйелілік принципі туралы жазып, мысал келтіріңіз.

Ғылымилық және жүйелілік принципі. Бұл принциптер оқушыға биология ғылымының басты-басты негіздерінен білім жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Әрине ғылыми фактілерді қалыптастыру жолы ұзақ және қиын. Ал оған жету үшін көптеген талас-тартыс, ғылымға қарсы көзқарастар болуы мүмкін, әсіресе кейбір діни көзқарастар. Сондықтан да әрбір оқушы осы фактілерді игере отырып, өзінің ой өрісін, ойлау қабілеттілігін, өз бетімен талдау жасай отырып, теориялық білімдерін практика жүзінде қолдану жолдарын қалыптастырады. Ғылымилық принциптері фактілерді, теорияларды, түсініктерді, заңдылықтарды, ғылымдағы нақтылығы дәлелделінген жақтарын толық игеруге мүмкіндік береді. Мысалы, клетканың құрылысы жайлы теорияны игеру үшін, ол әртүрлі клеткаларды салыстыра отырып, бақылау жасап айтылған ғылыми фактілерге көзін жеткізе отырып, оны зерттеу жолында қолданылатын құрал-жабдықтармен танысып клеткада жүретін құбылыстар - химиялық, энергетикалық, фотосинтез, белок биосинтезі т.б. фактілерді білу нәтижесінде үлкен ғылыми көзқарасын қалыптастырады.

Ғылыми принципті іске асырудағы екінші мәселе түсініктер. Мысалы, біртұтас түсінік рефлекс. Осы түсінікті толық анық - қанығына жету үшін И.П. Павловтың жоғарғы нерв жүйесін зерттеу методикасын түсініп, біреуінің нәтижесінде организмдегі барлық физиологиялық процесстердің өзара байланыстарын, организм жүйесінің біртұтастығын, оның өзін қоршаған ортамен тығыз байланысы осы түсінік рефлекс арқылы болатындығына көзі жетеді. Сондықтан да осындай түсініктердің ғылыми жақтарын ашып анықтап түсіндіру оның мәнін, оны зерттеу әдістері және тәсілдері мен біртұтастығын көрсетеді. Осыған байланысты оқушыларды ғылыми зерттеу әдістеріменде таныстырып отырған пайдалы.

52.Биологияны оқытудың жаңа технологиясы. Мысал келтірініз. Оқыту әдісі дегеніміз-оқытушымен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады. Латынша модуль – өлшем деген мағынаны білдіреді. ХХ ғ. 40-50 ж.ж. Еуропа елдерінде енгізіле басталған. Модульді технологияның басқа әдістерінен айырмашылығы - оқу процесіне жүйелі өзгеріс жасаумен қатар, оның мазмұнына әсер ете отырып оқу-әдістемесіне де айтатындай өзгерістер туғызады. Модульдік әдііспен білім берудің басты принциптері мынадай: 1) модульдік – білім берудің жалпы мазмұнына жеке элементтерінен оқшаулап көрсету; 2) динамикалық – білім беру жүйесінің заман талабына сай тез, жедел жағдайда әрекеттесуі, өзгеріске түсуі; 3) болашағын саналы түрде жан-жақты болжау қабілеті.Мысал:1 блок Тақырып Қозғыш ұлпалар физиологиясы – пәннің мақсаты және ақпарат көзі (Тақырып бойынша материалдардың мазмұны) оқуға тиісті нұсқаулар және оны басқару жолдары. Оның 6 оқу элементі бар, олар: 1) Қозғыш ұлпалар,қозғыштық және қозу. Қозғыш ұлпалардағы элективтік құбылыс; 2) Биопотенциалдар, оның түрлері, зерттеу әдістері. 3) жүрек, ет және безді ұлпалардың қозуды өткізу ерекшеліктері; 4) Тақырып бойынша қорытындылау; 5) Студенттердің білімін аныұтау; 6) Рейтинг.

Иновациялық білім беру технологиясының Кейс-стади әдісі. ХХІ ғ. 70 ж. бастап - біздің мемлекетіміздегі білім беру реформалары іске асыру жатыр. Олар жастардың сапалы білім алуына негізделген – басқа мемлекетпен білім-және ғылым жағынан байланысты болып отыр.

Кейс – 1870 ж. Оксфорд университетінің бизнес мектебінде АҚШ-та енген; экономист, бизнес, үшін пайда болады, дәрігер маманын дайындау. 1920 ж. – Еуропа елдеріне кіре бастады. Кейс әдісінің басты мәні – қарапайым оқу процесін ұйымдастыруда, оқушыларға реалды өмірдегі жағдайларды дұрыс ойлап, шешуді ұсынады. Бұл әдіс бойынша қандай да бір проблеманың практикалық шешімін айтып қоймай, осы проблемада белгілі бір білім кешенінің шешу жолдарын қарастырады. Сонымен қатар, кейс әдісі бойынша проблеманы шешу жолдарына әртүрлі әдістерді пайдаланылады. Қазіргі кезде, осы елдерде, Еуропа елдерінде кейс технологияны пайдаланудың 2 классикалық түрі бар – 1) Американдық әдіс – Гаворд университеті – 90% Кейс әдісімен оқылады; 2) Еуропаның – манчесторлық әдіс (Англиялық). 1 әдістің басты мақсаты – мәселені бір ғана әдіс-тәсілді қолдану арқылы жолын табу. 2 әдістің баста мақсаты – мәелелерді әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, 1 нәтижені алу, яғни тиімді жағын қарастыру. Сондықтан бүгінде кейс әдісі Еуропа елдерінде ЖОО-да кең таралып, белсенді түрде білім беруде пайдаланып келеді.

 

53. Сабақ берудің активті формаларын түсіндіріңіз.

«Заманауи әлемде» елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны. Сендерге өзді-өздеріңмен үздіксіз жұмыс істеп, өз білімдеріңді, кәсіби құзырлылықтарыңды арттыру қажет. Тұлғаның өзін-өзі дамыту мәселесі мен әдіснамалық аспектісі мынадай бағыттарда көрініс тапқан:тұлғаның өзін-өзі дамыту механизмінің негіздемесі мен түсіндірмесі (Ф.Перлс, К.Роджерс, Д.Узнадзе, К.Юнг).Сондықтанда оқу – тәрбие үрдісінде белсенді әдістерді қолдану жеке тұлға белсенділігін арттыруда, өзін – өзі дамытуда ролі зор.

Оқытудың белсенді әдістері-оқу материалын меңгеру үдерісіндегі студенттерттердің танымдық іс-әрекетін арттыруға негіз болатын оқыту тәсілдері.

Белсенді оқыту әдістерінің жіктемесі:

- жартылай кәсіби іс-әрекетті модельдейтін және іскерлік, дағдыны қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық сұрақтар, іскерлік ойындар, кәсіптік жағдаятты талдау, тренинг;

- білім, іскерлік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тәсілдер: проблемалық есептер, жағдаяттар, «дөңгелек үстел», эвристикалық әңгіме, «миға шабуыл», оқу пікірталасы, «кейс-стади», өзіндік жұмыс. Аталған әдіс бірыңғай жоғары деңгейде оқу материалын меңгерген, бір-бірімен іс-әрекет стилі өте ұқсас бола тұра өздерінің жеке қасиеттері: дауыс ырғағы, үндестілік, сөйлеу екпіні, қимыл-қозғалыстары, мимикасы және т.б. арқылы ерекшеленетін пікірлес әріптестер арасында қолдау тапты.

Енді педагогиканы оқытуда жиі қолданылатын белсенді оқыту әдістерінің кейбіріне тоқталып өтейік.

«Жұптасқан дәріс» әдісі – бұл өн бойына оқу материалын репродуктивтік, проблемалық, интеграциялық, және диологтік баяндау элементтерін жинақтаған оқыту тәсілі. Жұптасқан дәріс» әдісін қолдану арқылы өткізілетін оқу сабағына даярлықты қарастырайық:

- бір проблемаға ғалымдардың әр түрлі пікірлері қалыптасқан, мазмұнында қарама-қайшылықтары бар тақырыпты таңдап алу;

- дәрісті оқу сценарийін құру (негізгі сұрақтар, көрнекі құралдарды дайындау, оқу материалын уақытқа бөлу және т.б.);

- оқу тобының сабаққа даярлық деңгейін есепке алу.

Оқытушылардың міндеті оқытылып жатқан тақырып төңірегінде пікірталас тудыру, сонымен қатар айтылған пікірлер, ұсыныстар шындыққа сай келмеуі де мүмкін, ал студенттер міндеті шындыққа жетудің тиімді жолдарын табу.

Әдістің өз «артықшылығы» мен «кемшілігі» бар, соларды қарастырайық.

Әдістің «артықшылығы»:

- студенттердің танымдық іс-әрекетін арттырады;

- студенттердің эмоционалды және ынталану сезімдерін жетілдіреді;

- оқу материалын интеграциялау жүйелі ойлау мен жүйелі білімнің қалыптасуына себепкер болады.

Әдістің «кемшілігі»:

- алдын ала дайындық үшін уақыт пен арнайы жағдайларды қажет етеді.

Пікірталас әдісі – оқытудың сөздік әдістерінің ішінде елеулі орын алады. Оның оқыту процесіндегі ең басты қызметі - танымдық қызығушылықты ынталандыру, оқушыларды қандай да мәселе бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғанық және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Пікір-сайыс өткізу үшін оқушылардың дайындығы, талданатын мәселе бойынша кем дегенде екі ңарама-қарсы көзқарас болу керек. Білімсіз өткен пікірсайыс жүйесіз мәселеден ауытқып, нәтижесіз өтеді. Оқу пікірсайыстары оқушылардың өз ойларын анық және дәл тұжырымдау іскерлігінің болуын, дәйекті дәлелдерді құрастыра білуін талап етіп, оларды ойлауға, өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеуге, ой жарыстыруға үйретеді. Мұғалім сөз мәнерінің үлгісі болып, оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап, оған әдепті түрде түзетулер енгізіп, өз пікірінің ақиқаттығына таласпай, соңғы сөзді айтуға құқығы бар екендігін оқушылардың естеріне салуы қажет.

Оқу пікірталасы негізгі мектептің жоғары сыныптарында, ішінара, орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады.Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, мәселені терең түсінуге, өз пікірін қорғауға, басқалардың пікірімен санасуға үйретеді. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады.

«Дөңгелек үстел»-әдісі. Бұл форма қазіргі өндірістегі кәсіби қарым-қатынастың ерекшеліктерін көрсетеді. Бұл әдісте ынтымақтастықпен жұмыстану және өзара көмекке келу жүзеге асырылады. Әрбір білім алушының интеллектуалдық белсенділікке құқығы бар, семинардың жалпы мақсатына бағытталған, ұжымдық шешім қабылдау және қорытындылар жасауға қатысады. Біріккен жұмыста білім алушы белсенді позицияға иеленеді. «Дөңгелек үстел» принципі, әсіресе пікірталас-семинарда толық сипатталады.

Миға шабуыл. Шығармашылық белсенділікті және жаңа идеяларды тез жасау іскерлігін дамытудың әдісі. Қолданылу уақыты: проблеманың шешімін табу үшін; жаңа тақырыпты ұсыну және оқушылардың іс-әрекетін өзектілеу, берілген проблемаға оқушылардың зейінін шоғырландыру үшін. Әдістің басты міндеті – танымдық іс-әрекетті белсендендіру және оқушыларды өнімді оқыту процесіне қатыстыру. Технологиясы: сипаты бойынша әртүрлі сұрақтарды пайдалана отырып берілген сұрақ немесе зерттелетін проблема бойынша көп идеялар жинақтау. Идеялар сыналмайды және комментарий берілмейді.

Миға шабуылды ұйымдастыру ережелері:

1. Миға шабуыл уақытында сыныптың барлық оқушылары қатысады.

2. Ұсынылған идеяларларға комментарий берілмейді және сынға алынбайды.

3. Идеяны нақтылау және дамыту мақсатында сұрақ қоюға болады.

4. Миға шабуыл барысында аралық бағалар қойылмайды.

5. Проблеманы талқылау деңгейінде ұсынылатын барлық идеялар қабылданады.

6. Ойлар нақты және қысқа болуы керек.

Студенттер педагогикадағы оқытудың белсенді әдістерін қолдану арқылы, өзіндік бағасының дамуы оның әлеуметтік дамуына, болашақта қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбекке бейімделуіне, өз бетінше өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды. Осы тұста Абай атамыздың: Іздеген жетер мұратқа, Өзіңе сен,өзіңді алып шығар. Еңбегің мен ақылың екі жақтан,- деген сөздерін мысалға келтіруге болады.

 

54.Анатомиялық, морфологиялық, физиологиялық, биохимиялықтүсініктер, оны дамытужолдарықандай? Анатомия (гр. ἀνα; - үстінен + гр. τέμνω; - кесем — бөлшектеу, кесу, іреу) — тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін қүрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Өсімдіктер морфорлогиясы (гр. morpheпішін, бейне және гр. logosілім) – өсімдіктердің жекеше даму барысындағы ішкі құрылысы мен пішінін зерттейтін ғылым; Белгілі өсімдіктер мен жануарлардан сабақ беру үшін “жеке түрінен –ерекшеліктерін айта отырып жалпыға қарай зерттеуден бастау керек”.Бұл дегеніміз жергілікті жердегі кең таралған, ең белгілі түрін оқытып болғаннан кейін жалпы сипаттама беру.

▲ Кез келген тірі организмді оқу оның қоршаған ортаға бейімделу сипатынан бастап организм мен аралық әсерлік қасиетін, байланысын көрсету.

▲ Кез келген мүше жайлы аз болғанда, оның атқаратын қызметімен байланыстыра білу керек. Мысалы морфологиялық, анатомиялық материал экологиялық, физиологиялық, эволюциялық түсініктерді қалыптастырады.

▲ Ағзаларды (жүйелерді) қарастыру кезінде оқушының назарын жеке-жеке бөліктері, ең ақырында біртұтас жүйе түзейтіндігін ескерту керек.

▲ Биологияның басты тірегі эволюциялық идея. Сондықтанда салыстырмалы түрде түсіндіре отырып оның құрылысын, қызметінің күрделенуі туралы айту керек.

Мысалы:Тақырыпты жоспарлау немесе тақырыпқа байланысты сабақты жоспарлау.

Бұл үдіріс жылдық жоспарға сүйеніп жасалады. Әрбір тақырып сабақ пен логикалық жүйе түрінде байланыстырылады:

- Бір сабақта тарихи ұғымдар айтылып мазмұндалса, басқа сабақта морфоанатомиялық,

- физиологиялық

- экологиялық

- жүйелілік филогенетикалық т.б

Тематикалық сабақ жоспары мұғалім үшінде, мектеп әкімшілігі үшінде ең басты, маңызды болып саналады.

Бұл оқу жоспарын бірнеше оқу жылына пайдалануға болады, тек әр жылда тиісті қосымшалар, өзгертулер жасай отырып.

- Демек жылдық және тақырыптық оқу жоспары мұғалімге көмекші ең басты құжат басқаша айтар болсақ оқу-әдістемелік кешен.

- Жоспардың тағыда бір пайдалы жағы тақырыптағы сабақтардың аралық байланысын, оның реттілігін, бүкіл пәннің біртұтас екендігін, дәләлдейді.

55. “Жаңашыл” ұстаздардың дәріс берудегі активтік әдістеріне сипаттама беріңіз. Білім беру үрдісін белгілі мақсатпен ұйымдастыру -оқытушы мен оқушының өзара қарым-қатынаста білімін, біліктілігін дүниетанымдығын ғылыми тұрғыдан қалыптастыра отырып білім берудің белсенді әдіс тәсілдерін жетілдіруге бағыттау. Педагогикалық психология саласында білімді меңгерудің негізгі заңы көрсетілген. Ол оқу материалын қабылдау мәнін, мағынасын ұғыну-еске сақтау нәтижесін тексеріп іске асыруды қолдана білу. Бұл әдістің басты мәні оқушының іс-әрекеті шығармашылық ізденіс түрінде өтеді. Бұл әдіс бұрынғы кеңес дәуірінде 1970 жылдан бастап кең қолданыла бастады. Белсенді әдістердің барлығыда дискуссия түрінде өтуге негізделген (айтыс, пікірталас) топтасып талқылау пікірталасқа 12-14 адам қатысады. Топтасып белсенді пікір алмасу арқылы оқытудың бірнеше түрлері бар:

1. Нақты берілген ситуацияға талдау жасау. Бұл әдістің ерекшелігі: мәселені әлі анық атап айтылмаған, ақпарат аз, белгісіз шешудің бірнеше нұсқалары бар. Нақты ситуация (ахуал,жағдай) талдауды тест, видео-кино, фрагменттер, рөлді ойындар түрінде өткізуге болады.

2. Миға шабуыл. Бұл шығармашылық белсенділікті тиімді тез шешуге арналған әдіс. Қатысушылар шешу жолының бірнеше нұсқаларын ұсынып, барлық идеалар жинақталғаннан кейін жалпы фактілердің ішінен ең тиімді қолайлы дегенін практика жүзінде іске асырылатынын тандап алу. Миға шабуыл арқылы мәселені шешу үшін екі топ құрастырады:А) мәселені шешудің жана вариантын ұсынушы топ.Ә) комиссия мүшелері: ұсынылған нұсқалары өндеушілер. 3. Ойын техникасы-ойын арқылы проблеманы шешу әдістері. Олар:А) Рөлдік ойын-адам арасындағы қарым-қатынас-тарды жасау арқылы;Ә) Тренажер ойын-технологиялық комплексті пайдалану арқылы.

4. Іскерлік ойын-берілген есепті немесе мәселені модельдеу үлгі түрінде имитация арқылы шешу әдісі. Іскерлік ойынның:

- оқу процесінде

- ғылыми зерттеу

- басқарушылық

- аттестациялық сияқты бірнеше түрлері болады.

 







Дата добавления: 2015-09-19; просмотров: 3216. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Типология суицида. Феномен суицида (самоубийство или попытка самоубийства) чаще всего связывается с представлением о психологическом кризисе личности...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

МЕТОДИКА ИЗУЧЕНИЯ МОРФЕМНОГО СОСТАВА СЛОВА В НАЧАЛЬНЫХ КЛАССАХ В практике речевого общения широко известен следующий факт: как взрослые...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия