Басты талаптары қандай?
Дүниетанымның құрылымдық жүйесіне адамның негізгі принциптері мен рухани құндылықтары да кіреді. Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Дүниетаным ғылыми, ғылыми емес, прогрессивті немесе реакциялық, оптимистік немесе пессимистік болуы мүмкін. Сонымен қатар, әрбір тарихи дәуірде осы заманның сарынына сәйкес дүниетанымның ерекше типі болады. Мысалы, көне дүниеде мифологиялық, орта ғасырларда діни, ал Жаңа дәуірде адамдардың табиғи құқықтары туралы идеяға сүйенетін, ғылымға бағытталған заңды дүниетаным қалыптасты. Өзінің мағынасы жағынан дүниетаным әр уақытта көп жақты. Сондықтан оның бірнеше маңызды қабаттарын, аспектілерін ерекше бөліп көрсетуге болады. Ғылыми дүниетанымда табиғат, әлем, оның құрылымы және өмір сүру заңдылықтары туралы мәліметтер ерекше роль атқарады. Дүниетанымның экономикалық қыры адамдардың еңбек етуі мен техника, сауда, ақша, яғни қоғамның экономикалық болмысының барлық қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік – саяси, аспект – бұл қоғамның саяси өмірі, үлкен әлеуметтік топтардың өзара қарым – қатынасы туралы мәліметтерді қамтиды. Бұдан басқа адамгершілік, эстетикалық, құқықтық, тарихи, экологиялық, тағы да басқа аспектілері бар. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар. Дүниетаным адамның өзі және қоршаған орта туралы білімдерімен ғана шектелмейді. Өйткені, ол дүниенің бейнесі ғана емес, ең алдымен, дүниеге деген қатынас. Адам дүниеге бейжай немқұрайдылықпен немесе қызығушылықпен қарайды, оны не ізгілік, не зұлымдық тұрғысынан бағалайды. Осы қатынастар төңірегінде сыртқы материалдық әлем мен ішкі рухани дүние туралы түсініктер жинақталып, тиянақталынады. Сөйтіп, әлем, табиғат, адам, олардың бірлігі мен адамның дүниедегі орны, болмыс пен болашақ туралы түсініктер қалыптаса бастайды. Дүниетаным - өзін өзі, айналадағы ортаны өзгертетін адамның практикалық іс - әрекетінің тірегі. Оқушылардың дүниетанымын ғылыми негізінде қалыптастыруда мектептердегі білімнің маңызы зор. Биологиялық білімнің тәрбиелік құндылығы оқушылардың жан-жақты дамуын қамтамасыз етуінде. Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына тірі табиғат туралы білімдер үлкен үлес қосады. Биологияны лқыту барысында тәрбие беру элементтерінің жүйесі қазіргі қоғамның жалпы талаптарына сай келеді. Бұл жүйе тәрбиелеудің мынандай элементтерінен тұрады. 1.ғылыми дүниетанымды қалыптастыру; 2.патриоттық тәрбие; 3.еңбек және экологиялық тәрбие; 4.гигиеналық, жыныстық және дене тәрбие; 5.эстетикалық және әдептілік тәрбие; 40. Бинарлы және полинарлы әдістер және оны қолдаушы ғалымдар жайлы айтып беріңіз. Дидактикалық мақсатқа байланысты екі әдістер тобын бөліп қарауға болады: Оқыту әдісі дегеніміз – оқушы мен оқушының алдына қойған мақсатына жету үшін екі жақты іс-әрекеттері деп айтуға болады. Сондықтанда осындай іс-әрекетті дидактикалық принцип тұрғысынан қарайтын болсақ, білім беру мен тәрбиелеуді дамыту деп те айтуға болады.
Оқушының білім сапасына және оқу тәрбие процесін жетілдіруге қойылатын талаптарды оныі білімі мен шеберлігін бақылау арқылы арттыруға болады. Мұғалім осындай жолмен алынған мәліметтердің нәтижесіне сүйене отырып, оқу үрдісін басқарады. Одан әрі қарай оқушының білім алу бағытын қадағалап білім беру әдісі мен мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрынғы алған білімі мен жаңадан алған білімі арасындағы байланысты анықтайды. Бақылаудың басты қызметі оқушының білімі мен дағдысын шеберлігін анықтаудағы басты мақсат, оқушы білімінің базалық деңгейін анықтау. Сонымен қатар биологиялық білім мазмұнының міндетті базалық деңгейін анықтап, ғылыми көзқарасын әдептілік, экологиялық, гигиеналық, еңбекқорлық қасиетін анықтау. Білімділік және дамытушылық қызметі оқушы оқу үрдісінің: жалпы ғылыми, интеллектуалды және практикалық сияқты бірнеше түрлерін меңгертуге бағыттайды. Ал тәрбиелік жағына қарай оқушының оқуға деген жауапкершілігіне үйренуі күнделікті берілген тапсырмаларды бір жүйелілікпен орындауы, білімін бақылауға барлық уақытта дайын болуы. Оқытушы оқу материалдарын жаңа мәліметтермен толықтыру керек. Осының нәтижесінен оқушынынң сол пәнеге деген қызығушылығы артады. Бірақ та, оқушының білімін тексеруді базалық деңгейде алған біліміне қарай бағалау керек. Ал жоғары деңгейде бағдарламадан тыс материалдарға жауап беруді оқушының өзінің тілегіне байланысты жасауға болады. Оқушының білімін, шеберлігін бақылау барысында оқытушы мына мәселелерге көңіл бөлуі тиіс: а. Фактілерді саралау, қорытындылау, шеберлігін қалай игерген; ә. Ағзалардығ жеке жеке бөліктеріне мән бере отырып осы процестер біртұтас ағзада болатындыған қалай қорытынды жасап тұжырымдау керек. Оқушының білім сапасының жоғары болуының тағы да бір себеп салдары табиғатта,ы тірі ағзалардың құрылысы мен қызметін салыстырып, тұжырым жасау шеберлігіне де байланысты. Оқушының практикалық шеберлігін дамытуды ағымдағы білімін бақылау кезінде емес, қортынды білімін тексеру барысында да тексеру керек. Сондықтан бұндай бақылауды белгілі бір жүйемен үздіксіз бақылауға алынғанда ғана жақсы нәтижеге жетуге болады. Тағы бір көңіл аударарлық мәселелердің бірі оқушылардың оқулық пен ғылыми шығармашылық әдебиеттермен жұмыс істеу қабілеті. Олар көп жағдайларда оқулықты ұқыпсыз оқып, оқығандарын есте сақтай алмай оның ішінен ең бастысын оқып ала алмайды. Осыған орай оқушыларды әдебиеттермен жұмыс істетуге үйрету керек. 42. К.Бабанский ұсынған әдістің ерекшелігі туралы жазыңыз. Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлімінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Оқыту әдістері бүгінгі күні көп өзгерістерге ұшырап отыр. “Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.”(Ю.К.Бабанский). Оқыту әдістердің ең кең тарағандары - И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин, Ю.К.Бабанский, Р.Г.Лемберг т.б. ұсынған оқыту әдістерінің жүйеленуі. Ю.К.Бабанский өзінің 1988 жылы шыққан оқулығында оқыту әдістерін әрекет, амалға негізделген жүйе бойынша береді. Олар: а) оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері. Оған сөздік (әңгіме, лекция, семинар, кеңесу, кітаппен жұмыс), көрнекілік (иллюстрация, демонстрация, теледидар, оқулық, кино, практикалық және лабораториялық жұмыс), индуктивті, дедуктивті, репродуктивтік, проблемалық немесе өз бетінше ізденіс әдістері жатады. б) оқыту процесінде оқытудың іс-әрекетін ынталандыру әдістері. Бұл топқа: оқу кезінде мотивтің рөлі, танымдылық ойындар, оқу кезінде қолайлы ситуация туғызу, өмірден алынған ситуацияны талдау, жауапкершілікке және парызға жүгіну, баланы оқуға ынталандыру (оқудың қоғамға, баланың өзіне пайдасы), оқушыға қажетті талаптарды қоя білу, мадақтау немесе жазалау жатады. в) оқыту процесіндегі оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістеріне: ауызша тексеру, жазбаша тексеру, лабораториялық тексеру, машинамен тексеру жатады. Сонымен, әрбір әдісті алсақ та оның басты мақсаты оқу-тәрбие процесінде мынандай қызметтерді атқаруға бағытталған: оқыту, дамыту, тәрбиелеу, дәлелдеу және бақылау. Осы әдістерінің нәтижесінде әрбір ұстаз және шәкірт алдына қойған мақсаттарына жетеді.
|