Бекіту тестілері.
1. Гидра қорегін қалай ұстайды? А) қармалауыштарымен Ә) аузымен Б) қимыл мүшелерімен С) бүкіл денесімен Д) зәр шығару мүшесімен 2. Төмендегілердің қайсысы қозғалыссыз, бекініп тіршілік етеді? А) актиния Ә) гидра Б) қызыл коралл С) инфузория Д) тамыр ауыз 3. Гидра қалай таныс алады? А) өкпесімен Ә) желбезектерімен Б) бүкіл денесімен С) тыныс алмайды Д) аузымен 4. Атпа жасушалардың қызметі қандай? А) қорғаныс Ә) тітіркенуді қабылдау Б) реттеуіш С) қоректік Д) көбею мүшесі Үйге тапсырма: § 41
26. Өсімдіктердің көбеюі тақырыбынан сабақ өткізу әдістерін түсіндіріңіз. Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану»
Дәріс – семинар түрінде өткізілетін сабаққа дәріс және семинар түрлерін кіргізуге болады, егер сабақтың тақырыбы үлкен бір күрделі проблемаларға арналған болса. Дәріс – семинар түріндегі өткізілетін сабақтың тиімділігі оқытушының сабақты мазмұндау шеберлігіне және семинар сабағын ұйымдастыра білу қабілеттілігіне көп байланысты болады. Лекцияның басқа тәсілдерден айырмашылығы уақыты ұзақтау (25-45') копозициясы мен қызметі. Басқа артықшылығы тыңдаушының миына, жүрегіне әсер ету. Рухани күйін, белсенділігін әсер ете отырып жаңалық ашу. Лекцияның баяндамадан айырмашылығы оқытушы өзінің ойын, тақырыптың мазмұнын еркін, конспектіден оқымай, аудиториямен еркін тығыз байланыста жүргізу. Дәріске қойылатын негізгі талаптар: идеялығы, өзектілігі, ғылымилығы, түсініктілігі, жоғары көңіл-күймен мазмұндаушылығы. Формасы және мазмұны біртұтас, басқа әдістермен байланыстырып түсіндіру. Дәрістің типтері:1) Қалыптағы орнына байланысты; 2)Кіріспе, негізгі (оқытушы, білім беруші), қортынды;3) Тыңдаушыға әсер етуіне байланысты; 4) Ақпараттық (жеке мамандар үшін), сендіруге, нанымдылыққа, танымдылыққа, мойындатуға, аралас. Лектордың тіліне және сипаттауына тәуелді: а) бірқалыпты-тыныштықпен, бірағындылықпен, бірырғақты, асықпай, саспай оқу-сангвиниктерге тән; б) көңіл-күйі жоғары жылдам, аудиторияны қыздырып, өзіне тартушы (холерик);в) жоспарлы-көңіл күйі өзгермелі (аралас комбинированные). Тыңдаушыларға байланысты (залдағы) – академиялық, оқыту, білім беру (мектепте), оқу-әдістемелік, ғылыми-популярлы (еңбек ұжымына байланысты). Өрмекшітәрізділер (Arachnіda) – омыртқасыздардың бір класы. Бұлардың қазба қалдығы жоқ. Силурдан белгілі, ал карбондаөрмекшітәрізділердің осы кезде тіршілік ететін отрядының өкілдері табылған. Дене тұрқы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін. Жер шарында кең тараған, 10-нан астам отряды, 60 мыңға жуық түрі бар. Жиі кездесетін отрядының бірі – өрмекшілер (Araneі). 27 мыңдай түрі бар. Қазақстанда 19 тұқымдасы, 400-ден астам түрі кездеседі. Бұлардың денесі бас-кеуде және бунақталмаған құрсақ бөлімінен тұрады. Осы екі бөлімі сабақшамен байланысқан (бас-кеуденің 7-бунағы). Хелицераларының ұшы қозғалмалы тырнақ тәрізді буынмен аяқталады. Оның түбінде улы безінің тесігі орналасқан. Бездерден бөлінетін сөлімен қорегін өлтіреді. 4 жұп аяқтары қозғалу қызметін атқарады. Құрсақтың соңғы сегментінің аяқтары 2 – 4 жұп өрмек сүйелдеріне айналған. Эволюция даму барысында байқалатын бір ерекшелік – өрмек сұйықтығы бөлініп шығатын өрмек бездерінің дамуы. Олардан бөлінген сұйық зат ауада тез қатады да, өрмек жібіне айналады. Бұларды өрмекшілер тор құру, ұстап алған жемтігін орап тастау, жұмыртқа пілләсін жасау үшін қолданады. Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы, энтодермальды ортаңғы және эктодермальды артқы ішектен құралған. Зәр шығару жүйесіне мальпиги түтікшелері және коксальды бездер (жүретін аяқтарының 1- және 3-жұптарының бунақтарынан ашылатын бір не екі жұп бездер) жатады. Тыныс алу органдары жапырақты өкпе қапшығы мен трахеялардан тұрады. Өрмекшілердің Caponііdae тұқымдасында өкпе мүлдем жоқ, тек 2 жұп трахеясы болады. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі қысқарған, 3 – 4 остиялары (жүрегіндегі қақпақшалары бар саңылаулы қос тесік) бар. Сезім органдары жақсы жетілген. 8 көзі 2 доға түрінде орналасқан. Дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі байқалады. Бұлардың барлығы да жыртқыштар, жәндіктермен қоректенеді. Көпшілігі пайдалы: ауыл шаруашылығы зиянкестерін құртады, уы медицина мен биохимияда пайдаланылады, өрмек жібегі алынады. Бүйі мен қарақұрт – аса улы жәндіктерге жатады.Көптеген өрмекшілер гүлдердің шырынымен қоректенеді.Өрмекшілер құрсағының үстігінде "иіру органы" деп аталатын жібек иіру бездері болады.Өрмекшілер жемтіктерін жабысқақ торлары арқылы ұстайды.Өрмекші торы ластанып және үзіліп қала беретін болғандықтан олар күн сайын жаңа тор құрып отырады. Олар бұрынғысын тастамай, орап орап жеп қояды. Өрмекшілердің көпшілігінде у шашатын тістері болады. Есекқұрт өрмекшісі тек қана есекқұрт жейтін өрмекшінің түрі.
|