Ағзадағы ауыруды жалпыландыратын және басатын механиз
Ауыру рецепторлары тітіркену кезінде (ноцицепторлар) ауыру сезімі пайда болады. Бұл афференттік жүйке талшықтарының ұштары теріде, шырышты қабатта, бұлшықеттерде және ішкі мүшелерде орналасқан. Ауыру импулстарының берілуінде медиатор ауырулары үлкен рөл ойнайды (ағзада синтезделінетін пептидтер): - Р заты; - Соматостатин; - Холецистокинин. Ауыру импульстерінің жүру жолдары 1. Ноцицептор (б R) → 2. Афференттік жүйке талшығы → 3. Жұлын миының артқы мүйізі (бекітілген нейрондар) → 4. Сопақша ми → 5. Ортаңғы ми → 6. Ретикулярлы формация → 7. Гипоталамус → 8. Таламус → 9. Лимбикалық жүйе → 10. Бас миының қыртысы. Барлық осы құрылымдар ауыру импульстарының өткізілуіне және қабылдауына, жалпылануына қатысады, ноцицептивті жүйені түзейді. Ағзада анальгетикалық қабілетке ие жүйе бар, яғни антиноцицептивті белсенділікке ие. Осы антиноцицептивті жүйе эндопептидтермен ұсынылады (эндоопиаттар): - энкефалиндер; - эндорфин; - неоэндорфин; - динорфин. Олар опиатты рецепторлармен әрекеттеседі, бұл кезде ағзада ауыру басылады (қабылдау үрдісінің тежелуі жүреді және импульстардың ОЖЖ-не өтуі тежеледі).
Анальгетикалық дәрілерді наркотикалық немесе опиоидты (опий алкалоидтары – морфин, кодеин және синтетикалық баламалары және т.б.) және наркотикалық емес немесе опиоидты емес (парацетамол ж.т.б.). Бұл екі топта орталыққа әсер етеді. Қазіргі кезде тағы да шетке әсер ететін анальгетикалық дәрілердің бір үлкен топтары бөлінген – стероидты емес қабынуға қарсы (СЕҚҚД) – диклофенак ж.т.б. 1. Наркотикалық анальгетиктер наркотикалық емес анальгетиктерден бір қатар ерекшелінеді. Ең алдымен наркотикалық анальгетиктерге тән қасиет анальгетикалық белсенділігі жоғары, осыған байланысты олар өте қатты ауырсынуларда тиімді болып келеді. Наркотикалық анальгетиктер эмоциялық аймаққа әсер етеді және өзін-өзі бақылау мен қоршаған ортаға сыни қатынасының төмендеуі арқасында жалпы саулық сезімінен, эйфория туғызады. Оларды жеткілікті ұзақ қолданған кезде дәріге тәуелділік туындайды. Наркотикалық анальгетиктердің көбісі (әсіресе үлкен мөлшерде) тынысты тежеуді туғызады. Морфиннің көптеген ықпалдарын, оның опиатты рецепторлармен әрекеттесу қабілетімен байланыстырады, олармен ағзада кейбір эндогенді заттар әрекеттеседі – қалыпты жағдайларда ауыруды қабылдаудың реттеуінде белгілі рөл ойнайтын энкефалиндер, эндорфиндер және динорфиндер болады. Нейрофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей, наркотикалық анальгетиктер таламиялық орталықтарда ауыру сезімдерін басады және қыртыста ауыру импульстарының берілуін тежейді. Бұл ықпал наркотикалық анальгетиктердің анальгетикалық әсерінің физиологиялық механизміне жатады. Ауыруды басатын әсері сонымен қатар, ассоциативтік пен таламус ядросындағы өзіндік емес және олардың бас миы қыртысымен байланыс қызметтің бұзылуымен жүреді. Бір мезгілде бас миының діңгегіндегі ретикулярлы формациясының жолындағы өзіндік коллатерал жүйке импульстарының берілуі тежеледі. Осы рецепторларда нейромедиатор импульстарының берілуі ретінде олигопептидтер орын алады: эндорфиндер, энкефалиндер ж.т.б. Олар әдеттегі нейромедиаторлар емес, себебі басқа нейрондарға нейрон сұйықтығы арқылы нейрондардан және трансмиссиядан бөліну әдісі бойынша, олар нейрогормондарға ұқсас, ал әсер ету түріне қарай басқа нейронға импульстарды беруінде, ауыру сезімталдығын төмендетуге қатысатын модуляторлар болып келеді. Эндорфиндер мен энкефалиндер опиатты рецепторлармен байланысып, анальгетикалық әсер көрсетеді. Наркотикалық анальгетиктердің опиатты рецепторлармен байланысуы, барлық наркотикалық анальгетиктердің белгілі молекулалар бөлігі энкафалиндер мен эндорфиндердің молекулалар бөлігіне (тирозин қалдықтарымен) құрылымы мен конформациясына ұқсас болуына байланысты. Әртүрлі нейропептидтер тек конформациясы ұқсас опиатты рецепторларға ғана әсер етеді. Сол сияқты әртүрлі наркотикалық анальгетиктер опиатты рецепторлармен байланысуы бойынша ерекшелінеді. Солардың біріне (морфин, промедол, фентанил ж.т.б.) – опиатты рецепторлардың «таза» агонисттері (толық) жатады; олармен байланысып, олар эндогенді опиатты нейропептидтер үшін тән физиологиялық әсер көрсетеді. Басқалары (налоксон ж.т.б.) – «таза» антагонисттерге жатады, опиатты рецепторлармен байланысады, эндогенді опиатты нейропептидтердің әсерін және опиатты рецепторлардың таза агонисттерін тежейді. Үшіншілері, фармакологиялық жағынан анағұрлым перспективті топ, аралас типті әсер ететін препараттар (агонист-антагонист), опиатты рецепторлардың түрлерімен әртүрлі байланысады және осығаан байланысты екі жақтамалы әсер көрсетеді. Морфин пропорционалдық енгізілген мөлшерде тыныс алуды тежейді. Морфин сонымен қатар, жөтел орталығының қозуын басады, соның салдарынан жөтелге қарсы ықпал көрсетеді. Көзді қозғалту орталығындағы жүйкені қоздыру нәтижесінде қарашықтың тарылуына әкеледі. Қарашықтың бірден тарылуы – морфинмен жедел уланудың дифференциально-диагностикалық белгісіне жатады.
Кесте 9.1 Наркотикалық анальгетиктердің жалпы сипаттамасы
Кесте 9.2 Наркотикалық анальгетиктермен улану
2. Наркотикалық емес анальгетиктер ауырсынуды басу әсері бойынша наркотикалық анальгетиктерден айтарлықтай төмен; қарқынды ауырсынуларда олардың тиімділігі аз. Олардың анальгетикалық әсері қабыну үрдісімен байланысты ауырулар кезінде байқалады, әсіресе буындардың, бұлшықеттердің және жүйке талшықтарының қабынуы кезіндегі зақымдануларда, сонымен қатар олар ауырсынуды басатын және қызуды басатын әсерге ие. Наркотикалық емес анальгетиктер эйфория туғызбайды, дәріге үйренгіштік пен тәуелділік дамымайды, сонымен қатар тыныс алуды тежемейді. Наркотикалық емес анальгетиктердің аталған ықпалы, олардың простагландин-Н-синтетаза ферментінің белсенділігін басуымен байланысты, оның әсерінен ауыруды, қабынуды және қызбаны тудыратын, ағзаның тіндерінде қанықпаған май қышқылдарынан простагландиндер түзеледі. Сонымен, қабыну кезінде простагландиндермен бірге тіндерде түзілетін және ауыру ұштарының белсендіргіші болып келетін брадикинин-пептидті простагландиндер сезімталдығын жоғарылатады және ауыру жүйке ұштарына әсер етеді. Простагландин синтезін тежеп, наркотикалық емес анальгетиктер жүйке ұштарының брадикининге сезімталдығын төмендетеді. Кейбір заттардың ағзаға түсуі кезінде (бактерия улары, эндотоксиндер, бөгде ақуыздар) гипоталамус аймағында орналасқан жылуды реттеу орталығында простагландиндердің синтезі мен бөлінуі жоғарылайды, ол жылу орталығының белсенділігін арттырады. Бұл кезде жылуды өндіру мен жылуды беру арасындағы тепе-теңдік бұзылады: жылу өнімі артады, ал жылу берілуі төмендейді, сонеың салдарынан қызба пайда болады. (Наркотикалық емес анальгетиктер простагландиндердің түзілуін тежейді және соның салдарынан жылуды реттеу орталығының қозуы өзгереді, сонымен жылу берілу айтарлықтай жоғарылайды (тері тамырларының кеңеюімен және терлеу арқылы), ал жылу өндіру өзгермейді. Қалыпты дене қызуын наркотикалық емес анальгетиктер төмендетпейді. Тіндерде простагландиндердің әсерінен тамырлардың кеңеюі жүреді, ісінулер дамиды және қабынудың басқа да жергілікті белгілері көрінеді. Наркотикалық емес анальгетиктермен простагландиндердің синтезін басу, қабыну реакциясының дамуын тежеуге алып келеді. Наркотикалық емес анальгетиктерді буын, бұлшықет және бас ауыру, невралгия, ауырсынумен жүретін етеккір кездерінде қолданады. Наркотикалық емес анальгетиктер қызуды басатын дәрі ретінде кейде қызбада, ең алдымен балалар тәжірибесінде қолданылады. Бұл дәрілердің қызуды басатын әсері, жоғары температурада болатын зат алмасу бұзылыстары мен әртүрлі мүшелер қызметінің бұзылыстарының алдын алушы дәрі ретінде көрсетіледі. Бірақ, қызба жұқпалы аурулар кезінде ағзаның қорғаныш реакциясы болғандықтан, наркотикалық емес анальгетиктерді жоғары дене қызуы науқас үшін қауіп төндіретін жағдайларда ғана тағайындау керек. Наркотикалық емес анальгетиктер үшін жанама әсерлерге асқазан-ішек жолдары жағынан (лоқсу, құсу, іштің ауыруы) жатады. Асқазан –ішек жолдарынан қан кетулер болуы мүмкін және асқазан мен он екі елі ішекте ойық жаралар туындайды, ол аталған топ препараттарының асқан мен ішек қабырғаларында простагландин синтезін тежеумен байланысты. Ұзақ қолданғанда қан түзелуінде тежелулер болуы мүмкін, ол лейкопениямен, ал ауыр жағдайларда – агранулоцитоз болады, сол себепті осы препараттармен емделгенде қан жасушаларына кезекті тексерулар жүргізу керек. Кейде олар аллергиялық реакциялар туғызуы мүмкін (қышыну, тері бөртпелері).
Кесте 9.3. Наркотикалық емес дәрілермен улану (анальгин)
Наркотикалық емес анальгетиктер ойық жараларда, қанның ұюы төмендегенде, жүрек жеткіліксіздігінде, жүрек ырғағының бұзылысында, бауыр, бүйрек және қан түзеу мүшелерінің ауруларында, жүктілік кезінде кері көрсетілген. Парацетамолдың анальгетикалық әсері айтарлықсыз жергілікті қабынуға қарсы құрамы жоқ, себебі орталыққа әсер ету механимі бар (ОЖЖ жұлынды құрылымын деңгейінде ПГ өнімін тежейді). Парацетамол опиоидты емес анальгетиктер қатарына жатады, ДДСҰ онкологиялық САС емдеу үшін ұсынады және әртүрлі ауырулар кездерінде рецептурасыз препарат ретінде кеңінен қолданылады. Анальгетик ретінде ол СЕҚҚД мен метамизолдан (анальгин) төмен, бірақ солардың біреуімен біріктіріп қолданылу жақсы нәтиже береді. Метамизол натрия (анальгин) жақсы анальгетикалық әсерге ие, әсері СЕҚҚД сәйкес, соңғысынан айырмашылығы қабынуға қарсы әсері әлсіз көрінеді. Препарат әртүрлі ауыру кездерінде тиімділігінің арқасында және төмен бағасына байланысты ТМД елдерінде кеңінен қолданылады. Бір қатар батыс елдерінде метамизол, ұзақ ем кездерінде гематотоксикалық реакциялары (агранулоцитоз) мүмкіндіктеріне байланысты клиникалық қолданудан алып тасталған. Бірақ, ауыр асқынулар, сонымен қатар өліммен аяқталу СЕҚҚД қолдану кезінде де (асқазанның тесілу ойық жаралары, асқаннан қан кетулер, бүйрек жеткіліксіздігі, анафилактикалық шок) және парацетамолда (бауыр жеткіліксіздігі, анафилаксия) болады. Бұл кезеңде метамизолды клиникалық қолданудан бас тарту ерте деп санау керек, себебі ол жедел және созылмалы ауыруларда опиоидты емес емнің мүмкіндіктерін кеңейтеді, әсіресе СЕҚҚД (асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларында, қан кету қауіптілігінде) және парацетамолды (бауыр қызметінің бұзылыстарында) тағайындаудың кері көрсеткіштерінде. СЕҚҚД соңғы ұрпақтары, диклофенак, кетопрофен, лорноксикам сияқты, сонымен қатар талдамсыз СЕҚҚД тиімділігі бойынша бір шама төмен ЦОГ-2 талдамды тежегіштер мелоксикам, нимесулид, целекоксиб, соңғысының алдында гастротоксикалық әсерінің айқындылығы аз, бірақ АҚ жоғарылауына әкеледі, ағзада сұйықтықты ұстайды, аллергиялық реакциялар болуы мүмкін. ЦОГ-2 топтарының кеңінен қолданылуы олардың қымбат болуына байланысты шектеледі. Ауыруды басатын дәрілер әсер ету механизмі бойынша және тиісті нүктесіне қарай келесі топтарға бөлінеді: I. Орталықты әсер ететін наркотикалық анальгетиктер; 1) Опиоидты рецепторлардың толық агонисттері: а/ табиғи: морфин, омнопон, кодеин. б/ синтетикалық: тримеперидин, просидол, фентанил, ремифентанил ж.т.б. 2) Опиоидты рецепторлардың жартылай агонисттері мен агонист-антагонисттері: пентазоцин, буторфанол, налбуфин, бупренорфин. 3) Наркотикалық анальгетиктердің антагонисттері: налоксон, налорфин және налтрексон. II. Орталықты әсер ететін наркотикалық емес анальгетиктер. 1) Қызуды басатын және ауыру сезімін басатын заттар: парацетамол, трамадол+парацетамол, метамизол натрия (анальгин), сонымен қатар анальгиннің қосарланған препараты – баралгин, кеторолак. 2) Анальгетикалық әсері бар әр түрлі топтағы заттар: клонидин (клофелин), амитриптилин, иммипрамин, карбамазепин, габапентин, баклофен, кетамн, азот тотығы. 3) Әсер ету механизмі аралас заттар (опиоидты және опиоидты емес): трамадол. III. Шеткері әсер ететін анальгетикалық заттар (стероидты емес қабынуға қарсы заттар): диклофенак, ибупрофен, кетопрофен, лорноксикам, мелоксикам, нимесулид, целекоксиб.
|